Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D02301 Филология: қазақ филологиясы в Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Әлемдік және Қазақстандық филология ғылымының даму тенденциялары мен ғылыми бағыттарын саралап, ғылымдағы этикалық принциптерді сақтай отырып, ғылыми ортада іргелі және қолданбалы отандық, халықаралық жобаларға қатысатын, өзіндік ғылыми көзқарасын нақты деректер негізінде қорғайтын, әлемдік білім беру кеңістігіндегі еңбек нарығының сұранысына сәйкес, ашықтық, толеранттылық, ізгілік қасиеттері қалыптасқан философия докторын (PhD) дайындау.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D060 Филология
  • Дайындық бағыты 8D023 Тілдер және әдебиет
  • Қазақ филологиясы және инновациялық технологиялар
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – қазақ филологиясы ғылымындағы соңғы жаңалық ізденістерді оқытудың жаңа технологияларымен байланыста зерттеу. Пәннің мазмұнын тіл ғылымындағы жаңалықтар, тілді зерттеудің жаңа бағыттарының оқыту жүйесіне ықпалы, педагогикалық технологиялар, жоғары оқу орнындағы оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері, филологиялық пәндерді оқытудағы интеграциялау, мектеп және ЖОО- да жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқу жүйесіндегі критериалды бағалау өлшемдері құрайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеу әдістері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуына үлес қосу мақсатында бүгінгі қоғамдағы өзекті ғылыми мәселелерді зерттеу объектісі ретінде алып, оны ғылыми жоба ретінде іске асырып, өндірістік нарыққа ұсыну. Пәннің мазмұны ғылыми жобаларды коммерцияландыру мақсатында ғылыми зерттеулер нәтижелерін жұртшылыққа танымалдандыру тетіктерін қарастырады. Ғылыми ортада іргелі және қолданбалы отандық, халықаралық жобаларға қатысу, жоспарлау дағдысын игереді.Ғылыми қызметті ұйымдастырудың қағидаттары мен әдістемесін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Аймақтық ономастиканың когнитивтік негізі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – ономастикалық зерттеулердің негізгі бағыттарын когнитивтік аспектіде зерделеу, тілдің ономастикалық кеңістігін анықтау. Пәннің мазмұнын ономастикалық білімді жалқы есімдер арқылы қалыптастыру, әлем бейнесі – әлемнің тілдік бейнесі – аймақтық ономастикалық бейнесі үштігінің байланысы негізінде аймақтық ономастиканың қалыптасуы, когнитивтік негізінің ашылуы, антропонимдер, гидронимдер мен фитонимдердің топонимдік білімді репрезентациялаудағы тілдік құралдарды құрайды. Білімалушы тілдік қатынастардың әлеуметтік-мәдени шарттары, салыстырмалы лингвомәдениеттаным мәселелерін талдайды, жинақтаған білімін интеграциялайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Көркем антропология және шартты метафоралық проза
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – қазақ прозасындағы көркем антропологиялық ізденістерді, шартты-метафоралық проза поэтикасын әр кезеңдегі әдеби үдерістегі жазушылар шығармашылығы негізінде салыстырмалы-салғастырмалы аспектіде зерттеу. Пәннің мазмұнын көркем антропология және шартты-метафоралық прозаға тән ерекшеліктер, ертегілік тип, мифологиялық тип, фантастикалық тип, абсурд және алогизм, метафора қызметі, метафора және хронотоп туралы теориялық білім құрайды. Қазіргі әдебиеттану ғылымының даму тенденциялары мен ғылыми бағыттарын сыни тұрғыдан бағалап, талдау жасайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Академиялық хат
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты-докторанттың жазбаша сөйлеу дағдыларын дамыту және академиялық бағыттағы мәтіндерді жазудың практикалық дағдыларын игеру. Ғылыми мақала, ғылыми мәтіндердің баяндамалары мен презентацияларының тезистері секілді жанрлардағы ғылыми зерттеулерді сипаттаудың метатілі ерекшеліктерін зерттеу, сондай-ақ диссертациялар мен монографиялар жазу. Нәтижесінде оның құрылымы, мақсаттары, жанрлық және стилистикалық ерекшеліктері туралы идея негізінде академиялық мәтін құру дағдысы қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • XX ғасырдың екінші жартысы мен XXI ғасырдың басындағы қазақ филологиясының ғылыми басымдықтары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – қазақ филологиясының ғылыми басымдықтарын анықтау, ғылыми тұрғыдан зерделеу. Пәннің мазмұны: XX ғасырдың екінші жартысындағы ғылыми лингвистикалық мектептер, құрылымдық тіл білімінің, қазақ тарихи грамматикасының қалыптасуы, қазақ тіл білімінде семантикалық бағыттың басталуы, функционалдық грамматика, қазақ тілінің прагматикасы, салғастырмалы тіл білімі, қазақ тіліндегі концептік зерттеулердің дамуын құрайды. Филологиялық білім эволюциясындағы ғылыми парадигмалардың трансформациялануы саралайды, ғылыми лингвистикалық мектептер дамуының негізгі кезеңдерін сипаттайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазіргі әлемдік әдеби үрдіс
    Несиелер: 5

    Бұл пән докторанттарды қазіргі әлем әдебиетінің жалпы ерекшеліктерімен және даму заңдылықтарымен таныстыруға арналған. Білім алушыларға ХХ ғасырдың соңында ХХІ ғасырдың басында пайда болған әртүрлі әдеби ағымдардың, бағыттар мен мектептердің күрделі жүйесі туралы түсінік алуға және жеке жазушылар мен ақындардың шығармашылық әдістерін ажырата білуге мүмкіндік береді. Курстың негізгі міндеті – докторнттарды қазіргі әлемдік прозаның, поэзия мен драматургияның жанрлық-стилистикалық формаларымен көркемдік жүйелерімен таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Код ON7

    Ғылыми қызметті ұйымдастырудың қағидаттары мен әдістемесін меңгеру арқылы заманауи ғылыми-әдістемелік деңгейде оқу материалының мазмұнын жобалайды, мектеп және ЖОО- да жаңа технологияларды пайдалану арқылы жаңартылған білім мазмұнының аясында критериалды бағалау өлшемдерін қолдана отырып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастырады және басқарады.

  • Код ON4

    Жаһандану процестерінің қарама-қайшылықтары мен әлеуметтiк-экономикалық салдары туралы біліміне сүйеніп, тілдік қатынастардың әлеуметтік-мәдени шарттары, салыстырмалы лингвомәдениеттаным мәселелерін талдайды, жинақтаған білімін интеграциялайды.

  • Код ON10

    Еңбек нарығының сұранысына сәйкес, ашықтық, толеранттылық, ізгілік қасиеттерін иеленген көшбасшы, ғылыми зерттеуші және жоғары оқу орнында арнайы пәндердің оқытушысы даярланады.

  • Код ON8

    Ғылыми ортада іргелі және қолданбалы отандық, халықаралық жобаларға қатысады, халықаралық әдеби байланыстарды жоспарлайды, заманауи ақпараттық инновациялық технологияларды қолданады, ғылыми шетелдік тағлымдамада тәжірибе жинақтайды.

  • Код ON5

    Ғылыми таным кеңістігіндегі әдебиеттану мен тіл білімінің өзекті мәселелерін қарастырады, талдайды, ғылыми зерттеу жүргізеді, зерттеу нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялайды.

  • Код ON2

    Әлемдік және Қазақстандық филология ғылымының қазіргі жағдайы, даму тенденциялары мен ғылыми бағыттарын сыни тұрғыдан бағалап, талдау жасайды, жаңа идеяларды ғылыми-зерттеу жұмысында ұсынады.

  • Код ON3

    Ақпараттық кеңістіктегі қажетті теориялық мәліметті пайдаланып, тарихи, типологиялық, салыстырмалы-салғастырмалы аспектіде түп нұсқадағы әдебиеттерді талдап, еркін жұмыс істейді, өзіндік ғылыми көзқарасын нақты деректер негізінде қорғайды.

  • Код ON9

    Әлемдік әдеби процестің даму тенденцияларына қатысты ғылыми-зерттеушілік және талдау жұмыстарын нөлдік емес халықаралық сілтемелер базасындағы Thomson Reuters, Scopus импакт-факторлы журналдарда, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынатын басылымдарда, халықаралық және республикалық деңгейдегі түрлі ғылыми конференцияларда мақала түрінде жариялайды, академиялық адалдық әдебінің нормаларын ұстанады.

  • Код ON6

    Педагогтың кәсіби тұлғалық қасиетін жетілдіру мақсатында жоғары мектептегі оқу үдерісінің негізгі формаларын ұйымдастырады және жоспарлайды, оқыту жүйесіне тілді зерттеудің жаңа бағыттарының ықпалын бағалайды.

  • Код ON1

    Филологиялық білім эволюциясындағы ғылыми парадигмалардың трансформациялануы саралайды, ғылыми лингвистикалық мектептер дамуының негізгі кезеңдерін сипаттайды, ғылыми-зерттеу жұмысында пайдаланады.

Top