Жаңа білім беру бағдарламасы

6B06103 Digital Engineering в Нархоз Университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Кәсіби қызмет объектілерінің жұмыс істеуіне байланысты есептеу және ақпараттық процестердің математикалық және бағдарламалық модельдерін жасайды және зерттейді.
  • Ақпараттық қауіпсіздікті және деректердің қорғалуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ тапсырыс берушінің IT-инфрақұрылымын сүйемелдеуге қатысады.
  • Әр түрлі пәндік салаларды автоматтандыру жобаларын құру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дербес таңдайды, пайдаланады және сынайды.
  • Үлкен деректерді талдайды және деректерді іздеу құралдарымен болжам жасайды: ықтималдылықты модельдеу, статистикалық қорытынды және машиналық оқыту, нейрондық желілерді құру және оқыту.
  • Кәсіби саладағы міндеттерді жүзеге асыру үшін есептеу техникасы мен бағдарламалау құралдарын қолданады.
  • Үлкен деректер технологияларын, смарт-технологияларды, аналитикалық құралдар мен жүйелер және ақпарат теорияларын пайдалана отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында кәсіби функцияны жүзеге асырады.
  • Қазіргі заманғы бағдарламалық құралдарды қолдана отырып, мәліметтер базасы мен бағдарламалық жасақтаманы, пайдаланушы интерфейстерін жобалайды.
  • Ақпараттық жүйелер компоненттерінің архитектурасын, соның ішінде аппараттық-бағдарламалық кешендердің адам-машиналық интерфейсін жобалайды, операциялық жүйелер мен ақпаратты қорғау әдістерін таңдайды.
  • Білім беру бағдарламасы бойынша алынған білім мен дағдылар негізінде ұйымдағы өнімдерді, қызметтерді және шешімдерді әзірлеуді басқарады.
  • Ұйымда құрылған және қолданылатын бағдарламалық жасақтаманың өмірлік циклінің кезеңдерін басқарады.
  • Шешімдерді қабылдайды және олардың салдарын бағалайды, соның ішінде кәсіби пікірін білдіре отырып, өзекті ақпаратты талдай отырып, әртүрлі аналитикалық әдістері мен математикалық модельдеу әдістерін қолдана отырып, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптері мен этикалық салдарын ескере отырып, бизнес-процестердің параметрлерін есептеу үшін алгоритмдер мен бағдарламаларды қолдана алады.
  • Шешім қабылдаушылардың, сондай-ақ ұйымның мүдделі тараптарының іс-әрекеттері мен мінез-құлқына, ауызша және жазбаша, қарым-қатынас дағдыларын және топта жұмыс істей білуді, құқықтық өріс пен технологиялық құзыреттер шеңберін ескере отырып әсер етеді алады.
Top