Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M07320 Сәулет в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Кәсіби проблемаларды шешу үшін күрделі жобалау, зерттеу, ұйымдастыру, басқару, сараптамалық, педагогикалық құзыреттілікпен сәулет және қала құрылысы саласындағы жоғары білікті шеберлерді дайындау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M122 Сәулет
-
Білім беру саласы 7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 7M073 Сәулет және құрылыс
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Шығармашылық пәндерді оқыту инновациялық әдістері
Сәулет және қала құрылысының қазіргі шығармашылық мәселелері
Жоғары мектептің педагогикасы
Сәулет ғылыми-зерттеу әдістері
Сәулет және қала құрылысының жаңа теориялары
Ғылыми зерттеулер әдістемесі, жоспарлау және ұйымдастыру
Басқару психологиясы
Мамандық бойынша пәндерді оқыту әдістемесі
Қазақстан аумағындағы елді мекендер мен динамикалық қала құрылысының жаңа концепциялары
Қоныстандыру жүйелері және қала құрылысы құрылымдарының иерархиясы
Ғылым тарихы мен философиясы
XXI ғасыр сәулет концепциялары
Шет тілі (кәсіби)
Диссертация тақырыбы бойынша тұжырымдамалық жобалау
Қазақстан сәулет өнерін кеңістіктік модельдеудің инновациялық принциптері
-
2 Оқу жылы
Шығармашылық семантикасы: әдебиет, әуен және сәулет
Урбанизм: қазіргі заманғы үрдістер мен проблемалар
Қазақстанның жаңа архитектурасын конструктивті модельдеу
Өмір сапасы және жаңа сәулет стандарттары
Сындарлы аймақшылдық: мәдени бірегейлік және заманауи сәулет
Пішін семантикасы және сәулет тілін модернизациялау мәселелері
Жаһандану: қазіргі заман сәулетіндегі этномәдениет сұрақтары
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Негізгі дүниетанымдық және әдістемелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді талдау және нәтижелерді кәсіби қызметте пайдалану.
- Заманауи педагогикалық технологияларды және коммуникативті дағдыны игеру, академиялық және кәсіби құзыреттіліктің қажетті деңгейіне ие болу.
- Сәулет және қала құрылысы теориясының категориялары арқылы сәулет және сәулет шығармашылығының мәнін түсінуге ғылыми-идеологиялық көзқарасты қалыптастыру саласындағы білімге ие болу.
- Жалпы ғылыми және арнайы ғылыми әдістер мен әдіснамалар саласындағы білімді, сондай-ақ, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау дағдыларын меңгеру.
- Сәулет және қала құрылысы саласында шығармашылық қабілеттер мен креативті ойлауды белсендіру арқылы шығармашылық пәндерді оқытудың инновациялық әдістемесі саласындағы білімге ие болу.
- Мәдениеттегі, экономикадағы, ғылымдағы, жаңа технологиялардағы жаһандану процестерінің дамуы, сондай-ақ мәдени бірегейлік пен заманауи сәулет өнерінің көрінісі контекстіндегі жаһандану процестерінің этномәдениетке әсері саласындағы білімге ие болу.
- Мәдени бірегейліктің көрінісі контекстінде қазіргі қазақ сәулет өнерінің аймақтық ерекшеліктерін сыни тұрғыдан талдау арқылы әдістемесін меңгеру.
- Әр түрлі шығармашылық жанрлардың: әдеби, музыкалық, сәулеттік композициялық құрылымын құру заңдылықтары мен ішкі мазмұнның бірлігін ескере отырып, сәулетшінің шығармашылық процесінің ерекшеліктерін анықтау.
- Қоныстандырудың бас сұлбасы, аудандық жоспарлау сұлбалары мен жобалары, қаланың бас жоспары, бөлшекті жоспарлау жобасы, қала құрылысы жобаларының типологиясы сияқты қала құрылысын жобалау объектілерінің иерархиясы саласындағы білімге ие болу.
- Әрбір стильдік бағытты анықтау негізінде әлемдік сәулет өнерінің қазіргі заманғы концепцияларын талдау әдістемесін меңгеру, сонымен қатар олардың пайда болуының өзіне тән белгілерін, ерекшеліктерін, себептері мен алғы шарттарын анықтау.