Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M04119 Экономика в Нархоз Университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Цифрлық қоғам үшін инновациялық идеялар мен креативті идеяларды әзірлеу мен енгізуге, экономика-математикалық модельдеу құралдарын қолдануға қабілетті; кәсіпорындар мен ұйымдар қызметін басқара алатын; кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нәтижелерін сыни бағалай білетін, сондай-ақ, ЖОО ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметті жүзеге асыра алатын экономистерді дайындауға бағытталған.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M070 Экономика
  • Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару

Оқыту нәтижелері

  • Бизнестің тиімділігін бағалау негізінде, бәсеке аясындағы мемлекеттік саясат пен теңдестірілген көрсеткіштер жүйесінің құралдарын пайдаланып, макро-, мезо-, микродеңгейлерде бәсекеге қабілеттілікті басқарады.
  • Команданы басқару мен тұлға аралық өзара әрекеттестік тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, корпоративті мәдениетті қалыптастырады.
  • Дамудың теңгерімсіздігін жоя отырып, тәуекелдерді бағалап және перспективті салалар мен қызмет түрлерін әртараптандырып, қолда бар ресурстарды болжау және инвестиция салу, кәсіпорынның, өңірдің және саланың қаржылай тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.
  • Заманауи цифрлық технологиялар, теориялар мен құралдарды қолдана отырып, сала және өңір деңгейінде, тұрақты түрде өзгеріп отыратын әлемде ұйымдарды, жобаларды және процестерді тиімді басқарады.
  • Белгіленген құқықтар шеңберінде, командада жұмыс жасай алады және оны басқара біледі, ауызша және жазбаша коммуникативті дағдыларын еркін көрсетеді, шешім қабылдайтын тұлға ретінде, сондай-ақ ұйымның мүдделі тарабы ретінде де іс-әрекет пен мінез-құлыққа ықпал етеді.
  • Құбылыстар мен процестерді сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер және экономикалық мәліметтерді талдау мен өңдеудің қазіргі заманғы әдістерін пайдаланып, экономиканың жағдайын зерттеу кезінде табылған құрылымдалмаған макро- және микроэкономикалық проблемаларды анықтайды, олардың шешімдерін ұсынады.
  • Корпоративті әлеуметтік жауапкершілік пен этикалық салдарларды, тұрақты даму қағидаларын, әртүрлі аналитикалық әдістерді қолдана отырып, өзекті және толық емес ақпаратқа талдау жасап, кәсіби тұжырымдарын көрсете білуге, стандартты емес шешімдер қабылдайды және олардың салдарларын бағалайды.
  • Қазіргі заманғы экономиканың макро деңгейде қызмет ету заңдылықтарын, оның институционалдық құрылымын сыни бағалап, білімдердің барлық жиынтығын бағалап, экономикалық проблемалар, процестер, фактілер мен құбылыстарды талдау негізінде мемлекеттік –жеке меншік әріптестік қағидаларын ескере отырып, мемлекеттің экономикалық саясатын қалыптастырады.
  • Жеке зерттеулерінің нәтижелерін енгізе отырып, әртүрлі білім беру әдістемелері мен технологияларын қолданып, ЖОО педагогикалық қызметті жүзеге асырады.
  • Бюджеттеудің әралуан модельдерін, теориялық әзірлемелер мен қаржы-экономикалық жоспарлаудың әдістемелерін қолданып, даму мен қауіп-қатердің баламалы мүмкіндіктерін ескеріп, салалардың, өндірістер мен тұлғалардың болашақтарын болжайды.
  • Кәсіпорындар мен ұйымдардың күрделі процестерінің экономикалық тиімділігін сыни бағалап, жүйелі түрде кешенді техника-экономикалық талдау жасап, өндірісті ұйымдастыру мен қызмет көрсетудің тәуекелдері мен перспективаларын айқындап, даму стратегиясын анықтайды.
  • Әзірлемелер мен нәтижелерді бағалаудың заманауи әдістерін пайдаланып, ғылыми сыйымды және инновациялық өнімдер өндірушілермен және тұтынушылармен, инновациялық делдалдармен инноваторлардың өзара әрекеттестік процесін жолға қойып, зерттеу нәтижелерін коммерцияландырып, инновациялық өндірісті ұйымдастырады.
Top