Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M04121 Сандық маркетинг в Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты 7М04121 Цифрлық маркетинг білім беру бағдарламасының мақсаты - цифрлық маркетингті басқарудың ғылыми-педагогикалық, ұйымдастырушылық-технологиялық базасын құра білетін, шаруашылық субъектілерінің практикалық қызметінде цифрлық маркетинг технологияларын қолдана отырып, өзгеріс жағдайында жедел әрі ұтымды шешім қабылдай алатын магистр мамандарды даярлау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M075 Маркетинг және жарнама
  • Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару

Пәндер

  • Маркетингтегі ақпараттық жүйелер және технологиялар (қазақ тілінде)

    Пәннің негізгі мақсаты кез келген шаруашылық субьектілерінің маркетингтік қызметін оңтайландыруда және жетілдіруде ақпараттық жүйелерді және IT технологияларды қолданудың тиімділігі туралы білім беру болып табылады. Пәнді оқудың нәтижесінде магистранттар маркетингтік қызметті басқару үшін қолданылатын ақпараттық жүйелердің (ақпаратты жинау, өңдеу, талдау, сақтау және тиімді пайдаланудың) заманауи тәсілдерін игереді және оны кәсіпорындарды қолданудың дағдыларын қалыптастыратын болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектеп педагогикасы (ағылшын тілінде)

    Бұл пән болашақ маманның кәсіби білім беру жүйесіндегі психологиялық даму туралы деректерді, заңдылықтар мен механимздерді зерттеп, жоғары мектеп психологиясы студенттерді оқыту процесін, олардың маман және тұлға ретінде даму көрсеткіштері мен өлшемдерін, қарым-қатынас саласын, оқытушылардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Интернет-маркетинг (ағылшын тілінде)

    Білім алушылар курсты оқу барысында тауарлар мен қызметтерді интернет ресурсатары арқылы сатудың, мақсатты аудиторияны кеңейтудің тиімді жолдарын үйренетін болады. Лендинг, медиялық және таргеттік жарнама технологиясының теориялық және практикалық концепциялары бойынша білімдер толыққанды беріледі. Онлайн сатудың құралдарын, оның ішінде сайт құру, инстаграмм, телеграмм, You Tube желілері арқылы WhatsAppқа интеграцияланудың механизмдерін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы (қазақ тілінде)

    Курс ғылымның тарихы мен философиясын зерттеуді, соның ішінде ғылым мазмұнының қазіргі концепцияларын талдау үшін қажет арнайы терминологияны меңгеруді қамтиды. Курсты оқу барысында магистранттар ғылымды түсіндірудегі теориялық тәсілдерді анықтап, ғылым тарихы мен философиясындағы проблемалық сәттерді қазақ тілінде талдай білуі керек. Бұл курсты оқыту келесі белсенді әдістерді қолданумен қатар жүреді: проблемалық дәріс, әңгімелесу дәрісі, кейс әдісі, іскерлік ойындар

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағылшын тілінде)

    Пән зерттеу әдіснамасын, инновациялық экономиканы, ҒЗТКЖ, зерттеу әдістемесін, ғылыми зерттеу жұмысының негізгі құрамдас бөліктерін, авторлық құқықты, патент пен авторлық куәлікті, жоба мен зерттеудің айырмашылығын, жобаның өмірлік циклін, жоба құнын бағалауды, оңтайлы идеяларды таңдау критерийлерін зерттейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Басқару психологиясы (орыс тілінде)

    Курс психологиялық білімдер мен теорияларға негізделген басқару іс-әрекетін зерттеуді, оның ішінде басқару процесін ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтары және осы процесте адамдар арасында туындайтын қарым-қатынастар туралы ақпаратты қамтиды. Курсты оқу кезінде магистранттар басқару іс-әрекетінің заңдылықтарын, принциптерін, әдістерін түсінуі, басқару қызметінің ерекшеліктері мен психологиялық шарттарын талдай алуы керек. Бұл курсты оқыту келесі белсенді әдістерді қолданумен қатар жүреді: проблемалық дәріс, әңгімелесу дәрісі, кейс әдісі, іскерлік ойындар

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Digital маркетинг (ағылшын тілінде)

    Пән цифрлық және офлайн арналардың интеграциясын, сайттар мен орналастыру беттерін (landing page) құруды, контент-маркетингті және сайттар мен басқа да интернет-арналар үшін жасалатын мәтіндерді құруды, сондай-ақ сайтты іздеу жүйесін оңтайландыруды (SEO-оңтайландыру), әлеуметтік медианы жылжытуды, контекстік және баннерлік жарнаманы әрлендіру әдістерін, веб-аналитиканы және жарнамалық науқандардың тиімділігін талдауды және E-mail маркетингті жүргізудің механизмдерін үйретуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шетел тілі (кәсіби) (ағылшын тілінде)

    Курс құзыреттіліктердің барлық түрлерінің мәселелерін, соның ішінде шетелдік және отандық әдебиеттер материалдарынан ақпаратты талдау және өңдеу үшін қажетті арнайы сөздік қорын меңгеруді қамтиды. Курсты оқу кезінде магистранттар ғылыми және кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару және шет тілінде тиімді ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасай білуі керек. Бұл курсты оқыту келесі белсенді әдістерді қолданумен қатар жүреді: проблемалық дәріс, әңгімелесу дәрісі, кейс әдісі, іскерлік ойындар

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Маркетингтік зерттеулердің әдістемесі (кеңейтілген курс) (орыс тілінде)

    Пәннің негізгі мақсаты кәсіпорынның нарықтағы бизнесін жүргізуде нарықтық механизмдерін, тұтынушылардың мінез-құлықтарын, бәсекелестік ортаның тетіктерін зерттеудің білімдерін үйретуге бағытталған. Білім алушылардың маркетингтік зерттеудің әдістері мен тәсілдерін, процедураларын жүргізудің механизмдерін үйренуіне көмектеседі. Пәннің негізігі міндеті зерттеулердің пікір сұрау, фокус-топ, эксперимент, сұхбаттасу әдістерінің теориялық және практикалық бағдарын тұжырымдауға құзыреттіліктерді меңгертуді көздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Электрондық коммерция (қазақ тілінде)

    Электрондық коммерция пәнінің негізгі мақсаты білім алушыларға өнімдер мен қызметтерді өткізуде сандық технологиялар қолданудың шарттарын үйрету. Өнідірлген өнімдер мен қызметтердің тұтынушыларға қол жетімді болуын қамтамасыз етуде электрондық коммерцияны қолданудың әдістері мен тәсілдері қамтылады. Электрондық коммерция электрондық бизнестің маңызды құрамдас бөлігі ретінде білім аушыларға электрондық маркетингтің стратегиялары мен тактикаларын, электронды коммерцияны жүргізудің технологиясын үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бренд көшбасшылық (ағылшын тілінде)

    Пәннің мақсаты тауардың маркалық атауын таңдауда компанияның қолданатын стратегияларын, Қазақстанда тауар белгілеріне берілу рұқсатын, танымалы сауда маркаларының артықшылықтарын, марканың құнын бағалау әдістерін, шығындар әдісін, нарықтық бағалау әдістерін үйретеді. Пәнді оқудың нәтижесінде магистранттар брендттегі көшбасшылықты басқарудың ерекшеліктерін ажырата білуге, көшбасшылыққа қол жеткізудің тәсілдерін игеруге дағдыланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Интернеттегі контекст жарнама (қазақ тілінде)

    Курс магистранттарға интернетте сәтті контекст жарнаманы құру барысындағы меңгеруге тиісті келесідей технологияларды үйретеді: Google Adwords, UTM-метки, Google Ads Editor, таргеттеу, Яндекс аналитика жүйесі, и Google Analytics жәнеМетрика, Call Tracking, жарнаманы автоматтандыру сервисі мен бағдарламасын т.б.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Цифрлық маркетингтік коммуникация (қазақ тілінде)

    Пән маркетингтік коммуникацияның элементтерін: жеке сату, жарнама, өткізуді ынталандыру, PR жүргізуді цифрлық технологиялармен әзірлеудің білімін береді. Сонымен қатар цифрлық ортада коммуникациялық каналдарды кеңейтудің әдістері мен тәсілдерін меңгеруіне бағытталады. Компанияларда цифрлық маркетингтік коммуникацияның құралдарын тиімді қолданудың тетіктерін үйретуге негізделеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеулер әдістемесі (орыс тілінде)

    Бұл курста болашақ мамандардың маркетингтік зерттеулерді ғылыми тұрғыда ұйымдастыру және жүргізу бағытында кәсіби білімдерін алуға, мәтіндік ғылыми жұмыстардың нормаларын, ережелерін, талаптарын үйретуіне бағытталған кешенді жүйелер қарастырылады. Ғылыми зерттеу жұмыстарын орындаудың ережелері, әдістері мен тәсілдері оқытылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Аумақтар маркетингі (қазақ тілінде)

    Пәннің негізгі мақсаты магистранттарға имиджді қалыптастыруға негізделген білім мен дағдыларды, оның ішінде іскерлік бедел мен аумақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды оқыту болып табылады. Пәнді игеру нәтижесінде студенттер аумақтың тартымдылығын отандық және шетелдік инвесторларға, аумаққа қызығушылық танытатын туристерді жұмылдыру тәсілдерін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Салалардағы цифрлық маркетинг (қазақ тілінде)

    Бұл пәнді оқыту барысында экономикадағы өндіруші кәсіпорындардың тауарлары мен қызметтерін цифрлық технологияларды қолдана отырып өткізудің стратегиялары мен тактикалары бойынша сұрақтар қарастырылатын болады. Интернет технологияларын қолдана отырып маркетингтік зерттеулер жүргізу, контент нарықты таңдау, CRM жүйесін қолдану, Яндекс Директ жүйесінің көмегімен жарнама жасау, интернет дүкендер құру, big data қорын құру, нейминг және копирайтингті пайдаланудың тәсілдерін үйренетін болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Қызмет көрсету сферасындағы цифрлық маркетинг (қазақ тілінде)

    Пәннің негізгі мақсаты қызмет көрсету саласындағы цифрлық маркетингтің ерекшеліктерін қарастыру болып болады. Банк, туризм, телекоммуникация, медицина, білім беру салаларында цифрлық маркетинг технологияларының қолданысы және оны енгізудің әзірлемесі, тиімділігі туралы білімдер берілетін болады. Пәнді оқудың нәтижесінде магистранттар қызмет көрсету саласындағы цифрлық маркетингтің қолданудың құзыреттіліктеріне ие болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік медиа нарықтағы маркетингтік технологиялар (қазақ тілінде)

    Әлеуметтік медиа нарықта маркетингтік құралдарын қолданудың әдістері үйретіледі. Өнімдер мен қызметтерді әлеуметтік медиа нарықтың цифрлық өнімдерін қолдана отырып жылжытудың механизмдерін үйретеді: оның ішінде әлеуметтік медиа жарнамасын жасау технологиясын, әлеуметтік медиа мониторингін жасау тәсілдерін, Instagram, YouТube желісінде қолданылатын өнімдерді әзірлеудің техникасы, мобильді қосымша жасау технологиясын т.б.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Интернет қолданушыларының мінез-құлқын талдау (орыс тілінде)

    Бұл пән интернет қолданушылардың мінез-құлқын талдау үшін қажетті технологияларды, оның ішінде интернет-статистика жүйесін (Cnstats), контакт немесе қоңырау шалуларды қадағалау жүйесін (OrderStat, AdsControl) және инвестицияларды қайтару (ROI), пост-клик-талдау (Post-Click-Analysis) механизмдерін қолданудың жолдарын үйретеді. Ұсынылған жүйелерді меңгерген магистранттар интернет қолданушылардың мінез-құлқын зерттеу үшін қолданылатын әдістемелерді игереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Іскерлік келіссөздер, презентация және сату технологиялары (қазақ тілінде)

    Пән маркетингтік басқару жүйесіндегі сатуды ұйымдастырудың технологияларын (стратегия және тактика ) және оны іс жүзінде қолданудың әдістерін үйрететін болады: оның ішінде digital сату технологиясын (негізгі процестер мен кезеңдер); әлеуетті сатып алушыларды іздеу көздері және тарту тәсілдерін, сондай-ақ жеке сату әдістері мен техникасын (сатушының базалық құралы), Интернетте сатып алу-сату шартын жасасуды, сату бөлімін басқарудың негізгі функцияларын, іскерлік келіссөздер технологияларын (fase-off-fase, on-line және т.б.), іскерлік презентацияны дайындауды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Нейромаркетинг (орыс тілінде)

    Нейромаркетинг – тұтынушылардың мінез-құлқына әсер ететін, эмоционалды және мінез-құлықтық реакцияларды зерттеудің кешенді әдісі. Нейромаркетинг пәні арқылы білім алушылар тұтынушылардың тауарды сатып алу барысында әсер ететін психологиялық, эмоционалды және рационалды мотивтерін, ситуациялық жағдайларын, «4P» инструменттері мен мәдени факторларының маңыздылығы жөнінде білімдерді игереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Кәсіпорынның маркетингтік іс-әрекеттерін басқарудағы мәселелерді шешу үшін құзыретті шешімдерді әзірлейді, маркетинг саласындағы іргелі білімдер мен дағдыларды игереді
  • Электронды сауда жасаудың тиімділігін арттыруда цифрлық маркетинг технологияларын дайындайды және оны жүзеге асырудың механизмдерін әзірлейді
  • Цифрлық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып кешенді маркетингтік зерттеулерді жүргізеді және оның нәтижелерін маркетингтік стратегиялық жоспарларын дайындауда негізгі ресурс ретінде қолданады
  • Ғылыми жобаларды әзірлеуде кешенді маркетингтік зерттеулердің әдістері мен тәсілдерін қолдана біледі
  • Креативті маркетингтік шешімдер қабылдау үшін алынған ақпаратты талдайды, кәсіпорында маркетинг қызметін жоспарлайды және бақылайды, шешім қабылдау кезінде түзету шараларын жүргізу үшін кез-келген төтенше жағдайда стандартты емес шешімдер қабылдайды.
  • Ғылымды тануда және игеруде шығармашылық ойлаудың, кәсіби деңгейде ғылыми талдаулар мен болжамдар жасаудың және талдау нәтижесі бойынша жаңашылдықтар ұсынудың әдістері мен тәсілдерін меңгереді
  • Клиенттермен және шетелдік серіктестермен іскерлік қарым-қатынас орнату үшін коммуникациялық технологиялардың білімі мен дағдыларын кәсіби деңгейде меңгереді
  • Жоғары кәсіби білім беру жүйесінде инновациялық педагогикалық технологиялардың жаңартылған әдістемелерін қолданудың тетіктерін меңгереді
  • Тауарлар мен қызметтерді жылжытудың стратегияларын, бренд өнімдерді жасауды, тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеуді, компанияның имиджін құруды тиімді басқара біледі
  • Кәсіпорындардың маркетингтік қызметін ұйымдастыру және басқару ісіндегі белгісіз жағдайларға дұрыс, әрі тез шешім қабылдау үшін сыни тұрғыда талдау жасаудың дағдыларын игереді
Top