Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M04111 Менеджмент в Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты экономиканың әртүрлі салалары, әлеуметтік сфера мен бизнес үшін заманауи менеджмент пен экономикалық ғылымның білімдерін және дағдыларын меңгерген, нарықтың өзгермелі жағдайында тиімді жауап қайтара және бейімделе алуға қабілетті жоғары білікті басқарушылық кадрларды дайындау
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 1 год
  • Кредиттер көлемі 60
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M072 Менеджмент
  • Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару

Пәндер

  • Халықаралық бизнесті басқару

    Бұл курс магистранттарда Халықаралық экономикалық қатынастардың аспектілері, әлемнің жекелеген елдері мен аймақтарының экономикалық жағдайы, халықаралық институттардың, экономиканың негізгі әлемдік институттарының қызметі, экономиканың маңызды инфрақұрылымдық элементтері кіретін халықаралық бизнесті басқарудағы дағдылар жиынтығы қалыптасады. Курс магистранттары халықаралық институттардан қаржыландырылатын бухгалтерлік есеп жүргізеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ұйымдастыру теориясы мен ұйымдастырушылық мінез-құлық

    Бұл курс білім алушыларда ұйым теориясы, кәсіпорынның қызмет ету механизмі, сонымен қатар кәсіпорын персоналының өзара әрекет етуі мен мінез-құлқының ерекшеліктері бойынша жүйелі білім кешенін қалыптастырады. Курсты меңгеру барысында ұйымдастырушылық мінез-құлықты тиімді басқару үшін, жұмыскерлердің тұлғалық ерекшеліктерінің негізінде және ұйым дамуының негізгі мақсаттарына сәйкес менеджменттің инновациялық инструменттері мен тәсілдерін қолдану бойынша практикалық дағдылар мен қабілеттер игеріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Фирмаішілік жоспарлау

    Жоспарлау кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі мен дамуына кедергі келтіретін әртүрлі проблемалардың алдын алуға бағытталуы тиіс. Бұл курс магистранттарды фирмаішілік жоспарлаудың мәні, әдіснамалық негіздері, принциптері және ерекшеліктері туралы жүйелі біліммен қамтамасыз етеді; оларда фирмаішілік жоспарлаудың әдістері мен құралдарын қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бизнес этикасы

    Бұл курс білім алушыларда іскерлік этиканың теориялық негіздері туралы, кәсіпкерлердің өзара қарым-қатынасын реттейтін нормалар, қағидаттар, талаптар туралы; келіссөздер жүргізу этикасы туралы; бәсекелестік күрес этикасы туралы; бизнестің этикасы мен әлеуметтік жауапкершілігі мәселелері туралы жүйелі түсінік қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Пәннің мазмұны мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын, іскерлік қатынастардың этикалық мәселелерін, жанжалды жағдайларды шешу этикасын зерттеуді қамтиды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Стратегиялық менеджмент

    Курсқа қатысушылар оқу барысында стратегилық мақсат және компанияны дамытуда балама таңдау жасау туралы концептуалды пікір қалыптастыруға дағдыланады. Пәнді меңгеру барысында магистранттар фирмаға іштей және сырттай сараптама жасау туралы білімдерін жетілдіріп, оның нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі, табысқа жетуге жетелейтін факторлар, стратегиялық ұсыныстар, дамытып, жүзеге асыру стратегияларын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Менеджмент/Басқару психологиясы

    Курс психологиялық білім мен теорияларға негізделген басқарушылық қызмет мәселелерін, соның ішінде басқару процесін ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтары мен осы процесте адамдар арасында туындайтын қатынастар туралы ақпаратты зерттеуді қамтиды. Курсты оқу кезінде магистранттар басқарушылық қызметтің заңдылықтарын, принциптерін, әдістерін түсініп, басқарушылық қызметтің ерекшеліктері мен психологиялық жағдайларын талдай білуі керек. Бұл курсты оқыту келесі белсенді әдістерді қолданумен қатар жүреді: проблемалық дәріс, әңгіме дәрісі, кейс әдісі, іскерлік ойындар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Бизнес құнын бағалау

    Бұл пән магистранттарда бизнес құнын бағалаудың теориялық негіздері, оның тәсілдері, принциптері мен кезеңдері туралы жан-жақты түсінік қалыптастыруға арналған. Сонымен қатар бұл курстың мазмұны заманауи компанияның құнын бағалау және басқару әдістерін, шығындарды бағалаудың тәсілдерін зерттеуді; бизнесті кешенді бағалауды есептеу жүйесінің нақты мәселелерін шешу үшін қолдану дағдыларын игеруді қамтиды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тұтынушылардың мінез-құлық менеджменті

    Берілген курс магистранттарда тұтынушылардың спецификасын ексеріп, маркетингтік шешімдерді жобалау мақсатында, менеджменттің әртүрлі әдістері мен ақпараттық технологияларды , тұтынушылармен коммуникациялар жүйесін қолданып, тұтынушылардың әртүрлі типтерінің іс-әрекеттерін, мінез-құлқын басқару туралы көзқарастарын қалыптастыруға бағытталған. Кцрсты игеру барысында білім алушылар тұтынушылық мінез-құлықты зерттеу, олардың іс-әрекеттерін моделдеу және талдау дағыдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Шетел тілі (кәсіби)

    Курс құзыреттіліктердің барлық түрлерінің мәселелерін, соның ішінде шетелдік және отандық әдебиеттер материалдарынан ақпаратты талдау және өңдеу үшін қажетті арнайы сөздік қорын меңгеруді қамтиды. Курсты оқу кезінде магистранттар ғылыми және кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару және шет тілінде тиімді ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасай білуі керек. Бұл курсты оқыту келесі белсенді әдістерді қолданумен қатар жүреді: проблемалық дәріс, әңгімелесу дәрісі, кейс әдісі, іскерлік ойындар

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3

Оқыту нәтижелері

  • Ұйымның тиімділігін арттыру үшін жеке тұлғаның, адамдар тобының мінез-құлқына әсер етудің заманауи формалары мен әдістері бойынша дағдыларды қолдана алады
  • Мәдени, рухани, этникалық және адамгершілік-кәсіби өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту, ана тілін және шет тілдерін меңгеру деңгейін арттыру қабілеттерін көрсетеді
  • Қазіргі заманғы стильдер мен әдістерді, психологиялық тәсілдерді, командалық жұмысты ұйымдастыру және басқару, тиімді коммуникацияларды қалыптастыру және ұжымда қолайлы әлеуметтік-психологиялық климатты қолдау дағдыларын пайдалана отырып, корпоративтік басқару және бизнес саласында кәсіби функцияларды жүзеге асыруға қабілетті
  • Ұйымдастырушылық мінез-құлықты басқаруды қоса алғанда, тиімді менеджменттің жаңа нысандарын, әдістері мен стратегияларын, оның ішінде халықаралық бизнесте іздеу дағдыларын меңгерген
  • Ұйымның сыртқы және ішкі ортасына стратегиялық талдау жүргізуге қабілетті; шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін дамудың және оларды іске асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың неғұрлым тиімді стратегияларын әзірлеу, таңдау дағдыларын меңгерген
  • Қазіргі заманғы бизнес жоспарлауды, фирмаішілік жоспарлауды қоса алғанда, жоспарлау әдіснамасын меңгерген; жалпы және функционалдық даму стратегияларын (маркетингтік, өндірістік, қаржылық, кадрлық және т. б.) әзірлеу әдістері мен технологияларын пайдаланады
  • Сыртқы сауда мәмілелерін жасау, сыртқы сауда келісімшарттарын ресімдеу; шетелдік әріптестермен келіссөздерді дайындау және жүргізу бойынша дағдылары бар
  • Жүйелі және сыни ойлау негізінде өзекті ақпаратты талдау, басқару және бизнес саласындағы дербес эксперименттік-зерттеу жұмысының нәтижелерін түсіндіру; зерттеу нәтижелерін және көпшілік алдында сөйлеу өнерін тарату қабілетін көрсетеді
Top