Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B03101 Әлеуметтану в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

  • Көшбасшылық негіздері және инновацияларға бейімделу
    Несиелер: 5

    Пәнді игеру арқылы әрбір студент жеке тұлға ретінде көшбасшылық қасиеттерін ашу және дамыту, инновациялық үдерістерден туындаған жаңалықтарға бейімделу дағдыларын дамыту, сонымен бірге ғылыми-техникалық үдерістер нәтижелерін кәсіби қызметінде қолдана алу мүмкіндіктеріне үйренеді. Басқарудағы көшбасшылық қасиеттер мен адами фактордың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын оқып біледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әлеуметтану тарихы
    Несиелер: 6

    Әлеуметтану тарихы ғылым ретінде қарастырып, негізгі мектептер және әлеуметтанулық ойдың даму бағыттарын, социологияның қалыптасуы мен оның даму кезеңдерін талдай отырып, әлеуметтанулық теориялар мен тәсілдер туралы түсінік қалыптастыруға бағытталған. Әлеуметтік білімнің онтологиялық, эпистемологиялық және этикалық критерийлерін, теорияларды аналитикалық ұғыну тарихындағы парадигмаларды меңгеруге негізделген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Эмоционалды интеллект
    Несиелер: 5

    Эмоционалды интеллект және ұйымдастыру мәдениеті. Эмоционалды интеллекттің топтық көрсеткішітері. Эмоционалды менеджмент. Эмоционалды интеллект және тиімді команда құру. Жеке адамның эмоционалды интеллектін дамыту. Отандық және шет елдік ұйымдарда эмоционалды интеллект енгізудің жүйелі амалдары: жеке адамның мотивациясын орайластыру, топты қалыптастыру тәсілдері, даудамайларды шешу, кері байланыс орнату.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің кәсіпкерлік дағдылары мен іскерлік ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер экономиканың, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттарын, оның ішкі және сыртқы ортасының заңдылықтарымен жан-жақты танысу арқылы бизнес-жоспар, жеке бизнесті құру және өз бизнесін сәтті жүргізу дағдыларына ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Курс өз құқықтары мен міндеттерін білетін, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбейтін заңды сауатты, заңға бағынатын адамды қалыптастыруға бағытталған. Құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін заңдық жауапкершілік мәселелерін зерделеу арқылы дараланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қоғамға қызмет көрсету
    Несиелер: 5

    Пән тұлғаның жеке әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға және адамның жеке әлеуетін жандандыруға, ерікті және өтеусіз көмек көрсетуге және өзара көмек көрсетуге, азаматтық қоғамның игілігі үшін кең ауқымды қызмет көрсету, басқа да азаматтық шараларды орындауға үйретуге бағытталған. Пән еріктілер қызметінің маңыздылығын аша отырып, бұл қызметтің Қазақстандағы мәселелері мен даму перспективаларын айқындайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің заманауи экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастырады, өмір қауіпсіздігі үшін техникалық құралдар мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін арттыру әдістерін қолдану дағдыларын дамытады. Пән әртүрлі деңгейдегі ұйымның экожүйелері қызметінің, тұтастай биосфераның негізгі заңдылықтарын, адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында туындайтын қайшылықтарды, сондай-ақ табиғат пен экологияға ұқыпты қарау қажеттігін айқындайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әлеуметтік институттар мен процестер
    Несиелер: 5

    Пәнді игеру барысында студенттер әлеуметтік институттар мен ұйымдарды әлеуметтік жүйе ретінде қарастырып, жаңа әлеуметтік жүйелер және Қазақстандағы қазіргі әлеуметтік жүйелердің сипаттамасын меңгереді. Оның дамуының негізгі тенденцияларын нақты әлеуметтік шындық ретінде танып, біледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Дін әлеуметтануы
    Несиелер: 4

    Пән мәдени байланыстардың бір буыны болып табылатын дін әлеуметтануының, оның қызмет етуін, олардың құрылымын, пайда болуын түсінуге мүмкіндік береді. Дін әлеуметтік қатынастардың пайда болуының, қалыптасуының факторы ретінде көрінеді: қандай да бір әлеуметтік қатынастардың белгілі бір нысандарын заңдастыру факторы ретінде, дін қоғамның тұрақтылығын ұстап тұруға мүмкіндік беретін, оның өзгерісін ынталандырушы фактор ретінде қарастырылуы шарт.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Әлеуметтік және экономикалық антропология
    Несиелер: 5

    Эмпирикалық мысалдар негізінде қазіргі әлемді әлеуметтік-мәдени талдаудың эволюциясы мен антропологиялық тәсілдері. Антропологияның негізгі теориялық мектептеріне шолу және антропологиялық білімнің қызметі мен миссиясы туралы көзқарастар эволюциясы. Экономикалық антропологияның негізгі ұғымдары мен айырмашылықтарымен танысу. Этнографиялық зерттеу әдістерінің фундаменталды негіздерімен танысу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Құқық әлеуметтануы
    Несиелер: 5

    Құқықтың пайда болуының әлеуметтік себептерін; қалыптасу процесін; қоғамдық катынастар жүйесіндегі себеп-салдарлық байланыстардағы арнайы әлеуметтік институт есебіндегі орнын; оның қоғамдық басқа институттар мен жеке адамға тигізетін әсерін; құқық мемлекет орнатудағы көкейтесті мәселелерді шешудің шараларын зерттеп, негіздейтін жалпы әлеуметтану ғылымының арнайы саласы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Әлеуметтанудағы әлеуметтік статистика
    Несиелер: 5

    Әлеуметтік статистика әлеуметтанулық пән ретінде. Объектісі және пәні. Міндеттері мен қызметтері. Әлеуметтік статистиканың негіздері. Халықтың өмір сүру деңігейі мен сапасының, қаражаты мен табысының және ұлттық байлықтың статистикасы. Халық статистикасы және денсаулық мәселелері. Денсаулық сақтау статистикасы. Білім, мәдениет және өнер статистикасы. Статистиканың социологиялық рөлі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Экономикалық әлеуметтану
    Несиелер: 5

    Әлеуметтік теория тұрғысынан экономикалық қызметті талдауды болжайтын әлеуметтік зерттеулердің бағыты. Пән әлеуметтік-экономикалық үдерістердің барлық жиынтығын - олар нарықтарға немесе мемлекеттерге, үй шаруашылығына немесе жеке адамдарға қатысын оқытады. Әлеуметтік әдістерді қоса алғанда, деректерді жинау мен талдаудың әртүрлі әдістері қолданылады. Экономикалық әлеуметтану адамның әрекеті, шаруашылық пен қоғамның дамуы туралы ерекше ұғымдарға сүйенеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қоғамдық пікір әлеуметтануы
    Несиелер: 4

    Қоғамдық пікір туралы теориялармен, оны зерттеу әдістерімен, әлеуметтік топтардың, таптардың, халықтардың қоғамдық қызығушылық тудыратын өмірдегі өзекті проблемаларға деген баға берушілік қатынастың қалыптасу және қызмет атқару заңдылықтар мен механизмдерін таныстыру; қоғамдық пікірдің теориялық және қолданбалы зерттеулерді; әлеуметтік және мемлекеттік басқарудағы пікір; баспасөз және қоғамдық пікір.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-мәдени процестер
    Несиелер: 4

    Қазіргі жаһандану жағдайларында әлеуметтік жүйеге жаңа ағымдар мен құрылымдардың енуінің негіздері мен механизмдерін түсіндіру арқылы оларды әлеуметтанулық теория мен әдіснама тұрғыларынан зерттеу, солардың нәтижесінде жаңа әлеуметтанулық жобалар жасай алуға бейімдеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ғылым әлеуметтануы
    Несиелер: 4

    Ғылымды әлеуметтік институт ретінде қарастыра отырып, қоғамның дамуындағы ғылым рөлінің дамуын, қоғамның өндіргіш күштері ретінде ғылымның қалыптасуын, ғылыми-техникалық прогресс және қоғамдық дамудың уақыт пен кеңістігін, қазіргі қоғамдағы ғылым дамуының заңдарын, принциптерін оқып үйренеді. Адамзат дамуының қазіргі тенденцияларындағы ғылымның даму болашағын айқындай отырып бағыт алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация
    Несиелер: 5

    Пән әлеуметтік стратификация теориясының пәндік саласын, қоғамның әртүрлі типтеріндегі әлеуметтік дифференциацияның және стратификацияның негізгі критерийлерін, әртүрлі әлеуметтік жүйелердің әлеуметтік құрылымының теориялық модельдерін, сондай-ақ әлеуметтік мобильділік және әлеуметтік қозғалыстар теорияларын оқытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Халықаралық қатынастар әлеуметтануы
    Несиелер: 5

    Халықаралық қатынастар кез келген мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның өмірінде елеулі орын алады. Пән ұлттардың шығу тегі, мемлекетаралық шекаралардың құрылуы, халықаралық саяси режимдердің қалыптасуы мен өзгеруі, техникалық прогресс және тиімді экономикалық сауда, қаржылық, мәдени және өзге де халықаралық мәселелердің ерекшеліктерін әлеуметтанулық зерттеулер жүргізгенде қолдануды оқытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Отбасы және тұлға әлеуметтануы
    Несиелер: 5

    Отбасының тарихи дамуы, қазіргі түрлері, әлеуметтік функциялары туралы теориялық концепцияларды, оны зерттеудің әдіснамаларын, әдістерін таныстыру. Отбасылық қарым-қатынастардағы мақсаттарға, міндеттерге байланысты туындайтын проблемалық мәселелер мен жағдайларға анализ жасау. Тұлға әлеуметтануы адамның әлеуметтік ортада қалыптасуын әлеуметтану ғылымының объектісі мен әлеуметтік әрекеттердің субъектісі ретінде қарастырады. Тұлғаның табиғатын, құрылымын, қоғамдық қатынастардағы орнын әлеуметтанулық негізде көрсету. Әлеуметтік статус және әлеуметтік рөлдерді анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Отбасы әлеуметтануы
    Несиелер: 5

    Отбасының пайда болуы және даму түрлерін меңгеріп, отбасының құрылымы мен қызметтерін, отбасының типтерін біледі. Неке-отбасылық қатынастардың тарихи типтері мен формалары, олардың даму үрдісін, отбасылық саясат ерекшеліктеріне сараптама жасауды үйреніп, Қазақстандағы нарықтық қатынас жағдайындағы отбасының өзгеруін анықтай алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беру тұжырымдамасы. Шетелде және Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту. Ерекше білім беруді қажет ететін жандар үшін оқу іс-әрекетін ұйымдастыру және жоспарлау. Ерекше білім беруді қажет ететін жандарды психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша жағдай жасау үшін әртүрлі профильдегі мамандар тобында жұмыс істеу дағдылары. Оқу жоспарларын бейімдеу және инклюзивті оқыту жағдайында репетиторлық практиканы ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Білім берудегі цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Оқу үдерісін ұйымдастыру және әдістемелік материалдарды әзірлеуге арналған цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған практикалық курс. Курс білім беруді цифрландырудың барлық бағыттарында: білім беру басқармасы мен мекемелерінде компьютерлік бағдарламалар, оқытудың цифрлық технологиясы; АКТ дидактикалық мүмкіндіктері; виртуальды орта және қашықтықтан оқыту технологияларында цифрлық бағдарламалар мен техникалық құралдарды меңгеру дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Әлеуметтану әдіснамасы мен әдістері
    Несиелер: 6

    Әлеуметтанулық зерттеудің әдістері мен әдістемесі түрлері. Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасы. Зерттеудің әдіснамасы, әдісі, техникасы және процедурасы. Әлеуметтанулық зерттеу процесі. Зерттеудің түрлері мен әдістері. Әлеуметтанулық зерттеудің тиімділігі. Зерттеудің нәтижелерін өңдеу. Зерттеудің жұмыс жоспары.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Ғылыми зерттеулер негіздері
    Несиелер: 5

    Курс болашақ маманның кәсіби қызығушылықтары саласында ғылыми-зерттеу компоненттерін дамытуға бағытталған. Пән студенттердің ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу (таңдалған облысқа сәйкес), ғылыми эксперименттер жасау, зерттеу нәтижелерін академиялық сипатта сауатты рәсімдеу және оларды көпшілік алдында таныстыра білу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Инновациялық қызмет әлеуметтануы мен басқару қызметтің әлеуметтік диагностикасы
    Несиелер: 5

    Басқару әлеуметтануы мен инновациялық қызметті зерттеудің маңызды пәні – қоғамның әлеуметтік өмірін басқару, яғни әлеуметтік басқару мәселелері. Бұл курс аясында басқару оның алгоритмі арқылы қарастырылады, олар алдын ала болжаудан, болжаудан, жобалаудан, бағдарламалаудан, жоспарлаудан, әлеуметтік технологиялардан, әлеуметтік эксперименттен тұрады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Әлеуметтік зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру
    Несиелер: 6

    Курс студенттерді әлеуметтік зерттеулерді дайындау, ұйымдастыру, сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазу ережелерімен таныстырады. Эмпирикалық әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің, сондай-ақ материалды әзірлеуден, әдеби көздерді іздеуден бастап, жазбаша жұмысты ресімдеумен және оны конференцияда, қорғауда, ғылыми мәтін жазудың барлық процесі кезең-кезеңмен талданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі
    Несиелер: 5

    Пән ғылыми стильдің жанрлық түрлері туралы білімді, кәсіби қызмет саласындағы ақпарат пен материалдарды жинау, сақтау және өңдеудің заманауи әдістерін меңгеруді, сондай-ақ сөйлеу қызметінің төрт түрін (оқу, сөйлеу, жазу, тыңдау) академиялық қарым-қатынас жасау мақсатында білігі мен дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Өнер әлеуметтануы
    Несиелер: 5

    Қоғам өміріндегі өнердің өзіндік ерекшеліктерін анықтау мен сақталу, даму мәселелерін әлеуметтанулық тұрғыдан талдау; қазақ өнерінің әлемдік мәдениет аясына кең ауқымда және қарқынды түрде ену үдерісін талдай алу. Өнер әлеуметтануының қолданыстағы түрін меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Визуалды әлеуметтану
    Несиелер: 5

    Бұл курс студенттердің әлеуметтанулық ойлауын дамытуға арналған және қоршаған ортаны талдау үшін визуалды құралдарды барынша толық пайдалануға үйретуді мақсат етеді. Қазіргі әлемде қоғамның өмір сүруінің барлық салаларында бірнеше рет таратылатын және жаңғыртылатын көрнекі ақпарат ерекше рөлге ие болады. Визуалды ақпаратты пайдалана отырып, әлеуметтанушы әлеуметтік қиялдың көмегімен қоршаған әлеуметтік әлемнің құбылыстары мен процестерінің мәніне кіре алады. Болашақ әлеуметтанушылар сол немесе басқа құбылыстардың сыртқы белгілерін фотофиксациялаудың көмегімен қоғам өмірінің терең тенденцияларын қалай тануды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Аймақтар әлеуметтануы мен урбанизация
    Несиелер: 5

    Аймақтар әлеуметтануы мен урбанизация елдің нақтылы жерлеріндегі өзекті мәселелерін анықтап, олардың туындау факторлары мен шешу жолдарының ерекшеліктерін көрсетеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Азаматтың әлеуметтік-психологиялық негіздері
    Несиелер: 5

    Адамдар арасындағы ақпарат алмасу, өзара әрекеттесу заңдылықтары, қоғамдық, тұлғааралық қатынастар құрылымындағы жүздесудің рөлі, құрылымы, атқаратын қызметі, жүздесу үдерісінде әсер ету амалдары; таптар мен ұлттар сияқты ірі және еңбек ұжымы, отбасы сияқты шағын әлеуметтік топтардың психологиялық мінездемелері, ұжымшылдық, басқару және жетекшілік, топ болып шешім қабылдау, топ қызметінің тиімділігі сияқты үдерістерді зерттеу; тұлғаның әлеуметтік психологиясы, оның коммуникативтік сапалықтарына талдау жасау, әлеуметтену мәселелері, әлеуметтік мақсаттардың қалыптасуымен ауысуын меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Жанжал әлеуметтануы
    Несиелер: 5

    Жанжалды жіктеу, саяси жанжалдың өзіне тән ерекшелігі. Саяси қарама-қайшылықтар және саяси антагонизм, олардың саяси жанжалдағы көрінісі. Әлеуметтік теңсіздік және саяси жанжал. Саяси қақтығыстағы келіссөздер. Жанжалдар динамикасы және оларды реттеу әдістерін меңгеріп, жанжал қоғам мен тұлғаның әлеуметтік әрекеттесуінің түрі ретінде талдау. Қоғамдық және әлеуметтік деңгейлердегі жанжалдардың әлеуметтанулық мәселелерін түсіну, зерттеу және қорытындылар жасай алу жолдарын түсіндіру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Менеджмент әлеуметтануы
    Несиелер: 5

    Ұйымның және менеджменттің ғылыми негіздері, қоғамның тіршілік әрекетінің түрлі салаларында менеджменттің пайда болу және даму тарихы жайлы ақпарат алып, қазіргі жағдайда менеджментті жетілдіру жолдарын анықтауға мүмкіндік алады. Менеджменттің әдіснамасы мен әдістерін, әлеуметтік менеджменттің негіздері мен принциптерін, менеджмент функцияларын жүзеге асыру алгоритмін ғылыми негіздей отырып, менеджментті жүзеге асырудың мемлекеттік тетіктерін, әлеуметтік қайшылықтарды реттеу менеджментін үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Әлеуметтік ақпаратты талдау және өндеу әдістері (SPSS негізінде)
    Несиелер: 6

    Әлеуметтік деректермен жұмыс істеу негіздерін, SPSS тарихын, SPSS модульдерін оқып, Windows үшін SPSS іске қосуды, SPSS басты терезелер және стандартты құралдар тақтасын пайдалануды меңгереді. Деректерді өңдеудегі негізгі қадамдарды жасап, сауалнаманы өңдеуге дайындау, зерттеу нәтижесінің сандық көрсеткішіне анализ жасауға қабілеті дамиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Басқару әлеуметтануы
    Несиелер: 5

    Басқару жүйелері, әлеуметтік институттар және олардың типологиясы. Түсініктердің арақатынасы: билік, бедел, басшылық, көшбасшылық. Әлеуметтік-басқару әсерінің түрлері мен әдістері. Басқару жүйелерінің ауысуының әлеуметтік циклы. Өзін-өзі басқарудың, өкілдік және әкімшілік басқарудың ерекшеліктері мен әлеуметтік тиімділігі. Әлеуметтік-басқарушылық шешімді құру принциптері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Жастар іс-тәжірибесі мен мәдениеттер әлеуметтануы
    Несиелер: 4

    Курс студенттерді жастар әлеуметтануын зерттеудің негізгі әдіснамалық және әдістемелік тәсілдерімен таныстыруға, батыс және отандық әлеуметтанудағы жастарды зерттеудің зерттеу стратегияларын сипаттау және салыстыру, студенттерді социологиялық эмпирикалық ақпаратты жинау, талдау және интерпретациялаудың негізгі дағдыларына үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Девиантты мінез-құлық әлеуметтануы
    Несиелер: 4

    Девианттық мінез-құлықты әлеуметтанулық зерттеудің теориялық негіздерін оқып біледі, девианттық мінез-құлық әлеуметтанулық зерттеудің пәні ретінде қарастыра отырып, девианттық мінез-құлықтың негізгі концепцияларына талдау жасап, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс жасауының арту себептерін анықтауға қабілетті артады. Қазіргі қоғамда балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтенуінің негізгі әлеуметтік институттарының өзгеруіне талдау жасауды меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Кәсіпкерлік әлеуметтану
    Несиелер: 5

    Кәсіпкерлік әлеуметтану пәні бойынша пәнденің экономикалық мотивациясын теориялық тұрғыдан түсіну. Экономикалық мотивация зерттеулерімен катар кәсіпкерлік әлеуметтануы пәнінің зерттеу аясында енетіндер: кәсіпкерліктің тарихи типтері, кәсіпкерлік мәдениетінің элементтері, әр турлі кәсіпкерлік топтардың әлеуметтік құрамы, шаруашылық іс-әрекеттердің құндылықты нормативтік негіздері, мемлекеттің кәспкерлікті қолдау саясатының практикалық жетістіктерін әлеуметтанулық ғылым тұрғысынан талдау және ұсыныстар жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Білім беру әлеуметтануы
    Несиелер: 5

    Білім беру социологиясының құрамдас бөлімдерінің сипаттамасы. Өзін-өзі жетілдіру, білім берудің тиімділігі және әлеуметтік зерттеу әдістері. Білім беру функциясы. Білім беру саласындағы әлеуметтік болжамдау принциптері. Жалпы және кәсіптік білім беру. Үздіксіз білім беру, қоғамдық қажеттілік ретінде. Жоғары және орта мектеп түлектерін кәсіби әлеуметтендіру мәселелері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Cаяси конфликтология
    Несиелер: 5

    Саяси қақтығыс теориясы. Әлеуметтік шиеленіс феномені туралы социал-дарвинистік социология мектебі. Л. Визе жанжалдарының типологиясы. К. Маркс қазіргі"диалектикалық жанжал теориясының" негізін қалаушы ретінде. Г. Зиммельдің қақтығысы социологиясы. Тұжырымдамадағы әлеуметтік жанжал: М. Вебер, П. Сорокин. Жанжал және бәсекелестік (Р. Парк). Саяси қақтығыстың мәні. Саяси қақтығыстардың себептері. Саяси қарама-қайшылықтар және саяси антагонизм, олардың саяси жанжалдағы көрінісі. Әлеуметтік теңсіздік және саяси жанжал. Саяси қақтығыстағы келіссөздер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Жұмыспен қамту және еңбек әлеуметтануы
    Несиелер: 5

    Экономикалық саясаттың, халықты еңбекті ұйымдастыру арқылы қорғау жүйесі мемлекеттің құрамдас бөлігі екенін әлеуметтанулық тұрғыдан талдай алуға үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтануы
    Несиелер: 5

    Бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтануы пәнін оқи отырып студент әлеуметтік маңыздылығы жоғары Баспасөз ақпарат құралдары (БАҚ) түрлерін ғылыми сипаттай отырып, әлеуметтік зерттеуде БАҚ мүмкіндіктерін негіздеп, оны қолдануды және нақтылы жағдаяттарды бағалауды меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Саяси қызметтің әлеуметтануы
    Несиелер: 5

    Саяси дау-жанжалдар мен мемлекет аралық күресті зерттеу. Қоғам өміріндегі мемлекет орны мен рөлі, басқару қызметтерін жүзеге асырушы институттар, ұйымдар мен әлеуметтік топтардың қоғамға және оның жеке бөліктеріне қатынасын зерттеу. Саяси ұйымдар, партиялар мен қозғалыстарды, олардың әлеуметтік құрылымын, динамикасын, ішкі дау-жанжалдарын талдау. Жеке түлғалардың саяси қатысуы мен саяси мінез-құлқын, соның ішінде сайлауда, саяси үміткерлер мен мәселелер бойынша дауыс беруін зерттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Салыстырмалы әлеуметтану
    Несиелер: 5

    Салыстырмалы әлеуметтану халықаралық деңгейдегі, тарихи кезеңдердегі және аймақтардағы әлеуметтік даму және өзгеру үдерістерін нақтылы көрсеткіштері мен индикаторларын құруды, әртүрлі елдердегі әлеуметтік қатарлар мен топтардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын дәлелді етіп көрсетеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Сараптамалық есепті дайындау және ұсыну
    Несиелер: 5

    Курс сараптамалық зерттеулердің негізгі әдістемелерін зерттеуге, сондай-ақ сараптамалық зерттеулерді жүргізуге және дайындауға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Әлеуметтік жұмыс
    Несиелер: 5

    Жеке адамдардың әлеуметтік мәселелерін, ең алдымен әлеуметтік жәбір шеккен жеке тұлғалар мен қоғамдық топтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, азаматтардың әлеуметтік кепілдігі бар құқықтары мен қажеттіліктерін қамтамасыз етуге негізделіп, әлеуметтік қызметін атқару қабілетін қалпына келтіруге немесе көтеруге қолайлық туғызатын жағдайлар жасауға бағытталған кәсіптік іс-әрекеттің ерекшелігін анықтау және зерттеу, болжау жасауды меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік қатынастардағы орны
    Несиелер: 5

    Әлеуметтік тәжірибедегі жаңа әдістеме әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған қызметті негіздеу. Әлеуметтік жұмыс қоғамдағы әлеуметтік сүргіндер мен келіспеушіліктерді ұстап тұратын, олады жеңетін мықты тәсілдер ретінде. Әлеуметтік қамсыздандыруды реформалау, өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, халықтың тұрмыс деңгейін арттыру бағыттарын талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON8

    Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажетті ақпарат жинауды және интерпретациялауды жүзеге асырады, әлеуметтанулық және демографиялық мәліметтерге салыстырмалы, контент-анализдік т.б. талдап, болжайм жасайды;

  • Код ON12

    Қоғам құрылымының жақсаруына байланысты қарама-қарсы қасиеттер мен тенденцияларды дұрыс бағытта өзгерту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру мүмкіндігі бар;

  • Код ON1

    Жаһандық мәселелерге бей-жай қарай алмайтын, еріктілік және инновациялық қызметке дайын, құқықтық және іскерлік мәселелер тұрғысынан білімді, ұлттық рухта тәрбиеленген және икемді дағдыларды (Soft skills) меңгерген көшбасшы-қыз;

  • Код ON11

    Сараптама, маркетинг және әлеуметтік консалтинг нарығында әлеуметтік зерттеулерді ұйымдастыруға және жүргізуге қабілетті;

  • Код ON3

    Философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану және психологияның базалық білімін ескере отырып, тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби коммуникацияның әртүрлі салаларындағы жағдайларды бағалайды;

  • Код ON5

    Әлемдік және отандық әлеуметтану білімі дамуының негізгі бағыттары мен тенденцияларының қалыптасуын талдайды;

  • Код ON10

    Қоғамдық процестердегі өзгерістерді талдау барысында әлеуметтік жағдайларға және әлеуметтік зерттеу әдістеріне сыни тұрғыдан қорытынды баға береді;

  • Код ON6

    Әлеуметтанулық білімді қазіргі заманның жаһандық мәселелерімен байланыстырады, әлеуметтанулық білім саласындағы математикалық модельдеуді қолдана отырып, проблемаларды шешу және пайымдаулар құру тұжырымдамасын қалыптастырады;

  • Код ON7

    Әлеуметтанулық кәсіби іс-әрекетте пайдаланылатын ақпараттарды жинауда компьютерлік бағдарламаларды қолданып, кеңес бере алады және оны ғылыми зерттеу жұмыстарында пайдаланады;

  • Код ON2

    Пәндік салада зерттеу нәтижелері мен академиялық жазбаны, оның ішінде шетел тілінде, таныстыра алатын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын дағдыларды меңгерген;

  • Код ON9

    Негізгі әлеуметтік көрсеткіштерді анықтауда, әлеуметтік шынайылықта әлеуметтанулық болжамды пайдалану әдісінде, индивидтер мен әлеуметтік топтардың әлеуметтік үлгілерін және құндылықты бағыттарын анықтауда сараптамалық зерттеулер арқылы қарастыруға қабілетті;

  • Код ON4

    Кәсіби қызметте әлеуметтік-педагогикалық саланың теориялық білімін қолданады;

6B03101 6B03101-Әлеуметтану
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B038 Әлеуметтану

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B03101 Әлеуметтану
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B038 Әлеуметтану

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B03101 Әлеуметтану
Бакалавриат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

БББТ: B038 Әлеуметтану

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B03101 Әлеуметтану
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B038 Әлеуметтану

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B03101 Әлеуметтану
Бакалавриат

Ақтау гуманитарлы-техникалық университеті

БББТ: B038 Әлеуметтану

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B03101 Әлеуметтану
Бакалавриат

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

БББТ: B038 Әлеуметтану

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B03101 Әлеуметтану
Бакалавриат

Шымкент университеті

БББТ: B038 Әлеуметтану

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
Top