Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01509 Биология в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

  • Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Курс өз құқықтары мен міндеттерін білетін, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбейтін заңды сауатты, заңға бағынатын адамды қалыптастыруға бағытталған.Құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін заңдық жауапкершілік мәселелерін зерделеу арқылы дараланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің кәсіпкерлік дағдылары мен іскерлік ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер экономиканың, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттарын, оның ішкі және сыртқы ортасының заңдылықтарымен жан-жақты танысу арқылы бизнес-жоспар, жеке бизнесті құру және өз бизнесін сәтті жүргізу дағдыларына ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің заманауи экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастырады, өмір қауіпсіздігі үшін техникалық құралдар мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін арттыру әдістерін қолдану дағдыларын дамытады Пән әртүрлі деңгейдегі ұйымның экожүйелері қызметінің, тұтастай биосфераның негізгі заңдылықтарын, адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында туындайтын қайшылықтарды, сондай-ақ табиғат пен экологияға ұқыпты қарау қажеттігін айқындайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы
    Несиелер: 6

    «Өсімдіктер анатомиясы және морфологиясы» курсын меңгеру барысында студенттер микроскопиялық деңгейде органдардың ішкі құрылымын, өсімдіктердің жасушаларының, өсімдік ұлпаларының ерекшеліктерін және әртүрлі органдарға олардың орналасу заңдылықтарын зерттейді. Өсімдіктердің анатомиясы мәдени өсімдіктер түрлері арасындағы шаруашылық құнды айырмашылықты анықтауға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қоғамға қызмет көрсету
    Несиелер: 5

    Пән тұлғаның жеке әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға және адамның жеке әлеуетін жандандыруға, ерікті және өтеусіз көмек көрсетуге және өзара көмек көрсетуге, азаматтық қоғамның игілігі үшін кең ауқымды қызмет көрсету, басқа да азаматтық шараларды орындауға үйретуге бағытталған. Пән еріктілер қызметінің маңыздылығын аша отырып, бұл қызметтің Қазақстандағы мәселелері мен даму перспективаларын айқындайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Көшбасшылық негіздері және инновацияларға бейімделу
    Несиелер: 5

    Пәнді игеру арқылы әрбір студент жеке тұлға ретінде көшбасшылық қасиеттерін ашу және дамыту, инновациялық үдерістерден туындаған жаңалықтарға бейімделу дағдыларын дамыту, сонымен бірге ғылыми-техникалық үдерістер нәтижелерін кәсіби қызметінде қолдана алу мүмкіндіктеріне үйренеді. Басқарудағы көшбасшылық қасиеттер мен адами фактордың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын оқып біледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Эмоционалды интеллект
    Несиелер: 5

    Эмоционалды интеллект және ұйымдастыру мәдениеті. Эмоционалды интеллекттің топтық көрсеткішітері. Эмоционалды менеджмент. Эмоционалды интеллект және тиімді команда құру. Жеке адамның эмоционалды интеллектін дамыту. Отандық және шет елдік ұйымдарда эмоционалды интеллект енгізудің жүйелі амалдары: жеке адамның мотивациясын орайластыру, топты қалыптастыру тәсілдері, даудамайларды шешу, кері байланыс орнату.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Энтомология
    Несиелер: 5

    Энтомология насекомдардың шығу тегін, систематикасын, құрылысының морфологиялық-анатомиялық ерекшеліктерін, биологиясын, өсу және дамуының экологиялық ерекшеліктерін, практикалық маңызын, пайдалы және зиянды насекомдар түрлері мен оларды шаруашылықта қолдану жолдарын зерттеуге мүмкіндік беретін ғылым сала.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Омыртқасыздар зоологиясы
    Несиелер: 5

    «Омыртқасыздар зоологиясы» курсы жануарлар әлемінің алуан түрлілігін, филогениясын, ұйымдасуын, экологиясын және омыртқасыздардың негізгі таксондарының практикада маңызын көрсететін биологиялық білім беру пәндерінің циклінің бөлігі болып табылады. Курсты игеру барысында студент омыртқасыз жануарлардың қоршаған ортамен таралуын, жүйеленуін, эволюциясы мен филогенетикалық байланыстарын зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Энзимология негіздері
    Несиелер: 6

    Энзимология негіздері пәнін оқу барысында студенттер ферменттер туралы (функциональды белоктар) білімдерін жетілдіреді. Биохимиялық процестерге негізделген және әртүрлі өндірістерде, ауыл шаруашылығында және медицинада қолданылатын биохимиялық реакциялар үшін протеин катализаторларының жұмыс істеу принциптерін зерделейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Биохимия
    Несиелер: 6

    Курсты игеру барысында студент тірі организмдердің химиялық құрамын және олардағы химиялық процестер мен реакциялар туралы білім алады. Ең маңызды биологиялық қосылыстардың - ақуыздардың, нуклеин қышқылдарының, көмірсулардың, липидтердің құрылымы мен қасиеттерін; олардың ағзадағы химиялық өзгерістері және тіршіліктің физика-химиялық негіздерін түсіну үшін осы түрлендірулердің маңызын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Териология
    Несиелер: 6

    Териология пәнін оқу барысында студенттер сүтқоректілердің жүйеленуі, сипаттамалары, шығу тарихы, құрылысының ерекшелігі, жердегі тіршілікке бейімделу жолдары, эволюциясы, алуантүрлігі және маңыздылығы туралы білімді игереді. Сүтқоректілер бейімделу және эволюция әлеміндегі жануарлар түрлерінің ең дамыған класы болғандықтан, олардың даму ерекшеліктерін қоршаған ортаға түсінудің кілті болып саналады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Омыртқалылар зоологиясы
    Несиелер: 6

    Пән ретінде биологиялық білімнің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл омыртқалылар туралы жан-жақты ақпаратты қамтиды – олардың әртүрлілігі, ұйымдық ерекшеліктері, өмір салты, шығу тегі мен эволюциясы, табиғатта және адам өміріндегі маңызын зерттейді. Омыртқалы жануарлар зооологиясы жалпы биологиялық пәндер кешенінің деректерін пайдалана отырып, биология -жүйенің, эволюцияның және тірі ағзалардың филогениясының маңызды теориялық бағыттарын дамытуға айтарлықтай үлес қосады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы
    Несиелер: 5

    «Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы» курсы әр түрлі жас кезеңдеріндегі адам ағзасының мүшелері мен мүшелер жүйесінің қызметін, организмнің даму динамикасы мен механизмдерін, ерекшеліктерін зерттейді. Курсты меңгеру барысында студенттің алған білімдері болашақ мамандардың ғылыми ой-өрісін кеңейтуге, педагогикалық іс-әрекетке дайындығының теориялық және тәжірбиелік білімдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Цитология, гистология және эмбриология
    Несиелер: 6

    Пәнді игеру барысында студенттер организмдердің ядросын және жасушаның бөліну типтерін, клетка қосындыларын, ядро қабықшасын, протоплазмасын, жасуша құрылымындағы жалпы заңдылықтарды меңгереді. Гистологияның анатомия, биохимия және физиология ғылымдары арасындағы органикалық байланысын анықтайды, ұлпалар жасушасының және мүшелердің құрылымдарының функционалдық маңыздылығын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беру тұжырымдамасы. Шетелде және Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту. Ерекше білім беруді қажет ететін жандар үшін оқу іс-әрекетін ұйымдастыру және жоспарлау. Ерекше білім беруді қажет ететін жандарды психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша жағдай жасау үшін әртүрлі профильдегі мамандар тобында жұмыс істеу дағдылары. Оқу жоспарларын бейімдеу және инклюзивті оқыту жағдайында репетиторлық практиканы ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Білім берудегі цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Оқу үдерісін ұйымдастыру және әдістемелік материалдарды әзірлеуге арналған цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған практикалық курс. Курс білім беруді цифрландырудың барлық бағыттарында: білім беру басқармасы мен мекемелерінде компьютерлік бағдарламалар, оқытудың цифрлық технологиясы; АКТ дидактикалық мүмкіндіктері; виртуальды орта және қашықтықтан оқыту технологияларында цифрлық бағдарламалар мен техникалық құралдарды меңгеру дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің болашақ педагог мамандығына қызығушылықтарын дамытуға және кейін өзін-өзі жетілдіру мақсатында кәсіби өз бетінше білім алуға ынталандыруға бағытталған. Курс студенттердің педагогикалық үдерісті жоспарлау, болжау, ұйымдастыру, басқару және талдау дағдыларын дамытуға; орта білімнің жаңартылған мазмұны аясында тәрбиелеу мен оқытудың технологиялары мен әртүрлі әдістемелерін меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Жеке даму биологиясы
    Несиелер: 5

    Курсты игеру барысында студенттер ағзалардың онтогенетикалық даму заңдылықтарын меңгереді. Курста организмдерде өтетін макро - және микроморфологиялық, физиологиялық-биохимиялық, молекулалық және генетикалық процестер туралы, сондай-ақ жануарлар мен өсімдік организмдерінің онтогенезінің барлық кезеңдерінде даму процесін басқаратын факторлар мен механизмдер туралы түсінік беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Адам анатомиясы
    Несиелер: 5

    Адам анатомиясы пәнін меңгеру барысында студенттер - адам денесінің формасы мен құрылымы, пайда болуы және дамуы туралы мағлұматтарды игереді. Анатомия - жасы, жынысы және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, организмнің бөліктері мен мүшелерінің пішінін, құрылымын, орналасуын және типографиялық байланыстарын жүйелі түрде сипаттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Ұлпа және организмдер биологиясы
    Несиелер: 6

    Пәнді оқытудың мақсаты - түлекке жануарлар жасушаларының құрылымы саласындағы кәсіптік дайындық, студенттерді жануарлар организмінің әртүрлі ұлпаларымен таныстыру, зерттеу әдістерімен, зерттеу тақырыбының ерекшеліктерімен таныстыру, студенттердің өзіндік танымдық белсенділігін жандандыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Экологиялық білім беру
    Несиелер: 4

    Адам мен табиғаттың өзара қатынасындағы пайда болған экологиялық қарама – қайшылықты, экологиялық заңдылықтарды білмей шешу мүмкін емес. Осыған орай, экологиялық білім мен экологиялық мәдениетті тереңдету, экологиялық үрдістерді талдап, тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. Мектеп оқулықтарында қарастырылатын экологиялық бөлімдерді талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Биологияны оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Курс барысында студенттер ГОСО іске асыру контекстінде орта мектепте биологияныны оқытудың заманауи мақсаттары мен міндеттерін жалпы білім беретін мектептегі негізгі биология курсының құрылымы мен мазмұнын, жаңартылған пәндік мазмұнын зерттейді; мәліметтер базасымен, кестелік процессорлармен, IT-технологиялармен, Smart және бұлтты технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің эволюциясы
    Несиелер: 4

    Пәнді игеру барысында студенттер жануарлар және өсімдіктер әлемі эволюциясын, жер бетінде тіршіліктің алғаш пайда болу кезендерін, тірі ағлардың дамуын, түр болып қалыптасын систематикалық ерекшеліктерін меңгереді. Өсімдіктер мен жануарлардың айырмашылықтарын салыстырмалы түрде талдау негізінде даму кезендерінде қарапайымнан жоғары сатыға көтеріліп күрделенуін, эволюцияның негізгі қозғаушы күштерін, даралардың қоршаған ортаға бейімделуі нәтижесінде жаңа түрлердің пайда болуын көрсету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Биогеография
    Несиелер: 4

    Пән ғаламшардағы тірі ағзалардың бұрынғы және қазіргі таралу ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Курста биогеографияның ғылым ретінде қалыптасуы, биогеографиядағы эволюциялық идеялардың дамуы (дарвин кезеңі), биоценоз, биогеоценоз және экожүйе ұғымдары, құрлықтың тірі жамылғысының құрылымы, аймақтық биомалар, тау биомалары және мұхит мекендеушілерінің әлемі қарастырылады. Сонымен қатар, биогеографиялық аймақтау мәселелері және биологиялық әртүрлілікті сақтау мәселелері қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Ғылыми зерттеулер негіздері
    Несиелер: 5

    Курс болашақ маманның кәсіби қызығушылықтары саласында ғылыми-зерттеу компоненттерін дамытуға бағытталған. Пән студенттердің ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу (таңдалған облысқа сәйкес), ғылыми эксперименттер жасау, зерттеу нәтижелерін академиялық сипатта сауатты рәсімдеу және оларды көпшілік алдында таныстыра білу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Өсімдіктер систематикасы
    Несиелер: 4

    Курсты оқу барысында студенттер өсімдіктердің табиғи жіктелуімен айналысатын ботаника бөлімімен танысады. Систематика (жүйе) ботаниканың кез-келген саласы үшін қажетті база болып табылады, өйткені ол түрлі өсімдіктер арасындағы өзара байланысты сипаттайды және әртүрлі елдердегі мамандарға ғылыми ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін ресми атауларын береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі
    Несиелер: 5

    Пән ғылыми стильдің жанрлық түрлері туралы білімді, кәсіби қызмет саласындағы ақпарат пен материалдарды жинау, сақтау және өңдеудің заманауи әдістерін меңгеруді, сондай-ақ сөйлеу қызметінің төрт түрін (оқу, сөйлеу, жазу, тыңдау) академиялық қарым-қатынас жасау мақсатында білігі мен дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Биофизика
    Несиелер: 4

    Биофизика тірі организмдерде болатын физикалық және физика-химиялық процестерді және тірі материяны ұйымдастырудың барлық деңгейлеріндегі биологиялық жүйелердің ультра құрылымын зерттейді. Биофизика физиология, биомеханика, биохимия, генетика, цитология және молекулалық биологиямен тығыз байланысты. Биофизика энергияның молекулалық деңгейде өзгеруі мен миграциялануынан бастап, бүкіл ағзаның энергетикалық тепе-теңдігіне дейінгі тірі организмдердегі энергияның өзгеруін қарастырады. Физиологияда тыныс алу және қан айналымының биомеханикасын зерттеу өте маңызды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Критериалды бағалаудың технологиясы
    Несиелер: 5

    Пән технологияны оқу үдерісінде практикалық қолдануды оқытады. Курс білім беру мақсатындағы таксономияның негізінде және білім алушының білім деңгейіне сәйкес оқыту нәтижелерін бағалаудың критерийлері мен формативтік және жиынтық тапсырмаларды әзірлеу дағдыларын қалыптастыра отырып, оқыту нәтижелері мен әдістерінің өзара талаптары мен мақсаттарын үйретеді және бақылаудың рейтингтік жүйесінің тұжырымдамасын ашады

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қоршаған орта туралы ілім
    Несиелер: 4

    Қоршаған ортаның экологиялық ахуалы. Жер тірі материяның тіршілік ету орны. Биосфера компоненттері мен эволюциясы. Биосфера туралы ілім. Тірі зат концепциясы мен тіршіліктің тұрақтылығы және тұрақты даму концепцияларын қарастырытын пән.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Генетика және селекция
    Несиелер: 6

    Генетика - организмдердің өзгергіштігі мен тұқым қуалаушылық туралы селекцияның теориялық негізі. Селекция-өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлар тұқымдары мен микроорганизмдер штамдарын құру және қолданыстағы сорттарын жақсарту жолдарын қарастыратын ғылым. Курсты игеру кезінде студент өсімдіктер мен жануарларды өсірудің заманауи әдістерімен және бағыттарымен танысады. Жануарлар мен өсімдіктерді өсірудің негізгі әдістері будандастыру және іріктеу болып табылады. Будандастырдың әдістері жақын туыс, инбридинг және туыстық емес, аутбридинг.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Ортаның қолайсыз жағдайларына өсімдіктер физиологиясының орнықтылығы
    Несиелер: 5

    Пән келесідей зерттеулерге бағытталған: өсімдікке қолайсыз жағдайлар әсер еткенде дененің қорғаныс күштерін жұмылдыратын стресс — шиеленіс пайда болады. Қолайсыз жағдайлардың баяу дамуы кезінде организм оларға оңай бейімделеді, шынығу жүреді,яғни өзгерген жағдайларға қайтымды физиологиялық құрал. Өсімдіктердің тұрақтылығы әртүрлі. Оның негізінде қолайсыз фактордың әсерінен аулақ болуы мүмкін..

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Адам және жануарлар физиологиясы
    Несиелер: 6

    Физиология курсының негізгі мақсаты тұтас ағзалардың, физиологиялық жүйелердің, ағзалар мен жасушалардың және жеке жасушалық құрылымдардың тіршілік әрекетін зерттеу болып табылады. Курсты меңгеру барысында студенттер молекулалық деңгейден бастап, оның мінез-құлықтық реакцияларын, сана мен ойлауды қоса алғанда, тұтас ағзаның тіршілігін аяқтай отырып, өмірлік функциялардың көріністерін зерделейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Жас ерекшелік эндокринологиясы
    Несиелер: 6

    Пәнді игерудің мақсаты эндокринологиялық аурулар туралы жүйелік білімді қалыптастыру, эндокринологиялық аурулары бар науқастарды диагностикалау, емдеу және басқару дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Студенттер клиникамен танысады, эндокринологиялық ауруларды анықтайды, жедел эндокринологиялық жағдайларда көмек көрсетудің тәртібі мен шарттарын зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Өсімдіктер физиологиясы
    Несиелер: 5

    Курсты оқу барысында студенттер өсімдік организмдерінің тіршілік әрекетінің жалпы заңдылықтарын, өсімдік организмдерінің минералдық заттар мен суды сіңіру процестерін, өсу және даму, гүлдену және жеміс беру, тамыр (минералдық) және ауа (фотосинтез) қоректену, тыныс алук, биосинтез және әртүрлі заттардың жинақталу процестерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Медициналық биохимия
    Несиелер: 5

    Белоктар. Нуклеин қышқылдары. Ферменттердің жалпы қасиеттері. Фермент активтілігінің реттелуі. Гидролазалар. Трансферазалар, лигазалар. Энергия алмасуы. Тотығу түрлері. Суда және майда еритін витаминдер. Көмірсулар алмасуы, қорытылуы және сіңірілуі. Бауырдың ролі. Анаэробты гликолиз. Глюкозаның тотығу жолдары. Глюкоза мөлшерін анықтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Микробиология және вирусология негіздері
    Несиелер: 5

    "Микробиология және вирусология негіздері" курсы микробиологияның негізгі ұғымдары мен әдістерін, бактериялардың метаболизмі, олардың өсуі, көбеюі, таксономия мәселелерін зерттеуді қамтиды. Сонымен қатар, микроорганизмдердің дамуы, құрылымы және тіршілік әрекеті туралы, тірі табиғаттағы микроорганизмдердің рөлі, басқа организмдермен байланысы және микробиологияның маңызды заңдылықтары мен тұжырымдамалары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Патогенді микроорганизмдер биологиясы
    Несиелер: 5

    Курстың дамуы барысында студент негізгі патогендік және шартты патогенді микроорганизмдер мен олар тудыратын ауруларды зерттейді; иммунитет және бактериотасымалдушылар ұғымдары, олардың макроорганизммен қарым-қатынас механизміндегі рөлі және тұтыну тауарларының қауіпсіздігін қалыптастыруға қатысуын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Медициналық биология
    Несиелер: 5

    Медициналық биология - жалпы биология ғылымының бір тармағы болып табылады және адам анатомиясымен тығыз байланысты. Бұл салада негізінен адамның денсаулығы мен оның ішкі мүшелерінің саулығы және тұқым қуалау ақпараты туралы, сонымен қатар замануи биотехнологияның бір саласы генетикалық инженерия туралы білім беріледі. Биологиялық модельдеу әдістерін қолдана отырып, олар көптеген адам ауруларының пайда болуы мен даму механизмдерін зерттейді, олардың алдын - алу және емдеу әдістерін жасайды. Адам гендерінің құрылымын зерттеу, басқа жасушаларға оқшаулау және енгізу әдістері болашақта тұқымқуалайтын ауруларға гендік терапия жүргізуге мүмкіндік береді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Нуклеин қышқылдарының биологиясы
    Несиелер: 5

    «Нуклеин қышқылдарының биологиясы» курсы нуклеин қышқылдарының құрылымы мен қызметін, тұқым қуалайтын ақпараттарды жүзеге асырудың принциптері мен механизмдерін, жасушалардың құрылымы мен функцияларының молекулалық негізін, өсу, даму, бөліну, ісіктердің өзгеруі және жасуша өлімін меңгеруге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Молекулалық биология
    Несиелер: 5

    Пән ең алдымен генетикалық ақпаратты сақтау мен білдіру механизмдеріне бағытталған. Молекулярлық биологияның негізгі мақсаты гендер құрылымын және көбеюін зерттеу, сондай-ақ оларда кодталған ақпарат негізінде РНҚ мен ақуыздарды синтездеу туралы білімді қалыптастыруға бағытталған. Молекулярлық биология сонымен қатар РНҚ мен белоктың құрылымын, өзара әрекетін және физиологиялық функцияларын зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Эволюциялық ілім
    Несиелер: 5

    Курс заманауи эволюциялық теорияның қалыптасу тарихын және оның негізгі ережелерін, микро- және макроэволюция процестерінің ерекшеліктерін, түртүзілу концепциясын, популяцияның генетикалық құрылымын, модификация мен мутациялық өзгергіштіктің себептерін, абиотикалық, биотикалық және антропогендік факторлардың тірі организмдердің тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікке әсерін зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мұғалімнің кәсіби бағдарлары
    Несиелер: 5

    Пән сабақтың 7 модульге сәйкестігін кешенді бағалауға бағытталған. Ол келесі дағдыларды қалыптастырады: - оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану; - сыни ойлау; - оқытуды бағалау; - дарынды және талантты балаларды оқыту; - білім беру ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану; - оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу қызметін модельдеу; - білім берудегі басқару және көшбасшылық.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Антропология
    Несиелер: 5

    Бұл курста адамның және адамның нәсілінің эволюциясы, адамның физикалық құрылымы, этникалық және басқа да халықтардың морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін меңгереді. Студенттер адам мәдениеті мен өркениетін қалыптастыру, әр түрлі тарихи кезеңдерде және әртүрлі аумақтарда адамзат қоғамының құрылымын зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON4

    Жаңа тұрғыда өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдердің қоршаған ортаға таралуы, жүйеленуі, эволюциясы және филогенетикалық байланысының принциптерін қолданады;

  • Код ON6

    Зерттеудің мақсаттары мен принциптерін анықтайды, биологиялық тәжірибелердің нәтижелерін ескере отырып, ғылыми негізделген шешімдерді қабылдай біледі, алынған нәтижелер туралы қорытындыларды нақты тұжырымдайды

  • Код ON3

    Пәндік салада зерттеу нәтижелері мен академиялық жазбаны, оның ішінде шетел тілінде, таныстыра алатын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын дағдыларды меңгерген

  • Код ON5

    Оқу процесінде алған білімдерін, оның ішінде тірі ағзалардың дамуының құрылымдық, функционалдық ерекшеліктерін көрсетеді

  • Код ON9

    Адам организмінің негізгі құрылымын, тарихи дамуын, жас және жеке ерекшеліктерін және оның қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін синтездейді

  • Код ON2

    Білім алушылардың жас кезеңдері ерекшеліктерін ескере отырып, жаңартылған жүйедегі педагогикалық процессті жүзеге асыра алатын негізгі білім мен дағдыларды, сонымен қатар цифрлық білім беру технологиясын қолдану дағдыларын меңгерген

  • Код ON8

    Генетикалық инженерияны ауылшаруашылық биотехнологияда және микробиологиялық өнеркәсіпте қолдану туралы білімді негіздейді

  • Код ON10

    Қазіргі заманғы биология ғылымы саласындағы білімдерге ие, жоғары кәсіби оқытушылардың тәжірибесін зерттейді, жинақтайды, таратады және қолданады

  • Код ON1

    Инновациялық және волонтерлік қызметке дайын, жаһандық проблемаларға бей-жай қарамайтын және икемді дағдылары бар (Soft skills), ұлттық рухта тәрбиеленген іскерлік және құқықтық мәдениетті түсінеді

  • Код ON11

    Педагогикалық іс-әрекетте жоғары мотивацияға ие, өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі тануға ұмтылады

  • Код ON7

    Зертханалық жағдайда алынған тәжірибелік мәліметтерді түсіндіреді және салыстырады, өз бетінше талдайды және қажетті ақпаратты таңдайды

Top