Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M07104 Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы в Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 3

    Мақсаты - жоғары оқу орындарының дидактикасы, тәрбие мен білім беруді басқару теориялары, педагогикалық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау білімдері негізінде университетте педагогикалық іс-әрекеттің қабілетін қалыптастыру. Курс болашақ оқытушының білім беру қызметін оқытудың кредиттік технологиясын қолдана отырып жобалауды,Болон процесін жүзеге асыруды,дәріскерлік,кураторлық шеберлікті оқыту/тәрбиелеу және бағалау стратегиялары мен әдістерін қолдана отырып (TLA-стратегиялар) игеруді қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Пиротехникалық құралдар - классификациясы, есептеу, өндірістің ерекшелігі
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - пиротехникалық заттардың қасиеттерін жіктеу және есептеу үшін жану және жарылыс теориясын қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән қолданыстағы пиротехникалық заттардың жіктелуін, құрамдарын және пайдалануын зерттеуге, пиротехникалық бұйымдарды өндіруге арналған шикізат пен қосалқы материалдарды іріктеуге, пиротехникалық бұйымдарды, жабдықтарды өндіру сызбасына, пиротехникалық бұйымдарды құрастыруға, сынақтан өткізуге қойылатын жалпы талаптарды білуге бағытталған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Өндірістік жарылғыш заттар және олардың алынуы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: өнеркәсіптік жарылғыш заттарды алу, қасиеттерін сипаттау және қолданумен байланысты мәселелерді шеш білу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы өнеркәсіптік жарылғыш заттарды алудың теориялық-практикалық әдіснамасын қалыптастырады. Пән өнеркәсіптік жарылғыш заттардың жалпы сипаттамасын, жарылыстың энергетикалық сипаттамаларын, өнеркәсіптік жарылғыш заттарға қойылатын техникалық талаптарды, оларды алу және тау-кен өнеркәсібінде қолданылуын оқып білуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
    Несиелер: 6

    Пән ғылыми зерттеулердің іргелі принциптерін, әдістерін, стратегиялары мен нысандарын оқып-меңгеруге, дереккөздермен және мәліметтермен жұмыс істеуді үйренуге бағытталған және белгілі бір саласында зерттеу жүргізу қабілетін қалыптастыруды мақсат етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қорғаныс өнеркәсібі және төтенше жағдай қызметіндегі пиротехникалық бұйымдар
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты халықты және қоршаған ортаны пиротехникалық материалдарды қолдану мен өндіріс нысандарының ықтимал теріс әсерінен қорғау қабілетін қалыптастыру. Пән пиротехникалық құрамдар туралы жалпы мәліметтерді, қорғаныс өнеркәсібі мен төтенше жағдайларда пиротехникалық құралдарды қолдану әдістерін, энергиясыйымды материалдарды өндіру бойынша кәсіпорындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдері мен есептеу әдістерін зерделеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 3

    Ғылыми білім өндіруге бағытталған ерекше қызметтің заңдылықтары мен даму тенденциясын зерттеу. Ол тарихи динамика негізінде және тарихи өзгермелі әлеуметтік-мәдени контексте қарастырылады. «Ғылым тарихы мен философиясы» курсы арнайы философиялық талдау пәні болып табылатын ғылым феноменінің мәселелерімен таныстырып, ғылымның тарихы мен теориясы, ғылым дамуының заңдылықтары және ғылыми білімнің құрылымы, ғылымның мамандық және әлеуметтік институт ретіндегі ерекшеліктері, ғылыми ізденіс жүргізу әдістері, ғылымның қоғам дамуындағы рөлі туралы туралы білім қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шетел тілі (кәсіби)
    Несиелер: 6

    Пән шетел тілінде білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес өзінің кәсіби қызметінде шетел тілінде қарым-қатынас жасау үшін тілдік, коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға, мәдениетаралық, ғылыми коммуникация контексінде кәсіби қарым-қатынас орнатуға, жаңа ақпараттық ресурстарды, технологияларды игеру негізінде ғылыми байланыстарды кеңейтуге және зерттеу қызметін дамытуға бағытталған

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Конденсирленген жүйелердің жануы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - конденсирленген жүйелердің жану үдерістерінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін талдау қабілетін, жаңа материалдар синтезінде қолданылатын конденсирленген жүйелердің жану теориясын түсінуді қалыптастыру. Пән жану теориясының элементтерін, конденсирленген жүйелердің жану жылдамдығын анықтайтын негізгі үдерістерді, жанудың кинетикалық және диффузиялық режимдерін, каталитикалық қоспалардың конденсирленген жүйелердің жану үдерісіне әсерін оқып білуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жарылғыш заттар мен құралдардың өндірісі, тасымалдау, сақтау және қолдану қауіпсіздігі
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты: жер бетінде және жер асты жағдайларында жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптарын қолдана білу қабілетін қалыптастыру. Пән өнеркәсіптік жарылғыш заттардың жалпы сипаттамаларын, автокөлік, темір жол, теңіз, өзен және әуе көлік түрлерімен жарылғыш материалдарды тасымалдау шарттарын, жарылғыш заттар мен бұйымдарды өндіру, пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасын оқып білуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 3

    Курстың мақсаты – дамыту менеджмент психологиясының іргелі концепцияларын жүйелі түрде білу, кәсіби даму процесінде менеджмент саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау.Басқару психологиясының негізгі принциптері, басқару әрекетіндегі тұлға, тұлға мінез-құлқын басқару, құндылықтар бойынша басқару туралы заманауи идеялар, топтық құбылыстарды басқару психологиясы қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Пиротехникалық және жарылғыш заттар өндірісінің технологиялық процестерін бақылау мен талдаудың физикалық әдістері
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты - пиротехникалық және жарылғыш заттарды әртүрлі физикалық әдістермен талдау және өндірістік бақылау жүргізу қабілетін қалыптастыру. Пән пиротехникалық және жарылғыш заттардың химиялық құрылымын анықтауға және өндірістің технологиялық үдерістерінде бақылау мен талдаудың физикалық әдістерін қолдану саласы мен міндеттерін зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жану мен жарылыс процестерінің негізгі теориялары
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты - жану мен жарылыстың жылулық және тізбекті механизмдерін сипаттау және түсіндіру, кәсіби есептерді шешуде жанудың заманауи теорияларын қолдана білу қабілетін қалыптастыру. Пән химиялық физиканың негізгі заңдарын, газ қоспаларын, термодинамика заңдарын, жану теориясындағы жалын шебін, жану режимдерін, жарылыс реакцияларының ерекшеліктерін, Н.Н. Семеновтың жылулық жарылыс теориясын оқып білуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Заманауи әлемдік ғылымдағы және өндірістегі пиротехника
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты: заманауи әлемдік ғылым мен өндірісте пиротехникалық құрамдардың рөлін бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы әлемдік тәжірибені ескере отырып, пиротехникалық құрамдардың жаңа түрлерін жасаудың теориялық және практикалық негізін қалыптастырады. Пән қазіргі әлемдік ғылым мен практикада бар пиротехникалық құрамдар мен компоненттердің, жаңа пиротехникалық құралдардың жалпы қасиеттерін зерделеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жарылғыш заттар өнеркәсібінің инновациялық технологиялары
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты: өнеркәсіптік жарылғыш заттар өндірісінің технологиясын және жару құралдарының жаңа түрлерін сипаттау және бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы өнеркәсіптік жарылғыш заттарды дайындау және қолдану технологиясының практикалық негізін қалыптастырады. Пән жарылғыш заттар өндірісін дамыту принциптерін, өнеркәсіптік жарылғыш заттар зарядтарын инициирлеу жүйесін, жару жұмыстарын кешенді механикаландыруды зерделеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жану, детонация және жарылыс үдерістерін модельдеу
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты энергияны көп қажет ететін материалдардың жану және жарылыс процестерін модельдеу мен жану процесіне қатысты химиялық мәселелерді шешу кезінде қажетті модельдеу қабілетін қалыптастыру. Пән химиялық кинетика мен реакциялар түрлерінің негізгі түсініктерін, газ динамикасы теңдеулерінің бір өлшемді жүйелерін модельдеу әдістерін, газ динамикасы теңдеулер жүйесінің кейбір математикалық қасиеттерін, детонациялық толқынның алдыңғы жағында болатын процестердің әртүрлі математикалық модельдерін, детонациялық ағынды есептеу мәселелерін, детонацияны инициирлеу процесін модельдеуді зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жарылғыш заттар мен құралдар өндіруші кәсіпорындардағы техника қауіпсіздігі және қауіпті факторлар
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты: жарылғыш заттарды өндіру және пайдалану кезіндегі қауіпті факторларды талдау қабілетін қалыптастыру. Пән қоспалы жарылғыш заттарды дайындаудағы қауіпсіздік техникасы ережелерін, жарылғыш заттарды өндіру кезіндегі шаңдану, жарылысқа қауіпсіз жағдайда желдету, статикалық электр тоғы, жарылғыш материалдарды өндіруге арналған кәсіпорындарды найзағайдан қорғау ережелерін, жарылғыш заттарды дайындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін білуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Код ON5

    Энергиясыйымды материалдарды өндіру және қолдану кезінде олардың негізгі қасиеттерін: физика-химиялық тұрақтылық, қауіпсіздік, бризанттылық және т.б. сыни талдау және болжау.

  • Код ON1

    Энергияға қаныққан материалдардың оңтайлы құрамын есептеуді негіздеу үшін жану, жарылыс және детонация теориясы бойынша жүйелі білімдерін көрсету.

  • Код ON4

    Іс жүзінде энергияны көп қажет ететін материалдарды дайындау, сақтау, тасымалдау қауіпсіздігі бойынша нормативтік құжаттардың талаптарын қолдану және төтенше жағдайлардың туындау факторларын бағалау;

  • Код ON11

    Қорғаныс өнеркәсібі қызметінде және төтенше жағдайларда энергиясыйымды материалдарды өндіру, сақтау және пайдалану қауіптілігін ескере отырып, оларды сынақтан өткізу мен қолданудың әлеуметтік және экологиялық салдарын анықтау.

  • Код ON8

    Отандық және шетелдік басылымдарда баяндамалар мен жарияланымдар түрінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін қорытындылау және ұсыну.

  • Код ON3

    Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдар өндірісінің технологиялық мәселелерін зерттеу, талдау, диагностика және қасиеттерін модельдеу әдістерімен шешу.

  • Код ON6

    Дайындау және сақтау барысындағы қауіптілікті бағалай отырып, белгілі бір сипаттамалары бар энергиясыйымды материалдарды алу үшін ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізуді жоспарлау.

  • Код ON10

    Жаңа материалдарды алу кезінде экологиялық міндеттерді шешу үшін жарылыстың инновациялық технологияларын бейбіт мақсатта қолдану.

  • Код ON2

    Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдарды қолданылу салалары бойынша жіктеу.

  • Код ON7

    Идеялар мен технологиялар нарығында табысты бәсекелестік үшін тәжірибелік-конструкторлық сызбанұсқаларды бағалау және түзету негізінде энергиясыйымды заттар мен материалдарды өндірудің дәстүрлі емес тәсілдерін әзірлеу.

  • Код ON9

    Жану және жарылыс үдерістерінің физикалық-химиялық параметрлерін зерттеу үшін заманауи тиімді құрал-жабдықтарды таңдау, әдістемелерді біріктіру.

  • Код ON12

    Жану және жарылыс үдерістері саласындағы ғылыми-кәсіби білімді білім беру үрдісінің тәжірибесіне біріктіру.

  • Код ON13

    Кәсіби қызметте шет тілін және басқару психологиясының негізгі принциптерін қолдану, қоғамның дамуында ғылым мен заманауи оқыту технологияларының рөлін бағалау.

Top