Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M07101 Мұнайхимия в Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
    Несиелер: 6

    Пән ғылыми зерттеулердің іргелі принциптерін, әдістерін, стратегиялары мен нысандарын оқып-меңгеруге, дереккөздермен және мәліметтермен жұмыс істеуді үйренуге бағытталған және белгілі бір саласында зерттеу жүргізу қабілетін қалыптастыруды мақсат етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 3

    Курс ғылым философиясы туралы түсініктерді, олардың рационалды-теориялық түсінудегі мәселелерін қамтитын ерекше типтегі білімдер жүйесі ретінде қалыптастыруға бағытталған. Ғылымның идеялық негізі, пайда болуы, қалыптасуы мәселелері қарастырылады. Ежелгі дүниедегі, Орта ғасырлардағы және Қайта өрлеу дәуіріндегі ғылым.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мұнай, газ және көмірдің қазіргі технологиялары
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: мұнай және газ көмірсутектерін қайта өңдеу процестерінің заманауи технологияларын сипаттаумен бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы заманауи маңызды өнеркәсіптік мұнайхимия процестерін түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән: мұнай, газ жәнекөміркөмірсутектерінқайта өңдеу процестерін, мұнай, газ және көміркөмірсутектерін қайта өңдеу процестерінің технологиялық сызба-нұсқаларын оқып білуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мұнай өндеудің гетеролитикалық және гомолитикалық технологиясы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: мұнай көмірсутегі шикізаты негізіндегі гетеролитикалық және гомолитикалық үдерістерді сипаттау және талдау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы мұнай көмірсутегі шикізатының қатысуымен гетеролитикалық және гомолитикалық процестердің физика-химиясын түсінудің теориялық негізін қалыптастырады. Пән каталитикалық процестердің материалдық балансына, мұнай өңдеудің экологиялық мәселелеріне технологиялық параметрлердің әсерін оқып-үйренуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 3

    Мақсаты - жоғары оқу орындарының дидактикасы, тәрбие мен білім беруді басқару теориялары, педагогикалық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау білімдері негізінде университетте педагогикалық іс-әрекеттің қабілетін қалыптастыру. Курс болашақ оқытушының білім беру қызметін оқытудың кредиттік технологиясын қолдана отырып жобалауды,Болон процесін жүзеге асыруды,дәріскерлік,кураторлық шеберлікті оқыту/тәрбиелеу және бағалау стратегиялары мен әдістерін қолдана отырып (TLA-стратегиялар) игеруді қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мұнай тектес сұйық және қатты көмірсутектер негізіндегі синтез
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: мұнай көмірсутегі шикізатының негізінде мұнай-химия синтездерінің әдістерін сипаттау және бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы мұнай өңдеу өнімдерінің базасында маңызды органикалық қосылыстарды алуға мүмкіндік беретін технологиялық процестерді қолданудың теориялық негізін қалыптастырады. Пән мұнай тектес сұйық және қатты көмірсутектерді өңдеу процестерінің негізгі реакцияларының механизмдерін зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Көмірсутектік шикізатты бөлудің энергия ұтымды технологияcы
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты: мұнайды, мұнай қалдықтарын қайта өңдеудің энергия үнемдейтін технологияларын әзірлеу, салыстыру қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы энергия үнемдеуші технологияларды пайдалана отырып көмірсутек шикізатын өңдеу әдістерін түсінудің практикалық негізін қалыптастырады. Пән технологиялық сұлбаларды оңтайландыру жолдарын, процесті жүргізуге энергия ресурстарының шығынын азайтуды, көмірсутек шикізатын бөлу технологиясын, қолданылатын жабдықтың техникалық сипаттамаларын зерделеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Катализаторларды дайындаудың физикалық-химиялық негіздері
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: дайындаудың әртүрлі кезеңдерінде катализаторларды синтездеуде өтетін физикалық-химиялық процестерді бағалау, сипаттау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы алынған материалдардың функционалдық қасиеттерін анықтайтын, берілген текстуралық сипаттамалары, химиялық және фазалық құрамы бар катализаторларды синтездеу тәсілдерін түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән беттердегі белсенді орталықтарды қалыптастыруды оқып-үйренуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Шетел тілі (кәсіби)
    Несиелер: 6

    Пән шетел тілінде білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес өзінің кәсіби қызметінде шетел тілінде қарым-қатынас жасау үшін тілдік, коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға, мәдениетаралық, ғылыми коммуникация контексінде кәсіби қарым-қатынас орнатуға, жаңа ақпараттық ресурстарды, технологияларды игеру негізінде ғылыми байланыстарды кеңейтуге және зерттеу қызметін дамытуға бағытталған

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қатты фаза қатысында жүйедегі массаалмасу процестері
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты: қатты фазаның қатысуымен жүйелердегі массаны тасымалдау процестерінің негізгі теңдеулерін құру және оларды шешу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы кеуекті денелерде массаны тасымалдау заңдылықтарын түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән қатты фазалы жүйелердегі массалық тарату негіздері, сорбция динамикасының негізгі теңдеулері және ион алмасуды оқып-үйренуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 3

    Курстың мақсаты – дамыту менеджмент психологиясының іргелі концепцияларын жүйелі түрде білу, кәсіби даму процесінде менеджмент саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау.Басқару психологиясының негізгі принциптері, басқару әрекетіндегі тұлға, тұлға мінез-құлқын басқару, құндылықтар бойынша басқару туралы заманауи идеялар, топтық құбылыстарды басқару психологиясы қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мұнайөңдеу және мұнайхимиялық өндірістерді жобалау
    Несиелер: 9

    Осы пәннің мақсаты: мұнай өңдеу, мұнай-химия кәсіпорындарын жобалау, салу процесін сипаттау және талдай білу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы технологиялық және техникалық есептеулер жүргізуді түсінудің практикалық негізін, жобаның тиімділігіне техникалық-экономикалық және функционалдық-құндық талдау жүргізуді қалыптастырады. Пән келесі пәндерді: жобалауға арналған бастапқы деректердің құрылымы мен құрамын, технологиялық құрал-саймандарды есептеу әдістемесін оқуға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Мұнай химиясындағы нанотехнология
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты: мұнайхимиясы және мұнайөңдеу саласында нанотехнология әдістерін қолдану және талдау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы мұнайхимиясы мен мұнайөңдеудегі наноөлшемді материалдар физикасы мен химиясын түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән наноқұрылымды күйдегі материалдардың қасиеттері, наноқұрылымды катализаторлардың құрылымы мен қасиеттері, оларды алу әдістері, нанохимияның негізгі принциптерін оқуға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Химика-технологиялық процестерді оңтайланыдру
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты: мұнай химиясы мен мұнай өңдеудегі химиялық-технологиялық процестерді оңтайландыру тәсілдерін қолдану және талдау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы мұнай-химия және мұнай өңдеу үдерістерінің оңтайландыру құрылымы мен параметрлерін түсінуге арналған практикалық негізді қалыптастырады. Пән мұнай химиясы мен мұнай өңдеудің химиялық-технологиялық процестерді оңтайландырудың теориялық және технологиялық ерекшеліктері мен әдістерін меңгеруге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Мұнай және мұнай өнімдерін өңдеудің дәстүрлі емес әдістері
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты: көмірсутек шикізатын өңдеудің бейдәстүрлі әдістерін пайдалана отырып, мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу технологиясын сипаттау және негіздеу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы битумды өңдеудің бейдәстүрлі әдістерінің физикасы мен химиясын түсінуге арналған практикалық негізді қалыптастырады. Пән битум тотығуының технологиялық сұлбаларын, битумның физикалық-механикалық сипаттамаларына технологиялық параметрлердің әсерін оқып-үйренуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Өнеркәсіптегі кинетикамен катализ
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты: өнеркәсіптік каталитикалық процестерді бағалау және сипаттау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы өнеркәсіптік жағдайларда химиялық реакциялардың жүру ерекшеліктерін түсінудің теориялық негізін қалыптастырады. Пән катализатор жұмысының жылдамдығына, белсенділігіне, селективтілігіне және ұзақтығына әсер ететін факторларды, өнеркәсіпті кхимиялық процестердің теориялық және қолданбалы макрокинетикасын және реакциялық жүйенің гидродинамикасын зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Код ON9

    Мұнай химиясындағы әдеби, теориялық және эксперименталдық зерттеулер нәтижесінде алынған дәлелдік базаны пайдалана отырып, ғылыми пікірталас жүргізуге қабілетті болу.

  • Код ON7

    Мұнайды, көмірсутекті газдарды және мұнай- битуминозды жыныстарды қайта өңдеудің химиялық-технологиялық процестерін әзірлеу кезінде туындайтын стандартты кәсіби міндеттерді шешу тәсілдерін ұсыну.

  • Код ON5

    мұнай химиясы және газды қайта өңдеу өндірістерінде орын алатын экологиялық мәселелердің деңгейін шешуге және бағалауға, сондай-ақ оларды шешудің тиімді жолдарын табуға қабілетті болу.

  • Код ON4

    Органикалық және мұнай химиясы синтезі үдерістерінде қолданылатын шикізат компоненттерін алудың қолданыстағы және перспективалық технологиялары мен әдістерін сыни бағалау.

  • Код ON1

    Мұнай, газ және бейдәстүрлі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу үдерістерінің заманауи, жаңа және нанотехнологиялар саласында өздерінің терең білімдерін көрсету.

  • Код ON3

    Меңгерген білімдерін мұнай химиясы өндірісінде сапаны басқару бойынша жобалық шешімдерді әзірлеу мақсатында қолдана білу.

  • Код ON2

    Мұнай химиясы саласындағы теория мен практикадан бастап, заманауи және нанотехнологияларға дейінгі салаларда, мұнай-химия және мұнайды қайта өңдеу катализаторларының синтезінде өздерінің білім деңгейін көрсету.

  • Код ON8

    Процестерді жүргізу барасында энергия ресурстарының шығынын төмендету үшін мұнай өңдеу кәсіпорындарында қолданылатын шешімнің техникалық тәсілдерінің әдістері мен негізгі іс-шараларын қолдану.

  • Код ON10

    Гетерогенді және гомогенді катализаторлардың құрылысы, сондай-ақ олардың қатысуымен өтетін өзгеру механизмі саласында мұнай химиясы зерттеулерін жоспарлауға шығармашылық көзқарас таныту.

  • Код ON11

    Энергияны үнемдеу технологиясы негізінде технологиялық регламент талаптарына сәйкес берілген сападағы өнімді ала отырып, мұнай өңдеу бойынша қондырғыларды жобалау.

  • Код ON6

    Мұнай, газ, табиғи энергия тасығыштар мен көміртегі материалдарын қайта өңдеудің жаңа технологияларын жасау бойынша физика-химиялық және инженерлік-технологиялық шешімдерді ұсыну және негіздеу.

  • Код ON12

    Өз шешімдері мен тосынойларын іске асыру, зерттеу және басқару қызметін табысты жүзеге асыру. Философияның түрлі мәселелері бойынша жеке дүниетанымдық ұстанымын қалыптастыру және оларды дәйекті түрде қорғай білу.

Top