Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M03114 Аймақтану в Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Аймақтық және жаһандық үдерістердің даму тенденцияларын, олардың жаңа теориялары мен тұжырымдамаларын сыни сипатта түсіндіріп, баға бере алатын, ғылыми теориялар, мектептер мен бағыттарды зерттей отырып, ғылыми-педагогикалық қызметпен сабақтастыра алатын; сараптамалық жұмыс жүргізуге, инновациялық ғылыми әдіснама негізінде халықаралық және аймақтық деңгейдегі мәселелерді зерттеуге қабілетті аймақтану саласында сапалы ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M065 Аймақтану
  • Дайындық бағыты 7M031 Әлеуметтік ғылымдар
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 3

    Курстың мақсаты – дамыту менеджмент психологиясының іргелі концепцияларын жүйелі түрде білу, кәсіби даму процесінде менеджмент саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау.Басқару психологиясының негізгі принциптері, басқару әрекетіндегі тұлға, тұлға мінез-құлқын басқару, құндылықтар бойынша басқару туралы заманауи идеялар, топтық құбылыстарды басқару психологиясы қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Аймақтық қауіпсіздік жүйесіндегі діни фактор
    Несиелер: 6

    Курстың мақсаты - қазіргі заманғы аймақтық қауіпсіздіктің жүйесіндегі діннің рөлі мәселесіне жаңа көзқарастар туралы түсінік қалыптастыру. Пән діни экстремизм мен фундаментализмнің мемлекеттердің саяси жүйелеріне әсерін зерттеуге; Орталық Азиядағы діни ахуалдың даму тенденцияларын және мемлекеттердің аймақтық және халықаралық ұйымдармен жүргізетін саясатын талдауға;жаһандану жағдайында аймақтардағы және Қазақстан Республикасындағы заманауи конфессиялық динамиканы талдауға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
    Несиелер: 6

    Пән ғылыми зерттеулердің іргелі принциптерін, әдістерін, стратегиялары мен нысандарын оқып-меңгеруге, дереккөздермен және мәліметтермен жұмыс істеуді үйренуге бағытталған және белгілі бір саласында зерттеу жүргізу қабілетін қалыптастыруды мақсат етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ұлттық және жаһандық қауіпсіздік теориялары
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты магистранттардың қауіпсіздік мәселелерін зерттеу және осы саладағы халықаралық және аймақтық үдерістерді талдау әдіснамасы туралы жалпы теориялық және практикалық білімдерін қалыптастыру. Оқу курсы магистранттардың заманауи аймақтық үдерістерді теориялық және өзіндік талдау дағдыларын дамытуға, эмпирикалық ақпаратты өңдеудің негізгі әдістерін көрсетуге және әртүрлі зерттеу әдістерін қолдануға мүмкіндік береді

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шетел тілі (кәсіби)
    Несиелер: 6

    Пән шетел тілінде білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес өзінің кәсіби қызметінде шетел тілінде қарым-қатынас жасау үшін тілдік, коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға, мәдениетаралық, ғылыми коммуникация контексінде кәсіби қарым-қатынас орнатуға, жаңа ақпараттық ресурстарды, технологияларды игеру негізінде ғылыми байланыстарды кеңейтуге және зерттеу қызметін дамытуға бағытталған

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Орталық Азия елдерінің сыртқы саясатын деректік талдауы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: магистранттың аймақтық және ғаламдық қауіпсіздік мәселелерін шешудегі Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы саясаты мен стратегиясына; дерек көздеріне сүйене отырып, Орталық Азия мемлекеттерінің, оның ішінде қазақстандық дипломатиялық қызметке талдау жасау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы ОА елдерінің сыртқы саяси қызметін талдау үшін тарихи, дипломатиялық дереккөздердің табиғатын, шынайылылығын, оның тарихи және ақпараттық деңгейін анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Аймақтануды зерттеудің әдістемелік негізі
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - магистранттардың теориялық білімі мен дағдыларын қолдана отырып, аймақтануды зерттеу, халықаралық, аймақтық үдерістерді талдау әдістемесі туралы теориялық және практикалық білімдерін қалыптастыру. Оқу курсы магистранттардың эмпирикалық ақпараттарды өңдеудің негізгі әдістерін және әртүрлі зерттеу әдістерін қолдана отырып, қазіргі аймақтық үдерістердің теориялық және дербес талдауын құру қабілеттерін қалыптастырады. Пән халықаралық және аймақтық үдерістерді талдаудың әдіснамалық мектептері мен тәсілдерін зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 3

    Курстың мақсаты – жоғары оқу орындарының дидактикасы, білім беру теориясы, педагогикалық іс-әрекетті талдау және өзін-өзі бағалау бойынша білімдер негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық құзыреттілік пен педагогикалық қызмет қабілетін қалыптастыру. Заманауи жоғары білімді дамытудағы мега-тренд, Болон процесі түрлі стратегиялар, оқыту әдістерін қолдана отырып, лекторлық және кураторлық шеберлікті меңгеру мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 3

    Курс ғылым философиясы туралы түсініктерді, олардың рационалды-теориялық түсінудегі мәселелерін қамтитын ерекше типтегі білімдер жүйесі ретінде қалыптастыруға бағытталған. Ғылымның идеялық негізі, пайда болуы, қалыптасуы мәселелері қарастырылады. Ежелгі дүниедегі, Орта ғасырлардағы және Қайта өрлеу дәуіріндегі ғылым.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Халықаралық қатынастар жүйесіндегі аймақтардың өзекті мәселелері: теориялық және практикалық тәсілдер
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты-халықаралық және аймақтық үдерістердің ішкі себептерін, жүйесін және дамуын түсіну, дербес ғылыми зерттеулерді орындау барысында аймақтық және халықаралық-саяси үдерістердің даму деңгейін болжай білу қабілетін қалыптастыру. Аталмыш курс аймақтардың экономикалық, саяси және әлеуметтік даму бағыты мен барысын; аймақтық интеграцияның қауіпсіздік мәселелерін, этностық, діни және тілдік негіздегі бірегейлік жанжалдары сияқты мәселелерді қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазіргі әлемдегі ядролық қауіпсіздік мәселелері
    Несиелер: 9

    Курстың мақсаты - қазіргі кезеңдегі ядролық қауіпсіздік мәселесін зерттеудегі жаңа тәсілдер туралы түсінік қалыптастыру. Пән ядролық қаруды таратпау мәселелері, осы процестегі Қазақстан Республикасының рөлі, бастамалары жайлы түсінік қалыптастырады. Пән ядролық қарудың трансформациясы мен тыйым салу саясатын талдауға; ядролық қару, ядролық материалдардың қауіпсіздігі мен таратылмауы туралы қазіргі заманғы халықаралық-құқықтық талаптар мен нормаларын талдауға; лаңкестік әрекеттерді алдын алудағы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық мәселелерін зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық соғыстар
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты магистранттарда ақпараттық соғыстар туралы саяси қатынастардың түрлері, ХХІ ғасырдағы ақпараттық қауіпсіздік мәселесінің маңыздылығын бағалаудағы негізгі тәсілдер мен қазіргі тенденциялар туралы түсінік қалыптастыру. Пән ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жаһандық таралуы; мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздігін алға жылжытудағы элита мен ақпараттық қоғамның рөлін зерттеуге, Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері және осы салада ұсыныстар дайындау мүмкіндіктерін жүзеге асыру қабілетін қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Энергетикалық қауіпсіздік және дипломатия
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты магистранттарда қазіргі халықаралық қатынастардағы энергетиканың рөлі туралы жүйелі білім қалыптастыру. Оқу курсы магистранттардың энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін, жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптерін жүйелеу қабілетін қалыптастырады. Пән жетекші орталықтардың энергетикалық саясатын, энергетикалық нарықтардың даму аспектілерін, негізгі ойыншылардың энергетикалық тұжырымдамасын; Қазақстанның халықаралық энергия қауіпсіздігі жүйесіндегі орны мен рөлін зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Әлемдік кешенді аймақтанудың өзекті мәселелері
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты - макроаймақтық, ұлттық және субаймақтық деңгейлерде әлеуметтік-мәдени коды бар интеграциялық бірлестіктер ретінде аймақтар туралы түсінік қалыптастыру. Оқу курсы заманауи парадигмалар шеңберіндегі жаһандық интеграцияланған аймақтық зерттеудің қазіргі заманғы мәселелері туралы түсінік қалыптастырады. Пән қазіргі заманғы парадигмалар шеңберіндегі зерттеу әдістемесін, ғылыми әдістері мен тәсілдерін зерделеуге, аймақтардың гео-мәдени ерекшеліктерін талдауға және аймақтың әлеуметтік-мәдени портретін қалыптастырудағы логиканы көрсетуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастықтың мәселелері мен болашағы
    Несиелер: 9

    Курстың мақсаты - Орталық Азияда болып жатқан үдерістер мен аймақтағы ынтымақтастықтың дамуына әсер ететін факторлар туралы жүйелі түсінік қалыптастыру. Оқу курсы негізгі геосаяси идеялар мен тұжырымдамалар, әртүрлі теориялардың негізгі ережелері түсінік қалыптастырады. Пән Орталық Азиядағы ынтымақтастық мәселелерін, аймақтық үдерістерді талдауға, әдіснамалық тәсілдерді қолдануға, интеграциялық үдерістерді аймақтық көзқарас тұрғысынан талдауға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Орталық Азия елдерінің трансформациясының мәдени-өркениеттік негіздері
    Несиелер: 9

    Курстың мақсаты-Орталық Азия елдерінде болып жатқан қазіргі заманғы саяси, әлеуметтік экономикалық және әлеуметтік-мәдени үдерістердің тарихи тәжірибесі мен өркениеттік ерекшелігін ескере отырып, кәсіби түсінігін қалыптастыру. Пән Орталық Азия елдерінің саяси жүйелерінің өзгеру бағытын, деңгейін анықтау үшін мәдени-өркениеттік тәсіл әдісін қолдану қабілетін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Код ON9

    жеке ғылыми көзқарасты дәлелді түрде негіздеу, халықаралық және аймақтық проблемаларды академиялық және аналитикалық жағдайларда шет тілдеріндегі материалдарды пайдалана отырып шешу жолдары туралы ғылыми пікірталас өткізу

  • Код ON3

    макроөңірлік, аймақтық, саяси, экономикалық,интегративті, инновациялық, әлеуметтік-мәдени үдерістерді модельдеу, теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістері мен қолданбалы талдаулар негізінде кемінде 2 шет тілін қолдану арқылы ғылыми болжамдарды қалыптастыру.

  • Код ON11

    халықаралық және аймақтық деңгейде даму мәселелерін шешу мақсатында көпшілік алдында сөйлеу дағдысын көрсету, тиімді қарым-қатынас пен құрамы кәсіби топтардан құралған басшылықты жүзеге асыру, сонымен бірге кәсіби мәселелерді шешу үдерісінде шет тілдерін қолдану.

  • Код ON10

    ұлттық, аймақтық, жаһандық қауіпсіздіктің дәстүрлі және дәстүрлі емес қауіптерінің шығу жолдарын анықтау, оның ішінде көптеген ақпарат көздерін және оны талдау мен жіктеудің заманауи құралдарын қолдана отырып, Қазақстанның аймақтық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға және көпжақты ынтымақтастықты орнатуға қосқан үлесін көрсету

  • Код ON5

    критикалық талдаудың ғылыми тәсілдеріне негізделе отырып, өлкетануды зерттеу және халықаралық және аймақтық проблемаларды талдау әдістемесін кеңейту

  • Код ON6

    практикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарында этномәдени, этно-конфессиялық және этнопсихологиялық параметрлерді ескеру

  • Код ON8

    қызметтің бейіні бойынша, сонымен қатар алдыңғы қатарлы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде пәнаралық салалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми тұжырымдар мен инновациялық идеяларды дербес қалыптастыру, олардың дәлдігін тексеру

  • Код ON12

    жеке ғылыми, педагогикалық және кәсіби қызметтің нәтижелерін көрсету және одан әрі кәсіби және ғылыми өзін-өзі жетілдіру траекториясын анықтау.

  • Код ON2

    аймақтық даму жолдарының, қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың аймақтық аспектілері мен аймақтық мәселелерінің сараптамалық бағасын беру, жаһандық және аймақтық үдерістердің даму тенденцияларын халықаралық қатынастар теориялар призмасы арқылы жүзеге асыру

  • Код ON4

    ғылыми теориялар, мектептер мен бағыттар туралы білімді қоғамның саяси, аймақтық, халықаралық талдауының зерттеу және ғылыми-педагогикалық практикалық тәжірибесіне интеграциялау

  • Код ON1

    транслокалды және жаһандық өзара қарым-қатынастардағы заманауи аймақтардың даму факторлары мен механизмдерін, және қазіргі әлемдегі интеграциялық және ыдырау үдерістерін замануи парадигмалар шеңберінде зерттеу әдіснамасы тұрғысынан көрсету.

  • Код ON7

    заманауи интеграцияланған халықаралық және аймақтық зерттеулер жағдайында Қазақстан Республикасы мен әлемнің жетекші өңірлері арасындағы қатынастарды дамыту мен іске асырудың стратегиялық мемлекеттік (республикалық және облыстық, қалалық) жоспарларын бағалай отырып, аймақтық, мемлекеттік, үкіметтік емес, қоғамдық, коммерциялық және басқа ұйымдарға ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру.

Top