Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B11177 Туризм в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Туризм индустриясында кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға қабілетті, белсенді азаматтық ұстанымы бар, әлеуметтік мобильді, туризмнің даму перспективаларын уақтылы бағалауға және бейімдеу іс-шараларын әзірлеуге кәсіби құзыретті, қабілетті мамандар даярлау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B091 Туризм
  • Білім беру саласы 6B11 Қызмет көрсету
  • Дайындық бағыты 6B111 Қызмет көрсету саласы

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Кәсіби қызметтің негізгі теориялық және әдіснамалық мәселелерін талдайды, туризмді дамытудың әлеуметтік-экономикалық маңызын түсінеді; туризм саласындағы түрлі перспективаларды объективті бағалау, салыстыру және анықтау үшін сыни ойлау дағдыларына ие.
  • Түрлі пәндер шеңберінде алған білімді үйлестіре біледі, талдамалық және басқарушылық міндеттерді шешуде қолдана алады; тұрақты кәсіби өсуге, қызмет көрсету саласында жаңа білім алуға қабілетті
  • Жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіпкерлік, құқықтық, экологиялық білімдерді, тіршілік қауіпсіздігі мәдениеті мен көшбасшылық қасиеттерді түрлі салаларында қолдануға қабілеттілігі мен дайындығын көрсету.
  • Туристік нарықтың даму ерекшелігін ескере отырып, турларды дербес әзірлеуге, турларды сервистік қамтамасыз ету шеңберінде қызмет көрсететін кәсіпорындарды таңдауға және турпакеттердің құнын анықтауға қабілетті.
  • Туристік кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру, инвестициялар тарту, қызмет көрсету аясын кеңейту мақсатында қызмет көрсету нарығына маркетингтік зерттеулер жүргізе алады.
  • Ағымдағы жағдайды талдау және кәсіпорынның шаруашылық қызметінің ерекшеліктерін білу негізінде туристік кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды айқындайды.
  • Туристік ұйымның іскерлік ортасын талдай біледі, клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға және нақты пайданы қамтамасыз етуге қабілетті қызмет көрсету саласының тиімді бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады.
  • Персоналдың жұмысына, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларының және өндірістік санитария мен гигиена талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асырады.
  • Қарым-қатынас технологиясы, коммуникация стратегиялары, сындарлы диалог дағдылары саласында білімді, ынтымақтастыққа, командада жұмыс істеуге, өз көзқарасын дұрыс қорғауға, жаңа шешімдер ұсынуға, кәсіби қызметтің міндеттерін шешу үшін шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысандарда кәсіби коммуникацияны жүзеге асыруға қабілетті.
  • Кәсіби қызмет мақсаттарына қол жеткізуде ынта, табандылық, шығармашылық қабілет таныта біледі; ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға қабілетті.
  • Туристік қызметті басқару саласында шешімдер қабылдау әдістерін меңгерген, туристік бизнесті өркендету мақсатында туристік кәсіпорын жұмысының дұрыс стратегиясы мен тактикасын жасай алады.
  • Электрондық брондау, турларды іздеу жүйелерінде туристік өнімді өндіруде, жылжытуда және іске асыруда заманауи ақпараттық, геоақпараттық және цифрлық технологияларды қолданады.
Top