Жаңа білім беру бағдарламасы

6B02305 Филология (қазақ) -журналистика в Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

  • Тіл біліміне кіріспе
    Несиелер: 5

    Тіл білімі және оның басқа ғылымдармен байланысын көрсете отырып, қоғамдық мәні мен оның жүйесі, құрылымы туралы білім қорын жинақтайды. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму кезеңдері туралы теориялық білім беріп, білім алушыға ғылыми-терминологиялық аппаратты меңгертеді. Алған білімдерін іс-тәжірибеде қолдана алу дағдысын қалыптастырады. Мамандық бойынша одан әрі тілдік талдау дағдыларын қалыптастыруға негіз болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазіргі журналистиканың жанрлық түрлері мен қызметі
    Несиелер: 5

    Қазақ журналистикасының әлемдік ақпараттық кеңістіктегі орны мен қызметтері көрсетіледі. Журналистика мен публицистика феномені, жанрларды топтастыру принциптері, олардың қызметі, жаңашылдығы турасында теориялық мәліметтер беріледі. Қазіргі ақпарат жанрының ерекшелігі, жеделділік негіздемесі, ақпаратты пішіндік және мазмұндық жағынан түрлендіре беру әдістері, дербес ақпарат, ақпараттар блогы, ақпараттармен жұмыс істеу, ақпараттық кеңістіктегі үдерістерге баға бере білуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мамандыққа кіріспе
    Несиелер: 3

    Студенттер филология және журналистика саласындағы негізгі, қажетті мәліметтермен танысады. Екі бағытта да кешенді оқытудың, екі мамандық бойынша оқытудың тиімділігі түсіндіріледі. Филология саласында қарастырылатын негізгі ұғымдарды көрсете отырып, филология саласындағы тың, жаңа бағыттар атап өтіледі. Бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі табиғаты туралы қорытындылар, бүгінгі таңда мамандық таңдаудағы жаңашылдық, қоғамдағы мамандықтардың орны мен сұранысы талқыланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экономикалық-құқықтық және экологиялық білім негіздері
    Несиелер: 5

    Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, экономика, кәсіпкерлік және көшбасшылық, экология және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы негізгі мәселелер мен қағидаттарды қамтитын интеграцияланған пән болып табылады. Нормативтік құқықтық актілерді пайдалану ерекшеліктері, Қоғамның іскерлік, этикалық, қоғамдық, экономикалық, кәсіпкерлік және экологиялық нормаларын пайдалана білу. Экологиялық-құқықтық, экономикалық, кәсіпкерлік қатынастардың, көшбасшылық қасиеттердің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қағидаттарының ерекшелігі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Журналистика тарихы
    Несиелер: 5

    XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы қазақ басылымдарының жалпы көрінісі мен қызметі қарастырылады. Қазақтың ұлттық-демократиялық бағытындағы демократиялық баспа басылымдарының ерекшеліктерімен таныса отырып, екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі журналистиканың өзіндік сипатына талдаулар жасайтын болады. Социализм дәуіріндегі журналистикасының дамуы мен кеңестік тоқырау кезеңіндегі журналистикаға шолу жасай отырып тәуелсіздік жылдарындағы журналистикасындағы өзгерістерді сабақтастыра бағамдайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әдебиеттануға кіріспе
    Несиелер: 3

    Әдебиеттегі теориялық ұғымдардың бастапқы негіздерін меңгерту арқылы көркем шығарманы талдау, саралау, сараптау тәсілдері қарастырылады. Көркем мәтіннің композициялық жүйесі, өлең құрылысы мен ұйқас түрлері, автор қолданған көріктеу құралдары, автордың кейіпкермен байланысы, әдеби тек пен түр, әдеби мектептер мен әр түрлі ағымдар және бағыттар, стиль түрлері туралы бастапқы ұғымдар беріледі. Алған теориялық білімдерін тәжірбиеде қолдана алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға қазіргі қазақ тіліндегі фонетика ғылымының қалыптасуы мен дамуы, дыбыстық заңдылықтарды түсіндіре отырып сауатты жазу мен дұрыс сөйлеудің қажеттілігін меңгертеді. Сауатты сөйлеудегі дыбыстау мүшелерінің қызметін көрсетеді. Тілдің дыбыстық жүйесінің қолданысы, дауысты, дауыссыз дыбыстар құрамы, үндестік заңы, ықпал мен буын түрлері, орфоэпия мен орфография заңдылықтары туралы теориялық тұрғыдан жүйелі білім береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Лексикология мен фонетиканың бинарлық негіздері
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға тілдік қатынастың қалыптасқан түрде болатынын айта отырып, сөйлеу және жазудың маңызы, арақатынасы, тілдегі орнын көрсетеді. Қарым-қатынасы барысында іске асатын тілдік амалдар, тілдегі сингормонизм заңдылығы, дыбыстардың өзгеруі мен үндесуі жағдайы айтылады. Фонетикадағы дыбыстың қызметі, қатынас құралы ретінде дыбыстық тілдің ролі, лексикологиядағы сөз қолданыстары мен сөздердің түрленіп қолданылуы мәселелері қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ фольклорының типологиясы
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға фольклорлық мұралардың танымдық әрі тәлім-тәрбиелік тағылымын меңгертеді. Түркі-моңғол халықтары эпосындағы кейбір ортақ желілерін салыстыра зерттеу мәселелерін қарастырады. Қазақтың тұрмыс- салт өлеңдерінің типологиясы, тарихи аңыз- әңгімелер топтастырылуы, типологияның комплексті жүйесін игертеді. Фольклорлық жанрлардың ұлттық сипатын, ертегі мен эпостардың сюжеттік типологиясын, қазақ-оғыз эпостарындағы тегі бір желілер, олардың өзгеруін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фонетикасы
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға тіл білімінің лексикология саласы туралы, оның нысанындағы сөз бен ұғым, сөз бен сөйлем, сөздердің шығу төркіні, сөздік құрамның толығу, даму жолдары, кірме, термин, кәсіби сөздердің алатын орны, сөз мағыналарының кеңеюі мен тарылуы жағдайын көрсетеді. Тіл білімінің үлкен бір саласы фонетика нысаны, зерттелуі, фонетикалық заңдылықтар туралы ақпараттар ұсынылады, фонетикалық талдауларды кәсіби іс-әрекетінде қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Журналистиканың құқықтық негіздері және медиасауаттылық
    Несиелер: 5

    БАҚ заңының негізгі түсініктерін, БАҚ саласындағы мемлекеттік саясаттың кеңестік, посткеңестік, тәуелсіздік дәуірі сынды тарихи кезеңдерін біледі. Мемлекеттік органдардан ақпарат іздеу мен алудағы адам құқығының сақталу мәселелерімен таныс болады. Журналистің құқықтық мәдениетінің құндылығы мен мінез-құлық аспектілерін тани алады. Қазақстандық құқықтық журналистиканың ерекшеліктерімен таныса отырып, басылымдар мен хабарлардың бұқаралық аудиторияның құқықтық санасына ақпараттық-психологиялық әсерін ажырата білетін деңгей қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ хандығына дейінгі әдебиет
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға хандық дәуіріне дейінгі әдебиет, нақтырақ айтқанда, түркі тілді халықтарға ортақ әдебиет, бертін келе қазақ халқының ұлттық құрамына енген тайпалардың көне дәуірдегі әдебиетінен мағлұмат береді. Бұл тұстағы елдегі ахуалды ескере отырып, осы кезеңдегі әдебиеттің ерекшелігін танытады. Байырғы түркі халықтарының ру, ұлыстармен бірге жасаған көркем сөз өнерін, мәдениетін игерту мәселелерін қозғайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ежелгі және хандық дәуіріндегі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларды түркі тілді халықтарға ортақ әдебиет пен Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет мазмұнымен, осы кезең әдебиетін зерттеген ғалымдардың еңбектерімен таныстырады. Онда ежелгі дәуірдегі көне түркі әдебиетіне ортақ әдеби-мәдени ескерткіштер, ХV-ХVIII ғасырлардағы ақын-жыраулар поэзиясы, жауынгерлік тақырып, Қазақ хандығының құрылуы, қазақтың төл әдебиетінің тууы, т.б. мәселелер қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ежелгі дәуір және орта ғасыр әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті мен орта ғасыр әдебиетінде қамтылатын шығармалар тізбесі мен елдегі қоғамдық-саяси жағдайды сипаттауын көрсетеді. Түркі тілді халықтарға ортақ әдебиет пен көне дәуірдегі әдебиет мүраларының көркем сөз өнері екендігін, көне әдеби-мәдени ескерткіштер мен ақын-жыраулар поэзиясын жан-жақты түсіндіреді Сонымен қатар елдегі қоғамдық, әлеуметтік және рухани өмір, тұрмыс-тіршілік жағдайы сол кезеңдегі әдеби туындыларға арқау болғандығы турасында айтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Фольклор және әдебиет
    Несиелер: 5

    Фольклордың әлеуметтік маңызы, ерекшеліктері, фольклор және жазба әдебиеті арасындағы өзара сабақтастық мәселелері, халық әдебиетінің түрлері қарастырылады. Білім алушы қазақ фольклорының тарихы және фольклористика ғылымы туралы, оның зерттелуі, дәстүрлі фольклор поэтикасы, фольклорлық мұраның идеялық-эстетикалық құндылықтары, фольклорлық мұралардың бүгінгі көрінісі мен қолданысы туралы теориялық білім қалыптастырылып, оны іс-тәжірибеде қолдана алу дағдысын жетілдіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ халық ауыз әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пән бойынша білім алушыларға бүгінгі ұрпаққа жеткен халық ауыз әдебиетінің бай тарихи мұралары, қазақ фольклоры, фольклористика ғылымының дамуы туралы түсінік беріледі. Қазақ халық ауыз әдебиеті мұралары толық ұсынылып, жанрлық тұрғыдан талданып, көрсетіледі. Атап айтқанда, ертегі, лиро- эпостық жырлар, тарихи жырлар, айтыс өнерінің қолданысы мен қазіргі заман халық поэзиясын меңгерту мәселелері қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • БАҚ хабарларын дайындау технологиясы
    Несиелер: 3

    Пән бойынша білім алушы БАҚ хабарларын дайындауда бағдарламалардың жасалу тәсілдері, құралдарымен таныс болады. Көрініс пен мәтіннің бірізділігін ажырата алады. Телевизияның дыбыстық бейне, көріністік бейне, көркем риторика, көркемдік құралдарын пайдаланудың қажеттілігін ұғынады. Телевизия техникасы және телевизиялық камераның ерекшелігін түсінеді. Камераны басқару, жарықтандыру, композиция, кадр құрылымы, монтаж, дыбыстық композиция технологияларымен жұмыс істеуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі
    Несиелер: 5

    Пән бойынша білім алушылар қазақ тіліндегі күрделі ұғым морфемалар туралы теориялық негіздермен, ғылыми тұжырымдар, пікірлермен таныс болады. Тілдегі морфология, оның ішінде морфтар жүйесі туралы ақпараттар ала отырып, қазақ тілінің сөзжасамы, лексика-грамматикалық сипаты, ерекшеліктері мен қызметі, грамматикалық, нөлдік форма т.б. ғылыми терминдермен таныс болады. Теориялық білімдерін игере отырып, морфологиялық талдаулар жасай алуға дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Жаңа мыңжылдықтағы қазақ публицистикасының дамуы
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға жаңа мыңжылдықтағы Қазақстанның маңызды мемлекеттік және халықаралық қатынастары, тарихи оқиғаларының негізгі кезеңдері және даму заңдылықтарын, қазақ публицистикасының даму бағыттарын қарастырады. Бүгінгі қазақ публицистикасының дамуы жағдайындағы заманауи басымдылықтармен танысып, олардың ерекшелігін анықтауға мүмкіндік алады. Публицист пен оқырман арасындағы кері байланыс, жаңаша үрдістер, жаңаша пайымдаулар, жаңаша көзқарас, интернет мүмкіндіктерін тиімді пайдаланудың қажеттілігін танытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Замансөз теориясы мен тәжірибесі
    Несиелер: 5

    Замансөздің (публицистика) - сөз өнерінің үлкен бір саласы екендігін, публицистиканың пайда болуын түсіндіреді. Қазақ публицистикасының тарихи негіздеріне шолу жасалады. Қазақ публицистикасының баспасөз бетінде қалыптасуына сипаттама жасай отырып, қазақ публицистикасының жаңашылдық түрі ретінде дамуына талдаулар мен сараптамалар жасалады. Кеңес дәуіріндегі публицистиканың ерекшелігі көрсетіліп, тәуелсіз Қазақстан публицистикасындағы тақырыптық, проблемалық ізденістер турасындағы мәселелер қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы
    Несиелер: 5

    Қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиялық құрылысының мәселелері, зерттелуі, тарихи және теориялық негіздері, сөздердің морфологиялық құрылымы, негізгі грамматикалық ұғымдар, тілдің сөзжасам жүйесі, сөздердің сөзжасамдық қабілеті, сөз таптарының лексикалық және грамматикалық сипаты мен зерттелуі қарастырылады. Пән мазмұны бойынша білім алушы тілдік тұлғаларға сөзжасамдық, морфологиялық талдау жасауды меңгеріп, оны іс-тәжірибеде қолдана алу дағдысын қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Отарлық дәуір мен ояну дәуіріндегі әдебиет
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға белгілі бір кезеңдегі отарлау процесіне қарсы тұрған, азаттық танымды бейнелейтін шығармалармен, ояну дәуірі әдебиетінің мұраларымен таныстырады. Осындай әдеби мұралар арқылы сөз өнерін ағартушылық бағытта өрістеткен қаламгерлердің әдеби мұраларымен жан-жақты танысатын болады. Отарлық дәуір мен ояну дәуіріндегі әдебиеттің мәні мен мазмұнын, өзара бірлігі мен қолданысын, өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Абай Әлемі.
    Несиелер: 3

    Пән тарихи фактілерді, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының идеялық-эстетикалық құндылықтарды қалыптастыратын философиялық-көркемдік негіздерін игерте отыра, студенттің өз пікірін айта білу, практикалық дағдыларды және адамгершілік, адалдық, көркем мінез сияқты адами қасиеттерді қабылдауды меңгертеді. Қазақ әдебиеті қаламгерлерінің данышпандық қырлары мен М.Әуезовтің Абай мұрасын зерттеу, насихаттаудағы рөлін, шығармаларының тарих, әдебиет, ғылым үшін маңызын айқындайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Зар заман ақындары мен ХХ ғасыр басындағы әдебиет
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға зар заман кезеңінің ерекшелігі мен сол кезең өкілдерінің шығармашылымен таныстырады. Зар заман кезеңінде өмір сүріп, отарлық езгідегі халықтың тағдырын жырлаған ақындар шығармаларының өзіндік ой өрнектері мен XX ғасыр басындағы жазылып жарық көрген әдебиеттің тарихында айрықша орны бар қаламгерлердің әдеби мұраларымен жан-жақты таныстырады, аталған кезеңдердегі әдебиеттің көрінісін ашып көрсетеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • XIX ғасыр мен XXғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 5

    ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдайға сипаттама жасай отырып, осы кезеңдегі әдебиеттің даму кезеңдері мен көрнекті қаламгерлерінің өмірбаяны, шығармашылық ізденістері жайлы материалдар ұсынылады. Аталған уақыттағы әдебиеттің қалыптасуы мен дамуына байланысты жазылған іргелі зерттеу еңбектер туралы мағлұмат бере отырып, өзіндік пайымдаулар жасалады. Ағарту кезеңі мен зар заман ақындарының шығармалары толық талдап таныстырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақ тілінің сөзжасамы
    Несиелер: 5

    Пән бойынша білім алушылар қазақ тіл білімінде қалыптасқан сөзжасам жүйесінің негізгі заңдылықтары мен тәсілдері, сөзжасамның негізгі ұғымдары сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық тип, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық ұя сынды ұғымдар қолданысы мен өзіне тән ерекшеліктері, сөз таптарының сөзжасамдық жүйесімен таныс болады. Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасам жүйесінің морфологиямен байланысын қарастырады. Қазақ тілі сөзжасамының тұжырымдамалық негіздеріне орай сөзжасамдық талдаулар жасауға дағдыланады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ публицистикасының мәселелері
    Несиелер: 5

    Пән бойынша білім алушылар қазіргі қазақ публицистикасының өзекті мәселелері туралы бағамдайды. Жаңа заман баспасөзіндегі саяси-әлеуметтік мәселелер мен экономикалық тақырыптарды жан-жақты саралайды. БАҚ-тағы моральдық, этикалық мәселелер көрінісі, бүгінгі қоғамдағы мерзімді баспасөз жұмысы және электронды ақпарат құралдарының маңызды міндеттерімен танысады. Мемлекеттің өзіндік саясатынан хабардар бола отырып, нарықтық экономика мәселелерін жаза білуге дағдыланады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Жай және құрмалас сөйлем синтаксисінің өзекті мәселелері
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға тілдің қызметі және түрлері, синтаксис ғылымының өзекті мәселелері, нысаны, жай және құрмалас сөйлем ерекшеліктері туралы тұжырымдар, бүгінгі қалыптасу жағдайы туралы түсінік береді. Жай сөйлемге тән белгілер, олардың құрылымдық, мағыналық, саздық-мақсаттық түрлері, сөйлем ішіндегі синтаксистік құрылымдар, құрмалас сөйлемнің мағыналық-құрылымдық түрлері туралы теориялық мәліметтермен танысып, практикалық тапсырмалар орындай алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тілдік қарым-қатынас мәдениеті
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға тілдік қарым-қатынас мәдениеті мен әдебі, тілдік қарым-қатынас және оның құрылымы, тұрмыстық тіл қатысу, тиімді әңгімелесу шарттары, іскерлік тіл қатысу ерекшеліктері, іскерлік кездесудің түрлері, тіл қатысу процесіндегі іс-әрекет, тиімді тыңдауға қажетті шарттарды жасай алу, журналистің тілге қатысты міндеттерінің әлеуметтік мәнін ұғыну, журналистің сөз өнерін игерудегі басты қағидаларын меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Функционалды синтаксис
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға функционалды грамматика терминінің қолданысы мен мәселелерін, функциональды синтаксистің жалпы және қазақ тіл білімінде зерттелу жайы мен қалыптасқан тұжырымдар, негізгі ұғымдары туралы түсінік береді. Сонымен қатар негізгілер ретінде құрылымдық және функционалды синтаксис бірліктерінің ерекшеліктері, функционалды-семантикалық өріс қолданысы, сөйленім мен сөйлем арақатынасы мен бірлігі, аражігі, сөйленім түрлері, қатысымдық қызметін жан-жақты меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Лингвоэкология және функционалды стилистика
    Несиелер: 5

    Лингвоэкологиядағы тілдік жағдаят пен оның проблемалық мәселелері, лексикалық қабаттардың толығуы, түрлі әлеуметтік ортаның сөйлеу ерекшеліктері, жетістіктері мен кемшіліктері ескеріледі. Функционалды стилистикадағы әдеби тілдің функционалды стильдік тармақтары, тілдегі стилистикалық құралдар, олардың жүйесі қарастырылып, зерделенеді. Пәннің басты нысаны ретінде тілдік орта, тілдік тұлға, тіл тазалығы, сөйлеу мәдениеті, лингвомәдени мәселелер, тілдік құралдар, тіл нормасы т.б.қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тілдік таңба жүйесі
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға таңба және таңбалар жүйесі ұғымы, ғылыми термин ретіндегі «семиология» атауы, тілдік бірліктердің таңбалық қызметі, шартты таңбалар, шартты таңбалар қолданысы мен қызметі, шартты таңбалар мағынасының тіл арқылы айқындалатындығы, барлық таңбалар жүйесінің қоғамдағы адамдардың қатысуы, келісуімен жасалатындығы , шартты таңбалар жүйесінің өзгеріске ұшырасуы, жетілуі, бір таңбаның басқа бір таңбаны ауысуы т.б. турасында материалдар қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Іскерлік және имидждік коммуникация
    Несиелер: 5

    Пән нысаны білім алушыларға заманауи ақпараттық қоғамда қалыптасатын жаңа үлгідегі имидждік модель қалыптастыру мәселелері, имидж қажеттілігі мен қолданысы, имиджелогияның болжау тәсілдері мен технологиясын ұсынады. Кәсіби мінез-құлық іс-әрекетінің имидждік құрылымы, іскерлік коммуникация ерекшелігі және іскерлік байланыс негіздері мәселелерін қамтиды. Имидждік модель қалыптастыру және кәсіби мінез-құлық әрекетінің имидждік құрылымын көрсету, имиджологияның болжау тәсілдері беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қолданбалы лингвистика
    Несиелер: 5

    Пән бойынша білім алушыларға қолданбалы лингвистиканың тіл біліміндегі орны, қолданысы, негізгі бағыттары мен салалары, жалпы және қазақ тіл білімінде зерттелуі жайлы, статистикалық лингвистика туралы ақпараттар мен тұжырымдар беріледі. Аударманың түрлері, атап айтқанда, машиналық аударма туралы, оның ерекшелігі, ақпаратты автоматты түрде іздеу мүмкіндіктері және т.б. жайында мәліметтер беріліп, алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алу дағдысы мен пәндік құзіреттіліктері қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Шешендік сөздер дискурсы
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға тіл біліміндегі дискурс мәселесі, дискурсты зерттеу бағыттары, дискурс құрылымы, дискурстың мәтінмен байланысы, өзара бірлігі мен айырмашылығы мәселелерін ұсынады. Шешендік сөздерді лингвистикалық тұрғыдан саралау, шешендік сөздер мәтінінің типологиясы, шешендік сөздердің мазмұндық-тақырыптық топтары, шешендік сөздер дискурсындағы диалогтық құрылымның берілуі, шешендік сөздер дискурсындағы қаратпалардың қызметі, шешендік сөздер дискурсындағы сұраулы сөйлемдер қызметі, қазіргі шешендіктанудың ерекшеліктері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мерзімді баспасөздегі прагматика және дискурстың риторикасы
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға қазіргі қазақ мерзімді баспасөзінің жай-күйін, қолданысын, медиа-мәтіннің прагматикалық әлеуеті мәселелерін, қазақ баспасөзіндегі әдеби тілдің қызметін, тіл мәдениетін арттырудағы рөлін көрсетеді. Тілдегі дискурс термині мен дискурс қолданысын, оның БАҚ тіліне ықпалын түсіндіреді. БАҚ тілінің тазалығы, тіл нормалары т.б. туралы алған теориялық білімдерін кәсіби қызметте дұрыс қолдану дағдыларын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің синтаксис жүйесі
    Несиелер: 5

    Пән қазақ тілінің синтаксис жүйесі, сөйлемдегі сөздердің байланысу сипаты, сөйлем мүшелері, сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі, күрделі сөйлем синтаксисінің теориялық мәселелерін зерделейді. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемнің құрылымдық белгілері мен сол белгілеріне сай топтаудың методологиялық принциптерін, функционалдық сипатын, жай және құрмалас сөйлем синтаксисінің өзекті мәселелерін, синтаксис нысанын зерттеуші ғалымдардың тұжырымды ойларын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Іскерлік қатынастар теориясы мен практикасы
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға Қазақстандағы іскерлік қатынастар, PR индустриясының дамуы, саясаттағы, экономикадағы, бизнестегі, коммуникациядағы, медицинадағы, спорттағы іскерлік қызметі, ішкі қатынастар маңызы көрсетіліп, ұжымдық басылымдар мен мекемедегі ұжымдық мәдениеттің негізі болып саналатын іс-шаралардың ұйымдастырылуы қарастырылады. БАҚ–тағы іскерлік қызмет әрекеттері, ұйымның қызметкерлері арасында және сыртқы ортамен, атап айтқанда, жалпы бұқарамен байланысудың технологияларын меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Семиотика және БАҚ-тағы лингвистика
    Несиелер: 5

    Семиотика термині туралы түсініктері қалыптасады. Тілдік норманың қоғамда әлеуметтік жағынан қолайлы нұсқа ретіндегі көрінісі мен қызметі бағамдалады. Тілдік нормалар: белгілер мен қайшылықтар турасындағы зерттеулермен танысады. Журналистиканың ақпараттық-коммуникациялық қызметіндегі семиотиканың қызметі көрсетіледі. Аудиторияны сендіру және оларды іс-әрекетке итермелеу үшін лингвистикалық құралдарды қолданудың тиімділігін, тілдік құралдарды пайдаланудағы мәтіннің эмоционалдылығын ажырата алу мүмкіндіктері беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тіл және таңба
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға тілдің таңбалық сипаты мен таңбалық табиғаты, семиология ғылымы туралы мағлұматтар береді. Тілдік бірліктердің таңбалық қызметі, шартты таңбалар, таңбалаушы және таңбаланушы деген екі жағы, тіл білімінде тілдік таңбаның түрлерін айқындаудағы таңбаның қызметі, таңбалар жүйесінің дыбыстық тілге негізделуі, тілдік таңбалардың басқа таңбалар жүйесінен айырмашылығы, таңбалар жүйесі ұғымының қазіргі заманғы ғылымда кең өріс алуы т.б. турасында материалдар қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әдеби редакциялау
    Несиелер: 5

    Пән мазмұны білім алушыларға әдеби редакциялау пәні туралы түсінік бере отырып, редакциялаудың жалпы әдістемесін, редакторлық талдау және әдеби редакциялау, редакторлық талдаудың нысаны, әдеби редакциялаудың дәстүрлі әдіс-тәсілдері, мәтін түрлері мен оны топтастыру, мәтінді психологиялық кәсіби тұрғыдан қабылдау, автордың мәтін жазудағы міндеті, редакторлық талдаудың түрлері, редакторлық талдаудың механизмі мен ерекшелігі мәселелерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазіргі электронды БАҚ және сандық технология
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға ақпарат заманының талабы мен қажеттілігі электронды БАҚ-тың қолданысы, визуалдық коммуникацияның алатын орнын түсіндіру, ақпараттармен жұмыс істеуді еркін меңгерудегі ақпараттық технология мен мультимедиялық құралдарын меңгерту, қазіргі журналистиканың ақпараттық негізі болып отырған ақпараттың мәтін, фото, бейне, анимация сынды түрлерін бір жобаға шоғырландыратын мультимедия тілін, сандық технология қырларын меңгертуді көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Прагмалингвистика
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға прагмалингвистика ғылымының теориялық негіздерін, ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуын, оның әдіс-тәсілдері мен негізгі ұғымдары туралы түсінік қалыптастырады. Тіл біліміндегі прагмалингвистикалық бағаттың қолданысы мен құрылымдық, функционалдық ерекшеліктері, прагмастилистика нысаны, прагмалингвистиканың мәтінге ықпалы, сөйлеу әрекеті, сөйлеу тіліндегі дискурс пен мәтін, сөйлеушінің мүддесі, тұлғаға түрлі әсер ету теориясының мәселелері т.б. қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Когнитивтік лингвистика
    Несиелер: 5

    Пән бойынша білім алушыларға тіл біліміндегі жаңа бағыт когнитивті лингвистика ұғымы, осы бағытта қолданылатын терминдер таныстырылады. Таным аспектісіндегі тіл мен сананың арақатынасы мәселелерін зерттейтін жаңаша бағыт нысаны көрсетіледі. Білім мен танымның табиғаты мен мәні, адамның танымдық қызметі, қарым-қатынас, қабылдау, тіл мен сөйлеу, тіл мен ойлау, тілдің қызметі сияқты мәселелер қамтылған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Теле-радио бағдарлама мәтіндерін редакциялау
    Несиелер: 5

    Пән мазмұны білім алушыларға әдеби редакциялау ұғымы туралы көрсете отырып, телерадио бағдарламаларын дайындау тәсілдері, редактор қызметі, бағдарламалардағы әдеби сценарийге түзетулер жасау, редакторлық зерттеу, редактордың жұмыс істеу ерекшелігі және редактор мен автор арасындағы өзара шығармашылық үндестік, мазмұн мен пішіннің бірлігі, телерадио бағдарламалардың қызметі, редакторлық талдау мен оқудың түрлерi т.б. мәселелерді қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Этнолингвистика
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыға этнолингвистика ғылымының қалыптасуы, дамуы, зерттелу тарихы мен әдіс-тәсілдері жайлы түсіндіре отырып, ұлттық лексика, ұлттық символика, этнолингвистикалық бірліктер, этнографизмдер мен этнофразеологизмдер қолданысы, ғаламның тілдік бейнесі теориясының мәні, тілдік бірліктердің этнолингвистикалық қызметі жайлы мағлұматтар береді. Адамдар арасындағы қарым-қатынас, түрлі сыртқы орта факторларының өзара әсер-ықпалдары, тілдің қызметі турасындағы мәселелер қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Медиамәтіндерді құрастыру мен редакциялау
    Несиелер: 5

    Медиа-мәтінді лингвистикалық белгі ретінде таныту. Бұқаралық коммуникация теориясындағы мәтін туралы түсініктерден хабардар болады. Қазіргі медиа-мәтінді әмбебаптандыру және сауатты жазу мәселелеріне жан-жақты тоқталады. Теледидарда сюжет мәтінін құрастыру принциптерін ескере отырып, тәжірбиелік тұрғыда мәтін жазуға арналған тапсырмалар ұсынылып, сол арқылы мәтінмен жұмыс мүмкіндіктері анықталады. Басылым мәтіндеріндегі ауызекі, ғылыми, ресми-іскери стильдер жүйесінің қолданысы сипатталады. Материалдардың стильдік белгілері мен ерекшеліктеріне орай қолданыс деңгейі көрсетіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Заманауи медиатехнологиялар
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттің негізгі саясатын ескере отырып, ннтернет пен технологияларды дамытудағы қоғам және мемлекеттің мақсаттары мен міндеттерін түсіндіреді. Бүгінгі замандағы технологиялық жаңғыртудың қажеттілігі мен сұранысын нақты түсіндіреді. Интернет-журналистиканың мемлекеттік саясатқа, қоғамның әлеуметтік жағынан өркендеуіне және экономикалық дамуына әсер етуін, интернет ресурстарының типологиясын, интернет-ресурстарды типологияландыру принциптерін көрсетеді. Мультимедиялық журналистикада материалдарды ұсыну формасының ерекшеліктерін де атап өтеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пән кеңестік кезеңдегі қазақ әдебиетінің даму процесімен жан-жақты таныстырып, әдебиеттің дамуы мен қазіргі әдебиеттің негізін салушылардың әдебиеттегі шығармашылығының орны, тарих пен әдебиет сабақтастығы, әдебиеттегі тарихи шындық мәселелерін қарастырады. Қазіргі қазақ прозасы жанрының көрінісі мен тақырыптық бағыттары поэзияның жаңа көркемдік қырлары мен драматургияның дамуы, әдебиеттану және әдебиеттану ғылымының жаңашылдық қырлары зерттеледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Заманауи телерадиохабар тарату технологиясы
    Несиелер: 5

    Пән бойынша білім алушыға мемлекеттік, әлемдік телерадиожурналистиканың ерекшеліктері, коммерциялық, қоғамдық, ғарыштық телевизияның пайда болуы, оның жұмыс істеу әдістері, телеөнімдер дайындаудың шығармашылық процесі, басқару жүйесі мәселелері туралы мағлұматтар ұсынылады. Қазіргі телерадиожурналистиканың жанрлары мен пішіндерін меңгерту арқылы жаңа технологиялармен жұмыс істеудің талаптары, еңбек қарым-қатынастарын реттейтін кәсіби-этикалық ережелер, қазіргі тележурналист қызметінің түрлері және ақпараттық саясат, қазіргі теориялық мәселелері қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Академиялық жазба мәдениеті
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыға ғылыми жанрдың түрлерін (эссе, мақала, тезис, аңдатпа, абстракт, жоба т.б.) құрылымдық, мазмұндық,техникалық тұрғыдан рәсімдеуді үйрете отырып, ауызша және жазбаша ғылыми дискурс ерекшеліктері мен олардың әрқайсысының өзіндік ережелерін меңгертеді. Академиялық лексиканы орынды қолдану ережелерімен таныса отырып, дереккөздерді іздеуге дағдыланады. Технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін, атап айтқанда, когнитивтік технологияны пайдалануды игереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ұлттық және трансұлттық медиакорпорациялар
    Несиелер: 8

    Пән бойынша білім алушы трансұлттық корпорация, тәуелсіз, жекеше, мемлекеттік немесе аралас кәсіпорындар туралы мағлұматтармен таныс болады. Шетелге тікелей қаржы (инвестиция) салушы фирма, қазіргі нарықтық экономика жағдайы, қазіргі нарықтық экономика кезінде ішкі және сыртқы экономиканың дамуы, әлемдік тәжірибе, сыртқы нарық туралы деректер ұсынылады. Трансұлттық этноцентрлік (этноорталықтық). полицентрлік немесе аймақтық, геоцентрлік корпорациялар жұмысы, трансұлттық корпорациялардың медиадағы көрінісі талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ұлттық БАҚ-тың монополиялану ісі
    Несиелер: 8

    Пән білім алушыларға ұлттық БАҚ-тың қалыптасуы мен даму сатылары, жаңалықтар қызметінің берілу үлгілерімен таныстыра отырып, әр ел журналистерінің шеберлігінен, әдіс-тәсілдерінен жан-жақты мәлімет береді. Баспасөздің дамуы, қазіргі заманғы қалыптасуы, газет пен журналдардың шығарылым түрлері, ақпарат беру қызметтерінің маңыздылығы, монополиялану жағдайы, ірі өндірістік топтардың БАҚ-қа ықпалы мен орнын анықтау сынды мәселелерді қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Коммуникациялық менеджмент: жарнама, PR
    Несиелер: 5

    Пән бойынша білім алушылар ұйымдағы коммуникациялар арқылы іскерлік келіссөздер жүргізу, менеджер қызметі мен бизнес дискурсын қалыптастырумен танысады. Коммуникациялық процесті ұйымдастырудың принциптері, құралдары, технологияларын біледі. Қоғаммен байланыстың қажеттілігі мен қарым-қатынас орната білу тиімділігін тани алады. Жарнама маркетингі мен менеджментінің бүгінгі нарықтағы көрінісіне талдаулар жасалады. Маркетинг: баға қалыптастыру мәселері, жарнама мен оны өткізуді ынталандыру қызметтері туралы мағлұматтар беріледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақстанның қазіргі таңдағы SMM нарығы
    Несиелер: 5

    Пән мазмұны білім алушыларға еліміздегі жас сала SMM нарығы мен оған қызығушылық танытатын ірі және орта компаниялар жұмысы туралы ақпараттар береді. SMM-нің бірнеше артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетіліп, SMM стратегиясын құру кезеңдерін атап өтеді. Көптеген жарнамалық іс-шаралардың жүргізуі, аудиториямен дұрыс байланыс орната білу, жақсы, нәтижелі жұмыстың аудиториямен байланыс орнатуға ықпалы болатындығы т.б. мәселелерді қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жалпы тіл білімі
    Несиелер: 5

    Пән мазмұны жалпы тіл білімі ғылымының негізгі нысанына енетін тіл теориясы, тілдің табиғаты мен мәні, тіл мен сөйлеу, тілдің қоғаммен байланысы, тілдің қалыптасуы және дамуы, лингвистикалық мектептер мен бағыттар, олардың өзіндік қалыптасу ерекшеліктері, лингвистикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері, тілдің даму заңдылықтары туралы түсінік қалыптастырып, алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алуға дағдыландырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Шетел әдебиетінің тарихы және аударма
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға шетел әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері, туындыларды беру мәселелері, шетел әдебиетінің тарихы туралы мағлұмат бере отырып, тарихи жағдайға тікелей қатысы бар әдеби даму заңдылықтарын игертеді. Батыс Еуропаның орта ғасырларындағы Ренессанс, жаңа ғасырдың ежелгі әлемімен таныстырады. Әлем әдебиетінің көркемдігін меңгертуді көздейді. Аударманың қолданысы, әлем әдебиеті мұраларының аударылу жағдайы туралы мағлұматтар береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әлем әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға әлем әдебиеті процестерінің заңдылығын түсіндіру, шығармаларды көркемдік маңызын қоғамдық жағдайлармен, замана мәдениетімен байланыстыра оқытуды көздейді. Антика дүниесінің өнері, Грекия, Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны туралы мәліметтер береді. Полис дәуіріндегі Рим әдебиеті, Рим прозасы, Овидийдің өмірі мен шығармашылық жолдары, клерикалдық әдебиеттің жанрлары, Еуропа әдебиетіндегі қайта өрлеу дәуірі әдебиетін, Сервантестің «Дон Кихот»романдарымен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тәуелсіздік жылдардағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пән бойынша білім алушыға тәуелсіздік жылдардағы қазақ әдебиетінің дамуы, қазақ поэзиясының ұлттық сипатының тереңдеуі, ақындар шығармашылығындағы тәуелсіздік тақырыбы мәселелері ұсынылады. Әдебиеттегі проза, поэзия мен драматургия, сатира жанрындағы жаңаша ізденістер туралы ойлар қамтылады. Тәуелсіз кезеңінен бері қарай жарық көрген қазақ әдеби сынына байланысты еңбектер қатары таныстырылады. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеті шығармалырының өзіндік құндылықтары көрсетіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • SMM стратегиясы
    Несиелер: 5

    Пән мазмұны білім алушыларға жаңа термин туралы ақпарат бере отырып SMM стратегиясы, стратегия дамуы, аудиториямен тиімді байланыс орнату мүмкіндіктерін арттыру, әрі тұрақты қолданушылар санын көбейту жолдары, тұрақты даму т.б. туралы баяндайды. Бүгінгі заманғы әлеуметтік-экономикалық дамуда аталған стратегияның қолданысы жайында мағлұматтар беріледі. Жұмыс барысындағы жарнаманың тиімділігі көрсетіледі. Бәсекеге қабілеттілікті арттырудың ықпалы жөнінде айтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • SMM нарығы
    Несиелер: 5

    Пән мазмұны білім алушыларға SMM ұғымы мен SMM нарығының көрінісі, оның дамуы мен алға қарай жылжуы, мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілер арқылы халықпен өзара қарым-қатынас орнату мәселелері, еңбек нарығындағы SMM менеджер қызметі мен қажеттілігі, троллинг және SMM желілеріндегі жалған ақпараттар, экспортты дамытудағы SMM қызметі, өзіңіздің қызметіңізді SMM нарығында сату т.б. мәселелерді қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазіргі Қазақстандық БАҚ-тағы медиа үрдістер
    Несиелер: 8

    Пән бойынша білім алушыға ұлттық өркениеттің даму қарқыны, ондағы масс-медианың әсері туралы түсінік береді. Жаңа медианы игеру барысында талдаудың қағидалары мен жетістіктері, жаңа медианың функционалды ерекшеліктері, интернеттегі сауаттылық, қазіргі сайттарды дамыту мен жаңа қорларды құру ерекшеліктеріне баса назар аудару, ақпарат беру тілі, мультимедиялық мүмкіндіктер, кері байланыс, сайттың сыртқы құрылымы туралы түсініктер қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Шетел әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға шетел әдебиеті дамуының заңдылықтарын, ондағы көркемдік ерекшеліктерді әлемдегі түрлі қоғамдық жағдайлармен байланысты қарастырады. Ежелгі шетел әдебиетінің ерекшелігі, әдебиет жанры, прозасы, XVII ғасыр поэзиясындағы стилдік ерекшеліктің қолданысы, ХІХ ғасырдағы батыс және шығыс әдебиетінің өзіндік сипаты жеке-жеке талданып көрсетіледі. Қазіргі кезеңдегі шетелдегі әдеби ағымдар, бағыттар т.б. туралы мәліметтер ұсынылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тәуелсіздік жылдардағы қазақ поэзиясы
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға поэзия жанры, әр кезеңдегі поэзия жанрының көрінісі, атап айтқанда, тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясының дамуы, жалпы поэзияның берілу ерекшеліктері, жаңашыл ізденістер, поэзияның тақырыптық, жанрлық, көркемдік-идеялық сипаттарын көрсетеді. Әсіресе, тәуелсіздік жылдарындағы жастар поэзиясы, жастар аудиториясы, қазіргі қазақ поэзиясының зерттелуі мен тәуелсіздік кезеңіндегі поэзиямен өзара байланыстары, айырмашылықтары туралы мәліметтер береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға тәуелсіздік жылдардағы қазақ әдебиетінің дамуы мен өзіндік ерекшелігі, қазақ поэзиясының ұлттық сипатының тереңдеуі, ақындар шығармашылығындағы тәуелсіздік тақырыбы мәселелері, проза, поэзия мен драматургия, сатира жанрларындағы жаңаша ізденістер, жаңашыл әдебиеттану деңгейін қамтиды. Тәуелсіздік кезеңінен бері қарай жарық көрген қазақ әдеби сынына байланысты еңбектер қатары аталып өтеді. Білім алушылар қазіргі қазақ жазушыларының шығармалары тіліне терең, жан-жақты талдау жасай алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON5

    Қазақ әдебиеті мен журналистика тарихының даму және қалыптасу сатылары, бағыттары және концепция мәселелерін түсіну , негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай алу.

  • Код ON8

    Басқару субъектілері мен объектілері арасындағы ақпарат алмасу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету , ақпарат алмасу кезіндегі тұлғааралық коммуникацияны жүзеге асыру мүмкіндіктерін, кәсіби деңгейде тиісті білім, білік дағдыларын меңгеру.

  • Код ON4

    Лингвистикалық ілімдер тарихы аясында тілдік заңдылықтарды, олардың теориялық негіздерін игеру.

  • Код ON6

    Кәсіби қызметінде ақпараттық-коммуникациялық, когнитивтік технологияларды қолдану.

  • Код ON1

    Әлеуметтік-мәдени, экономикалық-құқықтық, экологиялық білімдері мен коммуникативтік іскерліктерді көрсете білу, қоғамның қазіргі заманғы даму үрдістерін ескере отырып, ақпараттық технологияларды қолдану.

  • Код ON2

    Коммуникативтік мақсатқа сәйкес жеке тұлғалық, әлеуметтік қарым-қатынас жағдайларында тілдік құзыреттілік таныту.

  • Код ON3

    Мамандықтың іргетасын құрайтын пәндер бойынша базалық білімді меңгеріп, оны іс-тәжірибеде қолдану.

  • Код ON9

    Тіл білімі мен әдебиеттің тұжырымдамалық және теориялық негіздеріне талдау жасай алу және оның жалпы ғылым мен құндылықтар жүйесіндегі орнын бағамдау.

  • Код ON7

    Лингвистика саласының негізгі нормаларын, даму бағыттарын меңгере отырып, кәсіби қызметінде теориялық білімін прагматикалық тұрғыдан қолдану.

Top