Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07111 Жылу энергетика в Торайгыров университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Жұмыс орындарын техникалық жарақтандыруды, өндіріс технологиясына, техникалық және экологиялық қауіпсіздік және өндірістік санитария нормаларына сәйкес технологиялық жабдықтарды орналастыруды, сондай - ақ өндірісте экоқорғау және энергия және ресурс үнемдейтін іс-шараларды ұйымдастырады және жүзеге асырады.
  • Ой-өрісі кең және ойлау мәдениеті бар жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін техникалық ғылымдар саласында базалық білім береді
  • ЖЭС және ӨК отын дайындау жүйесінің негізгі және қосалқы жабдықтарын, қазандық және турбина цехтарының негізгі және қосалқы жабдықтары жұмысының негізгі режимдерін таңдау және технологиясын әзірлейді.
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерін, оның ішінде экология және табиғатты пайдалану саласындағы нормативтік-құқықтық актілерін ескере отырып, стартап-жобаларды әзірлейді және оларды экономиканың әртүрлі салаларында іске асырады
  • Жұмысты ұйымдастыру және стандартты кәсіби міндеттерді шешу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады
  • Қазандықтардың су-химиялық режимдерінің тиімді жұмыс істеу сұлбаларын, жылу техникалық жабдықтардың жылу процестерін бақылау сұлбаларын, тоттанудан қорғаудың қазіргі заманғы технологияларын және жабдықты консервациялауды жобалау сұлбаларын таңдайды.
  • Кәсіптік қызметте математикалық ойлау тәсілдерін қолдана отырып, күнделікті жағдайларда өндірістік есептерді шешу үшін қажетті математикалық ойлауды көрсетеді
  • Қоршаған ортаны қорғау, энергия және ресурс үнемдеу, техника және экономика тұрғысынан оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ететін жабдықты таңдайды. Электр станцияларында, жылу және электр энергиясын алу және түрлендірудің инновациялық тәсілдерінде білімді қолданады.
  • Әр түрлі әлеуметтік жағдайларда адекватты бағдарланады, командада жұмыс істей алады, өз көзқарасын дұрыс қорғай алады, жаңа шешімдер ұсынады
  • Мемлекеттік, орыс және шет тілінде (А2, B1, B2 деңгейі), оның ішінде кәсіби салада коммуникацияның негізгі дағдыларын меңгеруді көрсетеді
  • Азаматтық пен патриотизм идеялары, қоғамдық сананы жаңғырту-Рухани Жаңғыру, университеттік, аймақтық, республикалық деңгейдегі іс-шараларға қатысу және ұйымдастыру кезінде Қазақстанды Үшінші жаңғырту негізінде көшбасшылық қасиеттерді көрсетеді.
  • Бақылау, интерпретация, талдау, қорытынды шығару қабілеті, баға беру қабілеті, сыни ойлау дағдылары, креативтілік, өзін-өзі дамыту қабілетіне ие болады
  • Бастапқы өндірістік бөлімшелердің жедел жұмыс жоспарларын әзірлейді, қызметкерлердің және еңбекақы төлеу қорларының жұмысын жоспарлайды, өндірістік персоналды оқыту мен тренингтерді ұйымдастырады
Top