Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D08201 Жануарлар туралы ғылым в Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

Оқыту нәтижелері

  • Сыни талдаудың әдістерін жүйелі түрде түсінгенін көрсету және қазіргі ғылыми жетістіктерді бағалау әдістеріндегі дағдыларды меңгеру, ғылыми мәтіндердегі негізгі идеяларды сыни талдау және синтездеу; кез келген келіп түскен ақпаратты, дереккөзге қарамастан сыни бағалау. Зерттеу және практикалық міндеттерді шешу бойынша, соның ішінде пәнаралық салаларда қазіргі ғылыми жетістіктер мен қызмет нәтижелерін академиялық және кәсіптік тұрғыда дамытуға жәрдемдесу, патенттік іздеу жүргізу; зияткерлік құқықтарды қорғау; ғылыми эксперимент жүргізудегі өздерінің білімдері мен жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және жалпы жұртшылыққа жеткізу, заңдармен және басқа да нормативтік актілермен жұмыс істеудегі білімін қолдану.
  • Ауыл шаруашылығы малының көбеюі мен селекциясы сұрақтарының мәселелерін шешу үшін өздерінің түпнұсқа зерттеулерімен үлес қосу. Селекция саласында ғылыми зерттеулер жүргізу әдістемесін енгізу және бейімдеу қабілетін көрсету.
  • Ғылыми зерттеулердің теориялық-әдіснамалық негіздері, ғылыми хаттың индикаторларын модельдеу және әзірлеу саласында маңызды ғылыми процестерді жобалау, енгізу және бейімдеу қабілетін көрсету. Ғылыми өңдеуді және наукометриялық деректерді, ғылыми мақаланы жазудың құрылымын және әдістемесін сыни талдау және бағалау.
  • Қазақстандағы мал шаруашылығы дамуының негізгі мәселелерін талдау, бағалау; өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің қарқынды технологиясын дамыту саласында жаңа жетістіктерді жеке асылдандыру базасы негізінде құнды генетикалық ресурстарды академиялық және кәсіптік тұрғыда дамытуға жәрдемдесу.
  • Малдарды толыққанды азықтандыруды ұйымдастыру және бақылаудағы жүйелі түрде түсінгенін көрсету; мал шаруашылығының жем-шөп базасын нығайтуды және жоғары өнімді мал басын барлық қажетті энергетикалық, протеинді, минералдық және витаминді азықтармен және азықтық қоспалармен қамтамасыз етуді енгізу және бейімдеу қабілетін көрсету. Жоғары өнімді жануарлар организмінің энергияға және қоректік заттарға қажеттілігінің нақтыланған мөлшерін сыни талдау, бағалау және синтездеу және ауыл шаруашылығы малын азықтандырудың қолда бар жемдерден жан-жақты теңдестірілген азықтандыру рациондарын құрастырудағы өздерінің білімдері мен жетістіктерін қолдану.
Top