Жаңа білім беру бағдарламасы

7M10110 Медициналық-профилактикалық іс в "ҚДСЖМ" Қазақстандық медицина университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Бағдарламаның мақсаты – халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған медициналық қызметтің технологияларын, құралдарын, тәсілдері мен әдістерін әзірлеумен және қолданумен айналысатын практикалық денсаулық сақтау және медицина ғылымы үшін мамандарды даярлау, профилактикалық, емдік-диагностикалық, медициналық, әлеуметтік және басқа да көмек түрлерін көрсету арқылы денсаулықты сақтау және жақсарту, сонымен қатар 6М110500 «Медициналық және медициналық» мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында қадағалауды жүзеге асыру
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 1 год
  • Кредиттер көлемі 60
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M145 Медициналық-профилактикалық іс
  • Білім беру саласы 7M10 Денсаулық сақтау
  • Дайындық бағыты 7M101 Денсаулық сақтау

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Санитарлық-эпидемиологиялық жайластырылуды қамтамасыз ету саласындағы ағымдағы жағдайды талдау және болжау.
  • Зертханалық, құрал-саймандық, гигиеналық зерттеу әдістерін қолдана отырып адамның қоршаған орта факторларын және олардың әсеріне организмнің реакциясын зерттеу және бағалау.
  • Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу бойынша санитарлық және эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды әр қарай ұйымдастыру үшін гигеналық, эпидемиологиялық, микробиологиялық зерттеулердің қорытындыларын талдау.
  • Санитарлық-гигиеналық, эпидемиологиялық және микробиологиялық мониторинг негізінде «адамның қоршаған орта факторлары – халықтың денсаулығы» жүйесінде себеп-салдарлық байланыстарды орнату.
  • Қоздырғыштың биологиялық ерекшеліктерін эпидемиологиялық және микробиологиялық бақылау негізінде аурулардың туындау себебін, жағдайларын және механизмін, таралу жолдарын түсіндіретін гипотезаны қалыптастыру.
  • Профилактикалық іс-шараларды әзірлей отырып, өндірістік және кәсіптік аурушаңдықты зерттеу және талдау жүргізу.
  • Әртүрлі жас топтарындағы балалардың физикалық және психикалық дамуын, ағзаның функционалдық жағдайын, жұмыс қабілеттілігін және аурушаңдығын зерттеу және бағалау.
  • Аса қауіпті инфекция ошақтарында, апат және әртүрлі төтенше жағдайлар кезінде халықты қорғау бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру.
  • Қажетті санитарлы-гигиеналық және санитарлы-эпидемияға қарсы шаралар жүзеге асыру мақсатымен емдеу-профилактикалық, балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің, өңдірістік орындардың орналасуының, жоспарлануының, жабдықталуының, жайластырылуының және жұмыс мазмұнының гигиеналық талаптарға сәйкестігіне санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу.
  • Азық-түліктің сапасы мен қауіпсіздігіне байланысты халықтың денсаулығын талдау және бағалау.
  • Халықтың санитарлық жайластырылуын қамтамасз ету саласындағы заңнамалық, нормативтік және құқықтық актілерді жүйелеу және практикада қолдану.
  • Диссертация, мақала, есеп түрінде эксперименттік-зерттеу жұмысының нәтижелерін қорытындылау мақсатында кәсіби қызметте ғылыми зерттеу әдістерін игеру.
Top