Жаңа білім беру бағдарламасы

6B07105 Жылу электр станциялары в АЭжБУ

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Кәсіби орта мен қоғамда ауызша және жазбаша түрде, сонымен қатар шет тілінде тиімді қарым-қатынас жасайды, өз көзқарасын, тұлғааралық өзара әрекеттестікте және мәдениетаралық ортада дүниетанымдық және азаматтық ұстанымды дәлелді түрде қорғайды.
  • Кәсіби саладағы инженерлік міндеттерді шешу үшін пәнаралық контексте базалық математикалық, жаратылыстану-ғылыми, экономикалық және құқықтық білімді көрсетеді және қолданады.
  • Оқу саласындағы оқу, практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолданады; ғылыми зерттеу және академиялық жазу әдістерін біледі және оларды оқу саласында қолданады; академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің салдарын түсінеді.
  • Кәсіби қызметте жылуэнергетиканың нысандарын тиімдендіру, моделдеу, жобалау үшін әртүрлі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, сандық техниканы және қолданбалы бағдарламарды (MathCAD, AutoCAD, Solid Works, BoilerDesigner, GateCycle) пайдаланады.
  • Кәсіби саладағы инженерлік есептерді шешуде техникалық термодинамиканың, жылу масса алмасу теориясының, гидрогазодинамиканың базалық білімін көрсетеді және қолданады.
  • Конструкциялық материалдардың сапасын таңдау және бақылауды жүзеге асыру, энерго қондырғыларының бөлшектері мен тораптарын беріктікке есептеу, электротехникалық құрылғылардың сипаттамаларын таңдау және анықтау, су мен отынды дайындау схемаларын таңдау және есептеу қабілетін көрсетеді.
  • Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін қолдану қабілетін көрсетеді.
  • Жылу энергетиканың кәсіпорындарында технологиялық процестерді басқаруды автоматтандырылған жылу энергетикалық жүйелер мен қондырғыларды метрологиялық қамтамасыз етуді берілген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.
  • Жылу энергетикалық және жылутехнологиялық жабдықтарды пайдалануды, қызмет көрсетуді ұйымдастыру және жүзеге асыру, берілген өкілеттіктер шегінде энергия қондырғыларына сынақ жүргізу және тәжірибелік зерттеулер жүргізу.
  • Энергия және ресурс үнемдеу бойынша іс - шараларды әзірлейді, өнеркәсіптік кәсіпорындардың энергетикалық тексерулерін орындайды, жылу энергетикасында жаңа энергия үнемдеуші технологияларды бейімдейді.
  • Жылуэнергетикалық жүйелердің жылу сұлбаларын әзірлейді, жылуэнергетикалық жабдықтарды таңдау кезінде негізделген шешімдер қабылдайды, техникалық тапсырмаға сәйкес компьютерлік бағдарламаларды пайдалана отырып, типтік әдістемелер бойынша жылу сұлбаларын, жылуэнергетикалық жабдықтарды есептеуді жүргізеді.
  • Жұмыс орындарын және оларды техникалық жарақтандыруды ұйымдастырады, технологиялық тәртіпті бақылауды жүзеге асырады, өндірістік бөлімше қызметінің нәтижелерін талдайды, ұйымдастыру-технологиялық және есеп беру құжаттамасын әзірлейді.
Top