Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B07118 Жаңартылатын энергияның заманауи және инновациялық технологиялары в АЭжБУ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Жаңғыртылатын энергия саласындағы дамушы өндірістердің қажеттіліктерінің кең спектрі үшін тиісті дағдылары бар кадрларды даярлау, олардың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығына ықпал ету. Таза энергияны пайдалану, ұтымды пайдалану және өндіру мақсатында жасыл энергиямен байланысты таза энергетикалық технологияларды қолдану мен интеграциялау туралы арнайы білімі бар жаңартылатын энергия саласындағы мамандарды даярлау. Білім беру бағдарламасы жаңғыртылатын энергия көздерін дұрыс пайдалану нәтижесінде қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға, әр жағдай үшін ең қолайлы және экологиялық тұрғыдан тиімді энергетикалық шешімдерді қалай үйлестіруге болатындығын білетін мамандарды даярлайды.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B062 Электр техникасы және энергетика
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 6B071 Инженерия және инженерлік іс
Пәндер
-
2 Оқу жылы
Күштік электроникасы
Электрондық түрлендіргіш техникасы
Автоматты басқару жүйелері
Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері
Электр қауіпсіздік
Физика 2
Автоматты басқару теориясы
Электротехниканың теориялық негіздері (I)
Энергетикалық қондырғылардағы қауіпсіздік техникасы
Электр техникасының теориялық негіздері (II)
Электротехника материалтану
Сызықты емес тізбектердің және электр өрісінің теориясы
Электр техникалық материалдар және бұйымдар
жылу және жылу техникасы негіздері
Электр тізбектерін және өрістерін талдау
-
3 Оқу жылы
Электр энергетикалық жүйелердегі релелік қорғаныстың негіздері
Электр энергетикадағы компьютерлік тораптық технологиялар
Электр желілері және қосалқы станцияларының негізгі және қосымша қондырғылары
Электр желілері және қосалқы станциялары
Электр машининалар
Релелік қорғаныстың элементтік базасы
Коммутациялық аппараттар және электр шамаларын өлшеу
Шағын гидроэнергетика және су ресурстары
Электр аппараттары және өлшеу құралдары
Электрмен жабдықтау
Күн энергиясының түрлендіргіштері
Таратылған энергия көздерімен орталықтандырылмаған жүйелерді энергиямен жабдықтау
Жоғарғы кернеудің техникасы
Жел энергетикасы және жел электр қондырғылары
Автономдық ЖЭК жүйелері және таратылған өндірісі
-
4 Оқу жылы
Жаңғыртылатын энергия көздерінің электр жабдықтарын монтаждау, жөндеу және пайдалану
Жаңғыртылатын энергия көздерінің электр жабдықтарын диагностикасы, жөндеу және техникалық қызмет көрсету
Еңбек қорғау
Энергиямен жабдықтау үшін ЖЭК объектілерін жобалау
Жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалана отырып шағын энергиямен жабдықтау жүйелерін жобалау
Электр энергетикада SCADA жүйесінің құрастыру негіздері
Дәстүрлі емес және жаңғыртылатын энергия көздері электр қондырғыларының теориялық негіздері
Релелік қорғаныс және жаңартылатын энергияны автоматтандыру жүйелері
ЖЭК объектілердің қондырғыларды орнату және баптау
Жаңғыртылатын энергия көздері ресурстарын кешенді бағалау
Өнеркәсіптік қауіпсіздік
ЖБП ЖОО компонентінің модулі (Этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, экология және өмір қауіпсіздігі, экономика, кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновация негіздері)
Сандық техниканың негіздері
Микропроцессорлық техника негіздері
Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазу
Оқыту нәтижелері
- Жаңғыртылатын энергия жүйелеріне арналған жартылай өткізгіш және түрлендіргіш құрылғыларды, электрлік өлшеу құралдарын, күрделі релелік қорғаныс құралдары, басқару жүйелерін мен микропроцессорлық және цифрлық жүйелерді автоматтандыру негізінде электрэнергетикалық жүйелерді қорғаудың негізгі және резервтік түрлерін есептеу және таңдау.
- Жаңғыртылатын энергия көздеріне, энергияның конверсиялық жүйелеріне негізделген энергетикалық жүйелердің жұмысының негізгі принциптерін, конструкция мен сипаттамаларын, жел энергиясы мен күн радиациясын, су ресурстарын бақылау және бағалау жүйесінің әдістерін қолдану.
- Экономикалық жоспарлауды, бағалау әдістері мен тәсілдерін, персоналды және инвестицияларды басқаруды, өндірісті ұйымдастыруды және қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау ережелерін сақтауды ие болу. Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздіктің нормалары мен ережелерін, электр қауіпсіздігі, өнеркәсіптік санитария, өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың негізгі принциптері мен әдістерін қолдану дағдысын игеру
- Қазіргі заманғы компьютерлік, ақпараттық технологиялар, бағдарламалық қамтамасыз ету, бағдарламалау негіздері және жаңғыртылатын энергия көздеріндегі SCADA жүйелеріне негізделген ақпараттық технологияны құру әдістері туралы білімді игеру, компьютерлік желілерде жұмыс істеу, мәліметтер мен ақпараттық форматтардың кез-келген түрін табу, өңдеу және беру, әртүрлі Интернет қосымшаларын пайдалану, ақпараттық қауіпсіздік қағидаларын білу.
- Электринженерлік жұмыстарда есептеу үшін математикалық, физикалық және басқа да жаратылыстану-ғылыми білімді, сондай-ақ электротехниканың, электр тізбектері мен электрмагниттік өрістің теориялық негіздерін қолдану.
- Электр желілерін, қосалқы станцияларды жобалау және пайдалану кезінде есептеулердің негізгі мәселелерін меңгеру, сонымен қатар жаңартылатын энергия көздері жүйелері мен объектілерінің энергиямен жабдықтау жобалауы мен автоматика-релелік қорғанысы. Электрмен жабдықтау жүйелері және ішкі және сыртқы жарықтандыру үшін жарық беру жүйесінің қасиеттері туралы білімі болуы.
- Жылуэнергетикалық жұмыс принциптерін және жүйелер мен жылу қондырғылары жылу-энергетикалық сипаттамаларын, жылу-энергетикалық нысандарының өндірістік және технологиялық режимін, жаңғыртылатын энергия көздері негізінде автономды және орталықтандырылмаған жүйелерді дамытуды игеру
- Ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін, қарым-қатынас қызметіндегі лексикалық және грамматикалық құрылымдарының кең спектріне ие тіл білімін, әлеуметтік, құқықтық және этикалық нормаларды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негізгі элементтері негіздерін меңгеру және оларды кәсіби қызметінде қолдана білу. Интеллектуалдық, мәдени, физикалық өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жетілдірудің перспективалық бағыттарын құру және жүзеге асыру және Қазақстан тарихы туралы объективті білімді негіздеу.
- Электр машиналарының, цифрлық және коммутациялық электр құрылғыларының негізгі жұмыс принциптері мен параметрлерін меңгеру, қазіргі электр материалдарының ерекшеліктерін білу, заманауи электр материалдарының ерекшеліктерін біліп қолдануы
- Жаңғыртылатын энергия көздерінің қондырғыларының электр жабдықтарын монтаждау, жөндеу, іске қосу, сынау және пайдалану, энергиямен жабдықтау жүйелеріне арналған кабельді және әуе желілерін монтаждау және жөндеу технологияларын дербес жүзеге асыра білу. Техникалық байқау стандарттарын, электр энергиясының алдын-алу және диагностикалау әдістерін құрастыру