6B10102 Педиатрия в Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім алушыларда кәсіби және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, әрбір тұлғаның шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігін ашу.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
-
Оқу мерзімі 5 года
-
Кредиттер көлемі 300
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B088 Педиатрия
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
-
Білім беру саласы 6B10 Денсаулық сақтау
-
Дайындық бағыты 6B101 Денсаулық сақтау
Пәндер
-
Экология және тіршілік қауіпсіздігі
Қазіргі экономикалық және саяси проблемаларды шешудегі экологияның орны мен рөлі. Аутэкология, демэкология және синэкология. Жер беткі және су экожүйелерінің типтері. Биосфера және ноосфера туралы ілім. Табиғаттың ресурстары және табиғатты тиімді пайдалануы. Табиғатты қорғау және экологияның қазіргі заманның мәселелері. Экодаму мәселелері. Тұрақты даму концепциясы. Тіршілікті қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негіздері. Бейбіт өмірдегі және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар. Жағдайға баға беру. Радиациялық және химиялық тұрғыдан қауіпті нысандардағы авариялардың және апаттардың ерекшеліктері. Халықты қорғау. Апат медицинасы қызметінің міндеттері және ұйымдастыруы. Санитарлық-гигиеналық және індетке қарсы шараларды ұйымдастыру. Медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және жоспарлау. Төтенше жағдайлардың психологиялық аспектілері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Химия
Ерітінділер. Сүйек тінінің және сілекейдің құрамы. Ауыз қуысында болатын қышқылдық-негізгі баланс. Беттік құбылыстар. Адсорбция. Ауыз қуысында өтетін ауруларды диагностикалау және емдеу кезінде қолданылатын сапалы талдаудың негізгі принциптері. Медицинада қолданылатын органикалық қосылыстардың биологиялық рөлі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Құқық және экономика негіздері
"Рухани жаңғыру"мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде болашақ мамандарды құқықтық тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту. Медицина қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі, олардың әлеуметтік қорғалуы. ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы"Кодексі. Нарық және бәсекелестік. Фирма және кәсіпкерлік теориясы. Қазақстан Республикасында ұлттық экономиканың даму ерекшеліктері. Медицина өнеркәсібін дамыту саласындағы мемлекеттік саясат.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Молекулярлы биология және медициналық генетика
Зерттеудің молекулалық-генетикалық әдістері ДНҚ молекуласы деңгейінде жасушалардың (организмдердің) генетикалық материалының құрылымы мен қызметін зерттеу үшін қолданылады. Молекулалық талдаудың негізгі кезеңдері: ДНҚ молекуласын таза түрде бөлу; ДНҚ молекуласын фрагменттеу (жеке бөліктерге бөлу); ДНҚ фрагменттерін Амплификациялау (көшірмелердің көп санын алу) болып табылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мамандыққа кіріспе
Стоматологияның даму кезеңдері Қазақстанда стоматологиялық көмекті ұйымдастыру мәселелері. Стоматологиялық қызметтің қызметін анықтайтын негізгі нормативтік құжаттар. Стоматологиялық емхана-құрылымы мен қызметі Стоматологиялық науқастарды қабылдауды ұйымдастыру. Дәрігер-стоматолог жұмысын жоспарлау. Стоматологиялық бөлімшелер мен кабинеттерді ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар . Стоматологиялық практикада.Дезинфекция стерильдеу алдындағы тазалау және стерильдеу
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Анатомия негіздері
Организм жүйелерінің ағзаларының, тіндердің жалпы сипаттамасы. Эмбриогенез сатылары. Анатомиялық номенклатура. Жазықтықтар мен біліктер. Тірек-қимыл аппаратының құрылымдық бөлімдері. Сүйектің құрылысы. Сүйектің химиялық құрамы және құрылымдық бірлігі. Сүйектердің жіктемесі. Сүйек қосылыстарының түрлері. Буындардың жіктемесі және биомеханикасы. Бұлшықеттердің құрылысы және жіктемесі. Бұлшықеттердің қосалқы аппараттары. Қанмен қамтамасыз етілуі, веналық ағымы және нервтендірілуі. Тірек-қимыл аппаратының жастық, жыныстық және жеке ерекшеліктері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Физиология негіздері
Қозғыш тіндер физиологиясы. Қозғыштықтың параметрлері. Жүйке талшығы арқылы қозудың өту заңдылықтары. Синапстардың физиологиялық қасиеттері. ОЖЖ-нің рефлекстік қызметі. ОЖЖ-дегі қозудың таралу ерекшеліктері. ОЖЖ-дегі тежелу үрдістері. ЖЖІӘ типтері. Анализаторлардың жалпы қасиеті. Вегетативті түйіспелер, қабылдағыштар, блокаторлар. Зат және энергия алмасу. Жылу реттелу. Миология. Жүрек етінің физиологиялық қасиеті. Эндокриндік бездердің жалпы сипаттамасы. Ағзаның сұйық ортасының жалпы сипаттамасы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Гистология негіздері
Гистология, цитология және эмбриологияның даму тарихы. Зерттеу әдістері. Цитология. Адам эмбриологиясы. Жалпы гистология: Эпителиалдық тін. Бездер. Қан және лимфа. Гемоцитопоэз. Дәнекер тіндер. Қаңқалік тін. Бұлшықет тіндері. Жүйке тіндері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Микробиология және иммунология-1
Микроорганизмдердің және вирустардың классификациясы, морфологиясы және физиологиясы, олардың адам денсаулығына әсері, микробиологиялық диагностика әдістері. Патологиялық материалдан микроскопиялық препаратты дайындау және микроорганизмдерді бояу техникасы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Гистология
Ағзалар мен жүйелердің морфофункционалдық сипаттамасы: - жүйке жүйесі; - сезім ағзалары; - жүрек қантамыр жүйесі; - қан жасау және иммундық қорғаныс; - эндокриндік жүйе; - ас қорыту жүйесі; - тыныс алу жүйесі; - тері және оның туындылары, тірек-қимыл аппараты, - зәр шығару жүйесі; - жыныс жүйесі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Медициналық биохимия-1
Белоктар биохимиясы: жіктелуі, құрылысы, қасиеті, биологиялық қызметтері. Биологиялық мембраналар, сигналдардың трансмембранды берілуі. Биоэнергетика. Катаболизмнің арнайы, жалпы жолдары. Пируваттың тотығуып декарбоксилденуі, үшкарбон қышқылы айналымы. Тотығып фосфорлану. Көмірсулардың, липидтердің, белоктардың метаболизмі. Адамның биосұйықтықтарындағы көмірсулық, липидтік, азоттық алмасулардың интермедиаттарын анықтау бойынша биохимиялық зерттеулер. Талдау нәтижелерін интерпретациялау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Анатомия
Дене ағзаларының және бөліктерінің жүйелік сипаттамасы: Тынысалу жүйесі; Жүрек-қантамыр жүйесі; Асқорыту жүйесі; Қан жасау жүйесі; Иммундық жүйе; Несеп-жыныс жүйесі; Эндокринді жүйе; Нерв жүйесі; Сезім ағзалары; Тірек-қимыл жүйесі, тері. Ағзалардың құрылысы, қызметі, анатомиялық-топографиялық орналасуы, олардың қанмен қамтамасыз етілуі, веналық және лимфалық ағымы. Жастық, жыныстық және жеке ерекшеліктері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Физиология
Ағзалар мен жүйелердің морфофункциональдық сипаттамасы: - жүйке жүйесі, - сезім мүшелері, - жүрек қантамыр жүйесі, - қан жасау және иммундық қорғау, - эндокринді жүйе, - ас қорыту жүйесі, - тыныс алу жүйесі, - тері және оның туындылары, - тірек - қимыл жүйесі, - зәр шығару жүйесі, - жыныс жүйесі,
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Биостатистика
Сипаттама статистика: үлестірілім жиілігі, орталық тенденция мен шашырау шаралары. Сызбалар. Статистикалық болжамдарды тексеру. Екі таңдамалы орташалар арасындағы айырмашылық: Стьюденттің t-белгілері, Maнн-Уитни белгісі, Уилкоксон белгісі. Дисперсиялық талдау: F-белгісі, Крускал-Уоллис белгісі. Түйіндес кестелер: χ2-белгісі, Йетс түзетуі, Макнемар белгісі. Корреляциялық талдау: Пирсонның корреляция коэффициенті, Спирменнің шендік корреляция коэффициенті.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтаудағы этика
Медициналық көмектің негізгі түрлері. Демографияның медициналық-әлеуметтік аспектілері. Жас-жыныстық топтардың денсаулығы. Демографиялық көрсеткіштерді есептеу, талдау. Халықтың денсаулығын кешенді бағалау. Этиканың пайда болу себептері мен қайнар көздері. Этиканың теориялық негіздері. Медициналық көмек көрсетудің әртүрлі кезеңдерінде дәрігерлердің пациенттермен кәсіби қарым-қатынасының медициналық-этикалық ерекшеліктері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Микробиология және иммунология-2
Грамоң және грамтеріс бактериялар, олардың микробиологиялық диагностикасы. ДНҚ (дезоксирибонуклейн қышқылды)-геномды және РНҚ (рибонуклейн қышқылды)-геномды вирустар. Онкогенді вирустар. Ретровирустар. Вироидтар мен приондар – баяу вирустық инфекциялардың қоздырғыштары. Зертханалық зерттеу негізінде алдын ала диагноз қою. Иммунология.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Сәулелік диагностика негіздері
Балалардың ішкі ағзалары мен сүйек-буын жүйесінің сәулелік диагностика әдістері (рентгенологиялық зерттеу, радионуклидтік зерттеу, ультрадыбыстық зерттеу, компьютерлік томография, магниттік-резонанстық томография). Дәлелдер мен қарсы дәлелдерді анықтау. Сәулелік зерттеу әдістер үшін пациенттерді дайындау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Медициналық биохимия-2
Организмдегі зат алмасуының және қызметтерінің гормондық реттелуі. Жүйке тінінің, бұлшықет тінінің, жасушааралық матрикстің, сүйек және тіс тінінің, бауырдың биохимиясы. Организмдегі улардың залалсыздандырылуы. Онкогенез. Гемпротеиндер метаболизмі. Қан биохимиясы: қалыпты жағдайдағы қан, басқа да биологиялық сұйықтықтардың биохимиялық константтары, олардың организмдегі биохимиялық процесстер бұзылыстардағы өзгерістері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Клиникаға кіріспе
Емдеу мекемелерінің типтері: ерте танысу, өзара іс-қимыл жасау және әртүрлі бейінді пациенттерді үнемі бақылау. Ауыр науқастарды күту принциптері, күрделі емес мейірбикелік емшаралар мен манипуляцияларды орындау, зерттеудің аспаптық әдістеріне дайындық принциптерімен танысу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Жалпы патологиялық физиология
Жалпы этиология, патогенез. Патологиялық реактивтілік. Тұқым қуалаушылықтың патологиядағы маңызы. Жасушаның жалпы патологиясы. Жасуша зақымдалуы. Зақымдануға организмнің жалпы серпілісі. Су-электролит,қышқыл-негіздік, энергия және негізгі алмасудың бұзылыстары. Нәруыз, көмірсу және май алмасуының бұзылыстары. Гипоксия. Шеткері қан айналым бұзылысы. Қабыну. Қызба. Аллергия. Ісіктер.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Фармакология-1
Дәрілік заттардың фармокадинамикася және фармакокинетикасының жалпы заңдылықтары. Дәрілік заттардың негізгі топтары, олардың қасиеті жәнетағайындау тәртібі. Рецепт нышанын тіркеу. Дәрілік заттардың классификациясы және жағымсыз әсерлері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жалпы хирургия
Асептика және антисептиканың, анестезиологияның, қан тоқтатудың, қан жоғалтудын, қан топтарын және Rh факторды анықтаудың, қан құюдын, терминалды жағдайдын, жаралардын, электрлік жарақаттардын, күйіктердін, үсіктін, оталардын, хирургиялық инфекциянын, сепсистін, спецификалық хирургиялық инфекциянын, гангреналардын, жыланкөздердін, пластикалық хирургияның негіздерін білу және түсіну.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Балалар аурулар пропедевтикасы-1
Балалар аурулары пропедевтикасына кіріспе. Балалар жасындағы кезеңдер. Физикалық дамуы. Тыныс алу, жүрек-қан тамырлары, ас қорыту, қан түзетін, эндокриндік, сүйек-бұлшықет, жүйке жүйесі аурулары бар әр түрлі топ жастағы науқас балаларды сұрастыру және тексеру. Дені сау және науқас балалардағы жүйелердің физиологиялық зерттеу әдістемесі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ішкі аурулар пропедевтикасы
Пациенттің шағымдарын талқылау және нақтылау. Ауру және өмір анамнезі туралы мәліметтер жинау. Жалпы жай-күйін қарау және бағалау. Пациентті объективті (физикалық) зерттеу. Диагностикалау және тұжырымдау, зертханалық аспаптық зерттеулерді жоспарлау және интерпретациялау. Ішкі ағзалар ауруларының негізгі синдромдарын емдеу жоспары. Аурудың оқу тарихын жүргізу. Командалық жұмыста коммуникация дағдылары.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жалпы патологиялық анатомия
Патологиялық анатомияға кіріспе жасушалар мен ұлпалардың зақымдануы және жойылуы жасушалар мен ұлпаларда зат алмасуының бұзылуы. Бұзылулар крово - мен лимфообращения. Қабыну, жалпы сипаттамасы. Жедел қабыну. Экссудативті қабыну. Иммунопатологиялық процестер. Регенерация және бейімделу процестері. Ісіктер. Онкоморфологияға кіріспе Эпителийден дамитын ісіктер. Мезенхимадан, нейроэктодермадан және меланинпродукциялайтын тіндерден дамитын ісіктер.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Балалар аурулар пропедевтикасы-2
Балалар мен жасөспірімдердің тыныс алу, жүрек-тамыр, ас қорыту, қан түзетін, эндокриндік, сүйек-бұлшықет, жүйке жүйесі зақымдануының семиотикасы мен негізгі синдромдары. Әртүрлі жастағы ауруларына байланысты, балалар мен жасөспірімдерде иммунитеттің даму. Балалардың жыныстық дамуы. Эндокриндік бездердің зақымдануының негізгі синдромдары. Балалардағы энергетикалық, ақуыз, май, көмірсулар, су-тұз алмасуының ерекшеліктері, бұзылу семиотикасы.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Мүшелер мен жүйелердің патологиялық анатомиясы
Балалардың ағзалары мен жүйелерінің патологиялық анатомиясы: - тыныс алу жүйесі - жүрек-қантамыр жүйесі; - ас қорыту жүйесі - зәр шығару-жыныс - қан жасау; - эндокриндік жүйе; - тірек-қимыл жүйесі; - жүйке жүйесі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мүшелер мен жүйелердің патологиялық физиологиясы
Мүшелер мен жүйелердің патологиясының себебі және даму механизмі: - тыныс алу жүйесі, - жүрек-қан тамыр жүйесі, - ас қорыту жүйесі, - зәр шығару, - қан жасау жүйесi, - эндокриндік жүйе, - тірек-қимыл жүйесі, -жүйке жүйесі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Гигиена және эпидемиология
Қоршаған орта және денсаулық. Ауа ортасының гигиеналық мәні. Су және сумен жабдықтау және топырақ гигиенасы. Елді мекендерді жоспарлау мен салудың гигиеналық негіздері. Тамақтану гигиенасы және адам денсаулығы. Еңбек гигиенасы және еңбек физиологиясы. Емдеу-алдын алу мекемелерінің гигиенасы. АІИ алдын алу. Соғыс уақытында санитарлық-гигиеналық шараларды ұйымдастыру негіздері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Фармакология - 2
Тыныс алу, жүрек-қан тамыр, ас қорыту, зәр шығару, эндокриндік, қан түзу, жүйке және тірек-қимыл жүйесінің ауруларындағы негізгі клиникалық синдромдар кезінде дәрілік заттарды таңдаудың жалпы қағидалары. Дәлелді медицина тұрғысынан Дәрілік заттарды тағайындауға көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ішкі аурулар негіздері-1
Тыныс алу жүйесінің, жүрек-қан айналымы аурулардын, асқорыту жүйесінің аурулардын , бүйрек аурулардын этиологиясын, клиникалық симптомдары мен синдромдарын, олардың казіргі диагностикасының зертханалық және аспаптық әдістерін, шұғыл жәрдем көрсету принциптерің, алдын алу мәселелерін білетін білімді мамандарды даярлауға негізделген. Бағдарлама келесі пәндермен интеграцияны қарастырады: анатомия, физиология, патологиялық анатомия мен патологиялық физиология, фармакология негіздері.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Акушерия
Қыздар мен жасөспірімдерге заңдық сұрақтары мен акушерлік көмек көрсетуді ұйымдастырушық. Қыздар мен жасөспірімдердің репродуктивті жүйесінің анатомиясы, морфологиясы және физиологиясы. Физиологиялық акушерлік. Акушериядағы зертханалық, функционалдық, сәулелік, Эндоскопиялық диагностика. Перинаталдық акушерлік аспектілері. Патологиялық және жедел акушерлік.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Балалар аурулар негіздері-1
Педиатрияға кіріспе және оның даму тарихы. Баланың дамуының жастық кезеңдері. Балалардың өсу мен даму заңдылықтары. Балалар денсаулығы.Денсаулық топтары. Жүйелер бойынша аурулар туралы түсінік. Тыныс алу, жүрек-қантамыр жүйесі, асқазан-ішек жолдары, қан жасау жүйесі, зәр шығару және эндокрин жүйесі ауруларының этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы және жүру ағымы.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Балалар травматологиясы және ортопедия
Жарақат және ортопедиялық патологиясы бар балаларды клиникалық тексеру. Қол мен қолдың зақымдануы. Балалардағы жамбас пен омыртқаның сынуы. Аяқтардың зақымдануы. Тірек-қимыл аппаратының туа біткен деформациясы. Қаңқаның және остеохондропатияның жүйелі аурулары.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Хирургиялық аурулар негіздері
ЖТД тәжірибесіндегі хирургиялық аурулардың клиникасы, диагностикасы, саралау диагностикасы, емдеу принциптері, тірек-қимыл аппаратының зақымдануы мен туа біткен деформациялары, политравмалар, сүйектер мен буындар аурулары. Балалардағы хирургиялық аурулардың клиникасы, диагностикасы және емдеу тактикасы ерекшеліктері.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жұқпалы аурулар
Инфектологияның жөнінде жалпы ұғымдары. Жұқпалы науқастарды госпитализациялау ережелері. Жұқпалы арурлар ауруханасының құрылымы мен тәртібі. Фекальді-оральді, аэрозольді, контактілі, трансмиссивті, механизммен берілетін антропоноздар және зооноздар. Гельминтоздар. Аса қауіпті инфекциялар. Инфектологиядағы негізгі синдромдар: клинико - лабораторлы сипаттама.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Балалар жұқпалы аурулары
Жұқпалы аурулармен балаларды госпитализациялау ережелері. Жұқпалы аурумен ауырған балалардың күтім ерекшеліктері. Балалардағы жедел ішек инфекциялары. Балалардағы ауа-тамшылы жұқпалы аурулары. Менингококты инфекция. Балалардағы экзантемалық инфекциялар. Балалардағы зооноздар. Балалардағы гельминтоздар. БЖАИЖ (ЖІИ, ЖРИ). Балалардың жұқпалы ауруларының алдын алуы.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Балалар аурулар негіздері-2
Балалардағы конституция ауытқулары. Рахит. Спазмофилия. Д витаминінің гипервитаминозы. Балалардағы тыныс алу мүшелерінің жіті аурулары. Балалардағы асқазан-ішек жолдарының және бауырдың аурулары. Балалардағы бүйрек аурулары. Балалардағы ішек инфекциялары.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ішкі аурулар негіздері-2
Қан аурулардын, васкулиттердің, диффуздық дәнекер тінінің аурулардын, буын аурулардын этиологиясын, клиникалық симптомдарын мен синдромдарын, олардың казіргі диагностикасының зертханалық және аспаптық әдістерін, шұғыл жәрдем көрсету принциптерің, ауруларының алдын алу мәселелерін білетін білімді мамандарды даярлауға негізделген. Бағдарлама келесі пәндермен интеграцияны қарастырады: анатомия, физиология, патологиялық анатомия мен патологиялық физиология, фармакология негіздері.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Балалар гинекологиясы
Балаларға акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру. Балалар гинекологының тәжірибесіндегі тексерудің негізгі әдістері. Репродуктивті жүйені реттеу патологиясы. Жыныстық дамудың бұзылуы. Қыздарда репродуктивті жүйенің қабыну аурулары. Қыздардың репродуктивті жүйесінің ісіктері мен ісік тәрізді түзілістері. Гинекологиялық тәжірибеде "жіті іш. Сыртқы және ішкі жыныс органдарының жарақаттары.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Балалар хирургиясы
Қазақстандағы балалар хирургиясы қызметін ұйымдастыру. Іш қуысының жіті үдерістерін саралау диагностикасы және емдеу. Балалар жасындағы іріңді-қабыну ауруларының дифференциалды диагностикасы. АІЖ, зәр шығару жүйесінің және тірек-қимыл аппаратының даму ақауларының дифференциалды диагностикасы.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
АМСК-гі балалар аурулар негіздері
Балалар емханасының құрылымы мен жұмысын ұйымдастыру. Педиатрдың алдын алу жұмысы. Балалардың денсаулық жағдайын кешенді бағалау. Нәрестелер мен ерте жастағы балалардың денсаулық жағдайын дәрігерлік бақылау. Балалардың емдік тамақтануының заманауи аспектілері. Созылмалы аурулары бар балаларды диспансерлеу. Оңалту принциптері. Емхана жағдайындағы органдар мен жүйелердің аурулары.
Оқу жылы - 5
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Балалар фтизиатриясы
Анықтау. Этиологиясы мен патогенезінің тарихи анықтамасы алғашқы туберкулездің морфологиясы туберкулезбен ауыратын балалар мен жасөспірімдерді тексеру балалар мен жасөспірімдерде туберкулезді анықтау әдістері. Туберкулин диагностикасы. Балалар мен жасөспірімдерде туберкулездің арнайы вакцинопрофилактикасы. Превентивті (профилактикалық) емдеу. Санитарлық алдын алу балалар мен жасөспірімдерде туберкулездің клиникалық түрлері.
Оқу жылы - 5
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ғылыми зерттеу негіздері
Ресурстарды басқару. Маңызды ойлау, аналитика, талдау, мақала жазу және дизайн. Ғылыми жұмыстардың құрылымы. Ғылымдағы сандық және сапалық әдістер. Дұрыс жоспарлау. Ғылыми жұмыстарды жобалаудың жалпы және нақты талаптары. Ғылымды басқару әдістерін дамыту.
Оқу жылы - 5
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жедел медициналық көмек-1
Естен тану. Тыныс алу, жүрек қызметінің тоқтауы. Шок. Құрысулар. Кеуде тұсының ауруы. Парездер және плегиялар. Әртүрлі этиологиядағы психоз. Жарақаттар мен қан кету жарақаттары. Қан кетумен оқшауланған жарақат (бас, мойын). Терең күйіктер мен үсік. Жануарлар мен жәндіктердің шағуы. Электрожарақат. Қан аралас құсу. Сыртқы тыныс алудың айқын бұзылуы. Жүрек ырғағының бұзылуы. Улы заттармен улану.
Оқу жылы - 5
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Нутрициология негіздері
Диетология. Нутрициология. Трофология. Тамақтану туралы ғылымның қазіргі бағыттары. Нутриогеномика. Тамақтану туралы ғылымдағы зерттеудің негізгі әдістері. Эпигенетика, тұқым қуалаушылық, Конституция және жас ерекшеліктері. Тамақтану, инфекция, иммунитет. Балалардың тамақтанудағы пробиотиктер мен микронутриенттер. Емшек емізу. Қосымша тамақтарды енгізу туралы заманауи түсінік. Терапияның мүмкіндіктері мен болашағы.
Оқу жылы - 5
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
МӘМС және медициналық құқық
Медициналық құқық ұғымы, пәні және әдісі. Медициналық құқық көздері. Медициналық қызметкерлердің еңбек құқығы қатынастары саласындағы құқықтары. Медицина қызметкерлері мен медициналық ұйымдарды азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартудың негіздері мен тәртібі. Денсаулық сақтау саласындағы басқаруды жүзеге асыратын медицина қызметкерлерінің, медициналық ұйымдардың және атқарушы билік органдарының әкімшілік жауаптылығы.
Оқу жылы - 5
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жедел медициналық көмек-2
Өмірге қауіп төндірудің айқын белгілерінсіз созылмалы аурулардың асқынуы. Жеңіл жарақат. Созылмалы аурудан туындаған ауырсыну синдромы. Несеп шығару жүйесі мүшелерінің созылмалы ауруларынан туындаған несептің жедел тоқтауы. Қан аралас несеп. Бөгде заттар. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының немесе стационар жағдайларында медициналық манипуляциялар жүргізуді талап ететін жағдай.
Оқу жылы - 5
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Онкология және радиология
Онкологияның заманауи мәселелері. Қатерлі ісіктердің аурушаңдығы және өлім-жітімі. ҚР онкологиялық қызметті ұйымдастыру. Қатерлі ісіктер: тері, лимфа түйіндері, бас пен мойын, жұмсақ тіндер мен сүйектер, асқазан - ішек жолдары. Бауыр, ұйқы безі обырларыы.Радиологиялық бөлімшелерді техникалық жабдықтау. Сәулелі терапиядағы заманауи технологиялар.Сәулелік терапия әдістері.
Оқу жылы - 5
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
АМСК-гі балалар неврология негіздері
Нерв жүйесінің зақымдануының клиникалық синдромдары және топикалық диагностикасы. Жүйке жүйесінің қабыну аурулары. Балалардағы демиелинизациялық аурулар. Тұқымқуалайтын және хромосомалық аурулар. Балалардағы эпилепсия және невроздар.
Оқу жылы - 5
Семестр - 2
Несиелер - 4
Оқыту нәтижелері
- Шұғыл немесе жоспарлы тәртіппен науқас балаларды емдеуге жатқызу көрсеткіштерін анықтайды
- Балалардағы кең таралған аурулар кезінде диагностика, емдеу, динамикалық бақылау үшін биомедицина ғылымдарын білу мен түсінігін көрсетеді
- Педиатриялық бейіндегі профилактикалық мекемелерде дені сау және науқас нәрестелерді динамикалық бақылауды жүзеге асырады, қажетті диагностикалық және емдеу-алдын алу іс-шараларын жүргізеді
- Балалар мен жасөспірімдердің алдын алу, сараптама, оңалту бағдарламаларын іске асырады және бақылайды
- Медициналық этика, деонтология және құқықтық нормалар принциптерін сақтай отырып, мамандармен және халықпен медициналық практикада тиімді коммуникациялайды (ақпарат, идеялар және қорытындылар, проблемалар және оларды шешу)
- Ақпараттық технологияларды меңгерген, өз біліктілігі шеңберінде жаңа тәсілдерді енгізу үшін денсаулық сақтау саласындағы ақпаратты тиімді пайдаланады
- Барлық жастағы науқастарға жедел шұғыл білікті медициналық көмек көрсетеді
- Медициналық практикада және зерттеуде ғылыми принциптерді, әдістер мен білімді қолданады. Үздіксіз білім алу мен дамуға қабілетті
- Амбулаториялық жағдайда дәлелді медицина негізінде балаларды қабылдау, диагностикалау, емдеу және динамикалық бақылау жүргізеді
- Медициналық ұйымдарда және олардың құрылымдық бөлімшелерінде балалар денсаулығын сақтау саласында ұйымдастыру, басқару принциптерін сақтайды