Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B05305 Ядролық физика в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Механика
    Несиелер: 8

    Бұл курс студенттің кеңістік пен уақыттың негізгі ұғымдары, материалдық нүкте мен қатты дене кинематикасы, салыстырмалылық принципі, материалдық нүктелер және материалдық нүктелер жүйесінің динамикасы, жұмыс және энергия, қатты дененің динамикасы, статика, гравитациялық өрiстегi қозғалыс, соқтығыстар, тұтас орта механикасының элементтерi, тербелiстер және толқындардың элементтерін оқып үйренуге мүмкүндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Бағдарламалау технологиясы
    Несиелер: 5

    Математикалық есептеулерді, деректерді талдауды, динамикалық жүйелерді үлгілеуді және нәтижелерді көрсетуге арналған Matlab жүйесі қарастырылады. Алгоритмдерді жазу тәсілдері, түрлі алгоритмдік тілдерді пайдалану арқылы бағдарламаларды құрастыру, алгоритм мен бағдарлама жасаудың осы заманғы әдістері мен құралдары туралы негізгі білімдер меңгеріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Математика 1
    Несиелер: 5

    Математика 1 курсы ақырсыз аз шамалар талдауы арқылы жүргiзiлетiн айнымалы шамаларды зерттеудiң iргелi тәсiлдерiн оқуға бағытталған. Курс мәселесіне ғылыми-зерттеу жұмысын жүргiзуге қажеттi математикалық әдiстердi, басқа пәндердi оқуға қажеттi оқушылардың логикалық ойлауы мен математикалық мәдениетiн дамыту кіреді. Курс бір айнымалы функцияның дифференциалдық және интегралдық есептеулерінен тұрады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Математика 2
    Несиелер: 5

    Математика 2 курсы ақырсыз аз шамалар талдауы арқылы жүргiзiлетiн айнымалы шамаларды зерттеудiң iргелi тәсiлдерiн оқуға бағытталған. Курс мәселесіне ғылыми-зерттеу жұмысын жүргiзуге қажеттi математикалық әдiстердi, басқа пәндердi оқуға қажеттi оқушылардың логикалық ойлауы мен математикалық мәдениетiн дамыту кіреді. Курс көп айнымалы функцияның дифференциалдық және интегралдық есептеулерін және қатарлар теориясын қамтиды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Молекулалық физика және термодинамика
    Несиелер: 8

    Жалпы физика бөлімі "Молекулалық физика және термодинамика" - денелердің молекулалық құрылысын қарастыру негізінде олардың физикалық қасиеттерін зерттейтін физика бөлімі. Молекулалық физиканың міндеттері статистикалық механика, термодинамика және физикалық кинетика әдістерімен шешіледі, олар физикалық денені құрайтын бөлшектердің (атомдар, молекулалар, иондар) қозғалысы мен өзара әрекеттесуін зерттеумен байланысты.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
    Несиелер: 5

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» пәні «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағыты бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды зерделеуге бағытталған. Биологиялық және сабақтас ғылымдар, қоршаған орта саласында және физика-химиялық ғылымдар саласында, сондай-ақ математика және статистика саласындағы барлық нормативтік актілер қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Электрлік және магнетизм
    Несиелер: 7

    "Электр және магнетизм" жалпы физика курсының бөлігі болып табылады. Пәнді оқу барысында студенттер табиғаттағы өзара әрекеттесудің электромагниттік түрімен, электр зарядымен және оның қасиеттерімен, зарядтың негізгі қасиеттерімен, Электростатика заңдарымен және негізгі теоремалармен, өткізгіштердегі және диэлектриктердегі зарядтардың қозғалысымен, магнит өрісінің қасиеттерімен, олардың магниттік қабылдағыштығы бойынша заттардың жіктелуімен, қозғалыстағы зарядтардың қуатымен, электромагниттік индукция құбылысымен және электромагниттік өрістің құбылысымен танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Цифрлық технологияларды салалар бойынша қолдану
    Несиелер: 5

    Пән қолдану салалары бойынша ҚР «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын ендіру және жүзеге асырудың кезеңдерін, электрондық қызметтерді көрсетудің цифрлық платформаларын, әртүрлі кәсіби салалар бойынша цифрлық технологияларды ендіру, қолдану жолдарын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Векторлық және тензорлық талдау негіздері
    Несиелер: 6

    Курс теориялық физикада кеңінен қолданылатын инвариантты математикалық аппараттың негізін құрайтын тензорлық сипаттағы математикалық объектілермен жұмыс істеу дағдылары мен түсініктерін қалыптастыруға бағытталған. Курсты оқу барысында студенттер өріс теориясының дифференциалдық операцияларын еркін меңгеруді үйренеді; өріс теориясының жаһандық ұғымдарымен танысады: ағын, циркуляция және т.б.; беттік және қисық сызықты интегралдарды пайдалана отырып, осы шамаларды есептеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Комплексті айнымалылар функциясының теориясы
    Несиелер: 5

    Комплексті айнымалылар функциясының теориясы - комплексті аргументтің функциясы қарастырылатын және зерттелетін математикалық талдаудың бөлімі. Бұл зерттеушіге классикалық математикалық талдауда жоқ жаңа құралдар мен мүмкіндіктерді береді. Көптеген практикалық жағдайларда математикалық қорытындыларды да, математикалық объектілерді да оңайлату мүмкіндігі туындайды, бұл модельдеуді және тиімді технологиялық қолдануды оңайлату үшін маңызды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Рухани жаңғыру
    Несиелер: 5

    Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қоғамның рухани дамуының басымдықтары айқындалып, бағдар берілді. Рухани жаңғыруды жедел жүзеге асыру міндеті қойылды. Қазіргі заманның талабына сәйкес қоғам дамуының іргелі қағидасының бірі жастардың білімге, прагматизмге, бәсекеге қабілеттілікке деген ұмтылыс болуы қажет. Білім алушылардың зердесі мен санасының ашықтығы – рухани жаңғыруды тиімді жүзеге асырудың басты шарты болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік және бизнес
    Несиелер: 5

    Теориялық, ғылыми және практикалық білім арқылы «Кәсіпкерлік және бизнес» пәні студенттерге бизнес жоспар жасауға, оны ұйымдастыруға және жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызмет жүйесінде нақты және туындайтын мәселелерді шешу үшін құқықытық, экономикалық, басқару мен ұйымдастыру мәселелрін шешудің ғылыми – перактикалық ойлау жүйесін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Электрлік және магниттік құбылыстар физикасы
    Несиелер: 7

    Бұл курс электр және магнит өрісінің табиғаты, электромагниттік өріс және электромагнетизмнің негізгі заңдары туралы студенттердің қазіргі заманғы жаратылыстану көзқарасын қалыптастырады. Бұл пәннiң мақсаты – Максвеллдің физикалық теориясына әкелетін тәжiрибе және ғылыми эксперимент арқылы алынған нәтижелердi жалпылау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Дифференциалдық және интегралдық теңдеулер
    Несиелер: 5

    Курс математикалық физиканың дифференциалдық және интегралдық теңдеулер териясының негіздерін және олардың практикалық әдістерін қарастырады. Оқыту кезінде бірінші ретті жай дифференциалдық теңдеулер, біртекті, сызықты, жоғары ретті дифференциалдық теңдеулер, сызықтық оператор, интегралдық теңдеулердің классификациясы, дифференциалдық теңдеулер жүйесі жіне т.с.с. қарастырылады. Метрикалық және сызықтық кеңістіктер, толық кеңістік ұғымдары енгізіледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Іскери риторика
    Несиелер: 5

    Курс кәсіби-тәжірибелік ба,ытта құрастырылған. Оны оқу арқылы кәсіби маңызды жағдайларда риторикалық іс-әрекет технологиясын игеру көзделген. Білім алушылардың сөздік білімділігін арттыру, тиімді іскерлік қарым-қатынас қағидалары, жұрт алдында сөйлеудің ұтымды ықпал етуін қамтитын негізгі факторлар мен үдерістері, шешен мен аудитория ынтымақтасуының формалары мен құралдары туралы білім алу курстың міндеттеріне кіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология негіздері және тіршілік қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Оқу пәні адамның қоршаған ортамен қауіпсіз өзара әсер тәсілдерін, адамның қауіпсіз ортада тіршілік етуін, экологиялық факторларды, қоршаған орта сапасының ғаламдық өзгерістерін және олардың салдарын қарастырады. Сонымен қатар, су ресурстарының, әуе бассейнінің экологиялық қауіпсіздігін, жер ресурстарының деградациясы мен тозуын, экологиялық тәуекел, ҚР азық түлік қауіпсіздігі және ҚР территориясындағы антропогенді әс-әрекетпен байланысты табиғи, техногенді апаттарды және олардан қорғану тәсілдерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра
    Несиелер: 5

    Аналитикалық геометрия - Рене Декартпен құрылған координаттар әдісінің көмегімен геометриялық объектілердің қасиеттерін зерттейтін геометрия бөлімі. Аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра курсы-математикалық білім негізінде жатқан базалық математика курсының бірі. Сондықтан курстың негізгі мақсаты-студенттерді математикалыө және физикалық курстарды оқу кезінде қажетті математикалық аппаратпен таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Толқындық оптика
    Несиелер: 5

    Курстың негізгі мәселесі теориялық физика және арнайы курстардың шеңберіндегі физиканың барлық тарауларын тереңдетіп және жан-жақты оқыту үшін негіз болатын білімнің іргелі базасын қалыптастыру, геометриялық және толқынды оптиканың негізгі түсініктерін және заңдарын меңгеру, сонымен қатар тәжірибе нәтижелерін саралап және типтік есептерді шешуге үйрету болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Оптика
    Несиелер: 5

    Бұл курсты оқу барысында студенттерде қоршаған табиғат әлемі туралы біртұтас, қалыпты, логика тұрғысынан қарағанда қарама-қайшылас тұжырымдары жоқ физикалық көзқарасты қалыптасады; классикалық физика тұрғысынан табиғаттағы негізгі оптикалық құбылыстар мен процесстер туралы түсініктермен танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ықтималдықтар теориясы
    Несиелер: 5

    Пәнді игеру кезінде кездейсоқ құбылыстардың заңдылықтарын және олардың қасиеттерін зерттейді және оларды статистикалық мәліметтерді талдау үшін қолдануды үйренеді. Бұл курс студенттерді теориялық және практикалық мәселелерді шешу үшін қажетті математикалық статистика және ықтималдық теориясы математикалық аппараттарының негіздерімен таныстыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    «Педагогика» курсын оқу барысында педагогика ғылымының іргелі және қолданбалы негіздері теориялары және технологиялары жаңа білім беру тұғырлар негізінде меңгертіледі. Педагогиканың теориялық негіздері үдерісінде инновациялық әдістер және педагогикалық іс-әрекеттің практикамен интеграциясы жүзеге асырылады. Болашақ мұғалімдер оқыту мен тәрбиенің принциптерімен, заңдылықтарымен, сонымен қатар, жалпы білім беретін мектептегі оқу-тәрбие үдерісінің жаңа технологияларымен танысады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Классикалық механика
    Несиелер: 5

    Бұл курс классикалық және аналитикалық механиканың негіздерінен алған білімдерін кәсіби қызметте әртүрлі динамикалық құбылыстарды сипаттау және зерттеу кезінде студенттердің алған білімдерін одан әрі пайдалану үшін қарастырады және заманауи физика мәселелерін шешуде, сонымен қатар жаратылыстану білімін жалғастыруды қамтамасыз ететін математикалық мәдениетті қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Электродинамика
    Несиелер: 5

    “Электродинамика” курсының негізгі мәселесі - электродинамика қазіргі кездегі зат пен сәуле шығарудың кванттық теориясының негізі кіріспесі екенін көрсету. Дербес салыстырмалылық теориясының негізгі қағидалары мен электродинамика заңдарының ковариантты жазылуын қарастыру. Студенттерге кеңістік пен уақыт туралы қазіргі заманғы түсініктерді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Атомдық және ядролық физика
    Несиелер: 5

    Берілген курс атомдық және ядролық құбылыстарды, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды оқып үйретеді; атомдық және ядролық құбылыстарды бақылау және эксперименттік зерттеудің негізгі әдістерімен таныстырады; кванттық механиканың негізгі ұғымдарымен және физикалық құбылыстарды оқып-үйренуде квантты-механикалық амалдың ерекшеліктерімен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Медицинада ядролық қондырғыларды қолдану
    Несиелер: 5

    Бұл курс ядролық қондырғыларды, үдеткіштер мен детекторларды пайдаланудың теориялық және практикалық білімдеріне негізделген. Негiзгi ықылас сәулелiк диагностиканың мынадай әдiстерiне бөлiнген: компьютерлік рентген диагностикасы, позитронды эмиссиялық томография, сцинтиграфия және тағы басқалар. Сонымен бiрге радионуклидтердiң терапевтиялық мақсаттар үшiн, ал иондаушы сәулеленудің хирургиялық мақсаттар үшiн (гамма-пышақтар деп аталатын) қолданылу перспективалары талқыланған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ядролық медицинаның физикалық негіздері
    Несиелер: 5

    Бұл курста студенттер ядролық медицина ерекшеліктері мен принциптерімен танысады. Студенттер радионуклидтерді және олармен байланысты медицинадағы диагностика, терапия және хирургия мақсатындағы иондаушы сәулеленуді қолданудың негізгі түсініктері мен мәселелерін оқып-үйренеді және меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Наножүйе физикасы негіздері
    Несиелер: 5

    “Наножүйе физикасы негіздері ” курсы студенттерге микротехнология, заманауи нанотехнологияның дамуының негізгі бағыттары, квантты приборлар және құрылғылар, наноэлектрониканың элементтік базасын құру және нанотехнология әдістері мен материалдары туралы түсінік береді. Студенттерге наноөлшемді нысандардың қасиеттері және бақылау параметрлерінің тиімді әдістерін, наноөлшемді элементтер мен құрылымдарды жасау, негізгі технологиялық процестерді түсіндіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Атомдар және атомдық құбылыстар физикасы
    Несиелер: 5

    Бұл курсты меңгеру кезінде студенттер атомдық және субатомдық микроәлемде болатын негізгі физикалық құбылыстармен, оларды теориялық ұғыну және эксперименттік бақылау әдістерімен, субатомдық физиканың физикалық шамаларының ауқымымен танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жалпы химия
    Несиелер: 5

    Бұл курс атом құрылысы, химиялық байланыс, химиялық реакциялардың термодинамикасы және кинетикасы, ерітінділер теориялары, координациялық теория жайлы негізгі ұғымдардың және жалпы химия бойынша негізгі түсініктерді қалыптастырады. Сонымен қатар элементтердің қасиеттерінің, жай және күрделі заттардың қасиеттерінің атомдардың электрондық құрылысына және қосылыстардағы химиялық байланыстардың түріне тәуелділігін анықтайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Шетел тілі. Ғылыми-техникалық аудару практикасы
    Несиелер: 5

    Техникалық, ғылыми мәтіндерді, іскерлік хатттарды, шарттарды аудара білу икемі және түсіндірме және аударма глоссарии жасай алатын, шетел тілінің синтаксистікқұрылымндағы ғылыми – техникалық үлгіде аудармалар жасай білу және топтық аудармалар жасау қажет.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Математикалық физика теңдеулері
    Несиелер: 5

    Берілген курс қолданбалы талдау рәсімдерін саналы қабылдау үшін студенттерді математикалық физика теңдеулерінің негізгі идеялары, тұжырымдамалары мен фактілерімен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Математикалық физика әдістері
    Несиелер: 5

    Бұл курс студенттерді физика бойынша нақты есептерді шешу үшін математикалық физика әдістерінің аппаратын қолдануды, оның алдында тұрған есептерді дұрыс құрастыруды және практикалық іс-әрекет үшін қажетті математиканың жаңа бөлімдерін оқып үйренуді, теориялық және математикалық физика саласындағы ой-өрісін кеңейтуді үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Кванттық механика
    Несиелер: 7

    Курс студенттерге микромир заңдылықтарын терең түсіндіреді. Студент кванттық заңдарға бағынатын құбылыстардың физикалық табиғаты туралы нақты түсінік алады, материалистік позициядан кванттық үрдістерді интерпретациялауды үйренеді. Ең бастысы студент олардың қолдану шегін білу және оларды тәжірибеде тиімді қолдана білу үшін іргелі жалпы және жақындатылған әдістерге баса назар аудару керек.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Шет тілі. Ауызша және жазбаша сөйлеу практикасы
    Несиелер: 5

    Курсты оқу кезінде шетел тілінің ауызша және жазбаша формадағы қағидаларын меңгертеді және меңгеріліп отырған тілдің практикалық және теориялық білімдерін кәсіпқой – әдістеме аумағындағы мәселелерді шешу кезінде пайдалана білуді үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Физиканы оқытудың теориясы мен әдістері
    Несиелер: 5

    Бакалаврларда физика пәні мұғалімінің кәсіби қызметінің әртүрлі түрлерін орындауға дайындық қалыптасады, оның барысында физика пәні мұғалімі орта жалпы білім беретін мекемелерде физика бойынша оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру туралы білімді қалыптастыру негізінде оқу-тәрбие, әлеуметтік-педагогикалық, мәдени-ағартушылық функцияларды жүзеге асырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Төменгі энергиядағы ядролық реакциялар
    Несиелер: 5

    Бұл курс барысында студент ядролық реакциялардың негізгі заңдылықтары мен ядро-ядролық өзара әрекеттесуі туралы нақты түсінік алуы керек. Ядролық реакциялардың әртүрлі механизмдерін зерттеу әр түрлі процестердің қималарын өлшеудің эксперименттік әдістерін меңгеруді, бар эксперименттік деректерді талдауды және оларды сипаттау үшін қолданылатын ядролық динамиканың қазіргі заманғы үлгілерімен танысуды көздейді. Бұл курс аясында атом ядроларында нуклондар мен ауыр иондардың серпімді және бірқалыпты емес шашырауының ерекшеліктерін, азконклонды беріліс және фрагментация процестерін, терең бірқалыпты шашырау және бірігу, радиоактивті ядролардың қатысуымен реакцияларды зерттеу қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Үдеткіштер физикасы
    Несиелер: 5

    Бұл курс электромагниттік өрістегі зарядталған бөлшектердің әсерлесуі аймағында білімін ұлғайтады, жұмыс істеп тұрған үдеткіштердің жұмыс жасау принципімен және үдетілудің балама механизмімен таныстырады. Сонымен қатар зарядталған бөлшектерді алу заңдылықтары, үдеткіштер түрлері, қолданылу аймағы, зарядталған бөлшектердің шоғырын қолданылуын ғылыми - тәжірибелік бағыттағы әр түрлі жұмыстарда алынған білімнің байланысы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Электроника негіздері
    Несиелер: 5

    "Электроника негіздері" курсы жалпы кәсіби пән болып табылады, онда электр және магнит тізбектерін есептеу заңдары мен әдістері, оларда болып жатқан процестер, сондай-ақ электр құрылғыларының құрылысы мен жұмыс істеу принципі қарастырылады. Пәнді оқу электржабдықтар мен электрониканы жобалау, монтаждау және пайдалану мәселелерін шешу кезінде электротехникалық құрылғыларды сауатты пайдалану бойынша мамандардың теориялық және практикалық дайындығын бекітеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ядролық физиканың тәжірибелік әдісі
    Несиелер: 5

    Курс ғылым мен техникадағы заманауи зерттеулерде қолданылатын ядролық физиканың экспериментік әдістері туралы, эксперименттен алынатын өлшеудің дәлдігі мен негізгі нәтижелері, қазіргі заманғы ядролық-физикалық экспериментті қою және жүргізу, олардың қолданбалы салалары туралы түсінік береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Нейтрондық физика
    Несиелер: 5

    Бұл курс нейтрондарды, олардың қасиеттері мен құрылымын зерттеуге бағытталған. Сонымен қатар бұл курстың мақсаты-студенттердің реакторлардағы физикалық құбылыстар, оларды теориялық ұғыну және эксперименталды бақылау әдістері, нейтрондық физиканың физикалық шамаларының ауқымдары туралы түсініктерін алу болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Вакуумдық техника және лазерлік жабдық
    Несиелер: 5

    Бұл курс ядролық физикадағы эксперименттерде қолданылатын вакуумдық техника туралы негізгі білімді, сонымен қатар физиканың әртүрлі салаларындағы заманауи қолданбалы зерттеулерде лазерлік технологияларды қолдануды қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Термодинамика және статистикалық физика негіздері
    Несиелер: 5

    Термодинамика және статистикалық физика теориялық физиканың бір бөлігі. Олар макроскопиялық жүйедегі, яғни микробөлшектердің көп шоғырынан құралған денелердегі физикалық процесстерді зерттеумен айналысады. Бұл пән студенттерге статистикалық физиканың және физикалық кинетиканың принциптік негіздерін түсіндіреді, физикалық жүйенің сараптаудың статистикалық әдістері мен феноменологиялық термодинамиканың әдістерінің арасындағы байланысты көрсетеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Есептеу физикасы
    Несиелер: 5

    "Есептеу физикасы" пәні жалпы физика курсының ажырамас және іргелі бөлігі болып табылады. Физиканың көптеген есептерін шешу MathCAD, MathLAB, Mathematica және т.б. сол сияқты қазіргі заманғы бағдарламалық құралдарды және сандық әдістерді қолданатын теориялық есептермен байланысты. Осылайша, аналитикалық ойлауды дамыту, техникалық тапсырма қою үшін студенттер осы курсты оқып үйренуі қажет.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Атом ядросының құрылымы
    Несиелер: 5

    Курс студентке әртүрлі процестердің қималарын өлшеудің эксперименталды әдістемесі туралы түсінік береді, студенттерде атомдар мен атом ядроларының соқтығысуы кезінде болатын процестерді түсіну үшін қажетті білім жүйесін қалыптастырады, S-матрица, амплитуда және шашыраудың фазасы сияқты ұғымдарды баяндайды, олардың шашыраудың дифференциалды қимасымен байланысын көрсетеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Конденсирленген күй физикасы
    Несиелер: 5

    Бұл курстың мақсаты-кристалдар мен аморфтық заттардың құрылысы, қатты денелердің құрылымы мен әртүрлі физикалық қасиеттерін зерттеу әдістері туралы жалпы түсінік беретін конденсирленген күй физикасының негіздерін жүйелі түрде баяндау. Бұл курсты оқу мақсаты-қатты денелердің атомдық-электрондық құрылымы, олардың құрамы және әртүрлі физикалық құбылыстар арасындағы тәуелділік туралы түсініктері бар мамандарды дайындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Нұрлардың затпен әсерлесуі
    Несиелер: 5

    Бұл курс сәулеленудің затпен әсерлесуінің фундаментальді заңдарын және заттың сәулеленумен әсерлесуі кезіндегі негізгі физикалық құрылысының және табиғатының өзгеруін түсіндіреді, атомдық ядролардың, зарядталған және нейтрал микробөлшектің әртүрлі құрылымды заттармен өзара әсерлесу физикасының жалпы заңдарын түсіндіреді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Қатты дененің физикасы
    Несиелер: 5

    Қатты дененің физикасы жеке атомдар мен молекулалардың арасындағы байланыстың орнығуын қарастырады. Бұл пәнді меңгеру мақсаты – қатты денелі материалдардың физикалық қасиеттерін зерттеу саласында жүйелендірілген білімді қалыптастыру және оларды әртүрлі техникалық құрылғыларда, соның ішінде электрондық құрылғыларда қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Радиациялық қауіпсіздік
    Несиелер: 5

    «Радиациялық қауіпсіздік» пәні иондайтын сәулелену көздерін пайдаланатын ғылымның, техниканың, медицинаның және халық тұрмысының салаларында маңызды. Пәнді оқудың негізгі міндеттері – АЭС-те және иондайтын сәулелену көздері қолданылатын басқа жерлер мен қондырғыларда қызмет ету қауіпсіздігімен байланысты салалар бойынша терең білімді мамандарды дайындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Дозиметрия негіздері
    Несиелер: 5

    Иондаушы сәулеленудің дозиметрия негіздерін оқыту, радиоактивтілік туралы жалпы ұғым, дозиметриялық қондырғылардың жұмыс істеу принциптерімен таныстыру. Радиоактивтілік туралы негізгі ұғымдары, салаларының қазіргі заманғы өзекті мәселелерімен таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Сандық әдіс және математикалық модельдеу
    Несиелер: 5

    Курс студенттерді нақты әлем заңдарын математикалық моделдеу процесінде пайда болатын есептерді шешудің компьютерлік-бағытталған есептеу алгоритмдерін әзірлеуді және тәжірибелік қызметте танымалы заңдарды қолдануды дайындауға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Қолданбалы ядролық физиканың физикалық негіздері
    Несиелер: 5

    Қолданбалы ядролық физиканың физикалық негіздері курсы ядролық физиканың негізгі ұғымдарын және оны қолдану саласын қамтиды. Курс ядролық физика саласындағы зерттеудің ядролық-физикалық әдістерін зерттеуге, ядролық медицина, ядролық энергетика, геохронологияда, олардың негізіндегі аккумуляторлар, пайдалы қазбаларды барлау сияқты салаларда радиоактивті изотоптарды пайдалануға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Ядролық астрофизика
    Несиелер: 6

    "Ядролық астрофизика" курсының мақсаты астрономиялық объектілердің шығу тегі, эволюциясы және құрылысы туралы жалпы білім алу, жақын және алыс ғарыш туралы, жалпы әлем және онда болып жатқан физикалық процестер мен құбылыстар туралы түсінік беру болып табылады. Курстың негізгі міндеттері: негізгі астрофизикалық концепциялармен танысу; астрофизиканың қазіргі заманғы мәселелерімен оның жаңа жетістіктерімен танысу; жалпы Астрофизика есептерін шешу дағдыларын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Элементар бөлшектер физикасы
    Несиелер: 6

    Курстың негізгі мақсаты - бөлшектердің жіктелуімен, электрмагниттік, әлсіз және күшті өзара әрекеттесулерді сипаттаудың теориялық негіздерімен танысу, элементар бөлшектерінің қатысуымен қарапайым процестерді есептеудегі практикалық дағдыларды алу, сонымен қатар студенттерді бөлшектер физикасының арнайы бөлімдерін: кванттық электродинамика, кванттық хромодинамика, әлсіз өзара әрекет теорияларын оқып-үйренуге дайындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Ядролық сәулелену детекторы (ядроның шағылу детекторы)
    Несиелер: 5

    Оқу пәнінің мақсаты - ядролық физиканың құралдары мен әдістері туралы негізгі түсінік беру, студенттерді ядролық электрониканың негізгі ережелері мен құралдарымен таныстыру,сонымен қатар эксперименттік ядролық физиканың заманауи әдістері туралы түсінік беру, бөлшектер мен сәулелену детекторларының әрекет ету принциптері туралы білім алу, бөлшектер детекторларымен және тіркеу аппаратурасымен жұмыс істей білу, физикалық эксперименттерде детекторлар мен тіркеу аппаратурасын пайдалану тәжірибесі.

    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Ядролық реакция теориясы
    Несиелер: 5

    "Ядролық реакциялар теориясы" курсының мақсаты студенттерге ядролық реакцияларды сипаттаудың негізгі тәсілдері туралы түсінік беру. Пәнді оқу барысында ядролық реакциялар теориясының математикалық әдістері, микромирде болатын процестердің физикалық заңдылықтары оқытылады. Кванттық механика заңдарын, атом ядросының теориясын және ядролық реакцияны дұрыс пайдалана отырып, физикалық есептерді шешу білігі қалыптасады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Қатты дене радиациялық физикасы
    Несиелер: 5

    Бұл пән жаңа материалдар мен берілген сипаттамалар құралдарын жасау үшін қатты денелердің сәулелену әсерлерін зерттейді. Радиациялық сәулелер альфа, бета, гамма және нейтрондар көзі және олардың заттармен әрекеттесуі және олардың қатты денелерге әсері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Сутегі энергетикасы және наноқұрылымды материалдар
    Несиелер: 5

    Бұл курс сутегі бөліну, сақтау және оны электрохимиялық жүйелерде отын ретінде пайдалану процестерімен байланысты физиканың теориялық және қолданбалы сұрақтары баяндалатын пәндер қатарына жатады. Осы негіздерді білу физика бойынша қазіргі заманғы маманға өнеркәсіпте сутекті энергетиканың қазіргі заманғы жүйесін әзірлеп, енгізуге, сутекті технологиялар мен материалдарды жетілдіру саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Пәнді меңгеру мақсаты-сутегі өндірісінің технологиясын, оның ішінде көміртекті энергетикасыз өндіру технологиясын, сутекті сақтау және тарату технологиясын, сутекті отын элементтерін іске асырудың негізгі электрохимиялық принциптерін, отын элементтерін құрастыру негіздерін оқып үйрену.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Ауыр иондар физикасы
    Несиелер: 5

    Бұл курста ауыр иондар физикасының төмен және орташа энергиялар кезінде екі күрделі ядроның өзара әрекеттесуінің іргелі сұрақтарынан бастап, оның шектес салаларда (жоғары технологиялар, биология, медицина және басқалары) іс-жүзінде қолданылуына дейінгі эксперименттік негіздерін үйретіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Атомдық реакторлар және ядролық энергетика
    Несиелер: 5

    Оқу пәнінің мақсаты-студенттердің ядролық энергияны алу үшін негізгі қондырғылар ретінде реакторлардың физикасы мен техникасын, сонымен қатар қазіргі заманғы Өнеркәсіпте қолданылатын ядролық реакторлардың негізгі типтерінің жұмыс істеу ерекшеліктері мен жұмыс істеу принциптерін анықтайтын физикалық процестерді тереңдете білуі.

    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Шашырау теориясы
    Несиелер: 5

    Осы курс барысында студент әртүрлі үдерістердің қималарын өлшеу әдістемесі туралы түсінік алады, S-матрица, амплитуда және шашырау фазасы сияқты ұғымдарды меңгереді, шашырату процесінің стационарлы емес және стационарлық сипаттамасымен танысу, шашырау күйлері үшін Шредингер теңдеуінің сандық шешімін меңгеру және негізгі шамаларды есептеу үшін әртүрлі жақындау әдістерін үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Экзотикалық ядролар
    Несиелер: 5

    Ядролық физиканың іргелі мәселесі - экстремалды күйіндегі ядролардың, яғни экзотикалық ядролардың қасиеттерін алу және зерттеу. Курсты оқу барысында студенттерде экстремалды жағдайлардағы ядролық материяның қасиеттері туралы түсінік қалыптасады, бұл микроәлемнің қасиеттері туралы ақпарат береді және әлемнің әр түрлі үдерістерін модельдеуге мүмкіндік береді. Курсты оқу барысында үдеткіштердің көмегімен экзотикалық ядроларды алу әдістері оқытылады және жаңа синтезделген жасанды жеңіл және аса ауыр ядролардың ерекше қасиеттері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Код ON10

    кәсіби қызметте мәселелерді шешу кезінде шетел тілінде жазбаша және ауызша кәсіби қатынасты жүзеге асыру. білім беру мекемелерінде физика бойынша оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру үшін талап етілетін кәсіби білімді, іскерлікті және дағдыларды игеру, ғылыми, іскерлік, өндірістік және академиялық міндеттерді шешу кезінде кәсіби қызметте белсенді қолдану үшін шет тілін меңгеру және ғылыми-техникалық аударма теориясының негізгі ұғымдары мен принциптерін қолдану.

  • Код ON5

    Құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау.

  • Код ON6

    Математиканың негізгі ережелерін, заңдарын, әдістерін меңгеру, кәсіби қызметте туындаған мәселенің жаратылысының ғылыми болмысын анықтап, оны шешу үшін тиісті математикалық аппарат қолдану.

  • Код ON1

    Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау.

  • Код ON11

    теориялық ядролық физика саласындағы базалық білімді қалыптастыру, атом құрылымының теориялық сипаттамасының заманауи әдістерін меңгеру және байланысты мәселелерді шешуде дағдыларды меңгеру.

  • Код ON12

    негізгі ядролық құбылыстарды, олардың пайда болу ерекшеліктерін, негізгі түсініктерін, шамаларын, эксперимент жүргізудің негізгі әдістерін және өлшеу нәтижелерін өңдеуді және нақты тапсырмалардың мазмұнын ядролық физика заңдарымен дұрыс байланыстыру дағдыларын меңгеру, негізгі құралдарды пайдалану.

  • Код ON7

    Кәсіби қызметте жаратылыстану ғылымдарының базалық білімдерін, соның ішіндежаратылыстану ғылымдарының пән туралы мағлұматы, зерттеу объектісі, зерттеу әдістері, заманауи тұжырымдары, жетістіктерін пайдалану, сонымен қатар кәсіби мәселелерді шешу кезінде физиканың жалпы және теориялық іргелі бөлімдерінің базалық теориялық білімдерін пайдалану.

  • Код ON13

    ядролық физиканың құбылыстарын медицинадағы ғылыми - техникалық, диагностикалық және емдік міндеттердің кең ауқымын шешу үшін ядролық физиканың негіздерін қолдануға, оларды нақты кәсіптік қызметте пайдалануға білімді қалыптастыру, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті бағалау.

  • Код ON8

    Ядролық физика аумағындағы процесстер мен әртүрлі құбылыстарды болжау мен оларды сипаттай білу, оларды практикада қолдану, ядролық физика аумағындағы әртүрлі сынақтарды, материалдар мен физикалық заттардың қасиеттерін, ядролық – физикалық процесстер мен құбылыстардың зерттеудің тәжірибелік және теориялық әдісін білу.

  • Код ON3

    Әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың

  • Код ON14

    теориялық оқыту нәтижесінде алған кәсіби білімдер, шеберліктер мен дағдыларды қалыптастыру және бекіту, ғылыми және кәсіби қызмет үшін баяндамалар, презентациялар түріндегі және т.б. белгілі және жеке ғылыми нәтижелерді көрсету.

  • Код ON9

    Зерттелетін процестердің математикалық модельдерін құру, ядролық-физикалық құбылыстар мен процестерді зерттеу үшін теориялық және сандық әдістерді қолдану, алынған зерттеу нәтижелерін өңдеу, оларды компьютерлік бағдарламалар көмегімен талдау және нәтижелердің маңыздылығын бағалау.

  • Код ON4

    Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық жағдайдан хабардар болу.

  • Код ON2

    Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу.

Top