Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M07102 Автоматтандыру және басқару в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Микропроцессорлық құрылғылар және жүйелер
    Несиелер: 5

    Микропроцессорлар мен микроконтроллерлерді ұйымдастыру, құру және пайдалану принциптері зерттеліп оқытылады. Микропроцессорлық құрылғылардың архитектурасының ерекшеліктері, командалық жұйелері, кіріс және дисплей құрылғылары қарастырылады. Микропроцессорлық басқару жүйелеріндегі коммуникацияларды ұйымдастыру, сонымен қатар микропроцессорлық басқару жүйелерін дамыту үрдістері зерттелді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару жүйелерін модельдеу
    Несиелер: 5

    Жүйені модельдеу түсінігі, тәсілдер классификациясы және модельдеу әдістері зерттеледі. Жүйелерді модельдеудің, жүйенің жұмыс істеу процестерін формализациялаудың және алгоритмдеуінің математикалық схемалары қарастырылады. Әртүрлі процестердің жүйелерін модельдеу зерттеледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектеп педагогикасы
    Несиелер: 4

    Бұл пән жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білім беру жүйесінде магистранттардың тұтас педагогикалық процессті ұйымдастыра білуін дамыту, кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктерді меңгеруге және табысты ғылыми шығармашылық белсенділіктерін дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Техниқалық жүйелерді автоматтандыру
    Несиелер: 5

    Түрлі техникалық объектілерді автоматтандыру жүйелерін жасау әдістері оқытылады. Басқару жүйелерін синтездеудің принциптері мен математикалық әдістері, математикалық моделдерін құруды автоматтандыру, сондай-ақ есептеу техникасы құралдарын пайдалана отырып жүйелердің анализ және синтез әдістері қарастырылады. Техникалық және микропроцессорлық бағдарламалық құралдарды қолданып объектілердің динамикалық қасиеттерін зерттеу мен жүйелерін құру аумағындағы ғылым мен техниканың дамуы мен өзгерістері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 4

    Аталмыш оқу курсының қажеттілігі магистранттардың негізгі заманауи психологиялық тұғырлар мен қағидаларды, жеке тұлғаға тән психикалық үрдістерін зерттеу әдістерін, іс-әрекет тетіктерін реттеуді жеке тұлға мен топтың мінез-құлық заңдылықтарын түсіну және оны қызмет барысында пайдалану ақылы дәлелденеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Интегрирленген жобалау және басқару жүйесі
    Несиелер: 5

    Бағдарлама-техникалық кешендерінің құру принциптері, бағдарламалық қамтамасыз ету жүйелерін, сонымен қатар компьютерлік техниканы, ақпаратты жинау және өңдеу жүйелерін, жалпы және өнеркәсіптік желілерге арналған жабдықты пайдалану арқылы жобалау жұмыстарын автоматтандыру мәселелері қарастырылады. Аппараттық құралдарың таңдау, технологиялық процесстерін және өндірістерің автоматтандыру есептерің шешу үшін SCADA-жүйелерінің тандау және құру принциптері зерттеліп оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Автоматтық басқарудың робастық жүйелері
    Несиелер: 5

    Анықталмағандығы бар жағдайында функционалданатын автоматтандырылған басқару жүйесін құратын әдістері зерттеліп, оқылады. Анықталмағандық түрлері, робасты басқару жүйесін құру принциптері қарастаралыды. Робасты автоматтындырылған басқару жүйені анализдеу және синтездеу әдістері, жүйенің робасты орнықтылығы зерттеледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 4

    «Шетел тілі (кәсіби)» курсы академиялық жазудың нормаларын меңгерту, сыни талдаулардың дағдыларын дамыту, ғылыми шолулар дайындау, аннотациялар, зерттеу тақырыптары бойынша рефераттар және библиографиялар құрастыруды қарастырады, тілдік емес мамандықтардың магистранттарына жоғары базалық стандарт (С1) деңгейіндегі шет тілдік білімді меңгерту үрдісінде мәдениаралық-коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Интеллектуалды басқару жүйелері
    Несиелер: 5

    Техникалық жүйелер мен технологиялық үдерістерді басқару үшін интеллектуалдық жүйелерді жобалау және құру саласындағы әдістері зерттеледі. Зияткерлік жүйелердің негізгі түрлерінің жұмыс істеу принциптері, жасанды нейрондық желілерді оқытудың негізгі алгоритмдері қарастырылады. Жасанды нейрондық желілерді енгізудің бағдарламалық және аппараттық әдістері және айқынсыз басқару алгоритмдері құрастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ғылым тарихы және философиясы
    Несиелер: 4

    «Ғылым тарихы мен философиясы» курсы магистранттардың бойында ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырып, сараптамалық қабілет пен ізденіс қызметінің дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • ERP-жүйелері
    Несиелер: 5

    Арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы кәсіпорын ресурстарын оңтайландыруға бағытталған логистика, қаржы және персоналдың интеграциялық стратегиясы оқытылады. Кәсіпорынның өндірістік ресурстарын жоспарлау, өндіріс жоспарын оперативті басқару, қызмет нәтижелерін есепке алу және талдау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу (ТҚК) әдісі қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Басқару жүйелердің идентификациялау әдістері
    Несиелер: 5

    Ашық және жабық тізбектердегі бейпараметрлік идентификациалау әдістері, тәжірибені жоспарлау және модельдің дұрыстығын бағалау әдістері зерттеледі. Басқару нысаны туралы ақпараттарды жүйелеу тәсілдемелері, сонымен қатар математикалық модель түрлері мен құрылымы, тесттік сигналдар синтездеу, бағалаудың ең жақсы әдісін таңдау әдістері оқытылады. Модельдерді есептеу мен зерттеу әдістері мен алгоритмдері, типтік бағдарламалық құралдар мен әдістемелерді қолдану әдістері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Басқару теориясының әдістері
    Несиелер: 5

    Үзіліссіз және дискретті уақыт аралығында векторлық-матрицалық модельдер көмегімен күй кеңістіктегі динамикалық басқару объектілерін сипаттау әдістері зерттеледі. Объектілердің негізгі қасиеттерін және олардың векторлық-матрицалық модельдері негізінде басқару жүйелерін талдау әдістері мен алгоритмдері, сондай-ақ реттеушiлер мен бақылаушылармен басқару жүйелерiн синтездеудiң әдiстерi мен алгоритмдерi қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Адаптивтік басқару жүйелері
    Несиелер: 6

    Түрлі адаптивті жүйелерді құру принциптері және жобалау технологиялары зерттеліп қарастырылады. Көпөлшемді сызықты жүйелерді талдау және синтездеу әдістері, адаптивті басқару жүйесін модельдеу, адаптивті басқару жүйелеріне негізделген автоматтандыру жүйелерін жетілдіру перспективалары қарастырылады. Адаптивті жүйелерді әзірлеу үшін эксперименталды және конструкторлық есептерді жүргізу мақсатында басқару теориясы әдістемесі зерттеледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Өнеркәсіптік IoT
    Несиелер: 6

    Өнеркәсіптік заттар интернетінің (IIoT) негізгі түсініктері мен ережелері зерттеледі. Өлшемдер теориясының негіздері, өлшеу жабдықтарының құрылысы, ақпараттық-өлшеу жүйелерінің теориясы, IoT технологияларын қолдану арқылы өндірістік процесті басқару қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Бейсызықтық басқару жүйелері
    Несиелер: 5

    Бейсызықты автоматтандырылған басқару жүйені құру және зерттеу әдістері зерттеліп, оқылады. Кері байланысты сызықтандыру әдісі жүйе синтезі, динамиканың кері есепті әдісі, сонымен қатар ауыспалы құрылымымен автоматты басқару жүйелерін синтездеу әдісі қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Үлкен мәліметтерді талдау және өңдеу әдістері
    Несиелер: 6

    Мәліметтердің үлкен массивтерін талдаудың технологиялары мен әдістері және олардың негізінде технологиялық объектілерді бақылау үшін автоматтандырылған интеллектуалды ақпараттық басқару жүйелерін құрастыру қарастырылады. Машиналық оқытуды қолдану, мәліметтерді инфрастурктурада сақтау және өңдеуді үлестіру, NoSQL декректер базасын құру сұрақтары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Басқару мәселелеріндегі оңтайландыру әдістері
    Несиелер: 5

    Математикалық бағдарламалау есептерінің оңтайлы шешімдерін табудың математикалық әдістері теориясының негіздерін, шектеулі де, шектеусіз де көп айнымалылы функцияларыдың экстремумдарын табу мәселелері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Оптималдық басқару жүйелері
    Несиелер: 5

    Оптималды басқару процестерінің математикалық аппараты оқытылады. Оптималды процестер теориясының әдістері, оптималды басқару есептерді қалыптастыру және оңтайлы басқару үшін қажетті жағдайлар қарастырылады. Әртүрлі мәселелер бойынша шешімдер алуға мүмкіндік беретін математикалық аппарат құрастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON8

    Басқару жүйелерін автоматтандыру тапсырмаларын шешуде оптималды басқару әдістерін тәжірибеде қолдану, бейсызықты жүйелердің жалпы қасиеттерін талдау үшін математикалық әдістерің қолдану, бейсызықты жүйелерін зерттеу кезінде есептеу жұмыстарын орындау, математикалық модельдерді құру мақсатымен бейсызықты жүйелердің анализі мен синтезі есебін шешу, математикалық бағдарламалау есептерінде оңтайлы шешімдерді табу әдістерін қолдану, есептердің шешімін табу алгоритмдерін құрастыру.

  • Код ON7

    Математикалық модельдерді құру мақсатымен басқару жүйелерін талдау, басқару нысанының математикалық моделін құру және зерттеу, жүйелік басқару және қазіргі математикалық әдістерді қолданумен байланысты мәселелерді шешу.

  • Код ON1

    Негізгі дүниетанымдық және әдістемелелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді, талдайды және кәсіби қызметте пайдаланады.

  • Код ON5

    Нақты мақсаттар үшін үлкен мәліметтерді сақтау және өңдеуге талап қоя білу, қойылған талаптарға сәйкес олардың өңделуі мен сақталуын ұйымдастыру.

  • Код ON6

    Кәсіпорында IoT желісін ұйымдастыру, IIoT желілеріне негізделген тармақталған интеллектуалды өндіріс жүйелерін ұйымдастыру, IoT технологияларын қолдана отырып, өндіріс процесін басқару.

  • Код ON10

    Модельдеу тәсілдері мен әдістерін, жүйелерді модельдеудің математикалық схемаларын, жүйелердің жұмыс істеу процестерін формализациялау және алгоритмдеуді қолдану, әртүрлі процестерді модельдеу, түрлі параметрлік емес идентификациялау тәсілдерін қолдану және адекватты математикалық модельдерді құру; параметрлік идентификациялау тәсілдерін сипаттау, бейсызықты жүйелерді идентификациялау тәсілдерін сипаттау және қолдану.

  • Код ON2

    Заманауи педагогикалық технологияларды және коммуникативті дағдыны игеру білу.

  • Код ON3

    Басқару үдерістері мен жүйелеріне кешендік талдау жүргізу, техникалық жүйелерді автоматтандыруда басқару әдістерін қолдануға автоматтандырылған басқару жүйелерін құрастыруда бағдарламалы-техникалық жабдықтарды тиімді таңдау, бағдарламалау және пайдалану, өндірістік роботтарды бағдарламалау, әртүрлі датчиктермен, орындаушы механизмдермен және сигналдарды өңдеу құрылғыларымен жұмыс істеу.

  • Код ON9

    Техникалық жүйелер мен технологиялық үдерістерді басқару үшін интеллектуалдық жүйелерді жобалау және құру; жасанды нейрондық желілерді оқыту, жасанды нейрондық желілерді енгізудің бағдарламалық және аппараттық әдістері және айқынсыз басқару алгоритмдері қолдану, алынған білімді басқару есептерін шешу үшін корпоративтік жүйелер мен ақпараттық технологияларды таңдау және енгізу сұрақтарын шешу.

  • Код ON4

    Кәсіптік қызыметінде жаңа ақпараттық технологияларын қолдануын, автоматтандырылған есеп шешімдерін құруын, аппараты-программалық құралдырын таңдауын білуге, басқару жүйелерінің микропроцессорлық құралдарын, технологиялық нысандарды цифрлық басқарудың принциптерін қолдану, сонымен қатар логикалық басқару жүйелерін синтездеу.

  • Код ON11

    Параметрлері анықталмаған және ақпараты толық емес жүйелер үшін робасты басқару теориясын зерттеу және қолдану, бейімді жүйелерді құру үшін жүйе параметрлерін бағалау және идентификациялау әдістерін зерттеу және қолдану. Көпөлшемді жүйенің өтпелі функциясын табу, өтімділік функциясынан векторлы-матрицалық модельдерге ауысуы үшін модельдеу сұлбаларын қолдана алу, көпөлшемді жүйенің жағдайын бағалау үшін сапа критерийлерін қолдану, нақты реттеу объектілерінің көпөлшемді және көпбайланысты модельдерді жобалау.

Top