Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01201 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы в Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

  • Ерте жас педагогикасы
    Несиелер: 4

    Мектепке дейінгі педагогиканың ғылыми негіздері, үш жасқа дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері мен заңдылықтарын, ерте жастағы педагогика және психология негіздерін интерграциялау, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің мәні,мектепке дейінгі мекемедегі педагогикалық процесс туралы түсініктері кеңейеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қоршаған ортамен таныстыру
    Несиелер: 6

    МЖМБС талаптарына сәйкес мектепке дейінгі білім беру жағдайында «Әлеумет» білім беру саласында оқыту әрекетін жүргізудің инновациялық әдістері мен технологияларын қолдануға білім алушылардың дайындығын қалыптастырады. Өзін-өзі тану, экология негіздері, қоршаған ортамен таныстыру бойынша негізгі ережелердің тұжырымдамалық ерекшеліктерін (Отанға деген махаббат, үлкенге құрмет, позитивті мінез-құлық) туралы түсініктері кеңейеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Баланың әлеуметтік дамуы
    Несиелер: 6

    «Әлеумет» білім беру саласын іске асырудағы баланың әлеуметтік дамуының негізгі заңдылықтары, механизмдері мен детерминанттары; баланың әлеуметтік даму кезеңдері, әлеуметтік факторлары, балабақшада әлеуметтік дағдыларды дамыту, балалардың әлеуметтік бейімделуі және бейімделе алмауы, әлеуметтік тәрбие және оның құралдары мен технологиялары туралы түсініктерін дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Баланың сөйлеу тілі
    Несиелер: 6

    Балалар тілін зерттеудің құрылымдық, функционалдық және когнитивті бағыттарын; балалардың лексиканы, грамматиканы, фонетиканы, байланыстырып сөйлеуді меңгеруінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін; балалардың тілдік даму бағдарламаларын әзірлеудің психологиялық-педагогикалық негіздерін; тілді дамытудың мазмұнын, ғылыми әдістері мен құралдарын; бала қарым-қатынасын және тілдік ортасын; әлеуметтік тәжірибені және ана тілін меңгерудің негізгі құралы ретінде тіл қарым-қатынасын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    Мектеп жасына дейінгі балалардың физиологиялық ерекшеліктері; онтогенездің әр түрлі жас кезеңдерінде бала ағзасының морфофункционалды дамуы мен заңдылықтары (денсаулығын сақтау, дене дайындығы, әлеуметтік, тіл дамыту, интеллектуалды дамыту, көру, есту, қабылдау, қозғалыстардың дамуы, жеке дамуы) туралы түсініктерін пәнаралық интеграциялау арқылы дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жасерекшелік психологиясы
    Несиелер: 4

    Пәнді оқыту барысында әртүрлі мектеп жасындағы балалардың өз жас ерекшелігіне сай психикалық даму өзгешеліктері психологияның сан алуан әдістерін қолдану арқылы айқындалып қарастырылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жас бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік шақтағы балалардың психикалық қасиеттерінің қалыптасу жолдары айқындалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Балабақша мен отбасының өзара әрекет етуінің инновациялық формалары
    Несиелер: 5

    Балабақша мен отбасы арасындағы ынтымақтастықтың инновациялық формалары мен технологияларын, педагог-тәрбиешілердің мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілерінің отбасымен өзара әрекеттесуінің маңыздылығы туралы білімдерін, отбасымен жұмыс істеу үшін материалдарды дұрыс таңдау және қолдану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Мектепке дейінгі білім берудегі ұлттық мәдени құндылықтар
    Несиелер: 5

    Ұлттық мәдениетке деген құндылықтық қатынасты, балаларды ұлттық мәдениет пен өнер арқылы көркемдік және эстетикалық тәрбиелеу мен дамытудың маңыздылығын сипаттайды. Ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, өнер түрлері (фольклор, ұлттық мерекелер, ұлттық киім, ас үй), өмір салты, ұлттық білім беру дәстүрлері, отбасының рөлі, тұлғааралық, мәдениетаралық ортаға ұлттық мәдени құндылықтарды интерграциялау дағдысын дамытуды көздейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Ғылыми зерттеулердің әдістері
    Несиелер: 5

    Зерттеу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың заманауи жетістіктері негізінде ғылыми зерттеулерді жүргізудің негізгі теориялық ережелері, технологиялары, операциялары, практикалық әдістері мен әдістері бойынша білім алуға және ғылыми зерттеулерді меңгеруге мүмкіндік береді ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау, ғылыми ізденіс, талдау, эксперимент, деректерді өңдеу, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, негізделген тиімді шешімдерді алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Сауат ашу
    Несиелер: 5

    Сауат ашу технологиясының мектепке дейінгі кезеңдегі оқу-тәрбие жүйесіндегі маңыздылығы жөнінде білімді тереңдетуге бағытталған. Пәнаралық білімді интеграциялай отырып, дыбыстарды дұрыс айту, әріптерді таңбалау, жазу, сөздің дыбыс, буын құрамын меңгерту, сөздік қорын байыту, практикалық түрде қазақ тілінің нормасына сай сөйлем құрастыру, балалардың біліктері мен жетістіктерін диагностикалау дағдыларын дамыту көзделеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Мектепке дейінгі мекемедегі әдістемелік жұмыс
    Несиелер: 6

    Мектепке дейінгі мекемедегі әдіскердің және әдістемелік кабинеттің жұмысын, құжаттаманы жүргізу әдістерін, есепке алу және есеп беруді; пәндік-дамытушылық ортаны құру, педагогтермен жұмыс жүргізу және олардың жұмысын бақылау, мектепке дейінгі мекемеде оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын мониторингтеу, қызметін жоспарлау және жаңартылған мазмұнды білім берудің нормативтік, озық педагогикалық тәжірибені тарату және енгізу тұрғысында құжаттаманы әзірлеу туралы білімдерін дамытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Мектепке дейінгі педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 5

    Тәрбие процесінің мазмұны, бала құқығы мәселесі, мектепке дейінгі білім берудің қалыптасу, даму кезеңдері, тәрбие жұмысын ұйымдастыру жолдары қарастырылады. Мектепке дейінгі мекеменің МЖМБС сай білім беру процесі, мектепке дейінгі және ерте жастағы балалармен жұмысты жоспарлау, іске асыру және талдау, педагог пен тәрбиеленушілердің ойын, танымдық, әлеуметтік-коммуникативтік әрекет кеңістігі; тәрбиенің заманауи парадигмасы туралы түсініктері кеңейеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің ғылыми-теориялық негіздерін, мақсатын, міндеттерін ашады. Білім алушыларда балаларды қозғалу іс-қимылдарына үйрету, гимнастика, жалпы дамыту жаттығулары, қозғалыс ойындар, мектепке дейінгі мекемедегі дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беру бағдарламаларын іске асыруда ЕБҚБ балаларды сүймелдеу қызметі, әдістері мен формалары, принциптері мен факторлары, оқыту-дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері туралы білімдерін дамытуға бағытталған. Жеке кәсіби өсуі мен білім беру траекториясын жобалау; ББ әзірлеу технологиялары; инклюзивті білім беру кеңістігінде педагогтің практикалық қызметінің ерекшеліктерін зерделей алу дағдысын дамытуды көздейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Мектеп жасына дейінгі балаларға әдебиеттік білім беру
    Несиелер: 5

    Мектеп жасына дейінгі балаларға әдеби білім берудің теориялық-әдістемелік идеялар жүйесін құрайтын әдебиеттанудың педагогикалық негіздерін, өнер туындысын түсінуін; балабақшадағы балалар әдебиетін оқыту процесін және балалар әрекетінің түрлі нысандарын; кітаппен жұмыс істеу формаларын, балалардың жас ерекшілігіне сай оқуға үйрету әдеби білім берудің әдістері мен технологияларын пайлалана алу дағдысын дамытуды көздейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсінік қалыптастыру
    Несиелер: 6

    МЖМБС талаптарына сәйкес «Таным» білім беру саласында балалардың әрекет кеңістігін ұйымдастыруда инновациялық әдістер мен технологияларды қолдануға дайындығын; мектеп жасына дейінгі балаларға математикалық білім беруде басшылыққа алынатын негізгі бағдарламаларды, математикалық білімді жүзеге асыруда, сан мен мөлшер, уақыт пен кеңістік, пішін мен көлем туралы білімдерін дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Мектепке дейінгі мекемедегі мәдени шараларды ұйымдастыру мен жүргізу
    Несиелер: 4

    Мәдени шараларды ұйымдастыру мазмұны, әдістері (ойын, сахналау, сайыс, тақпақ оқу және жаттау, импровизация), тиімді формалар (концерттер, музыкалық-әдеби композиция, музыкалық ойындар мен сауықтар, қойылымдар, драматизациялау ойындары, қуыршақ театрлары, хореографиялық миниатюралар) және мәдени шараларды ұйымдастыруға қойылатын талаптар, әдістері, түрлері (демалыс, ойын-сауық, мерекелер, шығармашылық), «Шығармашылық» білім

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Мектепке дейінгі білім беруде компьютерлік технологияларды қолдану
    Несиелер: 5

    Мектепке дейінгі білім берудегі компьютерлік технологияларды пайдалану мақсаттарын, міндеттерін, ерекшеліктерін көрсетеді. Мектепке дейінгі білім беруде тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін кеңейтуге мүмкіндік беретін компьютерлік технологияларды таңдап (сөйлейтін әліппе, қалам), қолданады. Мектепке дейінгі балаларда ақпараттық технологиялармен жұмыс жүргізу негіздерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Балалар шығармашылығы
    Несиелер: 7

    Балалар шығармашылығының мазмұны; білім алушылардың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сай, «Шығармашылық» білім беру саласындағы оқыту процесін интеграциялау; қоршаған ортаны эстетикалық қабылдауды қамтамасыз ететін факторлар; балалар шығармашылығының ерекшеліктері мен түрлері (сурет салу, жапсыру, жапсыру, музыка); шығармашыл дарынды балалармен жұмыс істеу бағыттары туралы білімді қалыптастырады (робототехника, құрастыру, бағдарламалау, үлгілеу, 3D-жобалау).

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Бағалаудың заманауи технологиялары
    Несиелер: 5

    Бағалаудың заманауи технологияларының ғылыми негізін; пəндік жəне метапəндік нəтижелерді бағалау өлшемдерін жоспарлауды; білім беру жүйесінің талаптарына жауап беретін критериалды бағалау жүйесін; тұлғаның функциональдық сауатылығын қамтамасыз ететін, түйіндіқұзыреттілікті қалыптастыратындай бағалау жəне өзін-өзі бағалау механизмін; тұлғалардың оқу жетістіктерін мониторингілеудің талаптарын қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Педагогтің сөйлеу мәдениеті
    Несиелер: 7

    Мектепке дейінгі балалардың жеке дамуындағы педагог-тәрбиешінің сөйлеу тіліне қойылатын мәдени және әдістемелік талаптарды, мәдени сөйлеу дағдыларын (дұрыстығы, дәлдігі, қисындылығы, тазалығы, мәнерлілігі, байлығы, орындылығы; педагогтің тілдік емес қарым-қатынас құралдарын дұрыс пайдалануы, мәнерлеп көркем оқу және айту дағдылары) дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Мектепке әлеуметтік-тұлғалық дайындық
    Несиелер: 6

    Баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру, жаңа міндеттерін түсіну және қабылдауға, жаңа мектептегі өмір салтынан өз орнын табуға көмектесу, еркіндік пен жауапкершіліктің жаңа деңгейін табуға уйрету, өзін-өзі бағалау қабілетіне дағдыландыру, мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық, сөйлеу, интеллектуалдық даму ерекшеліктерін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жүйесінде қосымша білім беруді ұйымдастыру
    Несиелер: 6

    Қосымша білім беруді жалпы білім берудің вариативті құрамдас бөлігі ретінде балалардың шығармашылық потенциалын дамыту, социумға бейімделу дағдыларын дамытады. Қосымша білім беру түрлері, ББМДҰ жағдайында қосымша білім беру қызметтерін көрсету, түрлі бағыттағы қосымша білім беру бағдарламаларының сипаттамасы (ғылыми-техникалық, көркем, жаратылыстану т.б.), репетиторлық, пәндерді тереңдетіп оқыту мәселелері туралы білімдерін тереңдетуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мектепке дейінгі мекемедегі педагогтердің мектеп жасына дейінгі балаларға қосымша білім беру жүйесіндегі іс-әрекетін әдістемелік сүйемелдеу
    Несиелер: 6

    Қосымша білім беру әдістемесінің ерекшеліктері, құрылымы мен мазмұны, мәні, негізгі ұғымдары, білім беру қызметін ұйымдастыру модельдері туралы білімдерін тереңдетуге бағытталған. Қосымша білім беру бағдарламаларын іске асырудың инновациялық әдістері мен технологияларын; сабақ ерекшеліктерін, дидактикалық мәдениетті, бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етуді және қосымша білім беру саласындағы педагогтің тьюторлық позициясытуралы түсініктерін кеңейтеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мектепке психологиялық-физиологиялық дайындық
    Несиелер: 6

    Баланың мектепке психологиялық дайындығы баланың мектеп жағдайына бейімделуіне және жүйелі оқуды бастауға көмектесетін оқу жүйесінің қажетті психологиялық алғы шарттарының қалыптасуын көмектесетін, функционалды дайындық, зияткерлік дайындық, физиологиялық дайындық балалар үшін өте маңызды кезең, мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық, сөйлеу, интеллектуалдық даму ерекшеліктерін ажыратады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мектеп жасына дейінгі балаларға қосымша білім беру жүйесінде дарынды балалармен жұмыс жүргізу
    Несиелер: 6

    Қосымша білім беру ұйымдарында дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру және іске асыру, дарынды балаларды оқыту, тәрбиелеудегі үйлесімді эмоционалдық және әлеуметтік дамуына әсер ететін психологиялық-педагогикалық және нақты-кеңістіктік даму ортасын қалыптастыру, ата-аналары мен педагогтеріне оқу-тәрбиелік көмек көрсете алу дағдысын дамытуды көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мәнерлеп оқу практикумы
    Несиелер: 5

    Мектепке дейінгі балаларды көркемсөз оқу өнері ретінде мәнерлеп оқуды қалыптастыруға бағытталған. Білім алушыларға мәнерлеу құралдары, орфоэпия және оның мәнерлеп оқудағы маңызы, фониканың мәнерлі мүмкіндіктері, сөйлеу техникасы, сөйлеу логикасы, интонация және оның құрамдастары, лирикалық, прозалық шығарманы, ертегілерді, мысалдарды мәнерлеп оқу, педагогтың тәрбиелік-білім беру процесіндегі мәнерлеп оқу мен сөйлеуінің рөлі қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялық технологиялар
    Несиелер: 5

    Пән педагогикалық технологиялардың дамуының тарихи аспектісін, педагогикалық технологиялардың жіктелуін, білім беру үрдісінің бала тұлғасын зерттеуге бағытталған. Білім беру технологияларын меңгерудің дағдылары мен біліктерін қалыптастыруға ықпал етеді. Пәнде ойын технологиясы, еркін дамудың білім беру технологиялары, дамыту, зерттеу және проблемалық оқыту технологиялары, балаларды ерте дамыту технологиясы. ТРИЗ технологиясы, денсаулық сақтау технологиялары қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мектепалды даярлықтың нормативтік және әдістемелік қамтамасыз етілуі
    Несиелер: 6

    Мектепалды даярлықты ұйымдастырудың нормативтік-әдістемелік жағдайдарда педагог-тәрбиешінің кәсіби қызметінің сапасын қамтамасыз ету, мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиелік білім беру қызметінің дағдыларын меңгерген жаңа формацияның мамандарын даярлауда балалардың дамуына педагогикалық диагностикалаудың түрлі әдістерін қолдана алатын мектепке дейінгі мекемелердегі қызметке бағдарланған ғылыми ақпаратпен жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON1

    Балалардың жеке және командада тілдік, қимыл-қозғалыс, эмоционалдық, әлеуметтік, когнитивті қарым-қатынас жасау қабілетін анықтайды

  • Код ON3

    Мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығына саналы түрде қарау дағдыларын, балалардың өмірін қорғау және қауіпсіздік мәдениеті негіздерін қолданады

  • Код ON6

    Кәсіби міндеттерді шешуде білім беру ортасын зерттеудің ғылыми негіздерін, әдістері мен тәсілдерін жобалайды

  • Код ON8

    Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық, зияткерлік және тұлғалық дамуына бағытталған іс-әрекеттерді интеграциялай отырып,оқу-әдістемелік құжаттамалар әзірлейді

  • Код ON5

    Заттық-кеңістік дамытушы ортаны балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне қарай ұйымдастыруда кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді бағалайды

  • Код ON2

    Мектепке дейінгі педагогика, психология, физиология және балаларды әлеуметтік-эмоционалдық қолдау жүйесінің нормативтік-құқықтық негіздерін, зерттелетін саладағы білімі мен түсініктерін көрсетеді

  • Код ON4

    Біліктері мен дағдыларының дамуын мониторингтеуде балалар әрекетін ұйымдастырудың инновациялық технологияларын таңдайды

  • Код ON7

    Ғылыми зерттеу жұмыстарын орындау барысында ұлттық-мәдени құндылықтарды қолдана отырып салыстырмалы талдау жүргізеді

Top