Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01706 Өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау в Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

  • Әдебиеттануға кіріспе
    Несиелер: 4

    Әдеби шығарманың фабуласы мен сюжеттік дамуы, кейіпкерлер портреті мен образы, әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясы, шығармадағы тілдік бейнелеулер, шығарманы өмірмен салыстырып бағалау жайлы түсінік қалыптастырады, эссе жазудың жолдарын, әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан талдауды үйретеді; талдаудың ерекшелігіне сай сыни және жүйелі ойлауын дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Өзбек диалектологиясы
    Несиелер: 5

    Өзбек диалектологиясының зерттелуі, өзбек диалектологиясының тұжырымдамалық-терминологиялық аппараты,транскрипция ерекшеліктері, диалектті классификациялау принциптері жайлы білім және түсініктерін метапәндік тәсілге негізделген тұрғыда қарастырады. Өз ой-пікірлерін сыни тұрғыда ойлау қабилетін қалыптастыру мақсатында алған білімдерін тәжірибеде қолдай алады,пәннің өмірдегі рөлін негіздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    Оқушылардың физиологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тіл біліміне кіріспе
    Несиелер: 4

    Дүниежүзі тілдерінің пайда болуы мен дамуы, генеологиялық, типологиялық ерекшеліктері, тілдің табиғаты, коммуникативтік қызметі, ойлау,тіл мен қоғамның диалектикалық бірлігі жайлы мәселелерді пәнаралық байланыста қарастырады. Пәннің ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылығын сыни ойлау тұрғысынан саралауды, ғылым мен әдістеменің соңғы жетістіктеріне сүйене отырып зерттеуді меңгертеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті
    Несиелер: 7

    Пәнаралық байланыс негізінде Орхон ескерткіштері мен М.Қашғари, Қ.А.Ясауи, халықтың дүниетанымы мен наным-сенімі, ұлттық әдебиетіміздің алғашқы өкілдері - Асан қайғы, Қазтуғаннан бастап Доспамбет, Жиембет, Ақтамберді, Бұхар жырау сияқты ақындық поэзияның көрнекті өкілдерінің шығармашылығын қамтып, ежелгі түркілік және жыраулық поэзияның сабақтастығы, идеялық-көркемдік жалғастығын, жыраулық мұралардың тарихилығын түсіндіреді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жасерекшелік психологиясы
    Несиелер: 4

    Пәнді оқыту барысында әр түрлі мектеп жасындағы балалардың өз жас ерекшелігіне сай психикалық даму өзгешеліктері психологияның сан алуан әдістерін қолдану арқылы айқындалып қарастырылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жас бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік шақтағы балалардың психикалық қасиеттерінің қалыптасу жолдары айқындалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Халық ауыз әдебиеті
    Несиелер: 6

    Ежелгі дәуірден біздің заманымызға дейінгі фольклордың тақырыптық-көркемдік ерекшеліктерінің дамуы, фольклордың тарихи құндылықтары,кейіпкер образы, көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшеліктері,оқиға желісі, шығарманың эстетикалық құндылығы, фольклор ғылымының жетістіктері және басқа салалармен, әсіресе әдебиетпен байланысы жайлы мәселелерден хабардар етеді;талдауды практикада дұрыс қолдануды, өз идеяларын ұсынуды, шығарманы талдауды үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазіргі өзбек тілінің фонетикасы
    Несиелер: 6

    Өзбек тілінің дыбыстар тзімі құрамы, дыбыстардың орындалу орнына қарай және тәсіліне қарай түрлері, сөйлемдің бөлшектерін ажырата алады: фраза, такт. Буын және екпіннің түрлері және функцияларын метапәндік тәсілге негізделген теориялық негіздерін қарастырады, фонетикалық талдау бойынша алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдай алады, критериалды бағалау, командада жұмыс істеу дағдыларын көрсете біледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 5

    Педагогика ғылымының метапәндік идеяларына негізделген оқу-тәрбие процесінің білімі мен түсініктерін, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері, құралдарын практикада қолданылуы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Бағалаудың заманауи технологиялары
    Несиелер: 5

    Пән бағалаудың заманауи технологиялары туралы мағлұмат беріп, оқу барысында оқушылардың оқу жетістігін бағалаудың заманауи үлгілерін қолдану, бағалау жүйесін ұйымдастыруды жүзеге асыру жолдарын, дифференциалды бағалаудың тәсілдерін, диагностикалаудың негіздерін, мектептегі оқыту мен басқару және өзін-өзі бағалаудың негіздерін қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Ғылыми зерттеулердің әдістері
    Несиелер: 5

    Пәнді меңгерудің мақсаты білім алушылардың өзіндік идеяларын құрылымдық түрде баяндау дағдыларын қалыптастыру, академиялық дискурстың ерекшелігін ескере отырып, әр түрлі ғылыми және ғылыми-ақпараттық дереккөздерімен жұмыс жасау жолдарын меңгерту. Пән студенттердің жазу мәдениеті мен сыни ойлау дағдысын және лингвистикалық - прагматикалық құзыреттіліктерін қалыптастырады, өзі ұстанатын тіл арқылы жазба тіл мәдениетін жетілдіреді, академиялық адалдық мәдениеті мен принциптері жайлы мағлұмат береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Қазіргі өзбек тілі лексикологиясы мен фразеологиясы
    Несиелер: 5

    Тілдің сөз қоры, олардың мағынасы, мағыналық өзгерістер, мағынаның көшуі, сөздердің бір мағыналы және көп мағыналылығы, тілдің сөздік құрамы және тіл бірліктеріне байланысты ерекшеліктерін метапәндік тәсілге негізделген білім мен ұғымдарын қалыптастыруды қарастырады; шығармашылық ізденіс арқылы оқытудың мақсат және міндеттерін білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес жүзеге асырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Өзбек әдебиетін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пән бойынша базалық-нормативтік құжаттар мен оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді талдап, тануға үйретеді; оларды басшылыққа алып, пайдалану дағдыларын қалыптастырады; өзбек әдебиеті материалдарын мектепте оқытудың әдістемелік жүйесін меңгертеді; кәсіби біліктілік пен құзіреттіліктерді үздіксіз дамытып, өмір бойы білім алуға, қарым-қатынаста коммуникативтілік танытуға төселдіреді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • XIX-XX ғасырлардағы өзбек әдебиеті
    Несиелер: 7

    XIX-XX ғасыр басындағы тарихи оқиғаларға байланысты жазылған көркем шығармалардың ерекшеліктері, ақын-жазушылардың өмірі жайлы мәселелер қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Өзбек тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Өзбек тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздерін меңгертеді және әдістеменің негізін қалаған ғалым-әдіскерлердің еңбектері мен ой-тұжырымдарына қатысты еңбектерімен, педагогика және әдістеме ғылымындағы жаңа қағидалармен, әдістеме бағыттарымен таныстырады. Инновациялық технологияларды практикада тиімді қолданудың жолдарын үйретеді; өзбек тілін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздерін меңгертіп, кәсіби деңгейін көтеру мақсатында өмір бойы білім алуға дағдыландырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазіргі өзбек тілі сөзжасамы мен морфологиясы
    Несиелер: 7

    Сөздердің лексика – грамматикалық топтары, олардың әрқайсысына тән грамматикалық сыр – сипат , туынды сөздердің жасалу жолдары мен тәсілдері, сөзжасамдық бірліктері, сөздердің тұлғалық өзгеру, түрлену жолдары, тілдің грамматикалық құрылысы, оның атқаратын қызметі, негізгі грамматикалық ұғымдары, сөз таптарының грамматикалық ерекшеліктері, сөздердің түрлену, тұлғалану жолдары мен тәсілдері сияқты мәселелерді қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беру бағдарламаларын іске асыруда ЕБҚБ балаларды сүймелдеу қызметі, әдістері мен формалары, принциптері мен факторлары, оқыту-дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері туралы білімдерін дамытуға бағытталған. Жеке кәсіби өсуі мен білім беру траекториясын жобалау; ББ әзірлеу технологиялары; инклюзивті білім беру кеңістігінде педагогтің практикалық қызметінің ерекшеліктерін зерделей алу дағдысын дамытуды көздейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Кеңес дәуіріндегі және тәуелсіздік жылдарындағы өзбек әдебиеті
    Несиелер: 7

    Гафура Гуляма, Абдуллу Каххара, Ойбека, Абдулла Арипова, Эркина Вахидова, Самига Абдукаххара, Шарафа Башбекова, т.б. шығармашылығын, проза, драма, поэма, драматургия, сын, эссе жанрларының даму ерекшеліктерін, жаңа бағыттардың дамуын пәнаралық салалармен байланыстыра отырып түсіндіреді. Сюжеттік-композициялық талдау жасауды, әдеби тілді құбылту мен айшықтауларды салыстыруларды, шығарманың көркемдік құндылығын бағалауды, мәтінді интерпретациялауды практикада дұрыс қолдануды үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Өзбек әдеби сынының тарихы
    Несиелер: 5

    Әдеби туындының идеялық-көркемдік құнын белгілеу, мәні мен маңызын анықтау арқылы шығарманың бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетуге, оқыған шығарманың байыбына барып, оны дұрыс бағалауға, сын-пікір айтуға, ұлттық мүдде тұрғысынан талдауға, салыстыру арқылы көркем мәтінді интерпретациялауға баулиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазіргі өзбек тілінің синтаксисі
    Несиелер: 7

    Өзбек тіліндегі сөз тіркестерінің түрлері, олардың жасалу жолдары, байланысу формалары мен тәсілдері, сөйлем мүшелері, сөйлемнің түрлері,тыныс белгілері және олардың қолданылу ерекшеліктері жайлы пәннің теориялық негіздерін түсіндіру, синтаксистік талдаудың ерекшеліктерін меңгертіп, болашақ кәсібінде дұрыс қолдануға машықтандырады, синтаксистің даму тарихын зерттеп, дұрыс тұжырым жасауға дағдыландырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Тіл мәдениеті және шешендік өнер
    Несиелер: 6

    Бұл пән мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптарды, әріптестерімен және оқушыларымен қарым-қатынас кезінде тақырып бойынша ақпаратты жеткізуді, ауызекі және вербалды емес сөйлеу мәдениетін қолданудың қыр-сырын, шешендік өнерді, т.б. сөздер, коммуникативтік құзыреттілік. Осылайша болашақ мұғалімдердің жаһандық құзіреттілігі мен кәсіби шеберлігін арттыруға, ойды тиімді, анық және сенімді жеткізу тәжірибесін, іскерлігі мен дағдыларын дамытуды көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Әдебиет теориясы
    Несиелер: 6

    Әдебиет теориясының қалыптасу кезеңдері, шығарма табиғаты, автор мен адресат, кейіпкер және архетип, мәтін құрылымы, стиль, көркемдік әдіс, жанрлар типологиясы жайлы түсінік береді; әдеби құбылту мен айшықтаудың түрлерін, шығарма идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан талдауды, эпизодтарды салғастыра отырып интерпретациялауды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Журналистің риторикалық мәдениеті
    Несиелер: 6

    Қазақ тілінде сөйлеу мәдениетінің парасат пайымы, тілдік амалдар, ойдың және сөйлеудің дамуы, сөйлеу мәдениетіндегі шешендік өнер, халық даналығы, сөз мәдениетінің орны, мәдениет мәйегі туралы түсінік беріледі. Журналистің интеллек-туалдық мәдениетін, білім-білігін, зерде-зейінін дамытып, шешеннің интеллектуалдық мәдениетін қалыптастыру, цифрлық ресурстарды практикада дұрыс қолдану, командада тиімді жұмыс жасау жолдарын меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Өзбек тілі мен әдебиетін оқытуда инновациялық және компьютерлік технологияларды қолдану
    Несиелер: 5

    Білім беру мазмұнымен таныстырып, білім мазмұнын Блум таксономиясы арқылы меңгертуді қамтамасыз етеді; критериалды бағалау жүйесін түсіндіреді, инновациялық технологияларды практикада қолдануға қажетті дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Өзбек тілінің стилистикасы
    Несиелер: 6

    Өзбек тілінің фунционалдық стильдері, сөз байлығы, тіл салаларының стилистикалық мүмкіндіктері, әдеби тіл нормасы, көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшеліктері жайлы мағлұмат береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Әлем әдебиеті
    Несиелер: 6

    Әлем әдебиетіндегі шығармашылық мәселесінің өз елдерінің тарихымен, философиясымен, ғылымымен,тығыз бірлікте қарастырылады. Біздің жыл санауымызға дейінгі антикалық мәдениеттен бастап қазіргі заманымызға дейінгі әдебиет қарастырылады. Антикалық әдебиеттің ролі; ағартушылық реализмнің эстетикалық ұстанымдары; XIX ғасырдағы классикалық романтизм; натурализим, реализм, модернизм, постмодернизмнің эстетикалық ұстанымдары; әлем әдебиеті өкілдерінің шығармашылығы жайлы білімдер жүйесін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Жалпы тіл білімі
    Несиелер: 6

    Тілдің мәні мен функциялары, оның жүйелік сипаты мен иерархиялық құрылымы, грамматикалық құрылысы, тілдің шығу тегі мен дамуы, әлем тілдерінің жіктелуі, лингвистикалық ғылымның даму кезеңдері және оның басқа ғылымдармен байланысы туралы негізгі ережелерді түсіндіреді, білімін практикада дұрыс қолдану, тілдік заңдылықтарды зерттеу нәтижесіне сәйкес тұжырымдау жолдарын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Публицистика және әдебиет
    Несиелер: 6

    Публицистиканың пайда болуы, ерекшелігі, көркем әдебиет, журналистика және публицистиканың байланысы, қазақ публицистикасының жаңашылдық түрі, тәуелсіз Қазақстан публицистикасындағы тақырыптық, проблемалық пішіндік ізденістер жайлы білім жүйесін қалыптастырып, А.Байтұрсынов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин және т.б. көсемсөз шеберлерінің еңбектері жайлы мағлұмат береді; өз практикасында АКТ-ны дұрыс қолдану, қоғамдық қарым-қатынаста коммуникативтілік, креативтілік көрсету жолдарын меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON9

    тілдік заңдылықтар мен тіл тарихының дамуы жайлы проблемаларды ғылым мен әдістеменің соңғы жетістіктеріне сүйене отырып тұжырымдайды;

  • Код ON6

    оқушының тұлғалық дамуына әсер ету, өмір бойы білім алуға бағытталған дамытушы білім үлгісін көрсетеді;

  • Код ON2

    берілген ақпаратқа сүйене отырып, игерген білімін практикада қолдана алады;

  • Код ON7

    ортақ мақсатқа жету үшін командада тиімді жұмыс істеуде, тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, креативтілік және көшбасшылық көрсете біледі;

  • Код ON8

    педагогикалық инновациялық технологияларды оқыту мен тәрбиелеудің мақсатына, күтілетін нәтижелеріне және оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдана біледі;

  • Код ON10

    өзінің және басқалардың идеялары, әрекеттері мен пайымдауларына қызығушылық таныту негізінде сыни және жүйелі ойлауын дамытады;

  • Код ON4

    пәнді оқытуда АКТ-ны және цифрлық білім ресурстарын пайдаланады;

  • Код ON11

    көркем шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың түрлерін, шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан талдайды;

  • Код ON1

    пәндік және пәнаралық саланың іргелі заңдылықтарының тұжырымдамалық және теориялық негіздерін түсіну және интеграциялауды көрсетеді

  • Код ON3

    оқушыларды сыни ойлауға, шығармашылыққа, проблеманы бірлесе шешуге тарту мақсатында пәннің ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылығын, қазіргі жағдайын саралайды;

  • Код ON5

    пән бойынша таңдалған мақсатқа сәйкес оқу жетістіктерін критериалды бағалауды және диагностикалауды қолдана біледі;

  • Код ON12

    әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау, шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру мақсатында көркем мәтінді интерпретациялайды;

Top