Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01706 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті в Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Жаңартылған білім мазмұнына сай қазақ тілі мен әдебиетінен теориялық және әдістемелік білімді меңгерген, ғылыми-зерттеу дағдысы қалыптасқан, адами құндылықтарды құрметтейтін білім бакалаврларын даярлау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Тіл біліміне кіріспе және Тілдік қатынас негіздері
Әдебиеттануға кіріспе және Шешендік өнер
Тілтаным негіздері
Педагогика
Қазақ халық ауыз әдебиеті
Практикалық қазақ тілі
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы және гендерлік лингвистика
-
2 Оқу жылы
Тарих және әдебиет
Ежелгі және хандық дәуірдегі әдебиет
Қазақ жазуының тарихы және каллиграфия
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Отаршылдық дәуір әдебиеті
Жасөспірімдер әдебиеті
Инклюзивті білім беру
Балалар әдебиеті
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы
-
3 Оқу жылы
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілін оқыту әдістемесі
Білім берудегі цифрлық технологиялар
Қазақ-орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы және аударматану
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
ХХ ғасыр әдебиеті
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы және морфологиясы
Аталым теориясы және Морфемдік жүйе
Отандық ұлттық әдебиет
Қаржылық сауаттылық негіздері
Экология және тұрақты даму
Абайтану және оқытудың жаңа технологиялары
Тіршілік қауіпсіздік негіздері
Арнайы курс: Әуезовтану және қазақ тілін оқытудың инновациялық әдістемесі
Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
Қазіргі қазақ әдебиетінің даму үрдісі
Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Экономика және кәсіпкерлік негіздері
Күрделі синтаксистің тұтастығы
Бағалаудың өлшемдік технологиялары
Ғылыми зерттеу негіздері
Шоқантану
Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті
-
4 Оқу жылы
Қазақ тілінің әдеби нормасы
Арнайы курс:Қазақ тілі оқулықтарының лингводидактикалық негіздері және Аксиолингвистика
Тіл тарихы
Көркем әдебиет теориясы
Академиялық хат
Әдебиет теориясы және қазақ әдебиеті сынының тарихы
Дүние жүзілік әдебиет тарихы
Қазақ әдеби тілінің тарихы
Қазақ тілінің стилистикасы және мәтінтану негіздері
Арнайы курс: Оқулықтану және Қазақ тілі әлемі
Қазақ тілінің тарихи грамматикасы және Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы
Жалпы тіл білімі
Тіл білімінің тарихы
Шетел және шығыс әдебиетінің тарихы
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Сөз өнері ретінде әдебиетке тән ерекшеліктері қалыптастыру, әдеби терминологияны пайдалану, түрлі жанрдағы әдеби мәтіндерді талдау, материалды жалпылау және салыстыру, авторлардың көркемдік әдістері мен шығармашылық жүйелерінің ерекшеліктерін анықтау, ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстан дәстүрлі және инновациялық технологияларды оңтайлы үйлесімді қолдану, филологиялық пәндерді жоғары теориялық және әдістемелік деңгейде оқытуды ұйымдастыруда, 12 жылдық білім беру бағдарламасы, жаңартылған білім беру және критериалды бағалау жүйесі тұрғысынан қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
- Оқытылатын саладағы озық білімге негізделген адам құқықтары саласындағы білімнің теориялық негіздерін көрсету, баланың құқықтары мен мүдделерін, педагогтың кәсіби ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау, педагог мамандығының әлеуметтік маңыздылығын бағалау, білім алушылардың азаматтық құқықтарын құрметтеу, қоғамның әлеуметтік даму үрдістерін талдау, академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетінің мәнін түсіну, негізгі қоғамдық, экономикалық процестер мен бағдарламаларды кәсіби деңгейде қолдану.
- 12 жылдық білім беру бағдарламасының мазмұнындағы кәсіби бейімдеу және ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар үшін критериалды бағалау технологиясын (ФБ,БЖБ, ТЖБ және т.б.) және мамандандырылған оқыту әдістемесін практикада қолдану, педагогикалық менеджмент саласында білімдерін көрсету, педагогикалық мониторингті жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын қолдану.
- Сандық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, ҚР білім берудің жаңартылған мазмұны бағдарламасы сай бойынша қазақ тілі мен әдебиеті бойынша оқу материалын сыни іріктеу, бағалау және әзірлеу үшін психологиялық-педагогикалық ғылым саласындағы білімі мен іскерлігін көрсету. .
- Ғылыми зерттеулердің, академиялық жазудың әдістерін білу және лингвистика мен әдебиеттанудың теориялық ұғымдарының негіздерін қолдану, жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес орта мектептің мектеп бағдарламасына енгізілген бөлімдер мазмұнын, тіл мен әдебиетті дәуірлеудің негізгі кезеңдерін сипаттау.
- Білім беру саласындағы нормативтік және құқықтық құжаттардың негізіндегі білімін көрсете отырып негізінде педагогикалық мониторингті жүзеге асыратын білім беру менеджері ретінде мектепте оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, педагогикалық өлшеуіштер мен индикаторлар жүйесін әзірлеу, білім беру ұйымының жұмыс істеу тиімділігін болжау және т.б.
- Қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормаларын меңгергендігін көрсету, сөздерді, сөйлемдерді, мәтінді талдауды орындау,инновациялық технологияларды пайдалана отырып зертттеулер, талдау және зерттеу нәтижелерін бағалауды жүргізу, қазақ тілінде ауызша және жазбаша коммуникацияның әртүрлі типтерінің негізгі әдістері мен тәсілдерін меңгеру, жүйелі ғылыми ойлау мәдениеті, креативті ғылыми, инновациялық және білім беру қызметі дағдыларына ие болу.
- Көп мәдениетті және көпконфессиялы білім беру ортасында сындарлы диалог үшін қазақ, орыс және шет тілдеріндегі коммуникация стратегияларын таңдау, белсенді тыңдау, әсер ету және шабыттандыру, ұзақ мерзімді қарым-қатынасты сақтау, командада жұмыс істеу немесе оны басқару және қақтығыстарды шешу, қоршаған ортаға сәйкес өзгеру мүмкіндігін беретін эмоционалды интеллектісін басқара алу.