Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01706 Қазақ тілі мен әдебиеті-ағылшын тілі в Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Тіл мен әдебиет ресурстарын тиімді пайдалануда іргелі лингвистикалық және әдебиеттану бағытындағы жаһандық мәселелері туралы пайымдауларды қалыптастыру.
  • Ағылшын тілінің нормаларына сәйкес ауызша және жазбаша түрде хабарлама беру, лингвистикалық теория мен тілдік бірліктерді практикалық талдау арасындағы параллельді жүзеге асыру.
  • Оқушылардың жеке, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен критериалды бағалаудың заманауи технологияларын қолдану.
  • Әдебиеттану ғылымы мен лингвистиканың негізгі теориялық тұжырымдамаларын анықтау, өз бетімен танымдық бағытта ойлау мен талдау қабілетін қалыптастыру, болашақ мамандық бойынша атқарылатын іс-шаралар түрін, мазмұнын, қызметі мен міндеттерін зерттеп білу.
  • Әдістемелік білім жүйесі бойынша алған теориялық білімдерін нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайлардағы кәсіби қызметте қолдана алу, болашақ мамандық бойынша атқарылатын іс-шаралар түрін, мазмұнын, қызметі мен міндеттерін зерттеп, зияткерлік-мәдени және кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында танымдық әдіс-тәсілдерді қолдану.
  • Әлеуметтік-мәдени, экономикалық-құқықтық, экологиялық білімдері мен коммуникативтік іскерліктерді көрсете білу, қоғамның қазіргі заманғы даму үрдістерін ескере отырып, ақпараттық технологияларды қолдану.
  • Тіл білімі және әдебиет теориясы мен тарихы, филологиялық талдау және мәтінді түсіндіру саласында алған білімдерін өзінің зерттеу қызметінде қолдану.
  • Негізгі фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, сөзжасамдық құбылыстарды қамтитын тіл білімі жүйесін, оқытылатын шет тілінің функционалды заңдылықтарын меңгеру, көркем мәтінмен жұмыс істеу негізінде сөйлеу дағдысын дамыту, теориялық білімдерін практикада сынақтан өткізу.
  • Білім сапасының жаңаруы мен ұлттық білім беру жүйесіндегі реформаларға сәйкес шығармашыл тұлғалық қабілетін дамыту.
Top