Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01501 Математика педагогін даярлау в Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

  • Педагогикалық зерттеулердегі математикалық статистика әдістері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті анықтауда математикалық статистика әдістерін қолдануға дағдыландыру, Пәннің мазмұнында зерттеу жиынтығын өңдеу, байланыс пен ықпал ету көрсеткіштерін есепке алу, өзара тәуелділікті айқындау, түрлі көрсеткіштерін бөлу деңгейін анықтауда математикалық статистика әдістерін қолдану және олардың нәтижелерін дәйектеу жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеу әдістері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - білім алушыны ғыдыми зерттеу жұмыстарымен айналысуға дайындау және болашақ кәсіби қызметінде зерттеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға кәсіби білімі мен дағдыларын қалыптастыру. Пәннің мазмұнында ғылыми зерттеудің әдіснамалық негіздері туралы білімдер, ғылыми зерттеу әдістері мен логикасы туралы түсініктер, деректерді жинау мен ғылыми ақпаратты өңдеу, мұғалімнің іс-әрекеті мен сабақты зерттеуді ұйымдастыру принциптері және зерттеу нәтижелерін ресімдеу мәселелері қамтылған. .

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Математикалық білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік негіздері
    Несиелер: 5

    АКТ-ны қолдану жағдайында математикалық білім берудің қазіргі жағдайы, математикалық білімді ақпараттандырудың теориялық аспектілері, кәсіптік қызметте АКТ-ның пайдаланудың дидактикалық мүмкіндіктері қарастырылады. Математикалық білім беруде АКТ жайлы білімдерін практикада қолдану тәсілдері, пәнаралық білімді интеграциялау және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жұртшылыққа баяндау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Математиканы оқытуда сандық білім беру ресурстарын пайдалану
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - цифрлық және қашықтықтан оқыту технологияларының негізгі ұғымдары мен оларды математиканы оқытуда пайдаланудың әдіс-тәсілдері жайлы теориялық білімдердің негізінде докторанттардың АКТ құзыреттілігін жетілдіру. Алынған теориялық білімдердің негізінде компьютерлік орталарда жұмыс істей білу, сандық білім ресуртарын пайдалана алу және онлайн оқу мен оқытуға дағдылану, қолданбалы бағдарламаларды есептер шығаруда пайдалана білу жолдары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Педагогиканың философиясы және әдіснамасы
    Несиелер: 5

    Педагогиканың философиялық негіздері, педагогикадағы әдіснамалық метабілімнің ірі блоктары (педагогикалық әдіснама туралы жалпы түсінік, оны анықтауға қажет тұғырлар; ұғымдық аппараты; қызметтері және әдіснамалық білімдер құрылымы; әдіснамалық бағдарлар жиынтығы, педагогикалық әдіснаманың даму кезеңдері және үрдістері) туралы жүйелі ғылыми білімдер қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Академиялық хат
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - білім алушылардың өзіндік идеяларын құрылымдық түрде баяндау мен түрлі ғылыми және ғылыми-ақпараттық дереккөздермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Пәннің мазмұнында академиялық жазылым және субъектілер арасындағы өзара әрекеттесу жүйесі туралы түсінік қалыптастыру, академиялық жазылым технологиясы мен оны бағалау критерийлерінің жүйесін игеру, пәнаралық білімдерді интеграциялау, өзі ұстанатын тіл арқылы жазба тіл мәдениетін жетілдіру мәселелері қарастырылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Математиканы оқытудың теориясы мен әдістерін зерттеудің қазіргі заманғы әдістері
    Несиелер: 5

    Математиканы оқытудың теориясы мен әдістері бойынша зерттеу жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру, пәндік білімдерді интеграциялау мүмкіндіктері, жаңартылған білім мазмұнын оқу үдерісіне енгізуге бағытталған әдіс-тәсілдерді жинақтау, оқу-тәрбие үдерісімен байланысты жағдайларды, құбылыстарды және іс-әрекеттерді жүйелі зерттеу әдістері қарастырылады. Зерттеу жұмыстарына қатысты ғылыми баяндамалар мен мақалалар, презентациялар жазу, рәсімдеу және өз зерттеулерін дәйектеу жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Код ON4

    ғылыми-зерттеу және кәсіби практика жұмыстарын жүргізуде, бейстандартты жағдаяттарды модельдеуде пәнаралық білімдерді интеграциялайды

  • Код ON3

    жариялануға жарамды, педагогикалық қызмет ауқымын кеңейтуге қатысты өз зерттеулерін дәйектейді

  • Код ON5

    ғылыми-зерттеу жұмысының идеясын, қорытындылары мен проблемаларының шешімдерін әріптестеріне, жалпы жұртшылыққа хабарлауды ұйымдастырады

  • Код ON2

    ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге сыни тұрғыдан қарау және жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолданады

  • Код ON1

    математика және оны оқыту саласындағы жүйелі білімін, қолданылатын дағдылар мен зерттеу әдістерін меңгеруін көрсетеді

  • Код ON6

    математиканы оқытуда және эксперимент нәтижелерін теориялық талдауда сандық білім ресурстары мен компьютерлік технологияларды пайдаланады

  • Код ON7

    педагогиканы философиялық және әдіснамалық тұрғыдан түсінеді және саралайды

Top