Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D08102 Органикалық егіншілік в Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты «Өсімдік шаруашылығы» бағытындағы білім және ғылым саласындағы замануи эксперименталды және тәжірибелік мәселелерді шеше алатын қабілеті бар, жергілікті, республикалық және мемлекеттік мекемелерде, ауылшаруашылық кәсіпорындарында, ауылшаруашылық бағытындағы жоғары оқу мекемелерінде ғылыми, өндірістік және басқару қызметтерін атқара алатын, экологиялық таза өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру саласында кәсіби құзіреттілігі жоғары деңгейдегі PhD докторларды дайындау.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D131 Өсімдік шаруашылығы
  • Дайындық бағыты 8D081 Агрономия

Оқыту нәтижелері

  • Академиялық бағыттағы мәтіндерді жазудың практикалық дағдыларын дамыту. Әлемдік ғылым мен өндірістік қызметте жинақталған мәліметтерді талдау. Алынған білімді жалпылау, қорытындылар мен практикалық ұсыныстарды тұжырымдау
  • Ғылыми зерттеулердің мәселелерін, міндеттерін, әдістерін тұжырымдау. Проблемалық мәселелерге ғылыми көзқарастармен зерттеу процесін ойлау, жобалау, енгізу және бейімдеу қабілетін көрсету.
  • Өнімді агроценоздарды басқарудың ғылыми тәсілдері мен тенденцияларын қолдану. Дақылдардың өнімділігін төмендетудің мүмкін факторларын бағалау және оларды арттыру бойынша іс-шаралар әзірлеу
  • Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мәселелерді шешу. Органикалық өнімдерді өндіру мен таңбалауды және органикалық өнімдерді өңдеу жүйесін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді түсіну
  • Топырақтың құнарлылығын сақтауға және арттыруға ықпал ететін ауылшаруашылық әдістерін қолдану. Дақылдарды өсірудің ресурс үнемдейтін технологияларының жай-күйіне кешенді баға беру.
  • Танаптық дақылдарын өсірудің технологиялық әдістерінің биологиялық негіздерін әзірлеу мен енгізудегі идеяларды бағалау және синтездеу. Қоршаған ортаны қорғауды, топырақтың құнарлылығын, дақылдардың өнімділігін және алынған өнімнің сапасын арттыруды қамтамасыз ететін параметрлерді басқару.
  • Органикалық өнімдердің сапасы мен қауіпсіздік параметрлерін анықтау, бағалау, сипаттау, сертификаттау кезінде сұрақтарды қолдана және шеше білу, түсіністік таныту және органикалық өнімдерді сертификаттау жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыра білу.
Top