Жаңа білім беру бағдарламасы

6B07191 Керамика, шыны және кристалдар сараптамасы в Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетін қолдана отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау.
  • Технологиялық және жылу техникасын, кристалдану техникасын есептеу және іріктеуді жүзеге асыра отырып, керамика мен шыны, кристалдар өндірісін жобалау, жұмыс принциптерін, жабдықтың құрылымдық ерекшеліктерін, өндірістің автоматты құрылысын ұйымдастыруды, ақпаратты автоматтандырылған өңдеу технологиясын, еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптік экология туралы заңнаманы білуді көрсету
  • Жаратылыстану-ғылыми, математикалық, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және инженерлік-техникалық білімдерін; деректерді математикалық өңдеу әдістерін, ғылыми және эксперименттік зерттеулерді және кәсіби саладағы экономикалық талдау элементтерін көрсету
  • Пайдалану мүмкіндіктерін негіздей отырып, минералдар мен тау жыныстарын анықтау; керамика, шыны, техникалық кристалдар мен асыл тастарды синтездеуге арналған шикізатты таңдау
  • Химиялық инженерия, сараптамалық зерттеу әдістемесі туралы іргелі білімді көрсете отырып, керамика, шыны және шыны бұйымдарын сараптамалық талдау және сәйкестендіру, синтетикалық асыл тастар мен жартылай асыл тастарды диагностикалау және бағалау жүргізу
  • Зерттеудің қазіргі физика-химиялық әдістерін пайдалана отырып, аналитикалық шолуды және патенттік іздеуді, шикізат құрамдарын негізделген таңдауды қамтитын олар бойынша негізделген қорытынды жасап, академиялық жазу білімін қолдана отырып эксперименттік-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру
  • Керамика, шыны және кристалдар өндірісінің құрамдарын, процестерін фазалық тепе-теңдіктер мен күй диаграммаларын, силикат материалдарының құрылымын білумен заманауи бағдарламалық құралдарды қолданана отырып модельдеу; ақпараттық және есептеу сауаттылығы, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау қабілеті
  • Қосымша білім беру шеңберінде алынған білімді, іскерлікті, дағдыларды және құзыреттілікті тиімді қолдану
  • Өндірістік шешімдер мен жеке іс-әрекеттер үшін әлеуметтік және этикалық жауапкершілікке ие бола отырып, өндірісті ұйымдастыру және басқару саласындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың дамуы мен жұмыс істеуінің экономикалық заңдылықтары туралы білімді қолдана отырып, стандартты және стандартты емес жағдайларда барабар әрекет ету кәсіпкерлік дағдыларды қолдану
  • Жеке және топ мүшесі ретінде жұмыс істеу, өз көзқарасын, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту, өмір бойы салауатты өмір салтын ұстану қабілеттерін дұрыс қорғау
  • Оңтайлы құрамдарды таңдау арқылы керамика, шыны және кристалдарды синтездеу; керамика, шыны және шыны кристалды материалдар технологиясының физика-химиялық негіздері, кристалдарды өсіру әдістері туралы білімді қолдану
Top