Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01710 Қазақ тілі мен әдебиеті в Павлодар педагогикалық университеті

  • Әдебиеттанудың қисындық мәселелері
    Несиелер: 3

    Қазақ әдебиетінің дәуірлеу мәселелері туралы еңбектері, көркем әдебиеттің салалары, Эстетикалық, әдеби ой пікірлердің қалыптасу, даму жолдары туралы түсініктер беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Педагогикалық мамандыққа кіріспе
    Несиелер: 3

    Кәсіби қызмет және педагог тұлға. Педагогикалық мамандықтың жалпы сипаттамасы. Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және дамуы. Қазіргі қоғамдағы педагогикалық қызметтің әлеуметтік маңызы. Педагогтың Әлеуметтік және кәсіби негізделген функциялары. Педагогикалық қызметі: оның мәні мен құндылықтық сипаттамалары.Педагогикалық іс-әрекет мамандық ретінде.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әдебиеттануға кіріспе
    Несиелер: 3

    Әдебиеттану ғылымының салалары: негізгі және жанама. Образ және оның жасалу тәсілдері. Образдың түрлері. Идея және тақырып. Сюжет пен композиция. Ажарлау. Құбылту. Айшықтау. Өлең теориясы. Әдеби әдістің түрлері. Әдеби ағым мен бағыт. Әдеби стиль.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тіл біліміне кіріспе
    Несиелер: 3

    Лингвистика саласы, басқа ғылымдармен байланысы. Әлеуметтік ғылымдар жүйесіндегі тілдің рөлі. Тілдің пайда болуы туралы ғылыми көзқарастар. Лингвистиканың даму кезеңдері. Лингвистикалық мектептер, ХХ ғасырдың тенденциялары, неолингвистика мектебі, эстетика мектебі, қазақстандық лингвистикалық мектептер

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Лингвистиканың теориялық және практикалық мәселелері
    Несиелер: 3

    Ғылыми лингвистикалық бағыттар мен мектептердің қалыптасуы. Ежелгі кезеңдегі Тіл білімі. 17-18 ғасырлардағы және Қайта өрлеу кезеңіндегі тілдің теориясы. 19 ғасырдың тіл білімі. Орыс лингвистикалық мектептері. Тіл теориясы. Тіл және қоғам. Тіл жүйе ретінде, тілдің маңызды сипаты. Тіл және ойлау. Заманауи лингвистикалық парадигма. Таным әдістері және тілді зерттеудің лингвистикалық әдістері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ жазуы және тарихи грамматика
    Несиелер: 4

    Қазақ жазу тарихы, қалыптасу кезеңі. Көне түркі жазуы, руна жазуы. Алғашқы таңбалы сөздер. Түркі тілдерінің салыстырмалы граммматикасы (қыпшақ, оғыз, қарлұқ, бұлғар түркі тілдерінің фонетикасы, грамматикасы. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы, зерттелуі мен дамуы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Аймақтық тұлғатану
    Несиелер: 3

    Павлодар өңірі бойынша танымал тұлғалар, әдебиет, тіл бағытындағы ағартушы өкілдер, жалпы ғалым ағартушылар туралы мәлімет. Олардың еңбектері. Тіл/әдебиет бағытындағы өңір тұлғаларының бейнелік суреттері мен мазарлары, кесенелері. Қазақстанға сіңірген еңбектері туралы мәлімет.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ жазуының тарихы
    Несиелер: 4

    Жазудың жалпы даму тарихы. Араб графикасына негізделген қазақ жазуы: қадим жүйесі. Араб графикасына негізделген қазақ жазуы: жәдид жүйесі. Ұлттық әліпби жасаудың алғышарттары мен маңызы. Төте жазудың (Байтұрсынұлы әліпбиінің) әліпби құрамы мен графикалық ерекшеліктері. Төте жазудың (А.Байтұрсын әліпбиінің) емле ерекшеліктері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Павлодар Ертіс өңірінің тарихи тұлғалары
    Несиелер: 3

    Тарихтағы тұлға. Павлодар Ертіс өңірінің рухани мұрасы. 18-19 ғасырдың атақты тұлғалары (Малайсары Тархан, Олжабай Батыр, Бұқар Жырау, Мұса Шорманов, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Естай Беркімбаев және т.б.). ХІХ – ХХ ғасырлар соңындағы Павлодар Ертіс өңірінің ұлттық зиялылары. Аймақтың Ертіс өңірінің ақындары. Ұлы Отан соғысындағы Ертіс өңірінің батырлары

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ фольклористикасы
    Несиелер: 5

    Қазақ фольклорының жиналу, жариялану тарихы мен табиғатын, даму жолдарын зерттейтін ғылым. Қазақ фольклорының қалыптасуы. Рулық қоғамдағы фольклор үлігілері (миф, еретегі, аңыз, әпсана, бақсы сарыны, арбау, байлау өлеңдері т.б.) жанрлар. Эпос жанрының ішінде көне эпос дәл осы дәуірдің көркем мұрасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Халық ауыз әдебиеті
    Несиелер: 5

    Фольклордың пайда болуы туралы пікірлер, фольклор жанрлары мен түрлері; ауыз әдебиетінің табиғаты мен қыры; таралу, сақталу ерекшеліктері, жанр классификациясы, қазақ фольклорының қалыптасу кезеңдері; қазақ фольклорының зерттелу тарихы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті
    Несиелер: 5

    Түркі халықтарына ортақ әдебиет. Көне түркі әдебиеті. Орхон жазуындағы жәдігерліктер. «Күлтегін» жырының көркемдік ерекшеліктері. Қорқыт ата кітабы. Оғыз-наме. Әбу-Насыр әл-Фараби. Х-ХІІ ғасырлардағы әдебиет. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет (ХІІІ-ХҮ ғғ.). Шежірелер. Жыраулар поэзиясы. 15-18 ғ.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ просодикасы
    Несиелер: 4

    Қазақ тілі просодикасы пәні, мақсат-міндеттері, зерттелу тарихы. Екпін түрлері: сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін. Сингармонизм: ерін және тіл үндестігі. Ассимиляция: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал. Комбинаторлық және спонтандық өзгерістер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • VII-XVIII ғасырдағы әдебиет
    Несиелер: 5

    «Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті» пәні көне түркі әдебиеті, орта ғасыр әдебиеті, Алтын орда дәуіріндегі әдебиет туралы, қазақ елінің тарихы қазіргі түркі тілдес халықтардың қоғамдық, әлеуметтік, рухани өмірінен мәлімет беру.. Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы үш кезеңдері: 1.Жыраулар кезеңі (XV ғасыр - XVIII ғасырдың бірінші жартысы. 2.Ақындық кезең (XVIII ғасырдың екінші жартысы - XIX ғасырдың бірінші жартысы). 3.Айтыс кезеңі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Педагогика гуманитарлық ғылымдар жүйесінде. Тұлғаны дамыту, тәрбиелеу және қалыптастыру. Біртұтас педагогикалық процестің мәні мен құрылымы. Тәрбиенің мақсаттары. Тәрбиенің құралдары, формалары және әдістері жүйесі. Педагог пен балалар ұжымының өзара әрекеті. Біртұтас педагогикалық процесте оқыту. Білім мазмұны. Ұйымдастыру формалары және оқыту әдістері. Ұйымдастырушылық-педагогикалық. Мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасау және жоспарлау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілі фонетикасы
    Несиелер: 4

    Қазақ тілі дыбыс жүйесі пәні, мақсат-міндеттері, зерттелу жайы. Дыбыстардың физикалық, анатомия-физиологиялық аспектілерінің байланысы. Дыбыс және фонема. Фонеманың өзіндік қасиеті. Дыбыс жасауға қатысатын сөйлеу мүшелері, олардың қызметтері. Дауысты дыбыстар (вокализм). Дауыссыз дыбыстар (консонантизм). Буын (силлабизм). Дауыс ырғағы (интонация). Екпін (акцентуация). Үндестік заңы. Дыбыс өзгерістері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жас ерекшеліктер физиологиясы мен мектеп гигиенасы
    Несиелер: 4

    Онтогенездегі физиологиялық процестердің негізгі заңдылықтары. Ағза мүшелері мен жүйелерінің дамуының жас ерекшеліктері, олардың жеке даму кезеңдеріндегі реттелу механизмдері. Оқушылардың денсаулығын қорғау, сақтау және нығайту үшін гигиеналық нормативтер мен талаптар.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Шығармашылық жазба жұмыс негіздері
    Несиелер: 3

    Ғылыми жұмыстардың теориялық негізі, оның басқа стильдерден өзгешілігі. Ғылыми ойлау жүйесі, оны қалыптастырудың жолдары. Ғылыми-ізденіс жолындағы тақырып таңдау ерекшелігі. Тақырыпқа сай материалдарды жинап, қорытып, сұрыптау тәсілдері. Ғылыми жұмыстардың құрылымдық жүйесі, ғылыми аппарат туралы түсінік; жұмыстың негізгі бөлімінің құрылымдық жүйесі, қорытынды бөлімнің жазылу ерекшелігі, жұмыста пайдаланған ғылыми әдебиеттерді рәсімдеудің жолдары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Алаш зиялыларының шығармалары мен ғылыми еңбектері. Әр кезеңдегі қазақ әдебиетінің дамуы. Жанр, шығарманың көркемділігі: сюжет, характер, туындының жазылуы, типтендіру. ХХ ғасырдың 20-40 жылдарында-ғы қазақ әдебиеті. ҰОС және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиеті. ХХ ғасырдың 60-90 жылдар аралығындағы қазақ әдебиеті. ХХ ғасырдағы әдебиеттің даму үдерісі мен бағыты: қоғамдық-саяси, әлеуметтік, мәдени жағдай

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 4

    Экология туралы түсініктерін қалыптастыру және тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін зерттеу. Зерттелетін саладағы фактілер, құбылыстар, теориялар мен тәуелділіктерді білу және түсіну. Жалпы экология негіздері. Қазіргі заманның жаһандық мәселелері. Адам және биосфера. Урбоэкология. Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақ тілінің сөздік құрамы
    Несиелер: 5

    Қазақ тіл білімінің сөздік құрамы мен сөздік қоры туралы жан-жақты әрі жүйелі ғылыми-теориялық білім. Студенттердің алған білімдерін практикалық және лабороториялық дәрежеде пысықтап, толықтырып бекіту. Сөздік құрамның актив және пассив қабаттары, тарихи арналары, даму жолдары мен қолдану сипаты, құрамға енген сөздердің стильдік қызметі, түрлері туралы білім

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Жас ерекшелік және педагогикалық психология
    Несиелер: 5

    Дамытушы-педагогикалық психологияның пәні, міндеттері және әдістері. Мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуы. Кіші мектеп оқушысының психикалық дамуы мен тұлғасын қалыптастыру. Жасөспірімдік кезеңдегі психикалық даму және тұлғаның қалыптасуы. Жасөспірімдік кезеңдегі тұлғаның қалыптасуының психологиялық ерекшеліктері. Ересек жас психологиясы. Тәрбие психологиясы мақсатты процесс ретінде. Педагогтың тұлға және іс-әрекет психологиясы

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы
    Несиелер: 5

    Сөз, сөз мағынасы мен семантикасы, сөздік қор мен құрам, фразеология мен лексикография, лексикалық бірліктер мен жергілікті тілдік ерекшеліктер, сөздіктер туралы ғылыми-теориялық білім беру. Сөздің көп мағыналығы, пайда болу жолдары: метафора, метонимия, синекдоха. Антонимдер, синонимдер, омонимдер, табу, эффемизмдер, көнерген сөздер, кірме сөздер, неологизмдер мен кәсіби сөздер туралы

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ көркемсөз өнерінің дамуы
    Несиелер: 5

    ХІХ –ХХ ғасырлардағы әдебиет үлгілерімен танысу арқылы студенттер қазақ сөз өнерінің небір інжіл-маржандарынан сусындап, ақындар поэзиясына қанығады. Курсты оқытудың басты мақсаты – келешек маман иелеріне төл әдебиетіміздің сол кезең өкілдерінің творчествосынан толық мәлімет беру. Пән оқытудың міндеттері: -әдебиет тарихы ғылымының басқа салаларымен байланысын білдіру; -осы кезең ақындарының шығармашылығын сабақтастыра меңгерту;

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ғылыми шығармашылық жұмыс жазу негіздері
    Несиелер: 3

    Ғылыми-ізденіс жұмыстарының теориялық негіздері. Ғылыми жұмыстың теориялық негіздері, ғылыми жұмыстың жазылу талаптары. Ғылыми жұмыстардың түрлері. Ғылыми баяндама жасаудың негізгі қағидалары. Баяндама мен ғылыми мақаланың ерекшелігі. Ғылыми мақала, оның басқа ғылыми жұмыстардан өзгешелігі. Рефераттың ғылыми негізі. Рефераттың басқа ғылыми жұмыстардан ерекшелігі. Дипломдық жұмыс жазуға машқтандыру, диплом жұмысының ғылыми жүйесі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Балалар әдебиеті
    Несиелер: 4

    Фольклор. Балалар фольклоры. Әдеби ертегі. Балаларды оқудағы миф. Орыс балалар әдебиетінің даму тарихынан. Балаларға арналған аударма әдебиеті. XIX ғасыр және орыс балалар әдебиеті. XIX ғасырдың екінші жартысындағы орыс балалар әдебиетінің дамуы. Көркем шығарманы талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Балалар әдебиетінің даму тарихы
    Несиелер: 4

    Балаларға арналған үлкендер шығармалары,үлкендер репертуарынан балалар аузына көшкен шығармалар,таза балалар шығармашылығы. Оның үстіне тақырып, мазмұндық, функциялық, поэтикалық құрылым жағынан келгенде ғылыми саралау жіктелісі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы мен морфологиясы
    Несиелер: 5

    «Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы мен морфологиясына» енетін басты ұғымдар (сөз, ұғым, мағына, тұлға, мазмұн, сөзжасам, тұлғажасам, сөзжасамдық/тұлғажасамдық жұрнақ, сөзжасамдық ұя, 4 жалғау, түрленім жүйесі) туралы тереңдетілген ғылыми танымдық негіз қалыптастырылады. Сөзжасам/морфологияның ұлттық ғылыми сипаты негізделеді; саланың қалыптасу кезеңі, ғылыми теориясы, грамматикалық бірлік, мағына, категория мәселесі талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Аударматанудың теориялық негіздері
    Несиелер: 5

    Аудармадағы трансформация мәселесі. Орын алмастыру. Ауыстыру. Қосу. Түсіріп тастау. Көркем-әдеби шығармаларды аударудағы тіл табиғатының мәні. Аударма эквиваленттілігінің бес деңгейі. Бірінші деңгей. Екінші деңгей. Үшінші деңгей. Төртінші деңгей. Бесінші деңгей. Фразеологиялық бірліктердің түпнұсқадан екінші тілге аударылу түрлері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    ХХ ғасырдағы әдебиеттің даму үдерісі мен бағыты: қоғамдық-саяси, әлеуметтік, мәдени жағдайлар. Діни ағартушылық бағыттағы әдебиет және оның өкілдері, қазақ әдебиетіндегі орны, шығармашылық өмірбаяндары; Алаш зиялыларының шығармалары мен ғылыми еңбектері. Кеңестік кезеңдегі қазақ әдебиеті, кезең ерекшелігі,көркем әдебиетке ықпалы, даму бағыты.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Рухани жаңғыру және Мәңгілік ел құндылықтары
    Несиелер: 5

    Ұлы Даланың мемлекеттілігі - қазақ ұлттық мемлекеттілігінің іргетасы. Бәсекеге қабілеттілік, прагматизм және білімнің салтанат құруы – қоғамдық сананы жаңғыртудың құндылықтары. «Туған жер» бағдарламасы - жалпыұлттық патриотизмнің негізі. Зайырлы қоғам және биік руханият. Тарих, мәдениет және тіл ортақтығы. Рухани жаңғыру - Қазақстандық әл-ауқат, мемлекет пен ұлт дамытудың болашағы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • XX ғасыр мен Кеңестік дәуір әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пәннің негізгі мақсаты – қазақ әдебиетінің тарихындағы маңызды да күрделі кезең болып табылатын ХХ ғасырдағы және ХХІ ғасырдың басындағы әдеби процесс пен әдебиет тарихы туралы хронологиялық ұстанымды сақтай отырып, әдебиеттану ғылымының қол жеткізген бүгінгі табыстары негізінде студенттерге барынша толық, тиянақты білім беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ғылыми-зерттеу қызметінің негіздері және академиялық жазу сауаттылығы
    Несиелер: 5

    Зерттеу қызметін ұйымдастыру. Зерттеу қызметінің түрлері: теориялық, эксперименттік-зерттеу қызметі. Іске асыру құралдары мен нысандары. Жобалау-зерттеу қызметі. Зерттеу нәтижелерін талдау және таныстыру. Плагиат. Термодинамикалық қайталама көзі. Эссе. Баяндамалар. Мақалалар мен тезистер. Терминнің этимологиясы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің түрлену жүйесі
    Несиелер: 5

    Пәннің негізгі мақсаты – студенттерге сөздердің жасалу үлгісі мен ерекшеліктері, сөзжасам заңдылықтары туралы ғылыми түсінік қалыптастыру. Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы мен морфологиясы пәнінің қазір дамыған тіл саласы екенін, қалыптасу ерекшелігін танытып,теориялық таным белгілері мен ерекшеліктерін, басқа тіл саласынан айырмашылығын ғылыми, теориялық, тәжірибелік тұрғыдан түсіндіру, зерттеу нысанын ұғындыру басты, негізгі мақсат болып табылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Аударма теориясы және ісі
    Несиелер: 5

    Аударма теориясы жалпы аударма теориясы, жеке аударма теориясы,және арнайы аударма теориясы болып бөлінеді.Жалпы аударма теориясы аударманың жалпы лингвистикалық заңдылықтары.Жеке аударма теориясы нақты екі тілдің арнайы ерекшеліктерін зерттейтін бөлім. Арнайы аударма теориясы аударма процесі кезінде әртүрлі типтегі және жанрдағы текстердің ерекшеліктері.Жалпы аударма теориясы теориялық негіздері және жеке арнайы аудармалар теориясының негізгі түсініктері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Қазақ тілін оқыту тарихы/зерттелуі. Қазақ тілін қытудың педагогика-психологиялық негіздері. Тілдік әдістемелік қолданыстар. Әдеби тілдік қорды негіздеу жолдары. Жазба жұмысын жүргізу әдістері. Сыныптан тыс/тіл ұстартужұмыстары. Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру. Құжаттық жұмыс.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік және бизнес негіздері
    Несиелер: 5

    Кәсіпкерлік: тұжырымдамасы, мәні, негізгі түрлері және ұйымдық формалары. Бизнестегі бизнес-жоспарлау. Бизнестегі тәуекелдер. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру. Бизнестегі кадрлар. Іскерлік операцияларды ұйымдастыру. Коммерциялық құпия және оны қорғау тәсілдері. Кәсіпкерліктің мәдениеті мен этикасы. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілі сөз-сөйлем жүйесі
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты қазақ тілінің грамматикалық құрылысынан – сөздердің байланысу амалдары мен формаларын, сөз тіркесі және сөйлем құрылысының негіздерінен хабардар ету болып табылады. - синтаксистің негізгі объектілерінің мәнін ашып, оларды бір-бірінен ажырата білуге дағдыландыру; - студенттерді тіркес түрлеріне, сөйлем мүшелеріне, сөйлем құрылысына қарай талдай білуге үйрету; - синтаксистік ұғымдар мен қағидалардың мәнін түсіндіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілі сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі
    Несиелер: 4

    Қазақ тілінің сөйлем жүйесінің сипаты. Сөз тіркесі мен сөйлем құру ерекшелігі. Сөз тіркесі түрлері. Сөз тіркесінің сөйлем құрылымындағы орны. Сөйлем, түрлері. тұрлаулы, тұрлаусыз мүше. Қазақ тіліндегі жай сөйлем құрылымының белгілері мен ерекшелігі; Күрделенген сөйлем түрі. Құрмалас сөйлемнің жалпы сипаты мен түрлері, жасалу жолдары Аралас құрмалас сөйлем түрі. Күрделі синтаксистік тұтастық түсінігі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 6

    Инклюзивті білім беру: тұжырымдамалық негіздері. Инклюзияның бағыттары мен көрсеткіштері. Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру шарттары. Білім беруде ерекше қажеттілігі бар балаларды педагогикалық үдерісіне енгізудің вариативті формалары. Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру тәсілдері. Инклюзияның ресурстық, әлеуметтік кедергілері. Жалпы білім беру ұйымдарында инклюзияны ұйымдастырудың құқықтық негіздері (халықаралық, отандық нормативтік-құқықтық актілер). Инклюзивті білім берудің менеджменті.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Тәуелсіздік кезеңдегі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Әдебиеттегі тарихи проза, поэма түрлерінің көркемдік өсу жолы; Осы кезең әдебиеті өкілдерінің шығармалары;Тарих пен әдебиет сабақтастығы;Әдебиеттегі тарихи шындық жайлы ақпарат;Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің тарихының дамуы;

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, қарастыратын мәселелері, Әдебиетті оқыту курсының мазмұны мен құрылымы. Мектепте шығармаларды жанрлық ерекшеліктеріне байланысты оқыту. Әдебиетті оқыту әдістері мен технологиясы. Әдеби шығарманы оқыту жолдары мен қолдану әдістемесі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Әдебиет оқыту негіздері
    Несиелер: 5

    Мектептегі қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. Әдебиетті оқыту курсының мазмұны мен құрылымы. Мектепте шығарма талдаудың ауызша/жазбаша әдіс; жанрлық ерекшеліктеріне байланысты оқыту. Әдебиетті оқытуда қажетті технологиялар. Сыныптан тыс оқу; үйірме.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    ХХ ғасырдың 60-90 жылдарындағы қазақ әдебиеті: позиядағы жаңа ізденістер, прозаның тақырыптық-идеялық көкжиегі мен көркемдік ерекшеліктері, драматургия және әдебиеттану мен сынның дамуы. Тәуелсізідк жылдарындағы қазақ әдебиеті: поэзиядағы идеялық-көркемдік жаңалықтар, прозаның даму бағыты, драматургия және әдебиеттану мен сын.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 4

    Қазақстандық құқықтың негіздері. Білім беру саласындағы ҚР заң актілері. «Сыбайлас жемқорлық» түсінігінің тарихи дамуы. Сыбайлас жемқорлықтың төзбеушілік идеясы. Нақты ұйымдағы, органдағы, құрылымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттердің ұйымдастырушылық негіздердің түрлері. Сыбайлас жемқорлықтың қарсы саясат саласындағы нормативтік құқықтық актілер. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: түсінігі және құрылымы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Орфография және жазу негіздері
    Несиелер: 5

    Орфографиялық норма. Орфографиялық сөздік. Тыныс белгілері, түрлері, зерттелу тарихы. Сөйлем соңында, ішінде қойылатын тыныс белгілер. Сөйлем соңында қабаттасып келетін тыныс белгілері. Қазақ тіліндегі жазу таңбасы. Алғашқы тілдік таңбалар. Араб, латын таңбалы қазақ әліпбиі. Кирилл таңбалы қазақ әліпбиі. Қазақ жазуының теориялық негіздері. Зерттеушілер мен олардың тұжырымдары

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілі құрмалас сөйлем синтаксисі
    Несиелер: 4

    Пәнді оқыту барысында студенттердің теориялық білімдерін тереңдету және синтаксис, сөз тіркестері, жай сөйлем т.б. жайлы мағлұматтарды меңгерту нысанаға қойылады. Синтаксиске қатысты еңбектерді таныстыра отырып, орыс, қазақ т.б. тіл білімі өкілдерінің синтаксиске қатысты зерттеу еңбектерін меңгерту, ғалымдардың ой пікірлерін саралай алуға дағдыландыру көзделеді. Қазақ тілінің синтаксистік құрылысы. Синтаксистік зерттеу нысандары. Синтаксистік форма, синтаксистік мағына.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қашықтықтан білім беру технологиялары
    Несиелер: 4

    Инновациялық білім беру технологиялары. Цифрлық құралдар: бұлтты технологиялар мен қоймалар, LMS жүйелері, онлайн сервистер мен интерактивті оқытуға арналған платформалар, бейнеконференция жүйелері, интерактивті онлайн тақталар, онлайн тестілеу және білімді бақылау сервистері, оқытуда QR кодтарын құру және қолдану. Қашықтықтан білім беру кезінде интерактивті оқыту үшін сандық құралдарды пайдалану.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мұғалімнің кәсіби бағыттары
    Несиелер: 4

    Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау. Оқыту мен оқытуда АКТ қолдану. Дарынды және талантты оқушыларды оқыту. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және үйрету. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жалпы тіл білімінің теориялық негіздері
    Несиелер: 5

    Жалпы тіл білімі, ғылыми негіздері. Жалпы тіл білімінде көтерілген мәселелер. Тілдің құрылымы. Тілдің типологиялық, генеологиялық топтары, жіктелісі. Тіл білімінің өзіндік зерттеу әдістері. ХІХ, ХХ ғасырдағы тіл білімі. Тілдік таңба жүйесі. Тіл білімі тарихындағы негізгі бағыттар мен мектептер және олардың өкілдері. ХХІ ғасырдағы тіл білімі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің құрмалас сөйлем жүйесі
    Несиелер: 4

    Құрмалас сөйлем туралы жалпы сипаттама. Құрмалас сөйлемнің даму жолдары. Салалас құрмалас сөйлемдер. Сабақтас құрмалас сөйлемдер. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер. Құрмалас сөйлемдердің коммуникативтік талаптарды жүзеге асыру ережелері. Осы арқылы құрмалас сөйлемдерді танудың – оны құрылымдық, функционалдық жағынан танудың басты түбегейлі тұжырымдамалары ашылатындығы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Шетел әдебиеті
    Несиелер: 5

    Орта ғасырлардағы шетел әдебиетіндегі бағыттары, жаңа кезеңдегі Қайта өрлеу. ХІХ ғасыр мәдени-тарихи дәуір ретінде. ХІХ ғасырдың І жартысындағы Романтизм көркем әдіс және әдеби бағыт ретінде. XX ғасырдағы шетел әдебиетінің негізгі даму тенденциялары. Бағыттар, ағымдар, мектептер. Франция әдебиеті. Ұлыбритания әдебиеті. АҚШ әдебиеті. Германия әдебиеті

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сөз өнері
    Несиелер: 4

    Әдебиет сөз өнері ретінде. Көркем образ. Көркем қиял. Шарттылық пен өмір шындығы. Шығарманың көркемдік әлемі. Кейіпкер және автор. Психологизм. Портрет. Диалог және монолог. Пейзаж. Уақыт және кеңістік. Сюжет. Поэзия және проза.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Емле және тыныс белгілері практикумы
    Несиелер: 5

    Тыныс белгісі теориясы, қызметі. Қыстырма, қаратпа сөздер, бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері. Оңашаланған айқындауыштың тыныс белгілері. Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері. Төл сөз бен автор сөзінің тыныс белгілері. Қабаттаса қойылатын тыныс белгілері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әдебиет теориясы және филологиялық талдау
    Несиелер: 4

    Әдебиеттану ғылымының негізгі және жанама салалары. Образ және образдылық., тәсілдері, жіктелуі. Мазмұн мен пішін бірлігі: Идея және оның түрлері. Сюжет пен композиция. Көркем шығарма тілі. Өлең құрылысы. Әдеби әдіс, ағым мен бағыт және стиль. Әдеби талдаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Көркем шығарманың жанры және жанрлық түрі. образ, пейзаж, заттық әлем, психологизм.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әлем әдебиеті
    Несиелер: 5

    Аңыз және ауызша шығармашылық. Өнер және әдебиет. Ежелгі грек эпосы. Киелі кітап. Ежелгі Қытай әдебиеті. Ежелгі Үндістан әдебиеті. Ежелгі Жапон әдебиеті. Орта ғасырлық роман. Дантенің «Божественная комедиясы». Қайта жаңғыру дәуірінің романы мен драмасы. Ағартушылық әдебиеті. Әлем әдебиетінің ХХғ. мен «күміс» ғасыр әдебиеттерінің шығармашылық ізденістері. ХХғ. әдебиеті мен театры.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жалпы тіл білімі
    Несиелер: 5

    Ғылыми лингвистикалық бағыттар мен мектептердің қалыптасуы. Ежелгі кезеңдегі Тіл білімі. 17-18 ғасырлардағы және Қайта өрлеу кезеңіндегі тілдің теориясы. 19 ғасырдың тіл білімі. Орыс лингвистикалық мектептері. Тіл теориясы. Тіл және қоғам. Тіл жүйе ретінде, тілдің маңызды сипаты. Тіл және ойлау. Заманауи лингвистикалық парадигма. Таным әдістері және тілді зерттеудің лингвистикалық әдістері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON10

    Кез келген жағдайда теориялық білімін тәжірибемен ұштастырады; қызметіне қатысты қиындықтарды шеше алады;

  • Код ON12

    Пәнге қатысты тәжірибелік және шығармашылық мәселелерді шешуде қашықтықтан оқыту мен ақпараттық байланыс технологиясын (АБТ) қолданады;

  • Код ON2

    Жаңа технологиялар мен әдіс-тәсілдердің салыстырмалы түрде өзіндік ерекшеліктерін таниды; оларды білім алушылардың танымына және пәннің мақсат-міндетіне қарай тиімді қолданады;

  • Код ON5

    Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда білімдерін тереңдетуде ғылыми ізденістер мен ой-пікірлерді саралайды; сыни баға береді; қорытынды тұжырым жасайды; бағалайды, пәнге оқытуда қиындықтарды шеше алады; оқыту жүйесін модельге түсіре алады; кез келген ақпаратты интерпретациялайды; талдайды; бағыт бойынша білімдерін толықтырады;

  • Код ON3

    Пәннің өзіндік ерекшелігіне байланысты әлеуметтік, этикалық және ғылыми ақпараттарды медиа құралдарынан, баспадан, оқулықтардан, оқып, өзіндік пайым беріп, талдайды.

  • Код ON7

    Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жаңа технологиялар мен әдістерді қолданады; зерттеу әдістері арқылы жаңа педагогикалық технологиялардың өзіндік ерекшеліктерін саралайды.

  • Код ON9

    Мамандық бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді; ғылыми жобаға жетекшілік жасайды;

  • Код ON6

    Қазақ тілі мен әдебиетін оны оқыту әдістемесімен байланыстыра алады. Және оны тәжірибеде және қызметте қолданады.

  • Код ON11

    Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытудың жеке траекториясы мен бейімдеу бағдарламаларын дайындайды;

  • Код ON4

    Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша теориялық білімдерін қолданады. Оқыту барысында білім алушылардың бойында әдістемелік дағдыларын, шеберліктерін қалыптастырады.

  • Код ON8

    Кәсіби қызметте академиялық адалдық қағидаларын толық қолдайды; академиялық мәдениеттілікті сақтайды;

  • Код ON1

    Айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым дағдылары жоғары мамандық деңгейінде қалыптасады, тіл білімі және әдебиеттану бойынша ұғым-бірліктерді толық меңгеріп, қолданады;

Top