Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01710 Қазақ тілі мен әдебиеті в Halyqtar dostyǵy

Пәндер

  • Қазақ халық ауыз әдебиеті

    Пәнді оқу барысында қазақ халық ауыз әдебиеті бойынша теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады. Фольклор, халық даналығы, ауызша сөз өнері, халық поэзиясы ұғымдары, лиро-эпостық жырлар, жыраулар поэзиясы түсіндіріледі. Қазақ халық ауыз әдебиетінің туу, таралу, сақталу мен жанрлық түрлерінің бөліну жолдары, фольклорлық шығармалардың идеялық-көркемділік қырлары игеріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тіл біліміне кіріспе

    Пәннің мақсаты: тілтанымдық білімдер жүйесін меңгерту. Лингвистикалық терминдермен, негізгі ұғымдармен таныстыру. Тіл ғылымының басқа түрлеріне дұрыс бағыт-бағдар алуға көмектесу. Жалпы тіл білімі жүйесіндегі яғни фонетика‚ лексика‚ грамматикадағы заңдылықтарды игерту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ежелгі дәуір әдебиеті

    Пән көне жазба ескерткіштеріміздің бүгінгі күндегі құндылығы мен тарихилығы туралы мәліметтер бере отырып, түркі халықтарына ортақ болған әдеби және мәдени мұраларымыздың өзіндік ерекшеліктеріне ғылыми тұрғыдан талдаулар жасауды үйретеді. Көне түркі тілінде жазылған көркем шығармалардың қазақ әдебиеті тарихынан алатын орнын, өзіндік ерекшеліктерін, тәрбиелік және әлеуметтік мәнін сипаттайды. VI-VIII ғасырларда тасқа қашап жазылған дастандардан бастап, қазақ хандығы құрылған кезеңге (XV ғасыр) дейінгі түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ болған әдеби мұраларға жан-жақты талдау жасайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Кәсіпкерлік негіздері

    Пәнді оқытудың негізгі мақсаты: кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін қажетті нормативтік құжаттарды, заңдар мен заңға тәуелді актілерді зерттеу, бизнесті ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын қалыптастыру, іскерлік қарым-қатынасты, кәсіпкерлік этиканы қалыптастыру, персоналмен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, бәсекелестік орта жағдайында өндірістік - шаруашылық және қаржылық - талдамалық қызметті ұйымдастыру және жүргізу үшін қажетті қабілеттерді меңгеру болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық

    Қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру білім алушыларға ұтымды қаржылық шешімдер қабылдауға, туындайтын қаржылық мәселелерді шешуге, қаржылық алаяқтықтарды уақтылы тануға мүмкіндік береді. Білім алушылар қаржы саласындағы барлық құралдарды тәжірибеде қолдануды, жинақтарды сақтауды және көбейтуді, бюджетті сауатты жоспарлауды үйретеді, салықтарды есептеу және төлеу және салық есептілігін дұрыс толтыру бойынша практикалық дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экономика және құқық негіздері

    Пәннің мақсаты – құқық және құқықтық қатынастардың негізгі түсініктерін, еңбек, азаматтық, отбасылық және қылмыстық құқықтағы өкілдіктер мен құзыреттерді, сонымен қатар экономика саласындағы теориялық және практикалық негіздерін қалыптастыру. Студенттерде экономикалық заңдылықтар, нарықтық экономиканың дамуындағы әртүрлі тенденцияларды тудыратын себептер, сонымен қатар оны реттеудің маңызды механизмдері туралы түсінік болуы керек.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Пән сыбайлас жемқорлықтың мәні мен факторларын зерттейді. Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын, әлеуметтік және азаматтық мәдениетін қалыптастырады. Сыбайлас жемқорлыққа деген саналы азаматтық ұстанымын айқындайды, осы құбылысқа қарсы тұрудың адамгершілік санасының құндылықтарын жүзеге асырады, өмірдегі сыбайлас жемқорлық құбылыстарына сыни талдау жасау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы

    Пән қазақ тілінің фонетика-фонологиялық, просодикалық білімдер жүйесін меңгертеді. Қазақ тілінің дыбыс жүйесін, әріп, буын, тасымал, екпін, әліпби ұғымдарын, орфографиялық, орфоэпиялық нормалары мен үндестік заңын айқындайды. Фонема ұғымын, графика мәселесін игертеді. Қазақ жазуының тарихы, әліпби реформалары туралы білім қалыптастырады. Қазақ лексикологиясының зерттеу нысаны мен міндеттерін, қызметін, сөз мағыналарының түрлерін (тура, ауыспалы, бейнелі, коннотатты, мәдени-семантикалық, жасырын мағына), фразеологизмдердің қызметін, лексикалық қабаттың құрылымын (көне, жаңа сөз, тарихи, кітаби сөз, жарыспа сөз, бейнелі сөз, кірме сөз, кіріккен, біріккен сөз, қос сөз) зерттелу дәрежесін игертеді. Қазақ тілінің сөздік қоры мен құрамын таныстырады. Лексикографиялық сөздік зерделеніп, сөздіктегі мағыналардың тарылуы мен кеңеюін түсіндіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері

    Пән экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері саласындағы білімді қалыптастырады, экологиялық және қауіпсіздік мәселелері басымдық ретінде қарастырылатын күнделікті және кәсіби қызмет, құндылық бағдарлар саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оларды пайдалануға баса назар аударады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Пәнді оқытудың негізгі мақсаты: қазіргі заманғы ғылыми әдістер мен теориялық тұжырымдамалар туралы теориялық білімді қалыптастыру, ғылыми зерттеулердің әдіснамасын меңгерген жан-жақты білімді зерттеушіні қалыптастыру, ғылыми-зерттеу жұмысының әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, зерттелетін тақырыптардың өзектілігі мен жаңашылдығын анықтау, дағдыларын қалыптастыру, ғылыми таным мен зерттеу әдістерін қолдану.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ежелгі әдебиет нұсқалары

    Пән ежелгі әдебиет нұсқаларының түп нұсқаларын зерттей отырып, олардың сақталуы мен бізге жетуі жайлы деректер береді, ежелгі әдебиет нұсқаларының қай халықтың әдебиеті мен мәдениетіне тән екендігі туралы мәселелерді қарастырады. Ежелгі дәуір әдебиетіндегі түркі тектес халықтарға ортақ болған әдеби мұраларды толық меңгертеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Графика және орфография

    Пәннің мақсаты: графика мен жазудың қағидаларымен таныстыру. Графема, орфограмма, емле және тыныс белгілері ережелерін меңгерту. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінің тарихын түсіндіру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілі мен әдебиетін жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту

    Пән қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда қазіргі технологияларды қолданудың теориялық және әдістемелік негіздерін меңгертеді. Білім беру жүйесінде соңғы уақытта қолданыста жүрген жеке тұлғаны дамыту, проблемалық оқыту, аксиологиялық, ұжымдық оқыту сияқты инновациялық технологияларды, олардың теориялық негіздері мен әдіснамасын қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолданудың жолдарын қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Оқытудың инновациялық технологиясы

    Пән қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістерді, инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін сипаттайды. Білім алушылардың біліктілігін арттыру мен педагогикалық шығармашылық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды игертеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мектептегі қашықтықтан оқытудың әдістері мен технологиялары

    Пән қазіргі заманғы компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларды, дәстүрлі және инновациялық әдістерді қарастырады. Қашықтықтан оқыту кезіндегі білім алушы мен оқытушының онлайн чаттағы кеңес алу үрдісін қалыптастырады, кеңеседі, тапсырманы тексеру үшін белгіленген уақытта өз жұмысын ұсынады. Әлемдік ақпараттармен байланысын дамытады, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шыңдауға дағдыландырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі

    Пәннің мақсаты: әлемдік лингвистикадағы графиканы, әліпби тарихын меңгерту. Латын графикасына көшу кезеңдерінің тарихын, тіл саясатының ықпалын ұғындыру. Латын графикасындағы емле ережелерін және орфографиялық сөздіктегі өзгерістерді игерту. Латын әліпбиіне негізделген сауаттылық дағдыларын дамыту. Латын графикасында жазылған еңбектерге талдау жасау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттануға кіріспе

    Пән көркем әдебиеттегі тақырып пен идея, мазмұн мен түр, олардың арақатынасын, сюжет пен композиция, олардың кезеңдерін, сюжеттен тыс элементтерді қарастырады. Тіл байлығының қайнар көздерін, оның түрлі бейнелеуіш және суреттеме құралдарын, әдебиеттің тектері мен түрлерін, олардың әр алуан кезеңдердегі және қазіргі дәуірдегі түрлерін меңгертеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Когнитивтік терминтаным

    Пәннің мақсаты: антропоцентристік бағыттың бір тармағы - когнитивтік терминтанымның теориялық білімдер жүйесін, зерттеу нысанын, негізгі ұғымдарын меңгерту. Терминнің ұғымдық атау ретіндегі концептілік жүйесін талдау. Терминнің тұрпат межесі мен мазмұн межесінің критерийлері мен өлшемдерін ажыратуға дағдыландыру. Концептілік терминдерді анықтау үлгілерін игерту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы

    Пән қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалық өзгеруін, сөздің құрылымы, морфема, түбір, қосымша, сөзжасам мәселесін, аналитикалық, синтетикалық тәсілдерін жалпы морфологияның базалық ұғымдарын оқытады. Сөз формалары және олардың жасалу тәсілдерін, түрлерін, сөз таптарын, олардың жіктелуін игертеді. Морфологиялық талдауды үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ономасиология

    Пәнді игерудегі мақсат: қазақ тіл білімінде ономастика саласының зерттеу нысаны, бағыттары туралы мәлімет беріліп, тілдегі онимдік бірліктердің танымдық қызметін саралау. Ономастиканың негізгі ұғымдарын, зерттеу әдіс-тәсілдерін, ономастиканың негізгі салаларын – антропонимика, топонимика, мифонимика, космонимика салаларын меңгерту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиеті

    Пән ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуын, қалыптасуын және осы кезең өкілдерінің өмірі мен шығармашылығын қамтиды. ХІХ ғасыр қазақ әдебиеті ағартушы бағыттағы ақындар мен «Зар-заман» ақындарының арасындағы әдеби мұраларымыздың өзіне тән ерекшеліктерін меңгертеді. ХІХ ғасырдың 50-70 жылдар аралығындағы «Зар-заман» ақындарының басты тақырыптары туралы білімді игереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қаратау шайырлары

    Пәннің мақсаты: Қаратау шайырларының азаматтық рухқа толы туындыларын, ол шығармалардың поэзия саласындағы қазақ әдебиетіне қосқан үлестерін сипаттау. Қаратаудың киелі мекен екендігі туралы білімді меңгере отырып Қаратау шайырларының жыр өнеріндегі басты тақырыптары мен мұраларын меңгертеді. Қаратау шайырларының поэзия жанрындағы көне үлгілері мен ақындық мектептері жайлы білім алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің стилистикасы

    Пәннің мақсаты: стилистика ғылымының теориялық базасын меңгерту. Көркем шығармаға стилистикалық талдау жасау жолдарын үйрету. Қазақ тілінің стилистикалық нормаларын, сөйлеу тілі мен әдеби тіл айырмашылықтарын, мәтін талдау әдістерін және көркем әдебиет стилі, публицистикалық стиль, ауызекі стиль, ресми стиль, ғылыми стиль критерийлері мен принциптерін игерту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары

    Пән бағалау жəне оның түрлерін, білім беру үдерісіндегі орны мен рөлін және тұлғаға бағытталған оқытудың бағалау жүйесінің ерекшеліктерін, критериалды бағалаудың мəнін, мақсаты мен ұстанымдарын меңгертеді. Критериалды бағалау бойынша білімді кəсіби іс-əрекетте қолдану жолдары сипаттайады. Оқу жетістіктерін бағалаудың түрлерін (диагностикалық, қалыптастырушы, жиынтықты бағалау) ажыратуға үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты

    Пән тарихи фонетика, тарихи морфология, тарихи лексикология, тарихи синтаксис, тарихи сөзжасам салаларына қатысты теориялық білімдер жүйесін қарастырады. Сөздің бастапқы мағынасын және этимологиясын ашып талдауға үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Абайтану

    Пән ұлы ақынның өмір сүрген ортасының тарихи-әлеуметтік жағдайының ерекшелігін, оның ақын шығармашылығына әсерін, ақындық өнерінің туу, қалыптасу, даму жолдарын қамтиды. Абайтану дәстүрінің құндылығын және «Толық адам» ілімін меңгертеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әуезовтану

    Пән М.Әуезов туындыларының қазақ әдебиеті мен әдебиеттанудағы орнын, мазмұнын, сюжетін, көркемдік ерекшелігін сипаттайды. Әуезовтану ғылымының қалыптасып дамуына үлес қосқан зерттеушілердің еңбектерін қарастырады. Әуезовтің шығармашылығын меңгертеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

    Курстың негізгі мақсаты: әдебиетті оқыту әдістемесінің қалыптасу тарихын, әдістер жіктемесін, сабақ үдерісін жоспарлауды, талдау түрлерін, әдебиетті жанрлық ерекшелігіне қарай оқытудың технологиясын түсіндіру. Қазақ әдебиетін оқыту пәнінен берілетін білімді ғылыми-әдістемелік тұрғыдан меңгерту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Тәуелсіз жылдардағы қазақ әдебиеті

    Пән тәуелсіздіктің арқасында жаңаша ізденіспен, тың пайымдаулармен дүниеге келген шығармалардың, атап айтқанда, қазіргі қазақ лирикасы мен прозасының, драматургиясы мен әдеби сынның жетістіктерін қарастырады. Қазақ халқының ұлттық мұраларын, әдеби-мәдени құндылықтарын, еліміздің ағарту саласындағы ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын меңгертеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ХХ ғасыр қазақ әдебиеті

    Пәнді игерудің мақсаты: XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму бағыттары және кезеңдерін, осы жылдардағы шығармалардың идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшелігі туралы білімін қалыптастыру. Ауызша дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы, көркемдік, стильдік жалғастық мәселелерін ғылыми-теориялық тұрғыдан түсіндіру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі

    Курстың мақсаты: қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздерін меңгерту. Пән педагогикалық шеберлігі мен құзыреттілігін игертеді, лингвомәдени, этномәдени құзыреттіліктерге дағдыландырады. Қазақ тілін тиімді оқытудың әдістерін жағдаятқа қарай дұрыс таңдау мүмкіндігіне жеткізеді. Оқу-әдістемелік құралдарды оқып-талдау, баға беру, тиімді әдістемелік кешендерді таңдай білу, оларды практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Инклюзивті білім беру

    Пән қалыпты және девиантты мінез-құлықты дамуы бар балаларды бірлесіп оқытудың білім беру жүйесін үйретеді. Дамуында кемістігі бар оқушыларға білім беруде педагогикалық жүйедегі қажетті біліммен қаруландыруға және интеграция жағдайында оқу үдерісін ұйымдастыруға бағытталады. Инклюзивті білім беру үдерістерін басқарудағы сыни ойлау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақ тілінің диалектологиясы

    Пән тіл білімінің белгілі бір тілдегі жергілікті диалектілік ерекшеліктерін, қазақ тіліндегі говорлар мен диалектілерді меңгертеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тілдік талдау түрлері

    Пәннің негізгі мақсаты: тіл бірліктерінің сипаттамаларын, заңдылықтарын, ерекшеліктерін, бөліну жолдарын, бір-бірімен байланысу амалдарын қарастыру. Тілдік фактілер негізінде өз бетімен ойлауға, сол құбылыстың белгілеріне сүйене отырып өзіндік ереже шығаруға дағдылану және тіл ғылымындағы конструктивизмді меңгеру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Академиялық жазба

    Пән ғылыми бағыттағы түрлі мәтіндерді (ғылыми мақала, баяндама, пікірлер, әдеби шолу және т.б.) жазу дағдыларын қалыптастыруға, олардың ерекшеліктері мен құрылымдарын жан - жақты меңгертуге бағытталады. Ғылыми мәтіндер жазу үшін тақырып таңдаудан бастап, оны жариялау барысындағы барлық жазылым үдерісінде кездестін мәселелерді қамтиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Minor бағдарламасы

    (Minor) – білім алушыларға қосымша құзыреттіліктерді дамытуға және қалыптастыруға бағытталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 10
  • Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі

    Пән тілдің синтаксистік жүйесін, сөз тіркесін және сөйлем, оның құрылымы мен мағыналық түрлерін сипаттайды. Қазіргі синтаксистік теорияның негізгі ережелерін, оның даму кезеңдерін және қазіргі қазақ оқулықтарындағы синтаксистік теорияның негізгі күрделі мәселелерін қарастырады. Фразаларды, қарапайым, күрделі сөйлемдерді синтаксистік талдау дағдыларын меңгертеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ әдебиеті

    Пән қазақ әдебиетінің 1920 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі даму деңгейін қарастырады. Әдеби жанрлардың түрі мен мазмұнын, прозалық, поэзиялық, драмалық туындылардың тақырыбы мен идеясын, ақын-жазушылардың қаламгерлік шеберлігін, шығармашылық жолын, қазақ әдебиетіндегі өзіндік орнын, көркем шығармалардың мазмұндық-тақырыптық, жанрлық ерекшеліктерін, Тәуелсіздік кезіндегі әдебиетті, оның тың идеяларын меңгертеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттанудың жаңа бағыттары

    Пән әдебиеттану ғылымының даму және қалыптасу кезеңдерін қарастырады. Қазіргі заманғы әдебиеттанудағы зерттеу әдістерін, әдебиеттің барлық түрі мен жанрын, көркем шығарма табиғаты мен оның көркемдік әлемін, оған зерттеу жүргізудің техникалық, тәжірибелік ұстанымдарын игертеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әлем әдебиетінің тарихы

    Пән мақсаты: батыс елдері халықтары әдебиетінің тарихы, даму кезеңдері, әдеби бағыты, әлем әдебиетіндегі құнды көркем мұралар, шетел әдебиетіндегі проза мен поэзияның, драманың өзіндік ерекшеліктері, тақырыптық, идеялық, жанрлық, көркемдік тұрғыдан жаңа биіктерге көтерілу құбылыстары туралы білім беру. Әлем әдебиетінің материалдарын, ұлттық әдебиеттану ғылымының жетістіктерін салыстырмалы-типологиялық талдаулар жасау арқылы меңгерту.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ мәдениетінің концептосферасы

    Пән тіл мен мәдениет сабақтастығын айқындайтын мәдени концептілерді зерттеудің әдіс-тәсілдерін оқытады. Сөздің мәдени-семантикалық мағынасын айқындайды, лингвистика ғылымында мәдениаралық зерттеулердің негізгі үрдістерін меңгертеді. Мәдениаралық қатысымның лингвистикалық аспектілерін жаңа ғылыми парадигмаларды, мәдениаралық зерттеулердің қазіргі тенденцияларын, тілдік құбылыстардың этномәдени таңбалану ерекшеліктерін қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы

    Пәннің мақсаты: қазіргі қазақ тілі бойынша алынған білімді тереңдете отырып, түркі тілдерінің тарихи лексикалық қоры мен құрамын, толығу жолдары мен жүйесін оқыту. Тіл тарихының қалыптасу, кемелдену жолындағы фонетикалық өзгерістердің рөлін, этимологиялық және этнолингвистикалық ерекшеліктерін, сөзжасам жүйесі мен оның теориялық номинациялық қисындарын, грамматикалық құрылымындағы тұлғалық және қызметтік, мағыналық өзгерістердің себебі мен салдарын, сөз және сөйлем құрылымының күрделену сипатын ғылыми негізде игерту.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Әлеуметтік лингвистиканың жаңа бағыттары

    Пән әлеуметтік лингвистиканың теориялық білімдер жүйесін оқытады. Әлеуметтік лингвистиканың жаңа әдістерін, эксперименттік талдауларын, сауалнамалық зерттеу тәсілдерін игертеді. Тіл мен қоғам арасындағы сабақтастықтың тілге ықпалының зерттеу жолдарын түсіндіреді. Көптеген тілдік элементтердің қоғамның әлеуметтік құрылымындағы элементтермен шартты байланыстарын қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің фонетикалық корпусы

    Пән қазақ тілінің ұлттық корпусының бір бөлігі - фонетикалық корпустың құрылымын, негізгі ұғымдарын, корпустармен жұмыс істеу жолдарын, әдіс-тәсілдерін, іздеу үдерістерін оқытады. Сөздерді фонетикалық және просодикалық тұрғыдан талдайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Интонология

    Пән интонацияның сөйлеу тіліндегі атқаратын қызметін, компоненттерін, бірліктерін анықтап, жалпы заңдылықтары мен қағидаларын туралы жүйелі білім береді. Жалпы фонологияның негізгі принциптері, теориялық ұстанымдары, инвариант фонемалардың лингвистикалық ерекшеліктері анықталып, дыбыс түрленімдердің типологиялық заңдылықтарын меңгертеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Этнотілдік сана және мәдениет

    Пәннің мақсаты: қазақ тіл білімінде дүниенің тілдік бейнесін этнотаңбалар мен этнотілдік сана арқылы тану. Халықтың дәстүрлі өмір тіршіліктерін, өмірлік құндылықтардың маңыздылығын игерту. Ғаламның ұлттық-мәдени бейнесін танудың әдіс-тәсілдерін меңгерту.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдеби тілінің тарихы

    Пәннің негізгі мазмұны: әдеби тіл және норма, әдеби тілдің даму барысын дәуірлеу жөніндегі көзқарастар, қазақ әдеби тілінің функционалдық стильдерге тарамдалуы, әр дәуірдегі жазба ескерткіштердің әдеби тілді қалыптастырудағы маңыздылығын түсіндіру. Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің қалыптасу жолдарын меңгерту.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жалпы лингвистика

    Пән әлем тілдерінің құрылымын, әлеуметтік қызметін, тарихи дамуын және оның жалпы заңдылықтарын қарастырады. Лингвистиканың ең негізгі, өзекті мәселелерін, жалпы тілге ортақ заңдылықтарын, тілдің типологиялық, генеологиялық топтарға жіктелуін, зерттеу әдістерін меңгертеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

    Пән мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізудің нормативтік талаптарын, оны ұйымдастыру, құжаттау, құжаттарды дайындаудың негізгі ережелерін меңгертеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиет теориясы

    Пән әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін игеруді мақсат етеді. Сөз өнерінің ерекшеліктерін, қоғамдық рөлін, көркем шығарманы танудың принциптерін, талдауың әдістері мен методологиясын, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін меңгертеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көркем әдебиеттің философиялық-эстетикалық принциптері

    Пән қазіргі қазақ әдебиетінің даму бағыттарын талдап, әдебиеттегі басты тақырыпты ашуды мақсат етеді. Әдебиет дамуындағы демократия тағылымын, тәуелсіздік талаптарын барынша бедерлі бейнелеген туындылар табиғатын, ұлттық сөздің қазіргі дамуындағы ізденіс-іркіліс сырларын, жанрлар жүйесін, көркемдік ерекшелігін, қазіргі ақын-жазушылардың танымал туындыларын қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Кәсіби ортада және қоғамда орыс және ағылшын тілдерінде еркін сұхбаттаса білу, оқушылардың бойында патриоттық пен ізгіліктік дүниетанымды, азаматтық сана-сезімді қалыптастыру мен дамыту мақсатында қоғамдық сана жаңғыруының негізгі ұстанымдарын түсіну, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
  • Кәсіби қызметте қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық білімдерді, деректерді статистикалық өңдеу әдістерін қолдану, ғылыми-теориялық негізде түсіну, Қазақстан Республикасының құқықтық- нормативтік құжаттарын білу. Қаржы саласындағы барлық теориялық білімді тәжірибеде қолдану.
  • Ақпараттық және есептеу сауаттылығын арттыру, әлеуметтік-психологиялық және жаратылыстық ғылыми сипаттағы пәндер бойынша білімдерін өз кәсіби қызметтерінде қолдану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын дамыту.
  • Инклюзивті білім беруде әр түрлі жастағы балаларды дамыту үшін диагностикалық әдістерді меңгеру, теориялық білімдерін дамыту мақсатында өндірісте тәжірибеден өткізу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын тұжырымдау, оқушылардың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерінің заңдылықтарын және әр түрлі жас кезеңінде оқу процесінде пайда болатын көріністерді зерделеу.
  • Қазақ тіл білімі (фонетика, лексика, морфология, синтаксис) салаларының заңдылықтарын тұжырымдау, қазақ әдеби тілінің тарихын, оның қалыптасу жолдарын меңгеру, қазақ тілінің стилистикалық нормаларын, лингвистиканың өзекті мәселелерін өз кәсібінде қолдану, жергілікті тіл ерекшеліктерін айқындау.
  • Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың заманауи әдістерін қолдану, ғылыми-практикалық зерттеулерді өз бетінше дамыту, инновациялық технологияларды қолдану арқылы олардың нәтижелерін талдау, тіл қызметінің заңдарын білу және қазіргі латын әліпбиі негіздеріне байланысты білімдерін өз тәжірибесінде пайдалану.
  • Тіл білімінің ғылым ретіндегі мақсаты мен міндеттерін, негізгі лингвистикалық категорияларын зерттеу қызметін ұйымдастырудың теориялық негіздерін білу, қазақ тілінің сөздік қоры мен құрамын меңгеру. Ғылыми жұмыс жазудың заңдылықтарын анықтау. Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізуді меңгеру.
  • Фольклорлық шығармалардың идеялық-көркемдік қырларын саралау, әдебиеттану ұғымдарын (шығарманың көркем және стильдік тәсілдері мен әдістерін, жанрлары мен типтерін) кәсіби деңгейде игеру, қазақ әдебиетінің даму жолдарын зерделеу, Абайтану, Әуезовтану ғылымының қалыптасып, дамуын айқындау.
  • Қазіргі қазақ әдебиеті және оның жаңа бағыттары бойынша зерделеу, көркем шығарманы талдау, әдебиет теориясы мен сыны, қазақ әдебиеті тарихындағы негізгі кезеңдер, бағыттар, оның өкілдері, зерттеушілері туралы мәліметті ғылыми тұрғыда меңгеру, жаңа тұжырымдарды негіздеу, әдебиеттің ой-сананы оятудағы рөлін саралау.
  • Стилистика ғылымының теориялық базасын игеру, тілді этнотаңбалар мен этнотілдік сана арқылы тану, шығармадағы ұлттық психологияны тани білуге үйрету, әлеуметтік лингвистиканың жаңа әдістерін игеру, тіл мен мәдениет сабақтастығын айқындау, интонацияның қызметін қолдану арқылы ұлттық корпусты меңгеру.
  • Көне түркі тілінде жазылған көркем шығармалардың қазақ әдебиеті тарихынан алатын орнын айқындау, ақын-жыраулардың қазақ әдебиетіне қосқан еңбектерімен танысу, қазіргі қазақ әдебиетінің даму бағыттарын талдау, шығармалардың идеялық мазмұны мен көркемдік бітімін қарастыру, әлем әдебиетінің даму жолдарын және тәуелсіздік жылдарындағы шығармаларды зерделеу.
  • Қашықтықтан оқытудың инновациялық әдістерін меңгеру, білім берудегі менеджменттің қыр-сырларын тәжірибе жүзінде қолдану. Қоғамдық ортада өзінің философиялық көзқарасын дәлелдеу және бағалау.
Top