Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02202 Дінтану в Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

  • Дін және дәстүр
    Несиелер: 3

    Дін және дәстүрдің арақатынасын, дін мен дәстүрдің қоғамдағы алатын орны мен ұлттық құндылықтарды зерттейді. Дін – адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр – ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет. «Дін» және «дәстүр» ұғымдарына анықтама бере отырып, өзара байланысын қарастырады. Дін және дәстүр байланысы барысындағы ықпал ету процесстерін көрсетеді. Дәстүр мен оның құндылықтық ұғымдарының діни-тарихи процестегі орны мен рөлін анықтайды.

    Селективті тәртіп
  • Матуриди ақидасы
    Несиелер: 5

    Матуридия исламдағы догматикалық-философиялық бағыт, оныншы ғасырдың басында пайда болған калам сүнниттік мектептерінің бірі. Ақидалық мектептің негізін қалаушы Әбу Мансур әл-Матуриди мутазилиттермен және жахмиттермен ақидалық пікір таластарда ақыл дәлелдері мен кәламдық дәлелдерді пайдаланған. Матуриди ақидасы Ислам сенім негіздерін және ислам теологиясына қатысты негізгі мәселелер мен олардың көріністерін талдайды. Сенімдік мәзһабтардың негізгі ұстанымдары мен бағыттарын терең меңгеріп, дәстүрлі ислам бағытындағы мәзһабтарды талдай біледі.

  • Ислам философиясына кіріспе
    Несиелер: 5

    Курс Ислам философиясыдағы кәләм ілімі, сонымен қатар перипатетикалық идеяларды пайымдау негізінде қалыптасқан сенім мәселесіне қатысты ілімдерді зерттейді. Араб-мұсылмандық философияның қалыптасуын, негізгі бағыттары мен араб халифаты тұсындағы философияның дамуын, Орта Азия халықтарындағы араб-мұсылмандық философияны, Мұсылмандық Испаниядағы философияның даму ерекшеліктерін қарастырады. Алғашқы ислам философтары әл- Кинди, әл-Фараби, инб-Сина, инб-Рушд және тб. өмір жолы мен қөзқарастары, филоофиялық мұрасын таныстырады.

    Селективті тәртіп
  • Діни фундаментализм және модернизм
    Несиелер: 5

    Діни фундаментализм және модернизм курсы қазіргі заманғы қоғамның демократиялануын, жаһандануын, секуляризациялануын, дінді мәдениеттің ерекше формасы ретінде зерттейді. Курста студенттерге діни фундаментализм және модернизм ұғымы, басты ерекшеліктері, діни фундаментализм және модернизмге қатысты дін әлеуметтануы зерттеулеріндегі теориялар, тарихи бастаулары ұсынылады. Әлемдік діндердегі діни фундаметализм және діни модернизм құбылыстары талданады. Секуляризация және діни модернистік құбылыстар қарастырылады.

    Селективті тәртіп
  • Жеке тұлға психологиясы
    Несиелер: 5

    Жеке тұлға психологиясында тұлғалық дамудың маңызды заңдылықтары, оған не әсер ететіні қаралады. Тұлға дамуы – белгілі бір заңдылықтарға бағынатын сандық және сапалық өзгерістер процесі. Осы пән аясында жеке тұлғаның негізгі сипаттамалары мен құрылымдық элементтерін бөліп көрсету, анықтау. Тұлға психологиясы ғылыми пән бола отырып, адам табиғаты туралы спекулятивтік пайымдауларды жалпы ойға сүйенбей, эксперименталды түрде расталатын тұжырымдамаларға айналдыру.

    Селективті тәртіп
  • Діни мәтін герменевтикасына кіріспе
    Несиелер: 5

    Бұл курс діни мәтіндердің герменевтикасын, түсіндіру теориясы мен әдістемесін қарастырады. Қасиетті мәтіндердің адамзат тарихындағы мәні мен маңызын салыстыра отырып талдайды. Қасиетті мәтіндерді түсіндірудің жалпы принциптерін зерттеу. Герменевтиканың негізін қалаған философтардың еңбектерімен танысу. Курс концептуалды зерттеулердің құндылығын, мәтіндердің жалпыадамзаттық экзистенциалдық тәжірибесімен байланысты өзекті мәселелерді зерттейді. Курста герменевтиканың категориялық аппараты, белгі, таңба, мағына, сөз, контекст, мәтін және интерпретатор концептілеріне терең талдау жасайды.

    Селективті тәртіп
  • Қазақстандағы діни басылымдар
    Несиелер: 3

    Пән діни басылымдардың қызметі мен мәнінен хабардар ету, діни басылымдардағы мақалаларды еркін талдап, автордың мақсатын көрсетуге қабілет қалыптастыруға бағытталған. ҚР діни басылымдар және олардың әлеуметтік, мәдени қызметімен таныстырады. Қазіргі таңда діни басылымдарда жарық көрген материалдардың діни басылымдардағы жарияланған мақалаларды жан-жақты саралау, тарихи тұрғыда талдау жасау әдістері, бүгінгі діни идеологияның қазақ қоғамында қалыптасуы мен дамуына тигізген әсерлер сынды тақырыптарды қозғайды.

    Селективті тәртіп
  • Діндегі деструктивтілік және терроризм мен экстремизм психологиясы
    Несиелер: 5

    «Діндегі деструктивтілік және экстремизм мен терроризм психологиясы» пәні деструктивтлік ұғымының мәнін ашып, оның діндегі көріністерін анықтап, діни сананың радикалдануы мен экстремистік және террористік идеологияға бейімделуінің әлеуметтік-психологиялық алғышарттарын, себептері мен факторларын талдайды. Деструктивтілік, терроризм, экстремизм ұғымдарының қалыптасу тарихын қарастырып, діни құқықтық ережелердің зайырлы құқықтық нормалардан айырмашылығын көрсетеді. Діндегі деструктивтілік, экстремизм және терроризм психологиясының объектісі мен пәні туралы, оларды зерттеудің негізгі теориялық тәсілдері туралы жалпы түсінік береді.

    Селективті тәртіп
  • Түркі ислам мемлекеттерінің тарихы мен мәдениеті
    Несиелер: 5

    Пәнде мұсылман түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті, түркілер құрған көптеген мемлекеттердің мәні, ұқсастықтары мен олардың даму ерекшеліктері талданады, сол арқылы білім алушының санасында ортақ түркі тарихы туралы ұғымдар қалыптастыру көзделеді. Сонымен қатар мұсылман түркі халықтарының басқа халықтармен тығыз саяси және мәдени байланыстарының тарихы түсіндіріліп, ислам дінінің түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіндегі рөлі қарастыралады. Тарихта болған Әмір Темір империясы, Мәмлүк мемлекеті, Ұлы Моғол мемлекеті, Осман империясы сияқты мұсылман түркі мемлекеттерінің тарихы мен мәдениетін қарастырады.

    Селективті тәртіп
  • Яһудилік және христиандық тарихы
    Несиелер: 5

    Курс діндер тарихының бір саласы ретінде яһудилік пен христиандық тарихын, пайда болуы мен таралуын, құлшылығын, бағыттары мен ағымдарын қарастырады. Діндер тарихындағы зерттеу әдістерін қолдана отырып яһудилік пен христиандық тарихын салыстырады, олардың даму кезеңдерін әлеуметтік, мәдени, саяси, діни факторлар негізінде зерттейді. Яһудилік пен христиандықтың зерттелу деңгейлерін, пайда болу, қалыптасу және даму кезеңдерін әлеуметтік, мәдени, саяси, діни факторлар негізінде оқытады.

    Селективті тәртіп
  • Діндер тарихының мәселелері
    Несиелер: 3

    Дінтану мамандарын даярлаудың маңызды компоненттерінің бірі діндер тарихы. Оның ішінде жекелеген діндерге кеңінен тоқталып өту де өте маңызды. Осы тұрғыдан алғанда « Діндер тарихының мәселелері » курсында дінінің пайда болу, қалыптасу және зерттелуі тарихын хронологиялық реттілікпен, дінтану ғылымының әдіснамасына сай оқытудың құндылығы арта түседі. Өйткені сенушілері ең көп діннің таралуына әсер ектен факторлар мен әлеуметтік шарттарын зерттеу тұтас алғанда өте өзекті теориялық және практикалық мәселе болып саналады. Сондай-ақ діннің бағыттары мен ағымдары және олардың ілімдік ерекшеліктерін де курстың негізгі тақырыптарының қатарына жатады.

    Селективті тәртіп
  • Хадис іліміне кіріспе
    Несиелер: 5

    Хадис ілімінің пайда болуы мен қалыптасу тарихын қарастырады, хадистерді бекіту және жүйелеу ерекшеліктерін зерттейді, иснадтар мен мәтіндерді талдайды. Хадис ілімінің мәні мен маңызын, құрылымын оқып, құран мен сүннетті түсіну мен түсіндіруде хадистің маңыздылығын зерттейді. Хадис мәтіндерінің мәні мен ерекшеліктерін, хадис мәтіндерін зерттеу мен түсіндірудің негізгі тәсілдерін, мәтіндерді түсіну үшін қажетті терминологиялық аппаратты қалыптастырады. Хадис жинақтарын жіктейді, көрнекті мухаддистердің өмірбаяндарын зерттейді.

    Селективті тәртіп
  • Батыс қоғамындағы исламофобия
    Несиелер: 5

    Батыс қоғамындағы исламофобиялық ұстанымдардың мұсылман шығысқа ықпалын, ислам әлеміне деген ұстанымдардың фильмдердегі көрінісін қарастырады. Ислам әлеміне қатысты батыс әлеміндегі соңғы зерттеулерге шолу жасайды. Еуропадағы исламның тарихына талдау жасайды. Исламофобияның әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық аспектілерін зерттейді. Батыс қоғамындағы ислам әлеміне деген үрейдің артуында БАҚ рөлі көрсетеді. Жаһандану үдерісінің батыс және шығыс әлемінің интеграциясын саралайды.

    Селективті тәртіп
  • Қазақ салт дәстүрлері
    Несиелер: 3

    Білім алушылар тұтас жүйе санатындағы қазақтың дәстүрлі мәдениетімен, дәстүрлі дүниетанымымен, дәстүрлі ойлау моделінің ерекшелігімен танысады. Қазақтың мәдени және тарихи мұрасын оқытады. Қазақтың салт дәстүрінің шығу тарихы мен қазіргі кезеңдегі реконструкциясы, дәстүр мен жаңашылдық сабақтастығы талданады. Сонымен қатар дін мен дәстүрдің қатынасы, өзара ықпалы және діндегі маңыздылығы баяндалады.

    Селективті тәртіп
  • Шешендік өнер
    Несиелер: 3

    «Шешендік өнер» пәнін оқыту барысында шешендік өнердің тарихи маңыздылығына ғылыми тұрғыдан баға беріледі. Риторика ғылымының қалыптасу факторларына тоқталып, қазақ шешен-билерінің қоғамдағы орнына, саяси-әлеуметтік маңыздылығына мән беріледі. Сабақ барысында студенттің сөйлеу мәдениетін жетік меңгеріп, шебер сөйлеу дағдысы қалыптасады. Би-шешендердің мұраға қалған шығармаларын оқып, талдау жасап, жаттап, танымдық, шығармашылық қабілеттері артады.

    Селективті тәртіп
  • Христиан теологиясы
    Несиелер: 5

    Курс студенттерді христиан теологиясы мәселелерімен, негізгі теологиялық мектептер және ағымдармен таныстырады, сонымен қатар христиандық теологияның генезисін, қалыптасу және даму процесін, объектісі мен пәнін анықтайды. Православиелік, католиктік және протестанттық теология жүйесінің мазмұны мен өзіндік ерекшеліктері зерттейді. Сенім негіздерін, христиандық теологияның патристикалық және схоластикалық, номинализм және реализм бағыттарының даму кезеңдерін талдайды, түрлі конфессиялар туралы оқытады. Діни мәтіндерге герменевтикалық талдау жасайды.

    Селективті тәртіп
  • Ғылым және дін
    Несиелер: 5

    Пән ғылым мен діннің байланысының негізгі формаларын белгілейді, ғылымның діни-философиялық және теологиялық концепцияларымен таныстырады, ғылыми және экзистенциалдық құбылыстарды салыстыру дағдысын қалыптастырады. Ғылым мен діннің әлеуметтік функциялары мен перспективаларын айқындайды. Ғылымның мәнділігі және прагматикалық құндылығынан аспайтын мәдени парадигма ретінде діни рефлекцияны сыни қабылдауды үйретеді. Ғылым мен діннің мәдени феномендерінен тыс философиялық-аксиологиялық рефлексияны қалыптастыруды мақсат етеді.

    Селективті тәртіп
  • Еркін ойлау тарихы
    Несиелер: 5

    Еркін ой тарихы, еркін ойдың түрлі формаларын айқындап көрсетеді. Курста еркін ойшылдық тарихы, орны, құрылымы, қызметтері, мәдени және саяси алғышарттары қарастырылады. Курста еркін ойшылдық дамуы, оның негізгі формалары мен бағыттары хронологиялық түрде оқытылады. Еркін ойлауды адамзаттың рухани мәдениетінің көрінісі ретінде таныстыру. Еркінойшылдықтың типологиясын оның категориялық аппаратының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады. Еркінойлаудың заманауи рухани мәдениет сахнасындағы рөлін саралайды.

    Селективті тәртіп
  • Араб тілі
    Несиелер: 4

    Арабша сөйлемдерге грамматикалық кешенді талдау жасап, сөйлем құрылымының мағынасын араб тілінде түсіндіріп үйрету. Пәндік тарихты игеріп, пәннің жаңашыл заманауи даму барысын қадағалай алу. Бұл пәнді меңгеру аясында студенттер классикалық араб тілінің грамматикасы мен лексикасы туралы терең түсінік алады, осы тілдегі мәтіндерді (Құран, классикалық поэзия және проза) оқуға қажетті дағдыларды меңгерту. Сондай-ақ қазіргі әдеби араб тіліне көп көңіл бөлінеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Дінтануға кіріспе
    Несиелер: 3

    Дінтану мамандарын кәсіби деңгейде дайындау және студенттерді дінтанудың дамуына ықпал еткен мәселелер мен алғышарттарды, мамандыққа кіріспенің дін философиясы, дін социологиясы, дін психологиясы, дін феноменологиясы және діни антропология сияқты негізгі салаларымен таныстыру. Дінтанудың тарихы мен салаларын, маңыздылығын, қоғамда алатын орнын зерттейді. Дінтанушы маман ретінде білім алуды жүзеге асырудың ұтымды жолдарын ұсынады. Өзіндік жұмыстарды жоспарлау, топпен жұмыс істеу, дінтану мамандығына қатысты дағдыларды меңгеруге бағытталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Экология және өмір қауіпсіздігі» - бұл адамның қоршаған ортамен (өндірістік, тұрмыстық, қалалық, табиғи) қауіпсіз әрекеттесуі және төтенше жағдайлардың теріс факторларынан қорғану мәселелерін қарастыратын пән. Білім алушы пәнді игеру нәтижесінде адам өміріндегі қауіп-қатерлерден сақтану жолдарын игереді. Табиғи және техногенді апаттардан қорғанудың негізгі тәсілдерін біледі; қазіргі заманғы зақымдану құралдары мен олардың зардаптарын жою шараларын ұйымдастыра алады, сондай-ақ тіршілік қауіпсіздігінің шарттарын бағалауды меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ислам теологиясы
    Несиелер: 3

    Ислам теологиясы ислам қағидаларын ақылмен түсіндіретін, сенім негіздеріне қатысты сұрақтарды ақыл қолдана отырып қарастыратын пән. Бұл ғылымның мақсаты ислам дінінің сенім негіздерін, ислам теологиясына қатысты негізгі мәселелерді теориялық тұрғыдан қарастыру. Ислам теологиясының пайда болуына түрткі болған себептер мен қалыптасу тарихын және ислам теологиясының қарастырған мәселелерін және оны шешудің жолдарын қарастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Діндер тарихы
    Несиелер: 4

    Діндер тарихы курсы діндердің даму және өзгеру процестерін зерттейтін білім саласы. Курста әртүрлі діндердің пайда болуын, дамуын және қызметін талдау, діннің адамзат тарихындағы орнын анықтау қамтылады. Білімгерлерді дінтану саласындағы наным-сенім түрлері мен құлшылық формаларын түсіндіре отырып, діндер тарихын зерттеудің алғышарттары және функциясымен таныстырады. Тарихи және қазіргі діндер туралы мәліметтер жүйеленіп ұсынылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Кәсіби бағытталған араб тілінің практикалық курсы
    Несиелер: 5

    Кәсіби бағытталған араб тілінің практикалық курсы пәні студентттің кәсіптік, іскерлік, ғылыми салаларда және жағдайяттарда қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастыруды көздейді. Араб тіліндегі аудио-бейне жазбаларды еркін түсіне алу, араб тілінің грамматикалық, синтаксисттік байланыстарын құру мүмкіндігін үйретеді. Курсты игеру және қоғамдық ортада пайдалану. Араб тілінде өз пікірін жеткізу арқылы, болашақта арабша әдебиеттерді аудару. Пәнді меңгеру арқылы арабша еңбектерді оқу, аудару, түсіну.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Құран Кәрім
    Несиелер: 3

    Құран Кәрімді түпнұсқадан оқуға және қырағатқа қатысты, әуезді оқуға қабілет қалыптастыру. Құран оқу қағидалары мен ережелерін үйрету; тәжуид қағидаларына сәйкес құран оқуды игерту. Сонымен қоса құран тарихын қоса оқытып, құрандағы аяттардың түсу себептерімен Меккелік және Мәдиналық аяттардың ерекшеліктерін оқыту. Құран Кәрімнің өнегелік қасиеттерін үйреніп, құрандағы моралдық этикалық қасиеттерді оқып үйрету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Дін әлеуметтануы
    Несиелер: 5

    Дін әлеуметтануы курсы діни тәжірибелерді, дін мен қоғамның өзара әрекеттесуінің тарихи тәжірибесін, әмбебап тақырыптарды және діннің әлеуметтік процестердегі рөлін зерттейді. Дін әлеуметтануы діннің классикалық және қазіргі теорияларын, эмпирикалық зерттеулердің әдістері мен маңызды нәтижелерін білім алушыларға кәсіби мамандар призмасы бойынша ұсынады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Дінтанушыларға арналған ағылшын тілі
    Несиелер: 5

    Дінтанушыларға арналған ағылшын тілі курсы шығармашылық, ғылыми және кәсіби салаларында тілді ауызша және жазбаша түрде қолдану үшін кәсіби интермәдени, оқу-танымдық және коммуникативті құзыреттіліктерді дамыту, сөздік қорды кеңейту, жаңа грамматикалық құрылымдарды қалыптастырып жетілдіруді үйретеді. Түрлі жанрдағы мәтіндермен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру. Шетел тілін меңгеруін жалғастыруға жетелейтін оң мотивация қалыптастыру және ары қарай дамыту. Білім алу, кәсіби және ғылыми жұмыстарды атқаруға қажетті болған жазу дағдыларын жетілдіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Діни антропология
    Несиелер: 5

    Діни антропология пәні дінтанудың бөлімі ретінде дінтанушы мамандарды кәсіби даярлауға тікелей қатысады. Дiни антропология – дiнтану, философия, философиялық антропология, тұлға социологиясы, психология пәндерiнiң пәнаралық зерттеу пәнi болып табылады. Бұл пән адам, Жаратушы мәселесін, қасиетке деген көзқарас түсінігін, сондай-ақ теологияда және діни философияда адамның пайда болуы, адам өмірінің мәні жайлы діни тұжырымдарды зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Эстетика және діни өнер
    Несиелер: 3

    Эстетика және діни өнер курсында діни тәжірибеге эстетикалық тәсілді қолдану ерекшеліктерін түсіну үшін қалыптасқан әдістемелерді қолдануды қарастырады. Білім алушыға діни өнер туындыларын қабылдап, оны интерпретациялауға қабілетті болуды үйретеді. Әлемдегі діндердің түрлі өнер салаларына әсерін, ықпалын зерделеп, соның негізінде өнер туындыларындағы діни мотивтерді айқындап, сипаттайды. Дiн мәдениет құбылысы ретiнде қарастырылып, негізгі эстетикалық категориялардыоқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Дін және өнер
    Несиелер: 3

    Дін мен өнер контекстіндегі эстетиканың негізгі категорияларын, өнердің негізгі түрлерінің діндегі көрінісін, діни өнердегі дəстүрлік жəне жаңашылдық, өнер генезисін, дiни-көркемдiк бiртұтастық мәселелерін қозғайды. Дін мен өнердің табиғатын, ерекшеліктерін жəне қызметтерін қарастырады. Діни өнердегі канонның орнын ажыратады. Әлемдегі діндердің түрлі өнер салаларына әсерін, ықпалын зерделеп, соның негізінде өнер туындыларындағы діни мотивтерді айқындайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Орта Азиядағы христиандық тарихы
    Несиелер: 5

    Пән христиандық тарихының бір саласы ретінде Орта Азиядаға христиандық алғаш келуін, таралуын, оның бағыттардың, олардың миссионерлік қызметін, басқа діни топтар мен саяси-әлеуметтік және діни миссионерлік тартысқа түсу тарихын зерттейді. Орта Азиядағы ерте христиандықтың басқа діндермен арасында болған байланысын, осы аумақтарда құрылған митрополияларын қарастырады. Отарлау саясаты кезіндегі христиандықтың мақсат міндеттерін салыстыра отырып оқып, салыстырмалы талдау жасайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Дін психологиясы
    Несиелер: 5

    Дін психологиясының басты қарастыратын мәселелері діни сана, діни тәжірибе мен діни конверсия мәселелеріне психологиялық талдау жасау. Дін психологиясы әртүрлі діни дәстүрлерге, руханияттың формаларына психологиялық зерттеу әдістерін қолдану. Дін психологиясы оң немесе теріс формада дінмен байланысы бар индивидтің психологиялық ерекшеліктерін қарастырады. Діни сенім мен әрекеттің жеке тұлғаға әсерін, адамның эмоционалдық сезімдері мен қалауларының, этикалық ұстанымдары мен қатынастарының діни сенім мен күнделікті тіршілікке ықпалын салыстырмалы түрде зерделейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Салыстырмалы дінтану
    Несиелер: 5

    Діндердегі сенім, құлшылық, құқық, этика, дүниетаным, діни мәтін түсініктеріне салыстырмалы түрде талдау жасайды. Әр діннің өзіне тән маңызды ерекшеліктерін, құндылықтарын, өзгешеліктерін ашып көрсетеді. Ғылыми танымның маңызды әдістерінің бірінен саналатын аналогиялық әдіске мән беру арқылы, білім көкжиегін кеңейте түседі. Ұлттық және әлемдік діндердің тарихы, сенім негіздері, құлшылық қағидалары және т.б. ерекшеліктері салыстырыла отырып, адамзат тарихындағы мәні мен рөлі объективті түрде сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Араб тілі 2
    Несиелер: 5

    A2 деңгейіне сай базалық коммуникативті біліктілікті дамыту, тыңдалым, сөйлесім, оқылым және жазылым дағдыларын күшейту, лексикалық қорды кеңейту, жаңа грамматикалық құрылымдарды меңгеру. Діни тақырыптағы мәтіндермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту. Араб тіліндегі сөзжасам (ас-сарф) негіздерін меңгеріп, оларды практикалық жүзінде оқу барысында қолдану. Араб тілін меңгеруін жалғастыруға жетелейтін оң мотивация қалыптастыру. Араб тілінде өз пікірін жеткізу арқылы, болашақта арабша әдебиеттерді аудару.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кәсіби бағытталған шет тілі
    Несиелер: 5

    Бұл курста студенттер кәсіби шет тілінде тілдік терминологияны, мәтіндер мен ақпаратты пайдалана алады, кәсіби және мәдениетаралық қарым-қатынас саласындағы тілдік құбылыстарды және зерттелген шетелдіктердің ұлттық-мәдени ерекшеліктерін біледі. Курс кәсіби мәтіндерді талдау, мамандық бойынша нақты тақырыптарда пікір сайысқа түсу және өз ойын ауызша және жазбаша жеткізе білу, қазіргі сөйлеу тілін дамыта отырып, фонетикалық, грамматикалық, лексикалық материалды оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Дін философиясы
    Несиелер: 5

    Дін құбылысын философиялық тұрғыдан түсіну, адамның шындыққа, ең алдымен құдайлық шындыққа деген діни көзқарасы, гносеология және дін философиясының ғылыми концепцияларымен таныстыру. Дін философиясы діни-философиялық жүйелер мен олардың негізінде жатқан дәстүрлі философиялық идеялар туралы теориялық түсініктер беруге бағытталған, студенттердің философиялық мәтіндермен өз бетімен жұмыс істеуге практикалық дағдыларын қалыптастыруды, сонымен қатар олардың философиялық және мәдени-танымдық негіздерін қалыптастыруды көздейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мораль және дін
    Несиелер: 5

    Мораль және дін курсы дін феноменіндегі моральдың рөлін таныстырады. Мораль және діннің мәнін, қоғамдағы функциясын анықтайды. Діни тәжірибеде моралдық-этикалық қағидалардың ерекшеліктерін пайымдау арқылы қалыптасқан қарым-қатынастағы әдістемелерді үйретеді. Мораль және дін қатынастарының даму тарихын, негізгі бағыттары мен принциптерін талдайды. Әлемдік діндердің діни әдептілік қағидаларының этикалық негіздерін оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Күнделікті өмірдегі ағылшын тілі
    Несиелер: 5

    Ағылшын тілінде сауатты жаза білуді үйрету. Ауызекі тілде сөйлесу кезінде және баспасөзде жарияланған материалдарды оқу барысында жиі қолданылатын сөздер мен тіркестерді меңгеру арқылы жылдам әрі нақты сөйлеуге машықтандыру. Студенттерді шет тілінде оқыған материалдарын толық түсініп, талдай алуға, естіген материалдарын тыңдау арқылы түсініп, ойын еркін жеткізіп, жүйелі түрде монолог, диалог түрінде жеткізе алуға үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі мемлекеттегі дін
    Несиелер: 5

    Мемлекет пен дін арақатынасының тарихи типтерін оқыту. Мемлекеттік дін ұғымына анықтама беру: мәні және белгілерін үйрету. Діннің мемлекеттен ажыратылуы принципін қарастыру. Құқық ұғымына анықтама беру: мәні, түрлері мен қызметтерін оқыту. Діни нормалардың құқықтық қалыптасуына ықпалын оқыту. Қазақстандағы мемлекет және дін қатынастарының даму тарихын, негізгі бағыттары мен принциптерімен таныстыру. Зайырлы және теократиялық мемлекеттің айырмашылықтары мен ерекшеліктерін ажыратып көрсету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақстан Республикасындағы діни ұйымдар
    Несиелер: 5

    Қазақстан Республикасындағы мемлекет және діни бірлестіктер қарым-қатынасының діни-саяси аспектілері оқытылады. Қазіргі діни ұйымдардың құрылымы, стратегиясы миссиясы, діни формаларының пайда болуы және дамуы қамтылады. ҚР Діни ұйымдардың ерекшелігі, дінаралық қатынастары, діни ұйымдардың құқықтық нормалары мен қағидаттары, ұйымдық құрылымы, белгілі бір мақсаттарының болуы, тұрақты органдар жүйесі және штаб – пәтері, мүшелерінің құқығы мен міндеттері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мазһабтар тарихы
    Несиелер: 5

    Бұл пән Исламда сенімдік, құқықтық, саяси мәзһабтардың пайда болуын, қалыптасуын, дамуын қарастырады. Құқықтық және доктриналдық мазһабтар арасындағы пайда болу себептері мен қалыптасып дамуы кезеңіндегі ерекшелік пен аймашылықтарды зерттейді. Бұл пән білімгерге исламдағы құқықтық, кәләмдық және саяси мәзһабтардың ілімдік ерекшеліктерін ажыратуды үйретеді. Мазһабтардың қалыптасуына түрткі болған әлеуметтік, саяси, экономикалық, мәдени алғышарттарға тоқталады. Мазһабтар арасындағы ерекшеліктерді ажыратып талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ ойшылдары дін туралы
    Несиелер: 5

    Қазақ ойшылдарының діни ой-пікірлерінің қалыптасуы мен ой-тұжырымдарының ерекшеліктеріне тоқталып, алғышарттарымен таныстырады. Қазақ топырағынан шыққан ортағасырлық ғұламалар мен хандық кезеңдегі жыраулар поэзиясы, зар заман ақындары мен соңғы ғасырдағы ойшылдардың шығармаларын негізге ала отырып діни дүниетанымдарының қалыптасуын қарастырады, астарына үңіліп талдау жасайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақстандағы ислам
    Несиелер: 5

    Қазақ жеріне ислам дінінің келу, таралу және орнығу кезеңдері мен қазақ топырағындағы мұсылманшылықтың ерекшеліктеріне қатысты зерттеулерді оқыту. Ислам дінінің таралуы барысында қалыптастқан жергілікті мәдениетті талдай отырып қарастыру. Қазақ топырағына исламның таралуы кезеңіндегі ерекшелігін түсіндіру, діни үкімдердің дәстүрге айналу кезеңдеріне мән беріп, астарын ашу; исламның дінінің таралу ерекшелігіне, тарихи кезеңдеріне мән бере отырып оқыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дінтануды оқыту әдістері және мектеп курсының негіздері
    Несиелер: 5

    «Дінтану» мамандығының бакалавр деңгейіндегі тәлімгерлерге дінтанулық циклдағы пәндерді (дінтану негіздері, діндер тарихы, әлемдік діндер, дінтану факультатив т.б.) жалпы білім беру және бастауыш кәсіби білім беру жүйелерінде оқытуды теориялық тұрғыдан оқытуға арналған. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі дінтанулық пәндерді оқытуды жоспарлау, ұйымдастыру, бағдарлау теорияларын үйрету. Заманауи білім беру технологиялары мен оқыту әдістерін, оқу бағдарламаларын жасаудағы материалдарды дидактикалық талдау талаптарын және сабақ жүргізудің түрлі типтері мен бақылау және қорытынды аттестациялауды оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Орта Азиядағы ислам тарихы
    Несиелер: 5

    Пән Орта Азиядағы ислам тарихын және қазіргі мәселелерін оқып-зерттеу негізінде ислам дінінің аталған аймаққа таралу ерекшеліктерін қарастырады. Ислам дінінің Орта Азияға таралуын кең көлемді түсіндіру арқылы исламның аталған аймаққа таралу кезіндегі ерекшеліктері мен мәселелерін қарастырады. Орта Азиядағы ислам дінінің қалыптасуы және таралуына түсіндіру барысында исламның осы географиялық аймаққа тән ерекшеліктерін көрсетеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ислам тарихы
    Несиелер: 5

    Ислам тарихы пәні ислам дінінің пайда болуынан бастап әлемге таралуы кезіндегі ерекшеліктерді кезеңдерге бөліп қарастырады, ислам тарихында династиялық басқару кезеңдері, олардың мемлекеттік құрылымдары мен мәдени деңгейлеріне, таралған аймақтардағы жергілікті мәдени географиялық ерекшеліктерге байланысты қалыптасқан ислам дінінің тарихын зерттейді. Исламның таралу тарихын оқу барысында ислам тарихында орын алған басты оқиғаларға кеңінен тоқталып талдау жасайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Орталық Азиядағы суфизм
    Несиелер: 5

    Бұл пән сопылықтың ислам мәдениетінің үстемдік етуші факторлары – араб тілі мен дінінің әсерінен түрлендірілген негізгі дәстүрлерді, құндылықтарды, дүниетанымдық нұсқауларды қарастырады. Сонымен бірге этникалық жадты сақтау қызметін атқарады. Бұл сопылықтың Орталық Азияда кең тарағанын, олардың исламды қабылдап, жаңа шындықты – ислам мәдениеті әлемін тудыратынын түсіндіреді. Қазіргі Орталық Азия елдеріндегі сопылық тариқаттарының қалыптасуы мен қазіргі жағдайына қатысты ақпарат жинап, салыстырмалы талдау жасайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазіргі діни қозғалыстар мен культтер
    Несиелер: 5

    Бұл пән дәстүрлі діндерден бөлінген немесе синкреттік жолмен қалыптасқан діни топтар мен культтерді қарастырады. Жаңа діни ағымдарға классификация жасайды. Сонымен қатар жаңа діни ағымдарды зерттей отырып, әлемдік және ұлттық діндердің қоғамдағы рөлін бағалау; Жаңа діни культтерді топтастыра отырып, діндерді «секта», «деноминация», «конфессия» сияқты категорияларға бөліп қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дін феноменологиясы
    Несиелер: 5

    Дін феноменологиясы дінтанудың әдіснамалық өзіндік рефлексиясы болып табылады, мұнда діни тәжірибенің іргелі танымдылығы, осы саладағы ғылыми білімнің шекарасы туралы мәселелер көтеріліп, басқа да маңызды эпистемологиялық мәселелер қозғалады. Дін феноменологиясын зерттеу студенттің дінтанудағы өзіндік зерттеушілік ұстанымын қалыптастыруға, діни құбылыстарды ғылыми тұрғыдан зерттеудің шекаралары мен мүмкіндіктерін нақтырақ сезінуге, оның негізгі әдіснамалық бағыттарын нақтылауға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Еуропадағы ислам өркениеті
    Несиелер: 5

    Пәнді оқыту кезінде Европадағы ислам тарихын кезеңдерге бөлу арқылы қарастыру. Батыс Еуропа елдеріндегі исламның таралу тарихы, қа­зіргі жай-күйі, сонымен қатар маңыздылығы мен негізгі құндылықта­ры жайлы сөз қозғалады. Мұсылман араб ғалымдарының діни дүниетанымы туралы қарастырылады. Сол кезеңдегі мәдениет пен өркениет қатынас­тары мен ғылыми жаңалықтары қарастырылады. Ислам өркениеті арқылы Шығыс пен Батыс өркениетінің диалогы таныстырылады. Мұсылман араб ойшылдарының Европа ғылымындағы рөлі талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазіргі ислам құқығының мәселелері
    Несиелер: 4

    Қазіргі ислам құқығының мәселелерi биліктің ұйымдастырылуы мен іс-әрекетінің негізінде жатқан, мұсылмандардың мінез-құлқын реттейтін қағидалар мен нормалардың жиынтығын қарастырады. Қазіргі ислам құқығындағы өзекті проблемаларды қарастыра отырып, басты тақырыптары негізінде адамгершілік сияқты рухани құндылықтарды зерттейді және адамдарға оң әсер ету жолдарын қарастырады. Қазіргі заманғы діни мәселелерді ислам құқығындағы тақырыптармен салыстыра отырып зерттеуге алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дінтанулық сараптама
    Несиелер: 5

    Дінтанулық сараптама – діни сенім туралы ақпаратты зерттеу, сонымен қатар даулы мәтіндердің, ғибадат ету объектілерінің және діни жоралар мен рәсімдердің орындалуының діни аспектілерін талдауды қарастырады. Дінтанулық сараптама діни ұйымды анықтауға, оның мазмұнын сипаттауға мүмкіндік береді. Дінтанулық сараптама дін саласының қазіргі кезеңдегі мәселелерін, даму бағыттарын зерделеу арқылы маман ретінде дінтанулық сараптама жасау әдістері мен тәсілдерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • ҚР Дін туралы мемлекеттік заңдар
    Несиелер: 5

    ҚР діни сенім бостандығын жүзеге асыру теориясы және практикасын, аналитикалық зерттеулерді камтиды. Түрлі діни топтардың заң аясындағы қызметі мен заңдық және заңнан тыс құқықтарын талдау. ҚР тіркелген әрбір діни ұйымға жеке-жеке тоқтала отырып, жалпы республика бойынша діни жағдайдың бүгіні мен өткеніне, болашағына маман ретінде баға беру және болжау. Сонымен қатар діни ұйымдардың догматтық, ілімдік ерекшеліктері мен қатар заңдық құқықтары, ҚР қызметі, таралу аймақтары, мемлкетпен қарым-қатынасы категориялары қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ислам құқығы
    Несиелер: 4

    Бұл курс мұсылмандық құқықтық жүйесін, тарихын, ерекшеліктері мен терминологиясын, ислам құқық методологиясы мен мектептерін, салалары мен әдебиеттерін, үкім, маслаха, мақасид, әһлия т.б. теорияларын таныстыру. Студенттердің мұсылмандық құқық жүйесінің негіздерін, теологиялық және дінтанулық зерттеу жасаудағы негізгі базалық білімін қалыптастырудағы маңызды теориялар мен тұжырымдарды үйрету. Діннің практикалық өмірге қатысты тұсы фиқһтық үкімдердің шығу негіздері мен тәсілдерін таныстыру. Исламдық доктринаның ішінде метафизикалық, этикалық және санаға қатысты ілімдерден тыс қалған барлық объективті ережелерді ұғындыруды көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дін және мемлекет арақатынасы
    Несиелер: 5

    Діннің қоғам мен мемлекет өміріндегі маңызы мен рөлін түсіндіре алуға машықтандырып, ізденушіні діни-құқықтық мәселелерді талдауға, Қазақстандағы мемлекет пен дін қатынасының ерекшеліктерін сипаттай алуға бейіндейді. Дін туралы заңнамалық құжаттардың қабылдануы, құзіреттері мен маңызы жайлы талдау жүргізіледі. Діни ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыру мен үйлестіре алады. Қоғамда толерантты түсінік қалыптастыру мен ұлттық құндылықтарды қастерлеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Эзотериялық ілімдер
    Несиелер: 5

    Эзотериялық ілімдер қазіргі әлемдегі дүниетанымдық позицияларды таңдауға қатысты пікірталастармен, адам және оның осы әлемдегі орны мен дүниетанымын түсіндіруін әртүрлі жиынтығы ретінде қарастырылады. Пән эзотерикалық ілім эволюциясының жалпы заңдылықтары мен негізгі кезеңдері, олардың ерекшеліктері мен діни жүйелердегі орны туралы түсінік береді, ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі эзотерикалық ілімдердің тарихи эволюциясының негізгі кезеңдерінің мазмұны туралы зерттейді. Пән заманауи эзотерикалық ілімдердің күрделі жүйесін шолуға, діни ойлау дағдыларын қалыптастыруға және эзотерикалық ілімдермен байланысты әлеуметтік құбылыстар мен процестерді талдауға көмектеседі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Постсекулярлы қоғамдағы дін
    Несиелер: 5

    Пән діннің мазмұны мен функцияларының постсекулярлы қоғам жағдайында қалай өзгеретінін зерттейді. Діндарлықтың формалары мен діннің қоғамдық иснтитуттарға тигізер әсерін, осы тақырыптар аясындағы соңғы зерттеулермен таныстырады. Діннің қоғамдық институттарға ықпалымен, діндарлықтың артуына әсер ететін факторлар мен секулярлы және постекулярлы қоғам сипаттарын қарастырады. Постсекулярлы қоғамдағы діндарлық деңгейімен таныстыру; Жаһандану үдерісінің діндарлыққа ықпалына қатысты зерттеулермен таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Академиялық жазылым
    Несиелер: 5

    Академиялық жазылымдарды жазудың тәртібі мен талаптарын меңгере отырып, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудің және рәсімдеудің негізгі талаптарын, тәсілдерін үйрету. Академиялық жазу және оның ерекшелігі, кәсіби құзыреттілік және коммуникативтілікті кеңейту, аналитикалық мәтіндік әрекетке байланысты тәжірибені дамыту. Студенттердің лингвистикалық және прагматикалық дағдыларын қалыптастыру. Ғылыми басылымдарға зерттеу жұмысының нәтижелерін жариялаудың жолдарын, талаптарын, кезеңдерін қарастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON2

    Қоғамдағы діндарлықтың даму тенденцияларын бақылау, діннің ұлттық сананың қалыптасуындағы маңызын түсіндіру, діни сананың радикалдануының алдын-алудың қадамдарын ұйымдастыру, жүзеге асыру. Діни және діни емес көзқарастардың қарым-қатынасында ынтымақтастық орнатуды жоспарлау, жүзеге асыру

  • Код ON9

    Діни әдебиеттерді саралау, діни және дінтанулық әдебиеттерді талдау әдістерін қолдану. Сауатты есеп әзірлеу, дайындау, атқарылған қызметін қорытындылау, талдау, нәтижесін бағалау. Белгісіздік режимінде сәйкесінше шешімдерді тез қабылдай білу.

  • Код ON3

    Өзін-өзі үздіксіз дамыту, сыни ойлау, жаңа идеялар ұсыну. Толеранттылық және кроссфункционалдылық қарым-қатынас жасау. Табиғи және техногенді апаттардан қорғанудың негізгі тәсілдерін меңгеру, қызмет ету ортасында тіршілік қауіпсіздігі шараларын ұстану. Салауатты өмір салтын ұстануға дағылану. Писхологиялық күйінің тұрақтылығын дамыту.

  • Код ON10

    Дінді тарихи, рухани, мәдени құбылыстармен сабақтастықта түсіндіру. Дінтанулық ақпараттық-түсіндіру қызметін, дінтанулық кеңес беруді жүзеге асыру. Өз ойын еркін тұжырымдау, сауатты жеткізу.

  • Код ON1

    Алғашқы наным-сенімдер, әлемдік, ұлттық діндердің және жаңа діни қозғалыстардың пайда болу, қалыптасу және таралу кезеңдеріне қатысты кәсіби біліктілік таныту. Діннің қоғамдағы түрлі функцияларын анықтау, қоғамдағы діни ахуалды бағалау, ғылыми объективтілікті қатаң ұстану.

  • Код ON4

    Тұтынушыға әлемдік бәсекеге сай, қазіргі қоғамдағы діни мәселелердің тиімді шешімдерін құзыреттіліктерін қолдана отырып ұсыну. Алынған нәтижелерді сараптау, жіктеу. Заманауи технологияларды ұтымды қолдану.

  • Код ON6

    Дін саласындағы мәселелерді шешуде шетел тіліндегі ғылыми әдебиеттерді, дереккөздерді өз деңгейінде еркін, ұтымды қолдану. Шетел тілінде ойын ауызша және жазбаша сауатты негіздеу, еркін жеткізу. Шетел тілімен қатар мәдениетімен танысу арқылы үздік тәжірибелерді игеру.

  • Код ON5

    Мемлекет және дін қарым-қатынасының тұрақтылығын дамыту. Дінаралық және конфессияішілік конфликттерді болдырмауда дін туралы мемлекеттік заңнаманы білікті қолдану. Жаңа діни ағымдарды классификациялау, мемлекеттік дін туралы заңнамаға сәйкес дін саласын реттеуді жүзеге асыру.

  • Код ON7

    Қоғам мен қоғамдық институттардың жұмысы, әлеуметтік өзгерістердің алғышарттары мен нәтижелері жайлы білім қалыптастыру арқылы қоғамдағы үдерістерді заманауи зерттеулердің негізінде талдау. Әлеуметтік зерттеулерді, сауалнамаларды жүргізу, нәтижесін талдау, қорытындылау.

  • Код ON8

    Тәуелсіз Қазақстанда зайырлы, діни толерантты қоғамның дамуына бағыттайтын дінтанулық ғылыми жұмыстар, мақалалар, ғылыми зерттеулерді білікті әзірлеу, қорғау.

  • Код ON11

    Ислам тарихын қайнар көздерінен тану арқылы діни адасушылықтың алдын-алу шараларын жүзеге асыру, ұлттық бірегейлікті сақтауға бағыттау, Құранға қатысты кәсіби білікті маман ретінде теологиялық мәселелердің алдын-алу.

  • Код ON12

    Қазақстан Республикасының дамуына мүдделі маман ретінде елдік құндылықтарды бағалау. Еліміздің тарихын бағалау, Отанды сүю қабілеттерін дамыту. Философиялық, саясаттанулық, мәдениеттанулық, психологиялық білімдерін теория мен қатар практикада өзін-өзі дамытуда, кәсіби шеберлігін жүзеге асыруда, қоғамда мәдениетаралық, ұлтаралық ынтымақтастықты арттыруда, насихаттауда ұтымды қолдану. Дүниетанымдық көзқарастарын кеңейту, заманауи бәсекеге сай маман болу.

  • Код ON13

    Діни тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін бағалау, кәсіби қызметін жүзеге асыруда дін психологиясының әдістеріне жүгіну. Оңалту қызметінде тұтынушының психологиялық жағдаятын диагностикалау.

Top