Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7R01104 Гастроэнтерология ересектердің, балалардың в Семей медицина университеті

  • Гепатология
    Несиелер: 35

    Ересектер мен балаларда гепатобилиарлы жүйе ауруларының негізгі диагностикалық белгілерін және ағымын; ересек пен бала жастағы пациенттерде бауыр мен өт шығару жолдарының ауруларымен жүретін аурулардың заманауи диагностика әдістері мен салыстырмалы диагностикасын; ересек пен бала жастағы пациенттерде гепатобилиарлы жүйе ауруларының емдеу тәсілдері мен профилактикасын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
  • Ғылыми зерттеулердің менеджменті
    Несиелер: 4

    Пән сипаттама, аналитикалық және эксперименталды зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыру ережелерін зерделеуді қамтиды. Пән аясында білім алушылар аталған дизайндарды зерттеу ережелерін үйренеді, олар зерттеудің әр түрлі кезеңдеріндегі құрылымдық және жүйелі қателерді болдырмай, өздерінің ғылыми зерттеулерінің хаттамасын дұрыс құрастыруға көмектеседі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Гастроэнтерологиядағы коморбидтілік
    Несиелер: 4

    Коморбидті пациенттерде асқорыту мен гепатобилиарлы жүйелердің ауруларының клиникалық симптоматикасын, ағымын, салыстырмалы диагностикасын; коморбидті пациенттерде гастроэнтерологиялық аурулардың диагностикасының заманауи әдістерін; коморбидті пациенттерде гастроэнтерологиялық аурулардың емдеу тәсілдерін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Эндоскопия
    Несиелер: 16

    Эндоскопиялық зерттеуге көрсеткіштерді, қарсы көрсеткіштерді, пациентті эндосокпиялық зерттеуге дайындауды? Эндосокпиялық зерттеуді жүргізу әдістемесін, одан кейінгі асқынуларды зеттейді; ересектер мен балаларда гастроинтестиналды аурулардың негізгі эндоскопиялық диагностикалық белгілерін; ересектер мен балаларда гастроинтестиналды ауруларды эндоскопиялық диагностикасының заманауи әдістерін; эндосокпиялық зерттеу нәтижелерін интерпретациялауды игереді.

    Оқу жылы - 1
  • Стационардағы гастроэнтерология, ересектер
    Несиелер: 15

    Ересектерде жиі кездесетін асқорыту жүйесінің аурулары мен шекарааралық жағдайларды негізгі диагностикалық белгілерін; госпиталды деңгейде жиі кездесетін асқорыту жүйесінің ауруларының диагностика әдістерін, классификациясын, салыстырмалы диагностикасын; ересектерде жиі кездесетін асқорыту жүйесінің аурулары мен шұғыл жағдайларды емдеу тәсілдерін; ересек адамдарда сирек кездедсетін аурулардың диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы мен емін зерттейді.

    Оқу жылы - 1
  • Стационардағы гастроэнтерология, балалар
    Несиелер: 15

    Балаларда жиі кездесетін асқорыту жүйесінің аурулары мен шекарааралық жағдайларды негізгі диагностикалық белгілерін; госпиталды деңгейде жиі кездесетін асқорыту жүйесінің ауруларының диагностика әдістерін, классификациясын, салыстырмалы диагностикасын; балаларда жиі кездесетін асқорыту жүйесінің аурулары мен шұғыл жағдайларды емдеу тәсілдерін; балаларда сирек кездедсетін аурулардың диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы мен емін зерттейді.

    Оқу жылы - 1
  • Ультразвуковая диагностика
    Несиелер: 12

    Ультрадыбысты зерттеуге көрсеткіштерді, қасрсы көрсеткіштерді, жүргізу әдістемесін, пациентті дайындауды; ересектер мен балаларда гастроинтестиналды және гепатобилиарлы аурулардың негізгі ультрадыбысты диагностикалық белгілерін; ересектер мен балаларда гастроинтестиналды және гепатобилиарлы ауруларды ультрадыбысты диагностикасының заманауи әдістерін; ультрадыбысты зерттеу нәтижелерін интерпретациялауды игереді.

    Оқу жылы - 1
  • Бауыр трансплантациясынан кейінгі науқастарды жүргізу
    Несиелер: 4

    Бауыр трансплантациясынан кейін гепатобилиарлы жүйенің ауруларының клиникалық симптоматикасын, ағымын; бауыр трансплантациясынан кейінгі науқасты жүргізуді; бауыр трансплантациясынан кейінгі пациенттерді емдей тәсілдерін, профилактикасын және шұғыл жағдайлардың ерте диагностикасын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Онкология негіздері
    Несиелер: 13

    Ересектер мен балаларда асқорыту жүйесінің онкологиялық ауруларының негізгі диагностикалық белгілерін, клиникалық критерийлерін және ағымын; ересектер мен балаларда асқорыту жүйесінің онкологиялық ауруларының заманауи диагностика әдістерін мен салыстырмалы диагностикасын; ересектер мен балаларда асқорыту жүйесінің онкологиялық ауруларының емдеу тәсілдері мен профилактикасын игереді.

    Оқу жылы - 1
  • Амбулаторлы-емханалық гастроэнтерология (ересектер)
    Несиелер: 11

    Амбулаториялық-емханалық деңгейде ересектердегі гастроинтестиналды және гепатобилиарлы аурулардың негізгі диагностикалық белгілері мен ағымын; амбулаториялық-емханалық деңгейде ересектердегі гастроинтестиналды және гепатобилиарлы аурулардың, шұғыл жағдайлардың диагностикасының заманауи әдістерін; амбулаториялық-емханалық деңгейде ересектердегі гастроинтестиналды және гепатобилиарлы аурулардың емдеу тәсілдерін мен профилактикасын зерттейді.

    Оқу жылы - 2
  • Амбулаторлы-емханалық гастроэнтерология (балалар)
    Несиелер: 5

    Амбулаториялық-емханалық деңгейде балалардағы гастроинтестиналды және гепатобилиарлы аурулардың негізгі диагностикалық белгілері мен ағымын; амбулаториялық-емханалық деңгейде балаларда гастроинтестиналды және гепатобилиарлы аурулардың, шұғыл жағдайлардың диагностикасының заманауи әдістерін; амбулаториялық-емханалық деңгейде бала жасындағы пациенттердегі гастроинтестиналды және гепатобилиарлы аурулардың емдеу тәсілдерін мен профилактикасын зерттейді.

    Оқу жылы - 2
  • Нутрициология
    Несиелер: 12

    Дені сау адамдарда рационалды тамақтану негіздерін; дәрігер – гастроэнтеролог тәжірибесінде диетотерапияның заманауи принциптерін; асқорыту жүйесінің және бауырдың әртүрлі аурулары кезіндегі балансты тамақтану принциптерін; ересек пен балаларда нутрициологиялық аурулардың негізгі диагностикалық белгілерін; ересек пен балаларда нутрициологиялық аурулардың емдеу тәсілдерін қарастырады.

    Оқу жылы - 2
  • Код ON1

    Асқорыту жүйесі мен гепатобилиарлы жүйе аурулары бар пациенттерге клиникалық диагнозды тұжырымдауға, гастроэнтерологиялық профильдік медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде емдеу жоспарын тағайындауға және дәлелді практика негізінде оның тиімділігін бағалауға қабілетті.

  • Код ON2

    Гастроэнтерологиялық профильді пациентпен, оның ортасымен, денсаулық сақтау мамандарымен асқорыту жүйесі мен гепатобилиарлы жүйе аурулары бар пациент үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында тиімді өзара іс-әрекеттерді жасауға қабілетті.

  • Код ON4

    «Ересектер мен балалар гастроэнтерологиясы» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастыру алаңы шеңберінде әрекет етуге, төтенше жағдайларда базалық көмек көрсетуге, ұлт денсаулығын нығайту саясатын жүзеге асыру үшін кәсіптік топтар құрамында жұмыс істеуге қабілетті.

  • Код ON6

    Өз бетінше оқуға және гастроэнтерологиялық профильдік кәсіби команданың басқа мүшелерін оқытуға, гастроэнтерологиялық бағыттағы пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың басқа да нысандарына белсенді қатысуға қабілетті.

  • Код ON5

    Гастроэнтерологиялық профильді адекватты зерттеу сұрақтарын тұжырымдауға, гастроэнтерология мен гепатолия бойынша кәсіби әдебиетті сыни бағалауға, өзінің күнделікті қызметінде халықаралық деректер базасын тиімді пайдалануға, гастроэнтерологиялық бағыттағы зерттеу командасының жұмысына қатысуға қабілетті.

  • Код ON3

    Асқорыту жүйесі мен гепатобилиарлы жүйе аурулары кезінде медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін қауіптерді бағалауға және ең тиімді әдістерді пайдалануға қабілетті.

Top