Жаңа білім беру бағдарламасы

6B08301 Орман шаруашылығы-экология в Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Экономика және кәсіпкерлік, құқық және сыбайлас жемқоллыққа қарсы мәдениет, экология және тіршілік қауіпсіздігі, орман шаруашылығы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу әдістері саласындағы жан жақты дамыған тұлға ретінде білімдерін көрсете алады.
  • Орман тұқымдарын жинау және өңдеу әдістерін, питомниктерде егіс жұмыстарын жүргізуді, орманды пайдалану түрлерін, ағаш кесу және механикаландыру технологиясын қолдана біледі.
  • Өсімдіктер ағзаларының алуантүрлі формаларын, географиялық таралуын, орман компоненттері мен элементтерін, елді мекендегі көгалдандыру зерзаттарын жоспарлауды білу. Орман шаруашылығы машиналары және орманшаруашылығы техникасын агрегаттау, ауылшаруашылығы машиналарының түрлері туралы түсінігі болу. Ағаш және бұталы өсімдіктер және олардың тіршілік ету формаларын, жасыл желектерді құру, сәндік ағаштар мен бұталарды өсіру кезеңдерін білу.
  • Топырақтың қалыптасуын, қасиеттерін, құрамын, құрылымын және табиғатта таралу үлгілерін білу. Орман ағаштарының селекция әдістері туралы түсінігі болу. Зиянды және пайдалы орман жәндіктері мен шаруашылық, экологиялық маңызы бар басқа да организмдер және орманды пайдаланудың негізгі түрлері туралы білу. Сүрек дайындау, ағаш дайындау, кесу және шайыр алу технологиялары мен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізе алу.
  • Орман өрттерінің табиғатын, түрлері мен жіктелімдерін, өрт қаупін болжау және оның алдын алуәдістерін білу. Орманды жанама пайдаланудың түрлерін білу, шөп шабудың, жайылымдардың, саңырауқұлақтардың, дәрілік шөптердің, жабайы жемістердің өнімділігін болжау және анықтау. Орман қауымдастықтарының ерекшеліктерін, олардың көптүрлілігін және таралуыжайлы ұғымы болу. Жануарлар дүниесінің түрлі жүйелерінің құрылымын, қасиеттерін, функционалдық ерекшеліктерін, эволюциясын, жануарлар мекендейтін экожүйелердегі заңдылықтарды түсіну. Ормандарды күту, молықтыру және өсіру, орман саябағы екпелерін құруды білу.
  • Орман зиянкестерін, фитопатогендік ауруларды анықтауды игеру. Сәндік дақылдардың және гүлдердің негізгі зиянкестерінің түрлік құрамын, зиянкестердің морфологиясын және олардың ағаш екпелерінің әртүрлі бөліктеріне келтіретін зиянын білу. Кеспе ағашты таксациялау бойынша жұмысты ұйымдастыра алу. Орман тауарларының қажеттi қасиеттерiне әсер ететiн сүректiң негiзгi физикалық, механикалық және технологиялық қасиеттерiн білу. Ландшафттардың құрылымы, динамикасы және олардың бөліктерінің өзара байланысы туралы білімі болу. Жасыл аумақтар жүйесін қалыптастырудың ерекшеліктерін сипаттай алу.
  • ЕҚТА түрлерін, ұлттық табиғи бақтар, қорықшалар сияқты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқарудың теориясы мен әдістерін білу. Аң шаруашылығы негіздерін, аңшылықтың негізгі түрлерінің морфобиологиялық ерекшеліктері және жануарлар мен құстардың кәсіптік түрлері туралы білімі болу. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің, табиғатты қорғау ұйымдарының заңнамаға сәйкес нормативті-құқықтық іс-шараларды ұйымдастыруды білу. Орман экожүйелерінің негізгі құрамдас бөліктерінің әртүрлі жағдайларда тұрақты және өнімді ормандарды қалыптастырудағы рөлін, орман фитоценоздарының құрылымы мен динамикасын, орманның экономикалық нәтижелерін талдау және орман ресурстарын басқару заңнамаларын білу. Орман өнімдерін стандарттау және сертификаттау саласындағы заманауи жетістіктері жайлы білу. Кәсiпорындарда өндiрiстiк жүйені ұйымдастыру және өндiрiстiк ресурстарды пайдалану, ағаш шикiзатын ұтымды және кешендi пайдалану бойынша өндірістік процесті жүзеге асыру әдістерін білу.
  • Орман экожүйесін зерттеу, орман қорын қорғау және пайдалану, олардың өсімін молайтуды қамтамасыз етуді білу. Қоршаған ортаны жақсарту бойынша ғылыми негіздеме жасай алу. Тұрғын бақша участокты жобалау және бөле алу. Белгілі бір климаттық жағдайы мен топырағына байланысты өсімдік таңдау, орналастыру, аумақты көгалдандыру өнерінен хабары болу. Химиялық ластаушы заттардың экожүйеге әсерін және тудыратын салдарын білу. Орманшылық тәжірибесін және жұмысын бақылау, тәжірибелерді жоспарлай алу. Қолданбалы есептерді шешуде статистикалық әдістерді қолдануды, бақылау жүргізуді білу. Орман екпелерін құру туралы түсінігі болу, жекелеген ағаш түрлерінен жасанды екпе ағаш құру тәсілдерін, екпелердің аумағы мен жиілігіне қарай орналастыруды анықтай алу. Орман шаруашылығы қызметін жобалау мен орманды пайдалануды, орман қорын түгендеу мен есепке алудың әдістерін әзірлей алу.
  • Орман шаруашылығы саласында мелиоративтік іс-шараларды, орманды аурулардан, өрттерден, зиянкестерден және басқа да зақымданулардан қорғау бойынша шаралар кешенін ұйымдастыра алу. Орман экожүйелерін қорғауды білу. Қоршаған ортаны қорғауды басқару үшін экологиялық білімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық сараптамасын жасай алу.
Top