Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B01703 Қазақ және орыс тілінде білім беретін мекемелердегі қазақ тілі мен әдебиеті в Болашақ

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазақ және орыс тілінде білім беретін мекемелердегі қазақ тілі мен әдебиеті білім бағдарламасы бойынша оқу-білім процесін жетілдіруге, кәсіби және педагогикалық дағдыларды дамытуға, тілдік және әдеби үдерістерді талдау мен саралау саласындағы құзыреттіліктерді игеруге, заманауи концепциялар мен әдіс-тәсілдерді шығармашылықпен дәйектей білетін креативті тұлғалы маманды қалыптастыру;тіл және әдебиеттің заманауи тұжырымдамалары мен жетістіктерін, сонымен бірге қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың инновациялық тәсілдерін терең меңгеру.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
  • Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
  • Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы
    Несиелер: 3

    Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы студенттерге көркем шығармашылықтың және әдебиеттің сөз өнері ретіндегі эстетикалық ерекшеліктерін, негізгі заңдылықтарын, әдебиеттің қоғамдық сана мен өнер түрі ретінде ерекшелігін оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әдебиеттануға кіріспе
    Несиелер: 3

    Әдебиеттануға кіріспе пәнінде әдебиеттанудың болмысы мен бітімі (әдебиет туралы жалпы түсінік, әдебиеттану және оның даму кезеңдері, образ және образдылық); әдеби шығарманың сыры мен сипаты (әдебиеттегі мазмұн мен пішін, көркем әдебиеттің тілі, сөз сарасы); әдеби дамудың мағынасы мен мәні (әдебиеттегі тек пен түр, әдеби бет пен бағыт) толық сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түркі тілдерінің дыбыстық ерекшеліктері
    Несиелер: 3

    Түркі тілдерінің дыбыстық ерекшеліктері пәні мақсаты – түркі тілдері сипатын, тілдердің өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты, терең зерттеу; түркі тілдерінің дыбыстық ерекшеліктерінің тақырыптары мен мазмұны бойынша ғылыми негізде, жүйелі білім алуына бағыт беру; туыс тілдердің ерекшеліктерінен кең түрде мәлімет алуларына жағдай туғызу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ жазуының тарихы
    Несиелер: 3

    Қазақ жазуының тарихының мәселелерін қазіргі қазақ тілінің негізгі заңдылықтарымен салыстырады. Жазудың шығуы және даму кезеңдерімен танысады. Теориялық білімді іс жүзінде қолдана білу дағдыларын қалыптастыруда қажетті білім алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тіл біліміне кіріспе
    Несиелер: 3

    Тіл біліміне кіріспе пәні лингвистиканың ғылым ретінде танылуын, тіл білімінің ғылымдар арасында алатын орнын, басқа ғылым салаларымен байланысын, тіл білімінің зерттеу әдістерін қарастырады. Тілдің мәні мен қызметі жайлы, тілдің шығуы мен даму жайында, тілдің фонетика, лексика, грамматика, салалары жайында мәлімет береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік тілі
    Несиелер: 3

    Түрік тіліндегі оқылым, тыңдалым, айтылым сөйлеу әрекеттерін, үйренуге қажетті мәтіндер оқудың, жаттығулар жасаудың, аударма жасаудың практикалық дағдыларын қалыптастырады. Диалог және монолог түрінде сөйлеудің дағдысын жетілдіреді; теориялық білімді іс жүзінде қолдана білуге үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әлеуметтік лингвистика
    Несиелер: 4

    Әлеуметтік лингвистика – тіл мен қоғамдық өмір деректеріндегі себептік байланыстарды зерттейтін тіл білімін меңгерту. Әлеуметтік тіл білімінің негізгі нысаны – тілдің фунционалды жағын қарастыру. Басты мәселесі – тілдің қоғамдық табиғатын, әлеуметтік лингвистиканың мәні, тілдің әлеуметтік қызметі, тілдік болмыстың негізгі формалары, тілдің әлеуметтік саралануын, тілдік қалып, тілдік жағдай, тіл саясаты, диглоссия, мультилингвизм, билингвизм, пиджинизация және креолизация процестері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - «Сыбайлас жемқорлық» ұғымының теориялық және әдістемелік негіздері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің шарты ретінде қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық қатынастарын жетілдіру мәселелері, психологиялық сыбайлас жемқорлық мінез-құлық сипатының сипаттамалары, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктері, әртүрлі салалардағы сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін моральдық-этикалық жауапкершілік мәселелері туралы білімін қалыптастыруға арналған. Пәннің екінші бөлімі бір жағынан белгілі бір құқықтық нормалар туралы жалпы түсінік беретін, екінші жағынан құқықтың негізгі салаларының (конституциялық, әкімшілік, еңбек, азаматтық және т.б.) мәселелерін зерттейді. әр адамның өмір бойы жүретін мәселелерін шешуде бағдарлау үшін қажетті біліммен қамтамасыз етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    «Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәнінің мазмұны білім алушылардың экономика және кәсіпкерлік қызмет негіздерін меңгеруіне бағытталған. Пән бизнесті ұйымдастыру саласындағы негізгі білім мен дағдыларды қалыптастыруға, белсенді іс-қимыл тәсілдері арқылы білім алушы тұлғасының рухани және кәсіби қалыптасуына бағытталған. «Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәнінің практикалық бағыты – білім алушыларға қазіргі заманғы экономикалық жүйенің, нарықтық механизмдердің мүмкіншіліктерін түсіндіру болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Фольклор тарихы
    Несиелер: 3

    Фольклор тарихы фольклористиканың өзіндік ерекшеліктерін, жиналып зерттелуін, фольклор тарихы мен жазба әдебиеті арасындағы байланысын, қазақ халық фольклорлық тарихын, диалектология, этнография жайлы білім негіздерін т.б. мәселелерді қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жобалалық-инновациялық қызмет
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – негізгі түсініктерді, жобаларды басқару әдіснамасын меңгеру және әртүрлі типтегі инновациялық жобаларды әзірлеу және енгізу бойынша негізгі дағдыларды меңгеру. Пәннің міндеттері: - студенттердің инновациялық жобалардың түрлері және оларды басқару әдістері туралы түсініктерін қалыптастыру; - теориялық негіздерін зерделеу және тәжірибеге бағытталған тәсіл негізінде инновациялық жобаны құру мәселелерін шешудің баламалы жолдарын іздеу, миға шабуыл, жұмыс үрдісін декомпозициялау, өкілеттіктердің жауапкершілік матрицасы, SWOT талдау және т.б. - инновациялық жобалар бойынша студенттердің өз бетінше шығармашылық белсенділігін арттыру; - өздерінің білім беру бағдарламасы аясында стартаптар сияқты нақты жобаларды жүзеге асыру және т.б

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ тілі фонетикасы
    Несиелер: 4

    Қазақ тілі фонетикасы – тіліміздің фонетика саласы бойынша жүйелi теориялық бiлiм береді. Алған бiлiмдерiн тәжiрибелiк дәрежеде пысықтап, толықтырып бекiтiп отырады. Фонетика туралы ғылыми-теориялық пән зерттелуге тиiстi мәселелеріне байланысты студенттердi ғылыми iзденiске баулуды өзiнiң мiндетi деп санайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ халық ауыз әдебиеті
    Несиелер: 3

    Қазақ халық ауыз әдебиеті фольклор, халық даналығы, ауызша сөз өнері, халық поэзиясы ұғымдарынан түсінік береді. Фольклор табиғаты, өмір сүру заңдылықтары, фольклор және ұлт тарихы, фольклор жанрлары, классификациялау принциптерін саралайды. Тұрмыс-салт жырлары, лирикалық өлеңдер, халықтық проза түрлері, эпос, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, балалар фольклоры т.б. мәселелерді қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Экология және өмір қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    «Экология және өмір қауіпсіздік негіздері» пәні студенттерде адам өмірінің қауіпсіздігін ұйымдастыру саласындағы негізгі түсініктерді қалыптастырады, объектілердің қорғалуы мен тұрақты жұмыс істеуімен, ТЖ салдарын жою бойынша іс-қимылдармен байланысты практикалық дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Студенттерге жеке, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікті және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жүйелі тәсілін меңгеруге көмектеседі; табиғи, экологиялық, техногендік және әлеуметтік сипаттағы қауіпті және төтенше жағдайларды олардың белгілері мен олар туралы әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратты талдау негізінде алдын ала болжай білу, пайда болу және дамыту; ықтимал теріс салдарларды азайту үшін стратегия мен іс-қимыл тәсілдерін таңдау туралы шешім қабылдау дағдыларын береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Құқық негіздері
    Несиелер: 5

    Бұл пәнді оқу барысында студенттер азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық институттары, атқарушы билікті жүзеге асыру механизмі, құқық субъектілерінің құқықтық жағдайы, шаруашылық, әкімшілік қызметтің нысандары мен әдістері, еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуының стратегиялық бағытына ықпал ететін азаматтық және қылмыстық сот үдерістері, мемлекеттік басқарудағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету жолдары жөнінде түсініктерін қалыптастырады. Курс мақсаты – мемлекет пен құқықтың қоғамдық қатынастарды дамыту мен жетілдірудегі рөлін айқындау және дұрыс түсіну, заңнаманы қолданудағы тұрақты дағдыларды дамыту. Бұл пәнді оқудың негізгі міндеттері: студенттерді қолданыстағы заңнаманы меңгеруге дұрыс бағыт-бағдар беру болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет
    Несиелер: 4

    Алтын Орда дәуіріндегі әдеби мұралардың ерекшелігін көрсету жолдарын, сол дәуір әдебиеті негізінде тарихи кезеңді, көркем шығарма арасындағы байланысты, сондай-ақ көркем шығарма жасау жолындағы өзгерістерді танытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ тілі лексикологиясы
    Несиелер: 4

    Қазақ тілі лексикологиясы пәнінде лексикологияның негізгі салалары: семасиология, этимология, ономастика және фразеология салалары өтіледі. Студенттерге жүйелі ғылыми-теориялық білім беріледі. Қазақ тілінің актив және пассив қабаттары терең ашылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Психология
    Несиелер: 5

    Психология – адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері. Заманауи тұлғаның қалыптасуы мен қоғамдық сананы жаңғырту жағдайындағы психология мен психологиялық білімдердің мәні. Психологияның әдістері. Психология тиімді өмір сүруге ықпал ететін ғылым және практика ретінде (бизнес, спорт, денсаулық сақтау, жарнама психологиясы) т.б. қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ежелгі дәуір әдебиеті
    Несиелер: 4

    Ежелгі дәуір әдебиеті түркі тектес халықтардың ортақ мұрасы. Аталған пән қазақ елінің жеке мемлекет болып қалыптаспаған кезеңіндегі әдеби мұралардың тікелей қазақ халқына қатыстылығын ашып көрсетеді; тарихи кезең мен көркем шығарма арасын байланыстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің фразеологиясы мен семиосологиясы
    Несиелер: 4

    Қазақ тілінің фразеологиясы мен семасиологиясы пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері. Лексикалық ұғымдар мен оларды меңгерту әдіс – тәсілдер жүйесі. Тілде байқалатын лексикалық қателер және оларды болдырмау жолдары. Тұрақты тіркестерді оқытудың мақсаты мен міндеттері. Фразеологияны меңгерту барысында ұлттық дүниетаным ерекшеліктері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Педагогика – қоғамның талабына сай өскелең жас ұрпақтың тәрбиелеу, білім беру және оқытудың жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейді. Барлық жастағы жас ұрпақтың оқуы мен тәрбиесіне ортақ негізгі заңдылықтары мен принциптерін, болашақ мұғалімнің іс-әрекетінің нысаны туралы; заманауи қоғамдағы педагогтың әлеуметтік ұстанымы туралы; негізгі педагогикалық құбылыс мәні туралы (тұлға, мұғалім, тәрбие мен білім беру) білуі. Педагогика пәні бойынша сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының сабақтың-білім беру іс-әрекетін бақылауда педагогикалық білімдерін шығармашылықпен қолдана қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Стартап және бизнес коллаборациясы
    Несиелер: 3

    «Стартап және бизнес коллаборациясы» пәнінің мазмұны стартап-жобаларды әзірлеу және іске асыру саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды алуға, кәсіпкерлік пен бизнестің түрлі салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа бағытталған. Бұл пән Қазақстан экономикасының, атап айтқанда, бизнестің дамуының қазіргі заманғы үрдістері туралы білімі бар мамандарды стратегиялық ресурстар мен оны дамытудың ішкі көздерінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде даярлауды қамтамасыз етуге арналған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Халық ақындарының шығармашылығы
    Несиелер: 4

    Халық ақындарының шығармашылығын зерттеу, оқып-үйренудің әдіснамалық, ғылыми және практикалық мәселелерін айқындайды. Ақындар шығармашылығы қазақ әдебиетінің тарихымен байланысты екенін, адам мен қоғам өміріндегі орны туралы көне дәуір мен қазіргі кезең ойшылдарының пікірлерін саралауды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: Білім алушыларға оқыту нәтижесін бағалаудың қазіргі құралдары, білім беру процесіндегі бағалаудың орны мен рөлі, өлшемдік бағалау технологиясының моделі жайында түсінік беру. Мазмұны: Берілген пәннің оқу процесінде алынған білім, білік және дағдылар студенттерге білім беру процесіндегі бағалаудың маңызы мен рөлі, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың негізгі тәсілдері, олардың оқу жетістіктерін бағалаудың қазіргі заманғы үлгілері, оқушыларды өлшемдік бағалау жүйесін ұйымдастыру, оны іске асырудың тәсілдері, нысандары мен құралдары сияқты мәселелерде бағдарлануға мүмкіндік береді және өлшемдік бағалаудың технологиялық негіздері туралы білімді қалыптастырумен сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 3

    «Білім берудегі менеджмент» пәнін оқудың негізгі міндеті менеджмент тарихы мен теориясын зерттеу; заманауи деңгейде дәстүрлі де, жаңа міндеттерді шешуде педагогикалық менеджменттің мүмкіндіктерін айқындау; ұйымдастырудың ғылыми негіздерімен, басқару әдістері мен қағидаларымен, педагогикалық кеңес және әдістемелік бірлестік жұмыстарымен таныстыру болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Өлкетану
    Несиелер: 3

    Студенттерді туған өлке табиғатымен, өндіріс орындарымен практика жүзінде таныстыру арқылы өз өлкесін сүюге, қорғауға баулу. Аймақтың тарихы мен мәдениетін білуге, әртүрлі картографиялық материалдарды, түрлі әдебиеттерді пайдалана отырып, жергілікті жердің схемалық жоспарын жасауға мүмкіндік береді. Студент ұлттық тарихтың бір бөлігі ретінде аймақтың тарихын көріп, жергілікті деңгейде оқып үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Өзін - өзі тану
    Несиелер: 3

    Өзін-өзі тану пәні адамның рухани мүмкіндіктерін дамыту, байыту; адамгершілік-рухани жағынан бай адамды, мәдениет пен әлеуметтік шығармашылық субъектісін, тұлғаның өзін өзі тану және өзін өзі дамытудың міндеттерін айқындау және мақсат қою, «тану», «өзін өзі тану», «өзін өзі дамыту» ұғымдарын қолдана отырып, педагогикалық және психологиялық әдістерді игереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақ тілі морфологиясы
    Несиелер: 4

    Қазақ тілі морфологиясы дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының саласы.. Пән қазақ тіліндегі грамматикалық мағыналар мен формалар туралы берілетін ғылыми теориялық білімді жүйелі жүргізудің негізгі бағыт-бағдарын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • XV-XIХ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 4

    XV-XIХ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы ақын-жыраулар поэзиясындағы азаттық, елдік, ерлік, теңсіздік тақырыптарының табиғатын айқындайды. Ақын-жыраулар мұрасы арқылы халқымыздың өмір-тұрмысына, сайын дала сырларына, ұлттық-рухани мұраттарға назар аударылады. Әдебиет пен ұлттық-рухани мұраттарға назар аудара білуге оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Тілдік қатынас негіздері
    Несиелер: 4

    Пән тілдік қатынас негіздерінің басты қағидаларын, ережелерін, тілдік қатынас негізінде адам мен адам арасындағы, ұлт арасындағы пікір алмасудың, сөйлесудің, түсінісудің негізгі бағыттары мен жолдарын, тілдік қатынас негіздерінің басты заңдылықтарын дұрыс таныту жолдарын меңгерту оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: білім беру жүйелері мен тәрбие технологияларының кең спектрін көрсету негізінде студенттердің қазіргі тәрбие процесіне ғылыми негізделген көзқарастар жүйесін қалыптастыру болып табылады. Мазмұны: тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің пәні, міндеттері мен негізгі ұғымдары; мектептің, сыныптың тәрбие жүйесінің мәні, құрылымы және негізгі компоненттері; сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмысының ерекшеліктері; сынып жетекшісінің міндеттері мен функциялары; психологиялық-педагогикалық диагностика, мақсаты мен міндеттері, сыныптан тыс тәрбие жұмысын жоспарлау және талдау; оқушылар ұжымын қалыптастыру әдістемесі

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Түркология
    Несиелер: 3

    Түркология – түркі тілдерінің тарихы, көне түркі тілі, қазіргі қыпшақ тілдері, түбіртану мәселесі. Түркі тілдерінің даму, қалыптасу кезеңдерін меңгеру. Қазақ халқы өзінің қоғамдық өмірі, тұрмыс-тіршілігі, қарекет-кәсібі, дүниетанымы мен наным-сенімі, қуаныш-қайғысы, арман-үміті және т.б. жайында сан алуан түрлі тасқа жазылған ескерткіштер, түркі халықтарының шежірелері, трактаттары, сөздіктер, т.б. біздің заманымызға жеткен. Мәні терең ежелгі дәуір әдебиет үлгілерін бағалы байлық ретінде сипатын танытып, студенттерге тағылым беру көзделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • ХХ ғ. 40-50 ж.ж. қазақ әдебиеті
    Несиелер: 4

    ХХ ғ. 40-50 ж.ж. қазақ әдебиеті ғылымы қанатын кеңге жайып, терең де кемел зерттеулерге қол жеткізді. Осы тұста қазақ әдебиет зерттеу ғылымы белгілі бір арнаға түсіп, зертеудің ғылыми теориялық бағыт-бағдарын айқындай алды. Әдеби зерттеуде айрықша көңіл бөлінген нәрсенің бірі қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу мәселесі болды. Осы кезеңдегі қалыптасу жолын енді ғана бастаған қазақ әдебиеттану ғылымын бөліп қарастыру заңды құбылыс.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Инклюзивті оқытудың базалық құқық құжаты дамуында қандай да бір ауытқуы бар балаларға нәтижелі көмек құруға, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке және мамандыққа даярлау, бала мүгедектігін сауықтыруға бағытталған. Жалпы білім беру мекемелерінде инклюзивті білім беру арқылы әлеуметтік-педагогикалық кәсіби қызметін дамытып, дарытуға мүмкіндік беретін болашақ мұғалімдердің құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • ХХ ғ. І жарты жылдығындағы қазақ әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 4

    ХХ ғ. І жарты жылдығындағы қазақ әдебиетінің тарихы пәні әдебиет өкілдерімен, олардың шығармаларымен таныстырады. Ақын-жазушы шеберлігін танытатын шығармалардың әдеби көркемдігі мен құрылысына тереңдеп үңіледі. Шығарманың жанры мен стиліне, тақырыбы мен сюжетіне, композициясы мен тіл көркемдігіне ерекше назар аударылады. Ғылыми пайымдаулар жасай білуге үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні мақсаты – қажетті кәсіптік теориялық білім мен тиісті практикалық машық-дағдыларды қалыптастыру. Студенттерге қазақ тілін оқыту процесінің ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгерту. Кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, білім нәрімен сусындаған, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан кәсіби білікті маман даярлау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жай сөйлем синтаксисі
    Несиелер: 3

    Қазақ грамматикасының ауқымды бөлігіне арналған бұл курс сөз тіркесінің теориялық мәселелері, сөйлем мүшелерінің грамматикалық сипаты және жай сөйлемнің құрылымдық типтерін меңгертуге бағытталған. Аталған мәселелердің зерттелуі, қазіргі уақытта орныққан заңдылықтары нормативтік деңгейден ғылыми-практикалық деңгейге дейін ұштастырыла келе, салғастырмалы грамматика негізінде баяндалады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы
    Несиелер: 3

    Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы пәніндегі түркі тілдерінің жалпы сипатын, жеке түркі тілдерінің өзіндік ерекшеліктерін меңгеру. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасындағы ерекшеліктердің себебін білу. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасындағы қазіргі түркі тілдеріне тарихи-салыстырмалы зерттеу жүргізуіне дағдыландыру. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасына қатысты тілдік деректер арқылы ұқсастықтары мен айырмашылықтарының себебін білу, түркі тілдеріндегі мұралармен танысу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Латын графикасына негізделген қазақ жазуы
    Несиелер: 3

    Латын графикасына негізделген қазақ жазуы пәні емле тарихы мен заңдылықтарын, тіл біліміндегі аса маңызды мәселелерін қарастырады. Жаңа әліпбиге негізделген қазақ орфографиясы принциптерін білу саласында ғана емес, ғылымының саласында да қажет. Сауатты жазуға, қазақ жазуының өзіндік ерекшеліктерін сақтауға баулиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 3

    Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің ғылыми-теориялық негіздерін сараланады. Әдебиетті оқыту әдістемесінің тарихы, мектептегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы, көркем шығарманы мектепте оқыту, көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдерін меңгереді. Әдебиет сабағының үлгілері мен түрлері, тәлімгердің білімін есепке алу және бағалау, әдебиет сабағының көрнекілігі, әдебиет бойынша сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар, мемлекеттік педагогикалық сараптаманың мән-маңызы сынды негізгі мәселелерді қамтиды. Ал практикалық сабақтарда жылдық, күнтізбелік, тақырыптық сабақ жоспарларын құрып, сабақ өткізіп, талдауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ лингвистикасындағы жаңа бағыттар
    Несиелер: 3

    Тіл білімінің структуралық мәселелері бұл курста жаңа қырынан, функционалдық қырынан, жан-жақты сипатталады. ХХ ғасыр соңы мен ХХІ ғасыр басында қазақ лингвистикасында белсенді зерттеле бастаған антропоөзекті парадигма аясындағы ұстанымдар арнайы зерттеушілердің теориялық еңбектерін басшылыққа алу арқылы баяндалады. Мұндай ұстанымдарға қазақ тіліндегі жаңа парадигмалар (когнитивтік және психолингвистикалық аспект, сөйлемнің контекст ыңғайына қарай мүшеленбейтін және үстемелі құрылымдары т.с.с.) жайлы теориялық құны жоғары тұжырымдар жатады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Емле ережелері
    Несиелер: 3

    Емле ережелері жазу заңдылықтарына тікелей қатысты негізге мәселелерді меңгертеді. Фонетика, орфография, графика, орфоэпия, тіл мәдениеті, сөзжасам, пунктуация, терминдер, кәсіби сөздер мен диалект сөздерді оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстарды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кәсіби қазақ (орыс) тілі
    Несиелер: 3

    Кәсіби қазақ (орыс) тілі пәні мамандыққа сай білімді игеруде тіл үйренушінің жалпы дүние танымын кеңейту, кәсіби құзырылықты қалыптастырушы мамандық бойынша ақпарат алу мақсатында ғылыми әдебиетті қолдана білу дағдысын қалыптастыру, мәтін ақпаратын түсінуді және оның логикалық композициялық негізін және тиісті коммуникативтік тілдік жүйені құра білу мақсатын ұстанады. Кәсіби бағдарлы құжаттарды, хабарламаларды сауатты, дұрыс жазу, аудару қабілетін, ауызекі сөйлеу стилі, көркем әдеби стиль, публицистикалық, ғылыми стильдердің, сондай-ақ кәсіби тілдің қолдану жағдайларын айыра білуге қалыптастыруды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мұхтартану
    Несиелер: 5

    Мұхтартану жоғары оқу орындарының қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламаларында оқытылатын ғылыми-теориялық пән. Оқытудың негізгі мақсаты – М.Әуезовтің алғашқы кездегі шығармашылығы мен жазушының кемел жасқа жеткендегі шығармашылығын жан-жақты таныту, қаламгерлік шеберлігін, сөз өнеріне көзқарасын, рухани байланысын ашып көрсету. Жазушы лабораториясының әр қырлылығын шығармалары, аудармалары, мақалалары арқылы таныту, оларды ғылыми теориялық жүйелікте, әдіснамалық байланыста таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ балалар әдебиеті
    Несиелер: 3

    Қазақ балалар әдебиетінің жанрлары мен түрлерін, көркемдікбейнелеу құралдары мен тәсілдерін, фольклор мен балалар әдебиетінің байланыстылығын меңгерту. Балалар әдебиетінің өзіне тән ерекшелігін, ықпалы жеткізу. Қазақ балалар әдебиетінің даму тарихы, балаларға арналған алғашқы оқу құралдарының шығуы туралы; балалар әдебиетінің тәрбиелік мәні туралы; қазіргі заман балалар әдебиеті туралы мағлұмат беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ тілінің сөйлеу мәдениеті және стилистикасы
    Несиелер: 3

    Қазақ тілінің сөйлеу мәдениеті және стилистикасы пәні көпшілік мойындаған тілдік дағдынының дүрыстығы, сөз шеберлігі арқылы талапқа сай көркемдегіш амал-тәсілдерін, қолданылу аясын реттейді. Тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану принциптерін, сөйлеу процесінде тілді пайдаланудың заңдылықтарын қарастырады. Тілдік амал-тәсілдер мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті-прагматикалық, эстетикалық қызметті үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Синтаксистегі сыйыстыру
    Несиелер: 3

    Грамматикадағы «сыйыстыру» терминінің лингвистикалық сипатын меңгертуге бағытталған бұл курста синтаксистік конструкциялардың және онан шығатын ақпарат мазмұнының сыйыстырылу сипаттары оқытылады. Сыйыстырудың алғышарты ретінде интонация, жалғаулықтар, көптік формасы, есім сөз таптары, пресуппозиция, шартты рай тұлғасының линвистикалық маңызы жаңа қырынан баяндалады. Аталған терминдік ұғымдардың барлығы курсты меңгертуде лингвистикадағы тілдік үнемдеу құбылысының аясында түсіндіріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ және орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы
    Несиелер: 3

    Қазақ және орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы екі тілдің жүйелік және құрылымдық ерекшеліктері, фонетикасы, сөзжасамы, морфологиясы, синтаксисі туралы жалпы мәлімет береді. Қазақ тілінің синтаксистік жүйесін, сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлерін, сөз тіркесінің ерекшелігін, құрылымын, сөз тіркесінің басқа тілдік бірліктерден айырмашылығын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Абайтану
    Несиелер: 5

    Абайтану арнайы курс ретінде еліміздің жоғарғы оқу орындарының қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламаларында оқытылады. Абай өмірі мен шығармашылығын танудағы, мұрасын жариялаудағы алғашқы қадамдардан бастап кейінгі көркемдік дамуға өрісті ықпал еткен ақындық мектебінің дәстүр ұласуындағы маңызын саралау, ақындық айналасын қарастыру болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ және орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы
    Несиелер: 3

    Қазақ және орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы пәнінің мақсаты билингвизм аспектісінде – қазақ, орыс тілдерінің грамматикалық құрылысын, лексикалық, дыбыстық жүйесінің айырмашылығын ғана емес, ұқсастығын, әсерін атап өту. Орыс тілді аудиторияларда екі тілдегі өзгешеліктер мен ұқсастықтар қандай деген мәселені түйіндеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Тәуелсіздік жылдардан кейінгі әдебиет
    Несиелер: 4

    Тәуелсіздік жылдардан кейінгі әдебиеті пәні әдебиетіміздің даму кезеңін, ерекшелігін, алатын орнын айқындай тани білуді қалыптастырады. Жанрлық нысандарын түсіндіру бойынша қазіргі кезде бар теориялық білімдермен ұштастырады. Өзекті мәселелеріндегі шығармашылық процесті, әдеби шығарманың көркемдігі, ХХ ғасырдың 90-жылдары шеңберіндегі қазақ әдебиетінің идеялық, философиялық, эстетикалық мәні, мазмұны туралы жүйелі түсінік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Әлем балалар әдебиеті
    Несиелер: 3

    Әлем балалар әдебиеті пәні мақсаты – классиктер және олардың шығармашылығын меңгеру. Балалар әдебиеті тарихи сабақтастықпен даму жолдарының күрделі белестерін қазіргі әдебиеттану талабы тұрғысынан білу. Әдебиеттің көркемдік және тарихи ойлау жүйесіндегі өзара тығыз байланыс арналарының тарихи жад, тарихи сана қалыптастырудағы биік тұғырын айқындауға дағдылану. Қазақ әдебиетінің тарихынан, орыс әдебиеті тарихынан, әдебиет сынынан, тарихтан, шетел әдебиетінің тарихынан қажетті мағлұмат беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі
    Несиелер: 3

    Кәсіби бағытталған шетел тілі студенттің жеке қасиеттерін дамытумен, зерделенетін тіл елінің мәдениетін білумен және кәсіби және лингвистикалық білімге негізделген арнайы дағдыларды иеленумен кәсіби-бағдарланған басқа тілде сөйлеуге үйретеді. Студенттерде өз қызмет саласында кәсіби қарым қатынасқа түсу үшін жеткілікті кәсіби қатысымдық тілдік және сөйлеу құзыреттері туралы түсінік қалыптастыру; Кәсіби қызметін табысты жүзеге асыру үшін қажетті тілдік, сөйлеу және дискурстық құзыреттерін жетілдіреді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Функционалды стилистика
    Несиелер: 3

    Функционалды стилистика қандай да бір байланыс саласындағы коммуникативті міндетке тәуелді стильдердің пайда болуының алғы шарттары мен себептерін, өзіндік ерекшеліктерін меңгертеді. Стилистика ғылымындағы функционалды стильдердің концепциясын, негізгі бағыттарын, категорияларын, т.б. мәселелерін, негізгі заңдылықтарын дұрыс тани білуге үйретеді., Сөз және мағына жөнінде теориялық білімді іс жүзінде қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Құрмалас сөйлем синтаксисі
    Несиелер: 3

    Құрмалас сөйлемдердің зерттелу тарихы, классификациясы жайлы баяндай келе, негізгі критерийлері оқытылады. Құрмалас сөйлемді жай сөйлемнен, әсіресе күрделенген сөйлемдерден ажырату жолдары теориялық әрі практикалық тұрғыда меңгертіледі. Курсты оқытуда қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар басшылыққа алынады. Нормативтік деңгейдегі білім мен дағды ғылыми-теориялық деңгейге дейін жетілдіріледі. Курс барысында теориялық мәселелермен қоса практикалық фактілерге басымдық беріледі. Сөйлемнің синтаксистік құрылысындағы формалық аналогияны семантикалық жағынан айыра танытуға ден қойылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • ХХ ғ. ІІ жарты жылдығындағы қазақ әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 4

    ХХ ғ. ІІ жарты жылдығындағы қазақ әдебиетінің тарихы ұлттық әдебиеттегі көркемдік қуаты, парасат-пайымдауы терең шығармалардың қарастырады. Жанрлық, тақырыптық, тілдік-стильдік, ғылыми-танымдық ерекшеліктері, адам-табиғат қарым-қатынастарын жаңаша талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты:онтогенездің әртүрлі кезеңдеріндегі ағзаның өмір сүру ерекшеліктерін, ағзалардың, мүшелер жүйелерінің және тұтастай алғанда организмнің өсіп-жетілуіне байланысты функцияларын, әр жас кезеңіндегі осы функциялардың ерекшелігін зерттейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Шетел әдебиеті
    Несиелер: 3

    Шетел әдебиеті әдеби кезеңнің тарихи-әлеуметтік жағдайына, тарихи оқиғаларына шолу жасап, әдебиеттің даму тенденциясын байланыстыра көрсетеді. Қайта өрлеу дәуірі мен классицизм әдебиеті өкілдерінің басты шығармаларынан бастау алады. Әлемдік әдебиеттің заңдылықтарын, оған әсер етуші факторларды анықтау мақсат етіледі. Осы уақыттағы көркем әдебиеттің өзінің алдындағы дәстүрлі үрдістерді негізге ала отырып, шетел әдебиетінің дамуын сол елдердегі әдеби бағыттар, ағымдар мен мектептердің генезисін, эволюциясын, сабақтастығын және алмасуын түсіндіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тіл мәдениетін оқыту әдісі
    Несиелер: 5

    Тіл мәдениетін оқыту әдісі - тілдік норма, сөз қолдану мәдениеті, интонацияның стилистикалық жақтары мен оның компоненттерін қарастырады. Тіл мәдениеті функциональды стиль түрлерін, сөздің экспрессивті-эмоционалды бояуын анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Аударма теориясы
    Несиелер: 5

    Тәжірибелі билингвист мамандар даярлауға бағытталған бұл курста аударманың теориялық мәселелері, атап айтқанда, аударманың түрлері, техникасы, аудармашының құзыреті, аударылымпаздық мәселесі, аударманың толыққандылығы және т.б. оқытылады. Салғастырмалы грамматика теориясы басшылыққа алына отырып, аудару процесінде кездесетін лексикалық әрі грамматикалық, стилистикалық құбылыстар және оларды шешу жолдарының теориялық және практикалық амал-тәсілдері көрсетіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ тілі мен әдебиетін орыс мектептерінде оқыту әдістемесі
    Несиелер: 3

    Қазақ тілі мен әдебиетін орыс мектептерінде оқыту әдістемесінде тілді оқытудың формалары мен мазмұнын, міндеттерін шешуде, әдістемені анықтауда дидактикалық принциптерді басшылыққа алу – негіз болып айқындалады. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың мақсаты - қазақ тілін қатысымдық тұрғыда меңгерту, оқушыны өз ойын айқын, түсінікті жеткізуге үйрету, тілдік қабілеті дамыған дара тұлғаның дамуымен таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Шетелдегі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 3

    Шетелдегі қазақ әдебиеті атажұрттағы тұтас қазақ әдебиетінің бір тармағы екендігінен, шетелдегі қазақ диаспорасының қалыптасуы жайынан кең мағлұмат береді. Шет елдерде тұрып жатқан қандас бауырларымыздың көрнекті ақын-жазушыларының шығармаларымен жақын таныстырады. Қазақтың шет мемлекеттерге тарала қоныстануының сыр-сипатын, себеп-салдарын кең ауқымда түсіндіріп, өзекті мәселелердің ғылыми-теориялық болмысына тән белгі, сипаттарымен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мәтінмен жұмыс
    Несиелер: 3

    Мәтінмен жұмыс мәтінді лингвистикалық тұрғыдан сипаттайды. Мәтіннің мән-мағынасын тек лингвистикалық нақты бірліктермен ғана емес, солармен қатар сол кезеңдегі түрлі экстралингвистикалық факторлармен де байланыстырады. Мәтіннің элементтерін іріктеу, таңдау арқылы адресатқа дәл, толық ақпарат жететіндей әдіс-тәсілдерге дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәні мақсаты – XXI ғасырдың басында ел тәуелсіздігі жағдайындағы дамуға бет бұрған заманауи әдебиетіміздің даму сипатымен таныстыру. Саяси-әлеуметтік өзгерістердің әдеби дамуға әсеріне пайымдау беру. Әдебиетке жаңаша көзқарасты талдау. Тәуелсіз ел әдебиеті арқылы рухани өркендеуімізді жаһандық деңгейде танытуға бастау екенін оқыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың коммуникативтік танымдық әдісі
    Несиелер: 5

    Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың коммуникативтік-танымдық әдіс тіл үйренушінің ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасай алуы үшін қажетті коммуникативтік мүмкіндіктерін тудыруға бағытталады. Адам өмірінің түрлі саласына байланысты сөйлеуге үйретуге бағытталады. Сөйлеу мақсатына тиісті грамматикалық формалар мен синтаксистік құрылымдардың сөйлеуге қатысу шартын, меңгерген грамматика-лексикалық формаларды автоматты түрде қолдануға машықтандырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сөздікпен жұмыс
    Несиелер: 3

    Сөздікпен жұмыс тілді, оның грамматикалық құрылысын меңгеру, өз пікірлерін айтуға, сұрауға, қорытынды жасауға, заттар мен құбылыстар арасындағы алуан түрлі байланыстарды аңғара білуге мүмкіндік береді. Жаңа сөздер үйренуге, бұрын білетін немесе түсінбейтін сөздердің мағынасын анықтайды. Сондай-ақ сөздік жұмысы сөйлем құрауға материал береді. Байланыстыра сөйлеу, әңгіме айту, шығарма жазу дағдысын дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Көркем мәтінді лингвистикалық талдау
    Несиелер: 3

    Көркем мәтінді лингвистикалық талдау – өзіндік талдау принциптерін, әдіс-тәсілдерін, аспектілерін айқындайды. Мәтінді лингвистикалық талдау көркем шығарма, ондағы тілдік құралдардың көркем мазмұнды бейнелеуге қатысын қарастырады. Көркем мәтінде қолданылған тілдік құралдардың мағынасын, мәнін, эстетикалық қызметін айқындайды, көркем шығарманы талдаудың жолдары мен әдістерін үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әдебиет теориясы
    Несиелер: 3

    Әдебиет теориясы пәні көркем әдебиет заңдылықтарын эстетика, психология, мәдениеттану, семиотика ғылымдарының жетістіктерімен бірлікте қарастырады. Оқыту барысында әдебиет теориясының ғылым ретінде қалыптасу кезеңдері, ғылыми мектептердің ерекшеліктері, өнер салалары мен әдебиеттің дара сипаттары, танымдық, әлеуметтік, көркемдік-эстетикалық қасиеттері жан-жақты ашылады. Әдеби үдеріс, стиль, көркемдік әдіс, жанрлар типологиясы толымды тұрғыда зерттеледі. Курстың мақсаты – студенттерді көркем әдебиеттің жаңалық, тектік сипаттарымен бірлікте поэтика, стиль, нысандық бейнелеу жүйесін танып, білуге бейімдеу; шығарманы комплексті талдауға үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің лексикографиясы
    Несиелер: 3

    Қазақ тілінің лексикографиясы пәні мақсаты – ғылымның сөздік түзу принциптерін зерттеумен айналысатын саласымен, сөздік жасаудың теориясы, сөздік түзу ісі мен тілдегі сөздіктермен таныстыру. Студенттерге лексикографиялық жұмыстарды жүргізуді, сөздік жасауда лексикологияны және лексикографияның теориясымен практикасын ұштастыруды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ және орыс мектептерінде тіл мен әдебиетті оқытудың инновациялық тәсілдері
    Несиелер: 3

    Қазақ және орыс мектептерінде тіл мен әдебиетті оқытудың инновациялық тәсілдерімен оқытуды қолдану арқылы білім алушының қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру ең негізгі мақсат болып айқындалады. Жаңа әдістерді пайдалану арқылы сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, оқытушының рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми–педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйену, тыңдаушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқытуды ұйымдастыру – пәннің мақсаты болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жалпы тіл білімі
    Несиелер: 3

    Жалпы тіл білімі жүргізілетін тілдік пәндердің бәрінен кейін өтіледі. ББ бойынша алған білімдерін жинақтап, қорытындылау сипатында теориялық білімдерін жетілдіре, тереңдете түсуді көздейді. Жалпы тіл білімі пәнінде филолог-студенттің жалпы лингвистикалық дайындығын тереңдету, тіл білімі ғылымының қалыптасу және дамуын, лингвистикалық мектептердің қалыптасуы жолдарын, лингвистикалық бағыттардың мәнін ұғындыру, лингвистикалық талдау әдістерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тарихи-салыстырмалы тіл білімі
    Несиелер: 3

    Тарихи-салыстырмалы тіл білімі салыстырмалы-тарихи тәсіл негізінде туыс тілдердің дамуын, салыстырмалы-тарихи грамматика және этимологиялық сөздіктерді қарастырады. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі синхрондық нормативті жүйеде жалпы тіл біліміне қарсы қойылады. Тіл білімінде жүйелі білім алуына бағыт беріп, туыстас тілдердің ерекшеліктерінен кең түрде мәлімет алуларына жағдай туғызады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әдеби тарихының теориялық негіздері
    Несиелер: 3

    Әдеби тарихының теориялық негіздері – сөз өнері дамуының ұлттық және жалпы адамзаттық қозғалыстары мәселелерін қамтитын пән. Әдебиет тарихын құрайтын жеке ұлттардың сөз өнері мұраларының пайда болуын, қалыптасуы жолдарын қарастырудың теориялық байыптауларынан, қағидаларынан мағлұмат береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Аударматану лингвистикасы
    Несиелер: 5

    Аталған курста аударманың тарихы, өз алдына жеке ғылыми пән ретінде қалыптасуы, түрлері, бұрынғы және қазіргі тәжірибеде орын алып жататын проблемалар және олардың себеп-салдары танымдық (когнитивтік) аспектіде меңгертіледі. Аударма мәтін құрау үшін билингвист болумен қатар лингвистика теориясы мен практикасын прагматикалық деңгейде білудің қажеттілігі баяндалады. Аударматану лингвистикасы отандық және шетелдік тілші-ғалымдардың аудармаға қатысты лингвистикалық тұжырымдарын негізгі тірек ретінде ұстанады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері
    Несиелер: 5

    Қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері курсында еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі әдеби әдіс мәселесінің қайта қаралуымен танысады. Отаршылдық кезең мен кеңес дәуіріндегі тоталитарлық жүйенің көркем әдебиетте реалистік тұрғыда бейнеленуі қарастырылады. Қазақ әдебиеті мен тарихының көкейкесті мәселелері мен- шетел халықтары әдебиеті дамуының қазіргі тенденциялары сөз етіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    Философиялық, тарихи, мәдени, құқықтық концепциялар мен категорияларды, өмірдің әртүрлі салаларындағы кәсіпкерлік және экологиялық білімдерді, осы салалардағы инновациялық стратегияларды негізге ала отырып, қалыптасқан дүниетанымдық ұстанымдар негізінде айналадағы шындықты бағалайды. Мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде іскерлік қарым-қатынасты қолдана отырып, ғылыми зерттеу әдістерін және академиялық жазуды қолдану дағдыларын,сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру дағдыларын көрсетеді. Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңыздылығын түсінеді.

  • Код ON7

    Әдебиеттануға кіріспе, әдеби шығарма, сөз өнері, көркемдік категориялар жөнінде терең теориялық білім береді; қазақ әдебиетінің негізгі құндылықтарынан сипаттама жасайды.

  • Код ON8

    Түрік тілін тыңдау, сөйлеу, жазу жəне оқу дағдыларын қалыптастыру, жалпы әліпби түзу практикасы мен теориясына байланысты фонетика, орфография, емле ережелері мен аударма теориясын меңгереді.

  • Код ON9

    Мәтіндерді талдаудың теориялық ұстанымдарын меңгеріп, стилистиканың теориялық негізін тілдің грамматикалық заңдылықтарын біледі, аглютинативті қазақ тілі мен флективті орыс тілінің құрылымындағы айырмашылықтарға байланысты ерекшеліктерін әр сала бойынша салыстыра зерттеп, ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты біледі және қолданады.

  • Код ON4

    Қазақ және орыс тілінде білім беретін мекемелерде теория мен практиканы ұштастыру және инновациялық әдіс- тәсілдер мен біліктіліктерді тиімді пайдалана біледі, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемелік мәселелерін терең меңгереді.

  • Код ON5

    Жалпы тіл білімінің мәселелерін білу, тіл мен мәдениеттің қатысын анықтау, мәдени-аралық коммуникациялық рөлін білуі. Қазақ тілінің фонетикалық нормасын, тілдік екпін ерекшелігін, морфемалық және синтаксистік құрылымын игереді.

  • Код ON3

    Шет елдердегі қазақ әдебиетінің өкілдерімен танысады, қалыптасу кезеңдерін зерделеу бойынша әдістер мен тәсілдерді қалыптастырады, қазақ ауызша әдебиетін, балалар әдебиетінің көркемдік ерекшелігін, әдеби құндылықтарға жататын әдеби мұраны меңгереді; сөйлемдерді байланыстыра алады, әңгімелер айта алады, шығармалар жаза алады, тілді және оның грамматикалық құрылымын меңгереді.

  • Код ON10

    Тіл білімінің, түркология және әдебиет теориясы (шығарманың көркем және стильдік тәсілдері мен әдістерін, жанрлары мен типтерін, т.б.) мәселелерін меңгергенін көрсетеді.

  • Код ON2

    Тұлға дамуы мен әлеуметтану заңдылықтарын оқыту мен тәрбиелеудің жеке бағдарламалары негізінде оқушылардың даму динамикасын және педагогикалық ұйымдастыру процесін бақылауға, мұғалімдердің жұмысын басқара білуге бағытталады; оқытылатын салада оқу-практикалық міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдана білуге үйретеді.

  • Код ON6

    Ұлттық әдебиетіміздің алғашқы өкілдерінен бастап, орта ғасырлардағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылығын, ежелгі дәуір әдебиетінің идеялық-көркемдік жалғастығы мәселелері, жыраулар поэзиясының көркемдік негіздері, әдеби мұралардың тарихилық мәселелері ғылыми-теориялық тұрғыдан меңгереді.

Top