Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M02313 Шетел филологиясы (ағылшын тілі) в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • Шет тілі (кәсіби)

    Пән магистранттың мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға және ауызша және жазбаша шет тілін меңгеруін жетілдіруге бағытталған. Пәнді игеру барысында магистрант өз идеяларын, мақалаларды, есептерді, тағы басқа ғылыми еңбектерді рәсімдеу кезінде жазбаша, ғылыми қоғамдастыққа хабарлау кезінде ауызша түрде шет тілінде жеткізуге машықтанады. Шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерін түпнұсқа дереккөздерден оқу және шетелдік тәжірибені меңгеру үшін ақпараттарды аудару дағдыларын жетілдіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазіргі әдеби сын

    «Қазіргі әдеби сын» пәні ағылшын әдебиетіне әдеби талдау жасауға үйретеді. Ағылшын тіліндегі шығармаларға поэтикалық және тарихи талдау жасау дағдыларын қалыптастырады. Пәнді оқу барысында магистранттар жинақтау, қорыту, сипаттау, тарихи-салыстырмалы және тарихи-генетикалық талдау; шығармаға әдеби талдау жасауға қатысты әдіс-тәсілдерді үйренеді. Сонымен қатар кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге деген жауапкершілікті сезініп, кәсіби және ғылыми мәселелерді шешу ауқымындағы іскерліктері мен дағдыларын дәлдікпен жүзеге асырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Корпустық лингвистика

    «Корпустық лингвистика» пәні филологиялық ғылыми зерттеулерді жобалап және жүргізіп, алынған нәтижелерді сыни тұрғыдан қарастырып, статистикалық сараптау жасауға үйретеді. Бұл пәнді оқу барысында магистрант ақпаратты өңдеу әдістерін дәлдікпен дұрыс жүзеге асырып, дағдыларын үйлестіріп, шетел әдебиеттану және шетел филологиясы саласында заманауи әдіснаманың әдістемесімен және технологиясымен практикада жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар кәсіби сынақ барысында шетел тілі және әдебиетінің негізгі принциптерімен, бағыттарымен, идеялары мен заманауи әдістерімен жұмыс істеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тілдерді оқытудағы психологиялық мәселелер

    Пән шет тілін оқыту психологиясы саласындағы бірқатар маңызды мәселелерді кіріспе теориялық талдауды қарастырады. Бұл курс білім алушыларға шет тілінің кейбір тілдік аспектілерін меңгеруге көмектеседі. Бұл сұрақтар төрт түрлі аспектіден қарастырылады: оқытушы, білім алушы, контекст және міндеттер. Сыни ойлау дағдыларын оқу үрдісінде талданып, талқыланатын арнайы оқылым түрлерімен танысу арқылы дамытуға бағытталған. «Тілдерді оқытудағы психологиялық мәселелер» оқу барысында білім алушылардың танымдық, зерттеу, коммуникативті және кәсіби құзыреттілікті дамытуға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шетел әдебиетінің өзекті мәселелері

    Пән магистранттарды шетелдік және ағылшын әдебиетінің өзекті мәселелеріне үйретеді. Пәнді оқу барысында магистранттар ағылшын әдебиеттің даму эволюциясын анықтайды, тарихи-мәдени дәуірлердің ауысымындағы атақты жазушылардың шығармаларымен танысады, үзінділерді қазақ тіліне аудармалар жасай отырып талдау дағдыларын қалыптастырады. Әдеби бағыттардың ұлттық әдебиеттегі көрінісімен әлемдік әдеби процестің өзекті мәселерін салыстырады. Сондай-ақ, шетел әдебиетінің түрлі жанрларын үйрене отырып, әлемдік шығармалармен танысады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Салыстырмалы драма

    Пән магистранттарды драмаларды, пьесаларды сыни тұрғыдан талдауға үйретеді. Сондай-ақ, драмалық канонды талқылауды, ойын талдау педагогикасын қарқынды зерттеуге машықтайды. Пәнді оқу барысында шетелдік және қазақ драмасын салыстыра отырып кейс-стади жасауды үйренеді. Сонымен қатар, магистранттар салыстырмалы әдістер мен мәдениетаралық талдау туралы білімдерін дамытады. Пәнді оқу барысында магистранттар әр дәуірдегі әр түрлі шетелдік және қазақ драматургтердің шығармаларын салыстыра отырып, пьесалар мен театрландырылған қойылымдардың ерекшелеліктерін анықтауды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ағылшын тіліндегі дискурстық талдау

    Пән магистранттарды ағылшын тіліндегі дискурстың негізгі ерекшеліктерін, сонымен қатар дискурсқа салыстырмалы талдаудың негізгі принциптерін игеруді үйретеді. Сондай-ақ басқа пәндерде алған академиялық оқу және жазу дағдыларын тереңдете отырып, ағылшын тіліндегі ғылыми мәтіндерді талдауды қалыптастырады. Осы курсты оқу барысында магистранттар қазіргі заманғы пәнаралық тәсілдерді, категориялы аппаратты және гуманитарлық білімнің негізгі әдістемелік парадигмаларын қолдана отырып, ауызша материалды талдау жасауды қалыптастырады. Пәнді оқу барысында магистранттар әртүрлі мәтіндермен (стилі, жанры, мақсатты мәтіні өзгеруі) жұмысын, соның ішінде трансформатталатын мәтін негізінде жаңа мәтіндерді жасауды қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Академиялық ғылыми жазба

    Пәннің мақсаты магистранттарға жалпы академиялық қағидаттар шеңберінде ғылыми этика және академиялық адалдық талаптарына сәйкес басылымдарға мақала дайындау жолдарын меңгерту. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант мақала мәтінін құрастыру әдістерін, академиялық жазбалардың түрлерін және халықаралық дерекқор базаларын пайдалану жолдарын меңгеріп, әртүрлі ғылыми журналдардың талаптарына сай мақала дайындау және журналдардың онлайн жүйелерімен (сайттарымен) жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырады. Курста ғылыми деректерге талдау жасау әдісі қолданылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Зерттеулердің қолданбалы әдістері

    Пән магистранттарды әдістемелік негіздері саласындағы білімдерін дамыта отырып, эмпирикалық зерттеулер жүргізуге үйретеді. Пәнді оқу барысында магистранттар ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасауға, зерттеу жоспарын жасауға, гипотезаны құруға, зерттеу дизайнын эксперименттік әдістерді, сауалнамаларды, ашық сұхбаттар мен бақылауларды қоса алғанда, экспериментті әзірлеуге және жүргізуге проблемалық сұрақтарды талдауға дағдыларын қалыптастырады және ғылыми зерттеудің негізгі түрлерін анықтап, негіздеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Лингвистикалық зерттеулердегі жаңа технологиялар

    Лингвистикалық зерттеулердегі жаңа технологиялар пәні магистранттардың бойында болашақ филология ғылымдарының магистрі ретінде өзекті филологиялық зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруларына мүмкіндік беретін дағдылар мен біліктіліктер қалыптастырады. Пәнді оқу барысында магистрант филология ғылымдарындағы заманауи зерттеу әдіс-тәсілдері мен технологияларын меңгереді. Сонымен қатар, магистранттар филологиялық ғылыми зерттеу жұмыстарында интервью, сауалнама, бақылау және эксперимент жүргізу іспетті сандық және сапалық зерттеу әдіс-тәсілдерін қолдануды үйренеді. Тіл білімінің ономастика саласына байланысты жер-су атауларының шығу тегін анықтайтын этимологиялық талдауларды жүргізуге машықтанады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пән ғылыми ойлаудың тарихы мен философиясы, ғылымның философиялық негіздері, эмпирикалық және ғылыми танымның генезисі, мәні, болашағы туралы білімді қалыптастырады, білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне қажетті әдістемелік аппаратты дамытады. Проблемалық оқыту, тақырыптық талқылау, жоба әдісі сияқты оқытудың белсенді әдістері қазіргі заманғы ғылым жетістіктерін сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын меңгеруге, өзіндік этикалық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Пән жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдерістің әдіснамалық негіздері мен қазіргі білім беру парадигмалары туралы білімдерді зерттейді. Пәнді оқу барысында магистрант жоғары кәсіби білімнің ролі мен маңыздылығын және жоғары мектеп оқытушысына қойылатын негізгі талаптарды меңгере отырып, жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу әдістерінің түрлерін пайдалануды, нақты ғылыми-педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізудің әдістемесін қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Басқару психологиясы

    Пән басқарушылық қызметтің психологиялық теорияларының іргелі түсініктерін, әлемдегі басқарудың тиімді стратегиялары мен теорияларын зерттейді. Пәнді меңгеру барысында магистрант ұйымдастырушылық мінез-құлықтың психологиялық теорияларын синтездей білу, командада тиімді өзара іс-қимыл жасай білу, команда құру және басқару психологиясының ережелерін ескере отырып, оның жұмысын ұйымдастыру дағдыларын игереді. Көшбасшылық қасиеттерді көрсете білуді және шиеленістік ситуацияларды басқарудың психологиялық әдістерін қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Батыс эпикалық дәстүр

    Батыс эпикалық дәстүр пәні білім алушыларды Батыс Европа елдерінің батырларының ерліктерін баяндайтын эпостық шығармаларымен таныстыра отырып, магистранттарды аталмыш эпостық шығармаларға әдеби тұрғыдан талдаулар жасауға дағдыландырады. Пәнді оқу үдерісі барысында магистранттар Батыс Европа елдерінің батырларының ерліктерін баяндайтын эпостық шығармалары мен қазақ әдебиетіндегі батырлар жырларын жан жақты әдеби тұрғыдан салыстырады. Сонымен қатар, магистранттар Батыс Европа елдерінің эпостық шығармаларының сюжеттік аспектілерін кешенді түрде қарастырады. Батыс Европа елдерінің эпостық шығармаларын стилистикалық тұрғыдан анализдеуге үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Шет тілдік білім берудегі әлеуметтік лингвистика мәселелері

    «Шет тілдік білім берудегі әлеуметтік лингвистика мәселелері» пәні магистранттарды - филологиялық ғылыми зерттеулерді жобалап және жүргізіп, алынған нәтижелерді сыни тұрғыдан қарастырып, статистикалық сараптау жасауға үйретеді. Бұл пәнді оқу барысында магистрант - кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге деген жауапкершілікті сезініп, кәсіби және ғылыми мәселелерді шешу ауқымындағы іскерліктері мен дағдыларын дәлдікпен жүзеге асырып, көпмәдениетті, көпэтикалы, көпконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, кәсіби ынтымақтастықта өзіне жауапкершілік ұстану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Шетел тілі (кәсіби) II

    Пән магистранттарды ағылшын тілін жұмыс барысында қолдануды, яғни қажетті ақпаратты алу үшін мамандық бойынша түпнұсқа әдебиетті оқи алу, әңгіме жүргізу, хабарлама дайындау және ағылшын тілін ауызша түсінуге машықтандырады. Сонымен қатар тыңдап түсінуге үйрету, монолог және диалог түріндегі аутенттік есту және бейне мәтіндері негізінде ресми ауыз-екі тілдегі радио теледидар және бағдарламалар күнделікті оқиғаға ақпараттар мен жаңалықтарға байланысты тақырыптарда кәсіби деңгейде еркін сөйлеуді және жазуды үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Когнитивтік лингвистиканың негіздері

    Когнитивтік лингвистиканың негізгі құралдары: есте сақтау бірліктері – таным, гештальт теориясы, тілдік сана және т.б. когнитивтік лингвистика дүние бейнесін сипаттауға бағытталады. Когнитивтік лингвистиканың алдына қойған міндеттері: дүниені игеру және тану процесіндегі тілдің рөлі, дүние туралы ақпаратты қабылдау, жалғастыру (тасымалдау), қайта өңдеу.Тілге деген жауапкершілікті сезініп, мәселелерді шешу дағдыларын дәлдікпен жүзеге асыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Салыстырмалы роман

    Пәннің мақсаты:«Салыстырмалы роман» курсының мақсаты роман тілді халықтардың материалдық және рухани мәдениетін зерттейтін филологиялық пәндердің негізгі жетістіктерімен таныстыру. Сонымен қатар, курс романдық тілдер мен диалектілердің пайда болуы мен даму тарихын, олардың қазіргі жағдайы мен қызмет етуін білдіретін лингвистикалық компонентке ие. Латын эволюциясының кезеңдері қарастырылады, оның таралу аймағының кеңеюі, тілдік субстраттар және одан әрі жаңа роман тілдерін құру

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • 18 ғасырдағы британ романы

    Пән магистранттарға XVIII ғасырдағы ағылшын әдебиетінің романтицизм ағымындағы көрнекті өкілдерінің тырнақалды туындыларын таныстырады. Оларды романтицизм бағытындағы шығармаларды филологиялық тұрғыдан талдап, аталмыш әдеби туындыларға кәсіби және сыни тұрғыдан сараптама жасауға дағдыландырады. Сонымен қатар, магистранттарды ағылшын әдебиетіндегі романтицизм бағытындағы әдеби туындылар мен орыс және қазақ әдебиетіндегі романтицизм бағытында жазылған әдеби туындылармен салыстыра отырып, әдеби тұрғыдан анализдеуге және стилистикалық талдау жасауға үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Іс-әрекет арқылы зерттеу шеттілдік білім беру жүйесінде

    «Іс-әрекет арқылы зерттеу шеттілдік білім беру жүйесінде» пәні қазіргі таңдағы заманауи оқытудың бір бөлімі болып табылады. Оқыту және оқу үдерісін жақсартуда сыни достардың ролін, іс-әрекет арқылы зерттеудің әлемдік және отандық білім беру жүйесіндегі маңыздылығын қарастырады. «Іс-әрекет арқылы зерттеу шеттілдік білім беру жүйесінде» курсын оқыту барысында білімгерлерді іс-әрекет арқылы зерттеудің ғылыми зерттеуден айырмашылығын үйретеді. Іс-әрекет арқылы зерттеуді практикада қолданудың тиімділігін айқындау, іс-әрекет арқылы зерттеуге қатысушылардың пікірлерін есепке алудың маңыздылығын талдау дағдыларын қалыптастырады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ағылшын әдебиетіндегі романтика

    Ағылшын әдебиетіндегі романтика пәні білім алушыларды британ әдебиетіндегі романтизм бағытында жазылған туындылардың ерекшеліктерімен таныстырады. Сонымен қатар, аталмыш пән ағылшын әдебиетіндегі романтизм бағытында жазылған туындыларды әдеби және стилистикалық тұрғыдан талдап, анализ жасауға білім алушыларды машықтандырады. Магистранттарды ағылшын әдебиетіндегі романтизм ағымының көрнекті өкілдерінің негізгі атақты туындыларымен таныстырады. Ағылшын әдебиетіндегі романтизм ағымына тиесілі әдеби шығармалардың өзіндік ерекшеліктерін үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады
  • Кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге деген жауапкершілікті сезініп, кәсіби және ғылыми мәселелерді шешу ауқымындағы іскерліктері мен дағдыларын дәлдікпен жүзеге асырып, көпмәдениетті, көпэтикалы, көпконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, кәсіби ынтымақтастықта өзіне жауапкершілік ұстанады
  • Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды
  • Кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады
  • Филологиялық ғылыми зерттеулерді жобалап және жүргізіп, алынған нәтижелерді сыни тұрғыдан қарастырып, статистикалық сараптау жасайды
  • Кәсіби сынақ барысында шетел тілін және әдебиетінің негізгі принциптерімен, бағыттарымен, идеялары мен заманауи әдістерімен жұмыс істейді
  • Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды
  • Нәтижеге сәтті жету үшін іс-әрекеттерді дәлдікпен орындап, дағдыларын ұйымдастырып, әдеби шығармаларға кәсіби және сыни тұрғыдан сараптама жұмыс істейді
  • Ақпаратты өңдеу әдістерін дәлдікпен дұрыс жүзеге асырып, дағдыларын үйлестіріп, шетел әдебиеттану және шетел филологиясы саласында заманауи әдіснаманың әдістемесімен және технологиясымен практикада жұмыс істейді
  • Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады
Top