Жаңа білім беру бағдарламасы

6B07353 Су инжинирингі, жобалау және басқару в Халықаралық білім беру корпорациясы

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • сәулет-құрылыс саласындағы ғылыми-техникалық прогрестің әлемдік және өңірлік үрдістерін ескере отырып, қоғамның құрылыс объектілеріндегі әлеуметтік қажеттіліктерін анықтау және құқық, экономика, әлеуметтану, мәдениет саласындағы ҚР заңнамалық және реттеуші құжаттарына сәйкес әрекет ету
  • инженерлік ғылымның теориялық ережелерін, әлемдегі және Қазақстан аумағындағы инженерлік желілерді дамытудың тарихи кезеңдерін түсіну және қолданыстағы құрылыс ортасын және оның объектілерін қайта құру кезінде сақтау және дамыту әдістерін қолдану
  • құрылыстарды, инженерлік жүйелер мен желілерді салу саласындағы жобалау және есептеу негіздерін білу; негізделген шешімдер қабылдау, қорытындылар мен білімдерді баяндау; зерттелетін саламен байланысты іздеу жүйелерін қамтамасыз ету үшін шет тілін меңгеру
  • құрылыс жобалау объектілерін автоматтандырылған инженерлік-техникалық модельдеу құралдарын игере білу және ақпараттық модельдеу (BIM) технологиясының әдістерін, кәсіби қызмет үшін қажетті есептік модельдерді сандық визуализациялауды таңдау
  • инженерлік жүйелер мен құрылыстарды жобалау негізінде инженерлік шешімдердің инновациялық тұжырымдамаларын білу және құрылыс индустриясы мен қазіргі заманғы құрылыс материалдарының теориялық және практикалық мәселелері саласындағы өзекті мәселелерді бағдарлау
  • құқықтық, рұқсат беру құжаттары мен жоспарлау жобасын ескере отырып, құрылыс аумағын игеру үшін қажетті жүйе құраушы факторлар мен іс-шараларды түсіндіру және құрылыс ауданының жағдайлары туралы деректерді талдауды жүзеге асыру, орнықты даму, тіршілік әрекеті және қоршаған орта қауіпсіздігі қағидаттарын қолдану
  • жобаның жұмыс және жобалау-сметалық құжаттамасының инженерлік-техникалық бөлімдерін әзірлеу, жобалау үшін бастапқы деректерді жинау және қабылданған инженерлік және жоспарлау шешімдері бойынша жобалау құжаттамасын графикалық және мәтіндік ресімдеуді дайындау техникалық регламенттерді, ұлттық стандарттарды және құрылысқа жобалау құжаттамасын дайындау қағидаларының жиынтықтарын қоса алғанда, нормативтік-құқықтық актілер, ұсынымдық-әдістемелік құжаттар талаптарының сақталуын қамтамасыз ету
  • заманауи инновациялық технологиялар негізінде жобаның техникалық сипаттамаларын жақсарту дағдыларын меңгеру және инженерлік жүйелерді жобалау, салу, пайдалану сатыларында ақпараттық модельдеу негіздерін білу, сондай-ақ энергияны тиімді және суды үнемдейтін технологияларды білу
  • жобалық процеске қатысушылармен пәнаралық және кешенді өзара іс-қимыл міндеттерін үйлестіру және жобаны әзірлеу кезінде жұмыс жобасының сабақтас бөлімдерін келісуді орындау, кәсіпорынның пәнаралық командалық жұмысының сапасына, оның ішінде BIM-технологияларға қатысу кезінде жауапкершілікті өз мойнына алу, сондай-ақ, жобаның проблемалық немесе қайшылықты міндеттерін шешуде қатысушы жобалау әдістерін қолдану.жобаның проблемалық немесе қайшылықты мәселелерін шешуде жобалау.
  • құрылыс және инженерлік коммуникациялар саласындағы кәсіпкерлік негіздері туралы білімді қолдану, экономикалық және қаржылық тиімділікке, инвестициялық мүмкіндіктерге бағдарлану, жобалау құжаттамасын өндіру мерзімдерін, кезеңдерін сақтау, құрылыс индустриясы нарығын және жобалау процестерін автоматтандыру технологияларын білу
  • инженерлік жүйелер мен құрылыстардың объектілерін практикалық жобалау қағидаттарын қолдану, қабылданған шешімдердің ғылыми-техникалық сипаттамаларын әзірлеу, құрылыстағы жобалар мен инновациялық жетістіктерді ілгерілету жөніндегі ғылыми-практикалық іс-шараларға қатысу, өз көзқарасын дәлелді түрде қорғау, сондай-ақ инжиниринг саласындағы заманауи ғылыми-техникалық жетістіктерді мониторингтеу үшін шет тілін меңгеру.
  • ғылыми, кәсіби және іскерлік қарым-қатынас дағдыларын меңгеру, қажетті ғылыми-техникалық ақпаратты ұсыну, инженерлік коммуникациялар мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету
Top