Жаңа білім беру бағдарламасы

7M04207 Құқықтану в ҚарУ Е.А.Бөкетов

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Құқықтың дамуының қазіргі тенденцияларын, оны жетілдіру тетіктерін, заңдық қызметтің нақты салаларындағы теория мен практиканың жаңа жетістіктерін анықтайды және бағалайды.
  • Нормативтік құқықтық актілердің тұжырымдамалары мен жобаларын әзірлеу дағдыларын; халықаралық-құқықтық актілер мен ұлттық заңнаманы сыни талдау дағдыларын меңгерген.
  • Басқарушылық, құқықшығармашылық, құқыққолдану, құқық қорғау қызметті жүзеге асыруға қажетті ақпаратты анықтау үшін әртүрлі тілдік құралдарды қолданады.
  • Ситуациялық және жүйелі талдау, құқықтық ойлау мәдениетін, ақпаратты жалпылау қабілетін, ұжымда жұмыс істеу дағдыларын; басқару жобаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу дағдыларын, тиімді ұйымдастырушылық-басқарушылық және құқықтық шешімдер қабылдау, олар үшін жауапты болу қабілетін меңгерген.
  • Қолданыстағы заңнама нормаларына және құқық қолдану практикасына талдау жүргізеді, нақты заңдық істерді қарау және заң құжаттарын жасау кезінде инновациялық технологияларды, сандық технологиялармен және ақпараттық деректер банкімен, электрондық үкіметпен, электрондық сот ісін жүргізумен жұмыс істеу дағдыларын пайдаланады.
  • Құқықшығармашылық және құқыққолдану қызметін дамытудың теориялық және практикалық мәселелерін анықтайды, құқықтық ақпараттың сандық көздерін пайдаланады
  • Электрондық ақпараттық сервистерді пайдалана отырып, адам құқықтарын қорғаудың, мемлекеттік билік пен басқару жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің, нормативтік-құқықтық реттеудің, ұлттық заңнама институттарын дамыту перспективаларының мемлекеттік-құқықтық және әлеуметтік тетіктерін іске асырады.
  • Заң шығару сапасын қамтамасыз ету және заңнаманы жүйелеу мақсатында құқықшығармашылық қызметінде қолданылатын арнайы заңдық техниканы меңгерген.
  • Құқық бұзушылықтарды, киберқылмыстарды, қылмыстық кірістерді заңдастыруды саралауды жүзеге асырады, халықаралық, ұлттық, шетелдік нормативтік құқықтық актілерді талдайды.
  • Құқықтық жүйенің әртүрлі салаларындағы материалдық және іс жүргізу құқығының нормаларын нақты құқықтық жағдайға (казус) қолданады, сондай-ақ заңдық практиканың нәтижелерін жинақтайды.
  • Азаматтықты алу және тоқтату, конституциялық және әкімшілік рәсімдер саласындағы заңнаманы жетілдіру жолдарын; конституциялық даму модельдерін, мемлекеттік басқару, мемлекеттік қызмет теориясы мен практикасын, әкімшілік әділетті дамыту мәселелері мен перспективаларын бағалайды.
Top