Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07118 Жол және жол машиналары в ЛжКА

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Заманауи механикаландыру құралдарын қолдана отырып, машиналар тораптарының бөлшектерін дайындау, қалпына келтіру және алмастыру, механизмдер мен жабдықтарды пайдалану, техникалық (сервистік) қызмет көрсету және жөндеу, тасымалдау процесстері мен жол-құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру, жолды (темір жолды) жөндеуді кешенді механикаландыру және автоматтандырудың технологиялық процестерін жасау.
  • Пайдаланудың оңтайлы көрсеткіштерін анықтау мақсатында жол және темір жол техникасы тораптары мен агрегаттарының конструктивтік - технологиялық параметрлері мен техникалық жай-күйін негіздеу.
  • Әлеуметтік маңызды процестер бойынша білімді қалыптастыру, кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар әдістерін қолдану.
  • IT - технологияны дамытудың заманауи тенденцияларын және оларды кәсіби қызметте қолдану жолдарын таңдау.
  • Автоматтандыру және құжаттаманы рәсімдеу көрсеткіштерін, вариантты жобалау және оңтайландыру әдістерін, роботтардың манипуляциялық жүйелерінің жұмыс процестерін, робототехникалық жүйелерді компьютерлік модельдеуді салыстыру, 3D басып шығару арқылы ТҚК кезеңіндеТҚ-ға арналған қосалқы бөлшектерді өндіру.
  • Маркетинг пен менеджменттің әртүрлі әдістерін қолдана отырып, техника-экономикалық және ұйымдастыру-басқарушылық шешімдерді салыстыру.
  • Жол және темір жол шаруашылығы кәсіпорындарында қауіпті және зиянды факторларды талдау негізінде тіршілік қауіпсіздігін, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін заманауи инженерлік әдістерді қолдану.
  • Электротехниканың негізгі заңдарын ескере отырып, заманауи электр және электронды құрылғыларды жол және темір жол машиналары мен жабдықтарында қолдану нәтижелерін талдау.
  • Техникалық стандарттар мен нормативтік-техникалық құжаттамалар негізінде машиналар сенімділігінің құрылымдық параметрлерін кешенді техникалық диагностикалау әдістері мен құралдарын бағалау.
  • Көлік нысандарын жобалау кезінде жүйелердің сенімділігін есептеу принциптері мен әдістері негізінде машиналар бөлшектері мен тораптарын құрылымдаудың техникалық міндеттерін шешу.
  • Арнайы пәндерді оқу үшін мемлекеттік және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде кәсіби өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін кәсіби лексика мен негізгі грамматиканы қолдану.
  • Жаратылыстану-ғылыми пәндерді білу негізінде көлік техникасы нысандарын теориялық және эксперименттік зерттеудің физика-математикалық процестері мен әдістерін сипаттау.
Top