Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01502 Биология (н/п) в Mardan Saparbaev Instityty

  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 4

    Ұжымды әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды толерантты қабылдай отырып, өзінің кәсіби қызметі саласында қалай басқару керектігін түсіндіреді. Басқарушылық қызметтің психологиялық теорияларының негізгі ұғымдарын талдайды: менеджмент психологиясының теориясы мен практикасы; ұйымдағы коммуникация психологиясы; менеджер психологиясы; персоналды басқарудың психологиялық аспектілері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Эволюциялық биология
    Несиелер: 3

    Палеонтологиялық-филогенетикалық, морфологиялық, эмбриологиялық, биогеографиялық, систематикалық, генетикалық, биохимия мен молекулалық зерттеу әдістері мен дәлелдемелерді тұжырымдайды. Қоршаған ортаның негізгі проблемалары мен эволюциялық процестердің заңдылықтарын меңгертеді. Биогеоценотикалық жүйелердің құрылымдық-функциональдық ұйымдасуын талдап, биологиялық жағдайын талдайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шетел тілі (кәсіби)
    Несиелер: 5

    Іскерлік және ғылыми салалардағы ауызша және жазбаша қарым-қатынас функцияларын түсіндіреді. Анықтамалық, әдістемелік және ғылыми әдебиеттердегі қажетті ақпаратты пайдаланады. Оқытылған тілдік материалға, фондық елтанушылық және кәсіби білімге сүйене отырып, мамандық бойынша шынайы монологиялық және диалогтік сөйлеуді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 4

    Ғылым тарихы мен философиясының өзекті мәселелерін, ғылымның табиғатын философиялық түсінудің қазіргі әлемдік дәстүрі ретінде қарастырады. Ғылым тарихы мен философиясының қазіргі заманғы мәселелерін, қазіргі тарих пен ғылым философиясының тұжырымдамалық және әдіснамалық аппаратын түсіндіреді. Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ғылым тарихындағы философиялық мәселелерге салыстырмалы талдау жүргізеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Микроағзалар систематикасы
    Несиелер: 5

    Заманауи микробиологиялық, молекулалық-биологиялық әдістерін қолдана отырып, биотехнологиялық үрдістерде өндіріс пен қоршаған ортаны сақтау жолдарын сипаттайды. Микроорганизмдерді экология, ауыл шаруашылығы, тамақтану және химиялық өндірістердегі қолдану жолдарын қарастырады, табиғаттағы микроағзалардың алуантүрлілігін қолдану арқылы олардың жүйелену түрлерін анықтау және жинау әдістерін іріктеумен бірге қолданбалы микробиология саласындағы жетістіктердің перспективалары жөнінде ақпаратты қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Өндірістік микробиология
    Несиелер: 5

    Өндірістік (техникалық) микробиология тағамдық өнімдердің микробтармен байланысты (нан пісіруде-ашытқылар, ірімшік, сүтқышқылды өнімдер, сары май, шарап дайындауда - сүт қышқылды бактериялармен), витаминдер, антибиотиктер, ферменттер өндіруде, тері, жүн өндірісімен байланысты микробиологияның қағидаларын талдайды. Биотехнология саласында заманауи микробиологияны қолдануға бағытталған кәсіби білімді жетілдіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 4

    Отандық және шетелдік ғылыми методологияның педагогикалық негізгі мәселелерін сипаттайды. Педагогикалық үдерісте педагогтың кәсіби қызметін қарастырады. Оқу-тәрбие үдерісінде тұлға дамуының қарама-қайшылықтарын талдайды, іс-әрекетін диагностикалайды, зерттеу әдістерін жүргізуді үйретеді. Әдістемелік талаптарды, оқу-тәрбие жұмысының жоспарларын әзірлеу технологияларын жетілдіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Өсімдіктер физиологиясының теориялық негіздері
    Несиелер: 5

    Өсімдіктердің тіршілік әрекетінің қоректену, тыныс алу, өсіп-жетілу, дамуы, фотосинтез, зат алмасудың ассимиляция және диссимиляция процестерін зерттейді. Сыртқы орта жағдайларының өсімдіктерге әсерін, физиологиялық және биохимиялық процестердің онтогенез бен филогенезге де байланысты екендігін талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жоғары оқу орнында биологияны оқыту әдістемесі
    Несиелер: 4

    Жалпы орта білім беретін және кәсіптік білім беру ұйымдарында биологияны сапалы оқыту үшін қажетті кәсіби құзыреттілікті, білім мен іскерлікті қалыптастырады; биологияны оқытудың қазіргі заманғы инновациялық әдістерін меңгерудің практикалық дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Физиологияның заманауи әдістері
    Несиелер: 5

    Рентгенографиялық, эндоскопиялық, радиографиялық, биохимиялық, тәжірибелердің заманауи әдістерін қарастырады. Физиологиялық құбылыстарды қазіргі заманауи әдістермен анықтайды. Физиологиядағы тірі организмнің әртүрлі процестері мен функцияларын зерттеу, бақылау, эксперименттік әдістерін меңгертеді. Тірі ағза мен физиологиялық жүйелердің, тіндердің, жасушалардың қызметін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тамақтану физиологиясы мен гигиенасы
    Несиелер: 5

    Ағзадағы тағамның қорытылуы мен сіңуінің оңтайлы жағдайларын, тағамдық құндылығын арттырудың міндеттерін қарастырады. Тамақтану тәсілдерін, уақытын, физикалық қасиеттерін, тағамның адам ағзасына әсерін, тағамдық заттарға қажеттілігін анықтайды. Ас қорыту, тағамды сіңіру, дұрыс тамақтану және метаболизмнің физиологиялық, биохимиялық процестерін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Өсімдіктер мен жануарлардың биоалуантүрлілігін сақтау
    Несиелер: 5

    Өсімдіктер мен жануарлардың биоалуантүрлілігін сақтауды, қолданбалы биологияда іс жүзінде пайдалануын түсіндіреді. Табиғатты қорғау тәсілдерін ұсынады. Өсімдіктер мен жануарлардың биоалуантүрлілігін сақтау бойынша алған теориялық білімдерін жүйелейді. Теориялық білімдерін орынды қолдануға машықтандырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Геронтология
    Несиелер: 5

    Адам және жануарлар ағзасының қартаю заңдылықтарын, белгілерін, функционалдық мүмкіндіктерін, адамның өмір сүру ұзақтығын, түсіндіреді. Қартаю - адамның генетикалық, эволюциялық, экономикалық, әлеуметтік және психологиялық процестермен байланыстығын анықтап, негізгі ұғымдар мен теориялар жасауға дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қолданбалы физиология
    Несиелер: 5

    Пән денсаулықты сапалы түзету үшін берілген ресурстарды сауатты қолдану, денсаулық мәселелерін шешуге көмектесу дағдыларын қалыптастырады. Адамның, ағзадағы процестердің және ағзаның ресурстық мүмкіндіктерін үйретеді. Психология, кинезиология, остеопатия және биодинамиканың теориялық негіздерін практикалық тұрғыда талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Омыртқалылардың салыстырмалы анатомиясы
    Несиелер: 5

    Омыртқалы жануарлардың анатомиялық құрылымын, олардың тарихи дамуы, қазіргі заманғы этнология ұғымдары және биополитиканың маңыздылығы арасындағы байланыстарды білдіреді. Омыртқалылардың құрылымы мен анатомиялық құрылымына салыстырмалы анатомиялық талдау жүргізеді. Олардың шығу тегі мен эволюциялық дамуы туралы қорытынды жасайды. Алған білімдерін кәсіби қызметте қолдануға дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Гендік инженерия
    Несиелер: 5

    Генетикалық және биохимиялық әдістердің көмегімен түраралық кедергілері жоқ тұқым қуалайтын қасиеттері өзгеше, табиғатта кездеспейтін жаңа гендер алу жөнінде мағлұмат береді. Молекулалы-генетикалық талдау әдістерін қолданып, өсімдік түрлерін, сорттарын зерделейді. Организмдер геномының бөлігінен рекомбинатты ДНҚ құрастырумен қатар, ол рекомбинатты молекулаларды басқа ағза геномына енгізіп, жұмыс істеуін (экспрессиясын) қамтамасыз етуін зерттеуге баулиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Макрофиттер
    Несиелер: 5

    Альгологияның de novo ізденістері in vitro жағдайында теңіз бентос өсімдіктері мен балдырлары өсірудің қазіргі кездегі дамыған зерттеулер саласын зерттеуді үйретеді. Макрофиттер мен балдырларды өсіру дақылдау тәжірбиелерінен жеткен жетістіктер жөнінде мағлұматтарды саралайды. Теңіз балдырлары мен макрофиттерін талдауға дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Биогеоценология
    Несиелер: 5

    Тірі және өлі табиғаттың өзара қарым-қатынасын, байланысын, биосферадағы ғаламдық тыныс-тіршілігін қарастырады. Биогеоценоздардың жағдайын, құрылымын, бүтіндігі мен тұрақтылығын, заттар мен энергия алмасуын, кеңістікте орналасу заңдылықтарын зерттейді. Биогеоценологиялық зерттеу нәтижесінде адам іc-әрекетінің табиғи процестерге тигізетін әсерін, биосфераны тиімді пайдалану жолдарын анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Биологиядан ғылыми жобаларды ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Оқытудың теориясы мен практикасының қазіргі жайын, даму тенденциясын саралайды. Сатылай кешенді талдау жұмысын жүргізу, деңгейлік тапсырмалар орындау т.б. оқытудың инновациялық әдістерін кәсіби қызметінде жүзеге асырады. Педагогтың зерттеушілік іскерлігін, әлеуметтік-педагогикалық құбылысқа ғылыми тұрғыдан қарауын, ғылыми болжам жасай алуын, жобалау және эксперимент жүргізе алуын, жоспарлауды қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Өсімдіктердің молекулалық тіршілігі
    Несиелер: 5

    Ақуыздардың құрылымын, олардың құрылысы мен қызметінің байланысының заңдылықтар мен қағидаларын, теориялық практикалық тұрғыдан меңгертеді. Клетка ішілік макромолекулаларды зерттеу үшін молекулалардың барлық қасиеттерін сонымен қатар биохимиялық белсенділігі бойынша жіктейді. Өсімдіктердің тіршілік белгілері мен олардың негізгі қасиеттерін молекулалық деңгейде зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау
    Несиелер: 5

    Ғылыми жұмыстарды зерттеу және тәжірибелер жүргізу дағдыларын қалыптастырып, білімдерін жүйелейді. Ғылыми жұмыс жазуға ғылыми мәліметтерді жинап, есеп беруді рәсімдеуге, жазбаша жұмыс жасауға баулиды. Ғылыми зерттеулерді жүргізу және ұйымдастыру барысында тәжрибиелік дағдыларын дамытады, отандық және шет елдік тәжрибиелерді, арнайы әдебиеттерді зерттеп, ғылыми әдістерді жобалауды меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Өсімдіктер биотехнологиясы
    Несиелер: 5

    Гендік инженерия, клеткалық инженерия, гаплоидты биотехнология, клондық микрокөбейту, өсімдіктерді сауықтыру, биологиялық активті заттар алу бағыттарын қарастырады. Өсімдіктерді өсімдік селекциясында молекулалық, биохимиялық, жасушалық, гендік инженерия әдістерімен, биопрепараттарды өнеркәсіптік тәсілмен алуды, диагностикалық және өсімдік ауруларымен күресу жолдарын анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің молекулалық механизмдері
    Несиелер: 5

    Тірі организмдерге тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті, ата тектерге тән белгілерді сақтаудағы тірі ағзалардың ортақ қасиеттерін тұжырымдайды. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің молекулулалық механизмдерін, организмдердің тұқым қуалаушылық қасиеттерінің сыртқы орта факторларының әсерінен өзгеру заңдылықтарын зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Омыртқасыздардың салыстырмалы анатомиясы
    Несиелер: 5

    Омыртқасыз жануарлардың анатомиялық құрылымын, тарихи дамуын түсіндіреді. Омыртқасыздардың анатомиялық құрылымына салыстырмалы анатомиялық талдау жүргізеді. Жалпы шығу тегі мен эволюциялық дамуы туралы қорытынды жасайды. Оқу орындарында далалық, эксперименттік зерттеулер жүргізу үшін ғылыми материалдар дайындауды жоспарлайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON8

    Физиология, гигиена, геронтология, эволюция пәндері арасындағы мәселелерді талдау үшін алған білімдері мен іскерліктерін қолданады, тәжірибелік зерттеулерді және нәтижелерін өз бетінше талдайды.

  • Код ON6

    Білім беру ұйымдарында арнайы пәндерді оқыту технологияларын, заманауи әдістерін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды практикада қолданады, оқыту технологиясына сәйкес оқу процесін ұйымдастыра біледі.

  • Код ON7

    Молекулалық биология, микробиология, генетика, биотехнология, биогеоценология, биологиядағы ғылыми зерттеулердің теориялық - әдістемелік негіздерін, қазіргі кезеңдегі биология ғылымы дамуының жетістіктерін ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады.

  • Код ON4

    Мекемелерде қызметкерлердің дамуы мен тиімді пайдаланылуын бағалау, жаппай мінез-құлықты басқарудың әлеуметтік-психологиялық технологияларын меңгереді.

  • Код ON2

    Кәсіби шетел тілін мәдениетаралық, ғылыми және кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде қолдана алады.

  • Код ON3

    Жоғары мектеп дидактикасының негіздерін базалық білімдерді, жоғары мектепте сабақ өткізу дағдыларын меңгерген. Сапалы нәтижеге қол жеткізуге ұмтылады, ғылыми-педагогикалық қызметте ұйымдастыру және басқару дағдыларын жетілдіреді.

  • Код ON9

    Жоғары сатыдағы өсімдіктердің морфологиясы, систематикасы, физиологиясының теориялық негіздерін оқыту саласында өзара байланысын, ғылымның жаңа жетістіктері мен оның даму перспективаларын зерттейді.

  • Код ON10

    Жануарлар әлемінің таралу заңдылығын, морфологиялық-анатомиялық құрылысын, систематикалық орнын талдайды. Жануарлардың биоалуантүрлілігін тиімді пайдалану және табиғат қорларын сақтауды жоспарлайды.

  • Код ON5

    Биология саласындағы жаңа ғылыми-зерттеу нәтижелерін талдайды, өнертапқыштық, коммерциалау жұмыстарын және оның элементтерін ғылыми-зерттеу жұмыстарына ендіруді ұсына біледі.

  • Код ON1

    Ғылым тарихы мен философиясы саласындағы білімдерін көрсетеді, ғылым философиясының ұғымдық аппаратын, логикалық талдау әдістері мен тәсілдерін меңгерген.

Top