Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B06103 Информатика в Қызылорда "Болашақ" университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Ақпаратпен жұмыс жасау құралы ретінде компьютермен танысу, әр түрлі құрылғылармен жұмыс істеудің техникалық дағдыларын алу. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану мүмкіндігін меңгереді. Бағдарламалау тілдері мен әр түрлі есептерді шешуде бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгереді.
  • Macromedia Flash программасымен Web-сайттарды құруда қолдана алады. SQL тілінің құралдарының көмегімен мәліметтер қорын басқаруды біледі. 3D-модельдеу графикалық мүмкіндіктерін меңгереді.
  • Желіде ақпаратты үлестіруді, нөмірлеу, жоспарлау, жобалау принциптерін және цифрлық жүйелерін эксплуатациялау ерекшеліктерін меңгереді. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларды толық меңгереді. Web-дизайн, сайттарды құра алады. Қазіргі заманғы компьютерлік құралдарды пайдалана отырып, жүйенің немесе процестің моделін құра алады. Логикалық дұрыс ойдың байланысы мен динамикасын меңгереді. Java программалау тілінде программалық қосымшаларды өңдеуде практикалық дағдысы қалыптасады. MathCAD, Maple математикалық есептерін шеше алады. Аудиовизуалды және техникалық құралдарды қолдана алады.
  • Бағдарламалық қамтамасыз етуді құрудың технологиялық құралдарын қолдана білед. iOS программалауының қолданбалы интерфейстерін меңгереді. Көппроцессорлық есептеу жүйелері үшін параллельді бағдарламалау технологиялары мен әдістері, заманауи компьютерлердің архитектурасы саласында жақсы жұмыс істей алады. Интеллектуальды іс-әрекетінің нейрофизиологиялық және психологиялық механизмі туралы мәліметтерді, дәлірек айтқанда адамның саналы іс-әрекетін меңгереді. Oracle берілгендер базасын басқару жүйесінде мәліметтер қорын құра алады. Ассемблер тілінде бағдарламаны құра алады.
  • Қазақстан тарихының және философияның, ұлттық және жеке қорлардың, мәдени ашықтық пен экономикалық білімдердің негіздерін теориялық негіздері мен әдіснамалық тәсілдерін меңгереді. Негізгі тарихи оқиғаларды, экономикалық деректерді және әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени даму үдерістерін талдай алады. Анық нормативті айтылу жағдайында жазылған радио және телебағдарлама ақпараттарын аудара алады. Білім беру саласында қазақ (орыс) тілі лексикалық қорды меңгереді. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білім беру жүйесінде интернет желісін, электрондық оқулықтарды, интерактивті оқыту құралдарын тиімді қолдана алады. Сыбайлас жемқорлық түсінігін анықтайды, оның белгілерін атайды, адалдық, әділеттілік ұғымдарымен танысады,сыбайлас жемқорлық ұғымындарын меңгереді, заңдағы сыбайластың анықтамасын талқылай алады. Денсаулықты нығайту үшін дене шынықтыру және салауатты өмір салтының ғылыми-практикалық негіздерін, дене шынықтыру әдістері мен құралдарын меңгереді.
  • Сервистік бағдарламаларға қызмет көрсететін заманауи операциялық жүйелерді қолдана алады, түрлі операциялық ортада жұмыс жасай алады, заманауи операциялық орталарда бағдарламалаудың іс жүзіндегі тәжірибесі мен біліктілігі. Қазіргі операциялық жүйелерді құру принциптері, компьютер құрылғыларымен (процессор, ОЗУ, дискілік жинақтағыштар және т.б.) және операциялық жүйе элементтерімен (файлдық жүйе, процесс және т. б.) бағдарламалық басқаруды меңгереді, ақпараттық проблеманың өзектілігі мен маңыздылығын меңгереді. HTML гипермәтіндік тілімен жұмыс жасай алады. Оңтайлы шешімді таба алады.
  • Алгоритм оны сипаттау тәсiлдерi, тiлдер программалау орталары және технологиялары туралы меңгереді. Ақпараттық процестер мен жүйелерді жобалаудың негізгі принциптері мен әдістері экономиканы есептеудің математикалық модельдерін жасай алады. Деректер базасы қосымшаларын жобалай және құра алады, заманауи ортада бағдарламалау мүмкіндігіне ие, объектіге бағытталған программалау тілін қолдана отырып қосымшалар құра алады. Ақпараттық процестер мен жүйелерді жобалаудың негізгі принциптері мен әдістері экономиканы есептеудің математикалық модельдерін жасай алады.
  • C++ бағдарлама жасауды меңгереді. Пәндік салада есептерді шешу объектіге бағытталған программалау тілдерін қолдануды меңгереді. Ақпаратты қорғау-ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шараларды меңгереді. Растрлық графикалық редакторларда жұмыс жасауды меңгереді. Жергілікті және ауқымды ақпараттық желілер, Internet-технологиялар, заманауи ақпараттық технологиялардың қазіргі кезеңінде қызметтің барлық жаңа және жаңа өрістерін меңгереді.
Top