Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M04211 Құқықтану ҒП в ЕТУ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Инновациялық ойлау қабілеті, заманауи заң ғылымының озық технологияларын білетін, заң, саясат, өндіріс және бизнес саласындағы әлемдік ынтымақтастық жағдайында интеграцияланатын және заң қызметі нарығының әлеуметтік маңызды мәселелерін шеше алатын жоғары білікті, бәсекеге қабілетті заңгерлерді даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Еуразия Технологиялық Университеті
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M078 Құқық
-
Білім беру саласы 7M04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 7M042 Құқық
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Шет тілі (Кәсіби)
Ғылым тарихы мен философиясы
Басқару психологиясы
Жоғары мектеп педагогикасы
Қазақстан Республикасының және шет елдердің конституциялық құқығының өзекті мәселелері
Жалпы құқық теориясының қазіргі мәселелері
Ғылыми зерттеулердің әдістемесі мен әдіснамасы
Құқықтық кеңес беру және құқықтық бизнесті ұйымдастыру
Зияткерлік меншікті халықаралық-құқықтық қорғау
Дауларды шешудің балама әдістері мен механизмдері
Кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу
Ақпаратты құқықтық реттеу және қорғау
Адвокаттық қызметті және заң көмегін құқықтық реттеу
Жеке құқықтың өзекті мәселелері
ҚР жергілікті өзін-өзі басқарудың қазіргі мәселелері
ҚР Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет мәселелері
Міндеттемелік құқықтың өзекті мәселелері
-
2 Оқу жылы
Жобалау қызметін ұйымдастыру
Салыстырмалы корпоративтік құқық
Адам құқықтарының теориясы мен практикасы
Қылмыстық және қылмыстық процестік құқықтың өзекті мәселелері
Комплаенс саласындағы құқықтың заманауи мәселелері
Салыстырмалы құқықтағы комплаенс-зерттеулердің әдістемесі мен әдістері
ҚР-да азаматтық қоғамды қалыптастыру: теория және практика
Азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамасын қолдану теориясы мен практикасы
Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі халықаралық ынтымақтастық
Азаматтық процестегі дәлелдеу мен дәлелдемелердің өзекті мәселелері
Оқыту нәтижелері
- Әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, құқықтық талдау мен заң қызметі саласында пікір қалыптастыру үшін ақпаратты жинау және түсіндіру
- Құқық бағыты бойынша одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын көрсету, құқықтық ұғымдар мен санаттарды еркін пайдалану; ағымдағы жағдайды талдау және оның одан әрі даму перспективаларын көру
- Азаматтық-құқықтық, еңбек, әкімшілік-құқықтық, қылмыстық-құқықтық және өзге де қатынастар саласындағы құққытық проблемаларды талдау және шешу біліктілігін көрсету, ұйымдардың (кәсіпорындардың) құқықтық қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау
- Қажетті ақпаратты алу және өңдеу, оны сыни талдау және қорытынды мен тұжырымдама жасау; проблемаларды шешудің оңтайлы жолдарын табу және кәсіби қызметте міндеттерді іске асырумен байланысты шешімдер қабылдау
- Қолданыстағы ұлттық және халықаралық заңнамадағы олқылықтар мен қарама қайшылықтарды анықтау
- Жаңа ортадағы проблемаларды шешу үшін, кең пәнаралық контексте кәсіби деңгейде өз білімдерін, түсініктері мен қабілеттерін қолдану, заманауи ғылыми-білім беру және практикалық мәселелерді шешу, зерттеу жұмыстарын сәтті жүзеге асыра отырып, жоғары оқу орындарында сабақ беру
- Білім алушының жеке және кәсіби дамуын қамтамасыз ету мақсатында білім беру технологияларын, оқыту әдістері мен құралдарын таңдау және тиімді пайдалану қабілетін көрсету
- Сараптамалық жұмыстың, нормативтік құқықтық актілерді қолданудың, құқық қолдану практикасын талдаудың, сондай-ақ өндірісте туындайтын құқықтық жағдайларды шешудің кәсіби дағдыларын көрсету
- Білікті заң және кеңес беру қызметін көрсету саласында, сондай-ақ адам және азамат құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету саласында ақпаратты, идеяларды, қорытындыларды, проблемалар мен шешімдерді анық және біржақты хабарлау
- Зерттелетін саладағы озық білімге негізделген осы салада дамып келе жатқан білім мен түсініктерді көрсету және алынған білімді кәсіби көмек көрсету кезінде ғылыми, сараптамалық, консультациялық қызметте қолдану қабілетін көрсету
- Халықаралық деңгейде кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін ағылшын тілінде коммуникативтік дағдыларды меңгеру
- Нормативтік құқықтық актілерді кәсіби қызметте қолдану, заңнамаға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды талдай білу, өз көзқарасын логикалық сауатты негіздей алу, сондай-ақ, дамыған логикалық және аналитикалық ойлау қабілеті, төзімділік, жауапкершілік және ұйымшылдық қасиетін көрсету
- Құжат айналымын сауатты жүргізу; құқықтық сипаттағы әртүрлі құжаттарды құрастыра білу