Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02201 Исламтану в «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті

Пәндер

  • Хадис мәтіндері

    Бұл пәнде “Хадис мәтіндері ” хадис және сүннет ұғымы мен оның түрлерін, алты хадис жинағының авторларының әдіс-тәсілімен толықтай танысып, хадис жаттайды және араларындағы айырмашылықтардын үйренеді. Сондай-ақ хадис ғылымының негізгі қайнар көздерінен Имам Бухар «Сахих» және Имам Муслинің «Сахих» жинағының хадистерін жаттайды. Классикалық хадис дереккөздермен жұмыс жасауды үйреніп өзінше дербес хадис зерттеулерін жүргізу әдіс-тәсілдерін игереді.

    Несиелер - 3
  • Хадис риуаятшылар ілімі

    Бұл «Хадис жеткізушілер ғылымы» курсында хадис жеткізушілер және олардың түрлері зерттеліп, алты хадис жинағының авторлары әдістемемен толық танысып, хадис жеткізу тәсілдерінің айырмашылықтарын меңгереді. Имам Бұхари мен Имам Муслимнің әдістері және хадис көздері. Хадистің классикалық көздерімен жұмыс істеуді үйренеді және хадистерді өз бетінше зерттеу, жаттау әдістерін меңгереді.

    Несиелер - 3
  • Ислам ғибадаты-1

    «Ислам ғибадаты-1» пәні бойынша студенттер исламдағы тазалықтың орны мен маңыздылығын, оның түрлері мен шарттары мен ғұсыл және дәреттің ара-жігін ажыратуды меңгеріп, тәяммум сынды түлерін және намаз оқу мен жамағат намазына қатысты жалпы ережелерін игеріп шығады. Сонымен қатар тазалыққа жарамды сулардың түрлері мен санаттарын, олармен тазалық жасаудың түрлері мен көріністерін үйреніп, меңгеріп шығады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Махраж ілімі-1

    «Махраж ілімі» пәнінде білім ізденуші өз кезегінде араб әріптерін дыбысталуына, махраждарына қарай жіктеуді үйренеді. Сонымен қатар араб әріптерін тыңдау, жазу, оқу арқылы дұрыс дыбыстауға машықтанады. Сол секілді аталған пәнді оқу арқылы ол ғылым саласының тарихымен, ғалымдарымен, ол салада жазылған еңбектермен танысады. Негізгі әріптер мен тармақты әріптердің өзара айырмашылықтарын үйрене алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Құлшылықтағы шариғи үкімдер

    «Құлшылықтағы шариғи үкімдер» пәні бойынша студенттер исламдағы құлшылық міндеттерін Құран мен сүнеттегі үкімдермен сабақтастыра отырып мәзһабтардағы ұстаным ерекшелерін меңгереді. Сонымен қатар ислам шариғатының қайнаркөздері саналатын Құран, сүннет, ижмағ, қияс, истихсан, әдет-ғұрып, сахаба сөзі сынды қайнаркөздермен танысып, олардың маңыздылығы мен орнын түсініп, шариғат үкімдерін шығаруда аталған қайнаркөздерді қолданудың реттілігін ұғынып, меңгере алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Араб тілі-1

    Араб тілін білу, біреудің сөйлеуін түсіну және өз пікірін ауызша және жазбаша түрде көрсету мүмкіндігіне ие болады; сөйлеу белсенділігінде лексикалық, грамматикалық және фонетикалық материалды дұрыс қолдану мүмкіндігі; Пәнді игеріп, пәннің заманауи даму барысын қадағалай біледі. Араб тілінде өз пікірін жеткізу арқылы, болашақта арабша әдебиеттерді аудару. Пәнді меңгеру арқылы болашақта араб елдеріне ғылыми сапар барысында ғылыми еңбектерді оқып жүйелендіру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Экология және өмір қауіпсіздігі» - бұл адамның қоршаған ортамен (өндірістік, тұрмыстық, қалалық, табиғи) қауіпсіз әрекеттесуі және төтенше жағдайлардың теріс факторларынан қорғану мәселелерін біріктіретін элективті пән.Білім алушы пәнді игеру нәтижесінде адам өміріндегі қауіп-қатерлерден сақтану жолдарын игереді. Табиғи және техногенді апаттардан қорғанудың негізгі тәсілдерін біледі; қазіргі заманғы зақымдану құралдары мен олардың зардаптарын жою шараларын ұйымдастыра алады, сондай-ақ тіршілік қауіпсіздігінің шарттарын бағалауды меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тәжуид ережелері-1

    Бұл пәнде студент Құран тәжуидінің қағидаларын үйреніп, арап әріптерінің сипаттамасымен танысып шығады. Үйренген тәжуид қағидаларына сай Құранның 25-30 параларды әріптерінің фонетикалық ерекшеліктерін қатаң ескере отырып тәжуид қағидаларына сай ұстаз алдында оқып үйренеді. Бұл өз кезегінде сабақ барысында үйренген тәжуид ережелерін практикалық тұрғыдан қолданып оқуға зор мүмкіндік тудырады. Сондай-ақ Құранды тәжуид ережелеріне сай оқып, араб әріптерінің махраждарын, сипаттарын үйренуі өз кезегінде білім ізденушінің жалпы араб тілінде жазып-оқуына, сөйлеуіне де пайдасын тигізеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Тәжуид ережелері-2

    Бұл пәнде студент Құранның отызыншы парасы, яғни «Нас» сүресінен «Ағла» сүресіне дейін жаттап, аталған сүрелерді меңгереді. Жаттау барысында араб әріптерінің фонетикалық ерекшеліктерін қатаң ескере отырып тәжуид қағидаларын меңгереді. Сонымен қатар, меңгерген фонетикалық және тәжуид ережелерін Құранның басқа да сүрелерін жаттағанда және арабша сөйлегенде практикалық тұрғыдан қолдануға машықтанады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Дінтану

    Дінтанудың маңыздылығын, қоғамда алатын орнын, қолданатын әдістерін, тарихы мен салаларын игеріп шығады. Діннің теориялық мазмұнын менгереді; діннің тарихи түрлерін біледі; дәстүрлі діндерден саяси және экстремистік діндерді айыра білуді меңгереді. Дінтану курстың қысқаша мазмуны өмірдің талабына сәйкес болып табылады. Дін адамзат мәдениетінің бір бөлігі болғандықтан, әрбір жоғары білімді адамдар дінің мазмунын білулері кажет. Мұндай жағдайлар «Дінтану» пәнін игеруді керек етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Махраж ілімі-2

    «Махраж ілімі-2» пәнінде студент араб әліпбиіндегі әріптердің дұрыс дыбысталуы мен ерекшеліктерін теориялық әрі практикалық тұрғыдан қолдануды игереді. Араб әріптерінің дыбысталуының өзіндік ерекшеліктері бар, Құран оқығанда сол ерекшеліктер қатаң ескерілу керек. Құран оқығанда тәжуид ережелерін сақтаумен қатар, әріптердің дұрыс дыбысталуына да аса мән беру маңызды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Араб тілі-2

    Араб тілін еркін түсіну, аудио-бейне жазбаларды еркін түсіне алу, араб тілінің грамматикалық, синтаксисттік байланыстарын құру мүмкіндігіне ие болады. Пәнді игеру және қоғамдық ортада пайдалану. Араб тілінде өз пікірін жеткізу арқылы, болашақта арабша әдебиеттерді аудару. Пәнді меңгеру арқылы болашақта араб елдеріне ғылыми сапар барысында ғылыми еңбектерді оқып, әрі аудару, түсіну мен мағына шығару түсіндіруді жүйелендіру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Құлшылықтағы шариғи үкімдер-2

    «Құлшылықтағы шариғи үкімдер-2» пәні бойынша студенттер исламдағы парыз құлшылықтардың аят, хадистермен және фиқһи үкімдермен сабақтастыра отырып, ханафи мәзһабындағы үкімін меңгереді. Сонымен қатар, ханафи мәзһабының негізгі қайнаркөздерімен танысады. Шариғат негіздеріндегі құран, сүннет, ижмағ, қияс өлшемдері арқылы тармақтық үкімдері шығаруды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ислам ғибадаты-2

    «Ислам ғибадаты-2» пәні бойынша студенттер судан бөлек жер жыныстарынан болған тазалық құралдарының түрлері мен шарттарын, олармен тазалық жасаудың жолдары мен көріністерін меңгереді. Дәрет, ғұсыл және тәйәммумнің ара-жігін ажыратуды үйренеді. Жамағат, жұма және ораза және құрбан айт намаздарына қатысты жалпы ережелер мен шарттарды игереді. Құлшылықтың тармақтарын шариғат үкімдерімен байланыстыра түсіне алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ислам теологиясына кіріспе

    “Ислам теологиясына кіріспе” пәнінде ақида ілімінің генезисі мен даму кезеңдері, исламдағы сенімдік мазһабтардың шығу тарихы, иләһият, пайғамбарлық институты және ислам эсхатологиясы тақырыптары және аталған тақырыптарға қатысты тақырыпшаларды игереді. Ислам теологиясының және сунниттік сенім мектептерінің негізін қалаған ғалымдардың ғылымдағы орны, ғылыми әдістері және теологиялық мәселелер бойынша алға тартқан тұжырымдары, тезистерін саралауды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазақ салт-дәстүрлері

    Студенттер дәстүрлі қазақ мәдениетінің ерекшеліктерін, дәстүрлі дүниетанымның моделін тұтас жүйе санатында талдай алады. Қазақ дәстүрлерінің шығу тарихын және олардың бүгінде қалай көрініс табатынын біледі. Сонымен қатар қазақ салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын ислам дінінің құндылықтарымен сабақтастыра алады. Қазақ салт-дәстүрлерінің қолданысы және оларға ұлттық, діни, рухани құндылықтар негізінде талдау жасап, өлшем қоя алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ислам тарихы

    Ислам тарихында династиялық басқару кезеңдері, олардың мемлекеттік құрылымдары мен мәдени деңгейлеріне пікірталас жүргізе алатындай білімді меңгереді; ислам өркениетінің адамзат өркениетіне қосқан үлесіне ғылыми негізде баға бере алады. Сонымен қатар әр кезең мен әр аймақтағы исламның таралу және даму кезеңдеріне талдау жасай алады. Ислам тарихының аясында ислам мәдениеті, ислам өркениеті, ғылымымен танысады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ислам ғибадаты-3

    «Ислам ғибадаты-3» пәнінде зекеттің шариғаттағы үкімі, мал-мүлікке қатысты шарттары, Құранда аттары аталған зекет беретін топқа қатысты үкімдер егжей-тегжей талқылай алады. Сонымен қатар қазіргі таңдағы үй, қонақ үй, құнды қағаздар, алтын, күміс, бағалы тастардың зекет мөлшерін зерттеуді үйренеді. Сондай-ақ қажылықтың рүкіндері, шарттары, сүннеттері, әдептері үйретіліп практикалық тұрғыдан қалай жасалатындығы көрсетіледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Матуриди ақидасы (илахият)

    “Матуриди ақидасы (илахият)” пәні бойынша ислам сенім жүйесіндегі негізгі мектептердің бірі саналатын матуриди сенім мектебінің шығу тарихы, даму кезеңдерімен, ілімі және ерекшеліктерімен танысып, оларға тарихи тұрғыдан талдау жасап, түйіндей алады. Сонымен қатар матуриди сенім мектебінің негізгі қайнаркөзі саналатын Әбу Ханифа ілімінің мәні мен маңыздылығын түсініп, оны матуриди сенім мектебімен сабақтастыра алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Мазхабтар тарихы

    “Мазхабтар тарихы” пәнінде студент исламдағы құқықтық, кәләмдық және саяси мәзһабтардың ілімдік ерекшеліктерін игеріп шығады. Мазһабтардың ислам тарихына әсері мен ілімдердің дамуына тигізген әсерін зерттеп меңгере алады. Сонымен қатар сенімдік және саяси тұрғыда пайда болған діни топтар мен мәзһабтардың шығуына әсер еткен факторлармен танысып, оларға тарихи-салыстырмалы әдіс арқылы талдау жасай алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қырағат ілімі

    «Қырағат ілімі» пәні бойынша студенттер қырағат ілімінің шығу тарихын, қырағаттардың саны мен түрлерін, сонымен қатар қырағаттардың негізін салушылар мен олардың жеткізушілерін, аталған сала ғалымдарын және қырағаттар арасындағы ерекшеліктерді үйренеді. Сонымен қатар қырағат ілімі бойынша жазылған еңбектер мен әдебиеттерді, оларды жазған ғалымдардың өмірімен танысып, аталған еңбектерге салыстырмалы тұрғыдан талдау жасай алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Хадистану

    “Хадистану” пәні бойынша хадис ілімінің даму тарихы, хадис түрлерін ара-жігін ажыратып (әлсіз, хасан, сахих), хадистердің жету жолдары мен рауилер және хадис саласындағы классикалық еңбектерін оқу дағдысын қалыптастырады. Хадис ілім саласындағы классикалық және заманауи еңбектерді оқып түсінуге, күніміздегі туындап жатқан хадиске қатысты мәселелерге шешім таба алатын болады. Хадис терминологиясының шығу тарихы мен даму кезеңдерін меңгеріп классификация жасауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Араб тілі-3

    Екінші шетел тілін және тілдік құрылымын пайдалана алады, яғни сауатты және дұрыс сөйлеу қызметіне, лексикалық, грамматикалық, фонетикалық материалдарды қолдана біледі. Мамандандырылған шетел тілі елінің әлеуметтік-мәдени ерекшеліктеріне сәйкес; дискурстың әр алуан түрлерін және сөйлеу стратегияларын қолданады.Араб тілінде өз пікірін жеткізу арқылы, болашақта арабша әдебиеттерді аудару. Пәнді меңгеру арқылы болашақта араб елдеріне ғылыми сапар барысында ғылыми еңбектерді оқып жүйелендіру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дін және дәстүр

    Дін және дәстүр пәні бойынша студенттер дін мен дәстүрдің өзара сабақтастығын, сол секілді дәстүр мен әдет-ғұрыптың шариғаттағы орны мен маңыздылығын түсініп, талдай алады. Ислам дінінің нормаларын қазақы салт-дәстүрмен байланысты қарастыра алатын қабілетке ие мамандарды қалыптастыра алады. Сонымен қатар діни үкімдердің өзгеруіне ықпал ете алатын әдет-ғұрыптардың шарттары мен өлшемдерін түсіне алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ақида мәтіндері

    Ақида мәтіндері пәні бойынша ислам сенім жүйесіндегі негізгі екі мектептің бірі саналатын матуриди сенім мектебінің аясында жазылған «таухид», «фиқһ акбар», «насафи», «китабул таухид», «шархул фикхул акбар» «Тахауи ақидасы» сынды мәтін жанрында жазылған сенімдік еңбектерді, әдебиеттерді оқып, мәтіндерін талдау жасау арқылы матуриди сенім мектебінің ілімін, негіздерін, ерекшеліктері мен ұстанымдарын меңгере алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Құран жаттау-I

    Бұл пәнде студент Құранның жиырма тоғызыншы парасы, яғни «Мүлк» сүресінен «Жын» сүресіне дейін жаттап, аталған сүрелерді меңгереді. Жаттау барысында тәжуид ережелерін толық меңгереді және Құран Кәрімді оқу барысында фонетикалық, орфографиялық қателіктерден арылып, танымал қырағаттардың өзара айырмашылықтарын салыстыра алады. Бұл пәннің ең басты ерекшелігі ˗ Құран оқығанда бірде-бір әріпте, әсіресе оның дыбысталуында қате жібермеуге машықтандыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазақ ойшылдарының діни танымы

    Қазақ ойшылдары дін туралы пәні бойынша Қазақ даласынан шыққан ойшылардың еңбектері мен өлең-жырларындағы діни толғаулар мен насихаттарды салыстырмалы тұрғыдан талдай отырып, оларды ислам дінінің негіздерімен сабақтастыра алады. Қазақ ойшылдарының дін туралы тұжырымдарын ғылыми тұрғыдан негіздей алады. Сонымен қатар Қазақ ойшылдарының дін туралы толғаулары мен ойларын қазіргі заманғы дінді насихаттауда қолдана біледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Құран жаттау-II

    «Құран жаттау ІІ» пәні бойынша студенттер Құранның жиырма тоғызыншы параларын, атап айтар болсақ «Муззаммил» сүресінен бастап, «Мурсалат» сүресіне дейінгі аралықтағы сүрелерді тәжуид ережелеріне сай, жаттау әдісімен меңгере алады. Сонымен қатар аталған пәнді оқу барысында сүрелерді жаттаумен қатар, ондағы тәжуид ережелерін теориялық тұрғыдан үйреніп, оларды Құран сүрелерін жаттау барысында практикалық тұрғыдан қолдана алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Құран ілімдеріне кіріспе

    Құран ілімдері пәнінде Құран тарихы, уахи, «иғжаз» теориясын меңгеріп, Құран сүрелері мен аяттары, қырағат ілімі және аталған тақырыптарға қатысты тақырыпшаларды меңгереді. Тәпсір ілімінің қалыптасу тарихы, тәпсірдегі негізгі қағидалар мен осы саладағы классикалық еңбектерін игереді. Аталған пәнді оқу барысында студент Құрандағы аяттардың тәпсірін тақырып бойынша тәпсірленуін және оның мәні мен маңыздылығын үйренеді әрі практикалық тұрғыдан дәріс беру барысында қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Исламдағы отбасы құқығы

    «Исламдағы отбасы құқығы » пәні бойынша студенттер исламдағы отбасы институтының хитба, сөз салу, құда түсу, некенің рүкіндері мен шарттары, ерлі-зайыптылардың міндеттері мен құқықтары, ғидда сынды бөлімдері мен тақырыптарын теориялық және практикалық тұрғыдан меңгеріп, аталған пән бойынша пайда болған заманауи мәселелерді ислам құқығының негіздері мен өлшемдерінің негізінде талдай алады, сонымен қатар ондағы үкімдер мен қағидаттары меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазақстандағы ислам

    Қазақтандағы ислам тарихы пәні бойынша студенттер ислам дінінің қазақ даласына келуімен таныса отырып, дін мен ділді ұштастырып, мәдениетімізбен терең танысады. Дінді дәстүрімізбен ұштастырып, қазақстандағы ислам дінінің таралу тарихын зерттейді. Ислам тарихының аймақтық ерекшеліктерін білу өзекті саналғандықтан, Қазақстандағы исламның ерекшеліктері мен құндылықтарын, оның қазақ халқының діни-рухани әлеміне жасаған ықпалын түсіне алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Тәпсір іліміне кіріспе

    «Тәпсір іліміне кіріспе» пәнінде тәпсір ілімінің қалыптасу кезеңдері, ғалымдары, кітаптары және тәпсіршілердің әдіснамаларын игереді. Аят тәпсірлерінің мағынасына сай талдау арқылы меңгеру, игеру. Тақырыптық тәпсірдің мағынасын игеру арқылы негізгі мәселелер меңгеріледі. Аталған пәнді оқу барысында студент Құрандағы аяттардың тәпсірін тақырып бойынша тәпсірленуін және оның мәні мен маңыздылығын үйренеді әрі практикалық тұрғыдан дәріс беру барысында қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Тасауф ілімі

    «Тасауф ілімі» пәні бойынша студенттер ихсан ілімінің негізгі қайнаркөзі мен пайда болуы тарихын, даму кезеңдері мен эволюциясын, оның зерттейтін тақырыптары мен мәселелерін үйренеді. Сонымен қатар ихсан ілімінің ислам дініндегі орны мен маңыздылығын, оның исламның басқа ғылым салаларымен байланысын зерттей алады. Бұл ретте ихсан ілімінің құндылықтарын теориялық тұрғыдан меңгеріп, оларды практикалық тұрғыдан жұзеге асыра алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Құрандағы ахлақ ілімі

    «Құрандағы ахлақ ілімі» пәні бойынша студенттер тасаууфта тәрбиелік негіздерді игеріп, тариқаттар мен тұлғаның адами қасиеттерін терең ұғатын болады. Исламдағы мораль ілімінің негізгі тақырыптарына қатысты ғылыми көзқарастарды меңгереді. Исламдағы мораль ілімінің негізгі тақырыптарына қатысты мектептерді меңгереді. Сонымен қатар Құран исламдағы ахлақ ілімінің ең негізгі қайнаркөзі болғандықтан, Құрандағы ахлақ ілімінің орын мен маңыздылығын үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Неке және талақ

    «Неке және талақ» пәні бойынша студенттер үйленбестен алдын орындалатын хитба, атастыру, сөз салу, құда түсу мәселелерін игереді. Сонымен қатар некедегі ажырасу құқығы және оның түрлері, шарттары мен себептерін меңгереді. Ислам шариғатының ішінара тармақты мәселелері уақыт пен мекеннің өзгеруіне қарай өзгеретіндіктен, бүгінгі күндегі ажырасу және талақ тақырыбына қатысты жаңа мәселелерді талдай алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Мақам және қырағат

    «Мақам және қырағат» пәні бойынша студенттер мақам ілімінің қалыптасу кезеңдерін, олардың түрлері мен ерекшеліктерін, пайдасын үйренеді. Сонымен қатар мақам мен қырағат ілімдерінің өзара байланысын, олардың Құран мәнін түсінуде тигізетін пайдаларымен танысады. Бұл ретте әр мақамның шыққан орнын, таралған аймағы, ерекшелігі және қолданысымен практикалық тұрғыдан танысып, Құран оқу барысында игерген мақамдар мен қырағаттарды қолдану мүмкіндігіне ие болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Араб тілі-4

    Араб тілін еркін түсіну, еркін сөйлеу, тарихы жазбаларды еркін түсіне алу, араб тілінің грамматикалық, синтаксисттік байланыстарын құру арқылы өз ойын еркін жеткізу. Пәнді игеру және қоғамдық ортада пайдалану. Араб тілінде өз пікірін жеткізу арқылы, болашақта арабша әдебиеттерді аудару, синхронды аударма жұмысын жүргізу. Пәнді меңгеру арқылы болашақта араб елдеріне ғылыми сапар барысында ғылыми еңбектерді оқып, әрі аудару, түсіну мен мағына шығару түсіндіруді жүйелендіру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қырағат ілімінің тәпсірге әсері

    «Қырағат ілімінің тәпсірге әсері» пәні бойынша студенттер мақам мен қырағат ілімінің тәпсір іліміне әсерін және де түрлерін, сонымен қатар қырағаттардың негізін салушылар мен олардың жеткізушілерін, аталған сала ғалымдарын және қырағаттар арасындағы ерекшеліктерді үйренеді. Сонымен қатар қырағат ілімі бойынша жазылған еңбектердің тәпсірге қатысты жазылған еңбектерді және қырағат ілімінің аяттарға тигізетін әсерін зерттеп, меңгере алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Араб тілі-5

    Араб тілі-5 пәнінде студенттер араб тілін жетік меңгеріп, еркін сөйлеу мүмкіндігіне ие болады. Араб тіліндегі кітаптарды түсініп, еркін оқиды. Араб тініндегі діни және ғылыми еңбектермен таныса отырып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізе алады. Мамандығына сай кәсіби бағыттағы тілдік шеберлігін арттыра алады. Араб тілінен аударма жұмыстарын жүргізіп, біліми деңгецін арттырады. Мәдени тиісті ақпаратты таңдай алады, өзін-өзі қызығушылық немесе күнделікті өмір аясында, сондай-ақ жалпы, кәсіби бағдар, әлеуметтік және қоғамдық өмірдің тақырыптарына қатысты өз пікірін білдіре алады, сұхбаттасушысын хабарлауға ақпаратты беруге үйренеді. Ұйымдастыру модельдерін, байланыс және топтасқан құрылғыларды бақыланатын пайдалан алуы көрсететін күрделі тақырыптарға нақты, егжей-тегжейлі, сондай-ақ құрылымдық мәтін жасауды меңгереді. Сөздердің балама мағыналарын ашып, мәтін сөйлемдеріндегі тікелей, ауыспалы және астарлы мағыналарын ашықтап, қолдануға бейімделеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазіргі замандағы ҚР діни жағдай

    Қазақстандағы қазіргі діни ахуал, жаңа діни ағымдар, діни секталардың мәні, ерекшеліктері мен классификациясын біледі. Діни басылымдарда жарияланған мақалаларды жан-жақты саралау, тарихи тұрғыда талдау жасау әдістерін үйренеді. Сонымен қатар аталған пәнді оқу барысында студент ҚР аумағында жұмыс жасап жатқан заңды және заңсыз діни ағымдар мен конфессиялардың қазақ қоғамына тигізіп жатқан әсерін зерттеп, оған баға бере алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ислам экономикасына кіріспе

    “Ислам экономикасына кіріспе” пәнінде исламда сауданың түрлері мен үкімдері және сауда затына қойылатын шарттар мен саудаласқандағы келісім сөздерінің негізгі қағидаларын игереді. Қазіргі заманға сай бөліп төлеу, банк жүйелеріне қатысты туындаған мәселелерге,сұрақтарға қазіргі заманда сауда саттық қатысты жазылған еңбектерге тоқталады. Сонымен қатар исламдағы сауда түрлері және олардың шарттары мен қағидалары және олардың басқа сауда заңдарынан айырмашылықтарын үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құран жаттау-III

    «Құран жаттау ІІІ» пәні бойынша студенттер Құранның жиырма сегізінші параларын, атап айтар болсақ «Мужәдәлә» сүресінен бастап, «Саф» сүресіне дейінгі аралықтағы сүрелерді тәжуид ережелеріне сай, жаттау әдісімен меңгере алады. Сонымен қатар аталған пәнді оқу барысында сүрелерді жаттаумен қатар, ондағы тәжуид ережелерін теориялық тұрғыдан үйреніп, оларды Құран сүрелерін жаттау барысында практикалық тұрғыдан қолдана алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Хадис әдіснамасы

    Ислам шариғатындағы хадис және сүннет ұғымы мен оның түрлері, алты хадис жинағының авторларының әдіс-тәсілімен толықтай танысып араларындағы айырмашылықтардын үйренеді. Сондай-ақ хадис ғылымының негізгі қайнар көздерінен Ибн Хузайманың «Сахих», Ибн Хиббанның «Сахих фи хадис» атты кітаптарындағы методикаларын меңгереді. Классикалық хадис дереккөздермен жұмыс жасауды үйреніп өзінше дербес хадис зерттеулерін жүргізу әдіс-тәсілдерін игереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Бүгінгі таңдағы исламдық банкинг

    «Бүгінгі таңдағы исламдық банкинг» пәні сауданың дұрыс болуындағы сатушыға қойылатын ақыл есі дұрыс, балиғатқа толған тағы басқа шарттары және саудадағы таңдау құқығы мен шариғатта тыйым салынған саудалар жайында мәліметті меңгереді. Қазіргі заманға сай бөліп төлеу, банк жүйелеріне қатысты туындаған мәселелерге тоқталады. Сонымен қатар исламдағы сауда түрлері және олардың шарттары мен қағидалары және олардың басқа сауда заңдарынан айырмашылықтарын үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Діни насихат және оның әдіс-тәсілдері

    Діни насихат ілімінде қолданылатын истафада, уақилә, сақифа, иршад, таблиғ, насихат сынды терминдер мен осы терминдердің дінді насихаттаудағы ерекшеліктері және Пайғамбар кезеңіндегі діни насихат түрлері мен одан кейінгі кезеңдердегі даму ерекшеліктері Құран және сүннет негізінде зерттеліп, жан-жақты талдауды меңгереді. Сондай-ақ дағуаттың заманауи әдіс-тәсілдерін игереді. Осы заманда жазылған еңбектрге тоқталады. Психологиялық әдіс тәсілдерді де меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Діни ағымдар мен ұйымдар

    «Діни ағымдар мен ұйымдар» пәні бойынша студенттер жалпы әлемдегі діни ағымдар мен ұйымдардың шығу тарихы мен кезеңдерін, олардың негізін қалаушыларын, ерекшеліктері мен ұстанымдарымен танысып, үйренеді. Сонымен қатар ҚР қоныстанған діндердің Қазақстанға келу тарихымен бірге қазіргі кездегі олар тарапынан атқарылып жатқан діни жұмыстармен танысады. Діни ағымдар мен ұйымдардың негізгі принциптері мен мақсаттарын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Тәпсір қағидалары

    «Тәпсір қағидалары» пәні бойынша студенттер тәпсір ілімінің қағиадаларының қалыптасу кезеңдері, ғалымдары, кітаптары және тәпсіршілердің әдіснамаларын, мектептерін меңгереді. Бұл ретте тәпсір мен тәпсіршіге қойылатын шарттар мен талаптарды, қаситтер мен ерекшеліктермен танысып, аталған шарттар мен талаптардың маңыздылығын түсініп әрі түсіндіре алады. Тәпсір қағидалары мен ережелерін үйрену арқылы Құран аяттарын дұрыс түсіндіре алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тәпсір негіздері

    «Тәпсір негіздері» пәні бойынша Құран тарихы, меккелік аят, мединалық аят, уахи, «иғжаз» теориясы, Құран сүрелері мен аяттары, қырағат ілімі мәселелерін игереді. Құран ілімдерінің негізін қалаған ғалымдар мен олардың Құран ілімдерінің жекелеген тақырыптарына қатысты ғылыми көзқарастарды, пікірлерді, тұжырымдарды саралайды. Сонымен қатар аталған пәнді оқу барысында тәпсір түрлері мен категорияларын танысып, меңгере алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қырағат ілімінің үкім аяттарына әсері

    «Қырағат ілімінің үкім аяттарына әсері» пәні бойынша білім алушылар қырағат ілімінің қалыптасу кезеңдерін, олардың саны мен келіп жету жолдарын, өзара ерекшеліктерін және қырағат ілімінің басқа ғылым салаларымен байланысымен танысады. Бұл ретте Құраннан құқықтық үкімдер шығару барысында негіздердің бірі саналатын қырағат ілімімен танысады, оның қағидалары мен айырмашылықтарын үйренеді. Өйткені қырағат іліміндегі сөздер мен харекеттердің оқылу ерекшелігі өзгеше болғандықтан, солардың шығарылатын құқықтық үкімге әсерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ислам экономикасы

    «Ислам экономикасы» пәні бойынша студенттер Құран Кәрім мен сүннетке сай экономикалық түсінікті, экономикалық қағидалар мен шарттарға қатысты базалық білімге ие болады. Сонымен қатар аталған пәнді оқу барысында ислам экономикасының қайнаркөзі саналатын сауда-саттық және басқа да ислам құқығының бөлімдерін оқып, ол қағидарттар мен ережелерді бүгінгі күнгі экономика саласында басты өлшем ретінде практикалық тұрғыдан қолдана алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Араб тілі-6

    Оқыған тілдері елдерінің тарихымен, өркениетімен танысады, алған білімдерін мамандықты меңгеруде, материалдарды талдауда пайдаланады. Сөйлеудің кәсіби мәдениеті, көпшілік алдында сөйлеу, іскерлік ауызша және жазбаша қарым-қатынас, академиялық жазу негіздеріне ие болу; ауызша және жазбаша арнайы сөйлеуді сауатты және стилистикалық барабар тұжырымдау; хабарламалар, баяндамалар жасау, талқылаулар жүргізу; тұлғааралық және топтық қарым-қатынастарды жүзеге асыру; шетелдік көздерден кәсіби қызмет саласындағы ақпаратты алу және сыни тұрғыдан бағалау; академиялық және кәсіби ортада қарым-қатынас жағдайында коммуникативті міндеттерді дұрыс шешу; іскерлік және арнайы терминологияны пайдалану; өзін-өзі тәрбиелеуде және өзін-өзі оқытуда ақпарат көздерін кәсіби түрде пайдалану.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ислам саясаты

    «Ислам саясаты» пәні бойынша студенттер Құран мен сүннетке сай әрі пайғамбар мен әділетті халифалардың өмір тарихынан, жалпы ислам тарихына назар сала отырып, ислам саясатының мазмұнын, даму тарихы мен кезеңдерін үйреніп, меңгере алады. Ислам тарихындағы шариғат саясаттың практикалық көріністерін салыстырмалы және аналитикалық тұрғыдан жасалған талдауларды қамтиды. Ислам саясатына қатысты пікірлер мен кітаптарға тоқталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Фиқһ негіздері

    Бұл “Фиқһ негіздері” курсында шариғат мәтіндерінде ханафи фиқхындағы мәселелердегі ғалымдардың үкімдері мен еңбектері оқытылады. Қазіргі замандағы өзекті мәселелердің ғалымдар тарапынан берілген үкімдері, пәтуаларына талдау жасалады. Пайда болған жағдаяттарды қазіргі заман фиқһына сай шешудің метадологиясымен зерттеу арқылы танысады. Сонымен қатар қазіргі кезде пайда болған жаңа мәселелерг мен жағдаяттарға жауап береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Ақида негіздері

    «Ақида негіздері» пәнінде Ислам теологиясының және сунниттік сенім мектептерінің негізін қалаған ғалымдардың ғылымдағы орнын топшалап, ғылыми әдістері және теологиялық мәселелер бойынша алға тартқан тұжырымдары мен тезистерін үйренеді. ислам сенім жүйесіндегі негізгі мектептердің бірі саналатын матуриди сенім мектебінің шығу тарихы, даму кезеңдерімен танысады. Сонымен қатар Әбу Ханифа ілімінің мәні мен маңыздылығын түсініп, оны матуриди сенім мектебімен сабақтастыра алады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Матруди ақидасы (нубуат,самғият)

    «Матруди ақидасы (нубуат,самғият)» пәнінде исламдағы сенімдік мазһабтардың шығу тарихы, иләһият, пайғамбарлық институты және ислам эсхатологиясы тақырыптары және аталған тақырыптарға қатысты тақырыпшаларды игереді, меңгереді. ислам сенім жүйесіндегі негізгі мектептердің бірі саналатын матуриди сенім мектебінің шығу тарихымен сонымен қатар матуриди сенім мектебінің негізгі қайнаркөзі саналатын Әбу Ханифа ілімінің мәні мен маңыздылығын түсініп, оны матуриди сенім мектебімен сабақтастыра алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ислам философиясына кіріспе

    Исламдағы философияның тарихы мен негізі және философияның кәләм ілімі,ихсан,фиқх, сопылық, ахлақ, фиқһ, хадис, ақида, усуль фиқһ салаларымен байланысын зерттеуді үйренеді. Ислам философиясындағы білікті ғалымдар мен олардың еңбектерін меңгереді. Ислам философиясының негізгі көздеген мақсаттары үйретіліп, күнімізге тигізер пайдалары мен ерекшеліктерін, шарттарын игереді. Ислам философиясына қатысты жазылған көптеген еңбектерге талдау жасалады. Ислам философиясы пәнін оқу арқылы әлем философтары, олардың көзқарастарымен танысады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Құран және риторика

    "Құран және риторика" пәні студенттерге Құранның риторикалық аспектісін түсіндіреді, өйткені Құран барлық жағынан, соның ішінде риторикалық жағынан мужизаларға (ғажайыптарға) бай. Сонымен қатар, студент Құранның риторикалық ерекшеліктерін лингвистикалық және әдеби тұрғыдан талдап, оларды араб тілінің ережелерімен бірге оқи алады. Сонымен бірге ол Құрандағы риторикалық ілімнің мағынасын, мәні мен құндылығын игере алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Құран жаттау-IV

    «Құран жаттау IV» пәні бойынша студенттер Құранның жиырма сегізінші параларын, дәлірек айтқанда «Жұма» сүресінен бастап, «Тәхрим» сүресіне дейінгі аралықтағы сүрелерді тәжуид қағидаларына сәйкес жатқа оқып үйренеді. Сондай-ақ бұл пәнді оқу барысында үйренген тәжуид ережелерін практикалық тұрғыдан аталған сүрелерді жаттау барысында қолдана алады. Құран сүрелерін жаттау барасында сүрелердің атауы, сипаты, түсу себептері, басқа да сүрелермен байланысын да оқып үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Таңдамалы тәпсір мәтіндері

    “Таңдамалы тәпсір мәтіндері пәнінде” жалпы Құран тәпсірлерінің негізгі мақсаттары мен осы саладағы тәпсір ғалымдарының әдіс-тәсілдерін негізге алады. Әртүрлі тәпсір еңбектерімен таныса отырып, көкжиегін кеңітеді. Кейбір мағынасы жасырын аяттардың түсіну жолдарын үйренеді. Аятттарға талдау жасай отырып, нәтижесінде сол аяттың аясында үкім береуге дағдыланады. Тәпсір методтарымен танысып, оларды түсіну арқылы Қасиетті Құранды толық мағынасымен түсінуге қол жеткізеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ислам ілімдері бойынша зерттеу бағыттары

    "Ислам ілімдерін зерттеу бағыттары" пәнінен ғылымды ұстану әдістемесі оқытылады. Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау бағдарламасының мақсаты болашақ кәсіп иесінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруы, жоспарлауы, жасауы, әдебиет іздеуі, қажетті әдістер мен әдістерді игеруі болып табылады. Мәліметтер жинау барысында қолданылатын түрлі тәсілдерді меңгеріп, жинаған мағұлматты ғылыми жұмысында орынды қолдануға, дұрыс жеткізе білуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Шариғи үкімдер

    Ислам құқығы мен шариғи үкімдер жайында жалпы меңгеріп шығады. Құқықтық мектептер қарастырған тақырыптар бойынша заманауи мәселелер мен шариғи үкімдер төңірегінде өзіндік ой қалыптастырады. Қазіргі заманғы діни мәселелерді Ислам құқығындағы шариғи үкімдер тақырыптарымен салыстыра біледі. Құранда үкімдердің толықтай қанағаттандыратын иләһи заң екендігін байқаймыз. Әртүрлі құлшылықтарды сөз ете отырып Ислам шариғатындағы ерекше тұстары ашып түсіндіріледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Исламдағы мұрагерлік құқық

    «Исламдағы мұрагерлік құқық» курсында мұрагерге тиісті иелеріне үлестіруді, бөлуді үйренеді. Мирасқа қатысты жазылан қайнар көздермен таныстырылып белгілі мәтіндер оқытылады. Мұраға құқылы тұлғалар мен олардың категорияларын меңгереді. Сонымен қатар исламдағы мирас ілімінің мәні мен маңыздылығын, оның басқа да мұрагерлік құқықтардан ерекшелігі мен айырмашылығын, оның даму кезеңдерін ұғынып, мұрагерлер арасында мұраны әділ әрі дұрыс бөлудің маңыздылығын түсінеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және жоспарлау

    Ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау бағдарламасының мақсаты болашақ мамандық иесі ғылыми -зерттеу жұмысын дұрыс ұйымдастыруға, жоспарлауға, рәсімдеуге, әдебиеттерді іздеу, қажетті әдісі мен тәсілдерін игереді. Ғылыми еңбектерге талдау жасау арқылы ғылыми мақала жазуды игереді Әртүрлі ғылыми стильдермен тансып, оларды қолдану әдіс- тәсілдерін меңгереді. Салаға қатысты ғылыми мақалалар мен диссертацияларды іздеуге және тақырыбына қатысты мәліметтерді дұрыс қолдануды игереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ханафи фиқһындағы истихсан

    “Ханафи фиқһындағы истихсан” курсында шариғат мәтіндерінде ханафи фиқхындағы мәселелердегі ғалымдардың үкімдері мен еңбектері оқытылады. Қазіргі замандағы өзекті мәселелердің ғалымдар тарапынан берілген үкімдері, пәтуаларына талдау жасалады. Пайда болған жағдаяттарды қазіргі заман фиқһына сай шешудің метадологиясымен зерттеу арқылы танысады. Сонымен қатар қазіргі кезде пайда болған жаңа мәселелерг мен жағдаяттарға жауап береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құран жаттау-V

    «Құран жаттау-V» пәні бойынша студенттер Құранның жиырма жетінші парасын, яғни «Тур» сүресінен бастап, «Хадид» сүресіне дейінгі аралықтағы сүрелерді тәжуид ережелеріне сай жаттайды. Сонымен қатар, осы аталған сүрелерде жиі кездесетін мәд әріптері мен олардың қолдану ерекшеліктеріне мән бере отырып жатталады. Құран жаттаудың түрлі елдердегі әдістерімен танысып, Құран аяттарының мән мағынасын, тәпсірін біліп шығады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қырағат ілімінің ақида іліміне әсері

    «Қырағат ілімінің ақида іліміне әсері» пәні бойынша студенттер қырағат ілімінің қалыптасу тарихын, қырағат түрлерін, сонымен қатар, қырағаттардың негізін салушылар мен жеткізушілерін және ғалымдарын, сондай-ақ қырағаттар арасындағы ерекшеліктерді үйренеді. Сонымен қатар, қырағат ілімі бойынша жазылған еңбектер және қырағат ерекшеліктері ескерілген Құран тәпсірлері негізінде қырағат ілімінің үкім аяттарына деген әсерін зерттеп, меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Құрандағы метафора

    «Құрандағы метафора» пәні бойынша студенттер Құран Кәрім аяттарындағы риторикалық, метафоралық және теңеу түрлерін анықтап, оларға мысалдар мен жаттығулар жасау арқылы аталған пәннің теориялық және практикалық қырларын аша алады. Оған астарлы талдау жасап, теңеудің құралы теңелетін зат пен ортақ сипатын анықтауды игереді. Сонымен қатар аталған пәнді оқу арқылы Құранның тілдік құндылығын түсіне алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Хадистердегі фиқх үкімдері

    «Хадистердегі фиқх үкімдері» пәнін оқу барысында студент хадис мәтінінің тілдік, терминдік анықтамасы мен Құран аятымен ұштасуы, ақылға сай болуын біледі. Сонымен қатар хадистерді ақида, фиқһ, фиқһ негіздері, тәпсір, ахлақ сынды ислам ғылым салаларына дәлел ретінде қолданылу ерекшелігін үйреніп, хадистерге үкімдік тұрғыдан талдау, анализ, саралау, түйін жасап, оларды заман талабына сай түсіне алады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Араб тілі риторикасы

    «Араб тілі риторикасы» пәні бойынша студенттер Құран Кәрім барлық қырынан мұғжизалық ерекшеліктерге бай болғандықтан, аталған пән суденттерге Құран Кәрімнің риторикалық қырын түсіндіреді. Сонымен қатар Құрандағы риторикалық ерекшеліктерді тілдік, әдебиеттік тұрғыдан талдап, оларды араб тілі ережелерімен сабақтастыра отырып, зерттей алады. Бұл ретте Құрандағы риторикалық ілімнің мәні мен маңыздылығын, құндылығын меңгере алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазіргі замандағы фиқһи мәселелер

    Шариғат мәтіндерінде келмеген, жаңа ғасырда пайда болған фиқһи мәселелердегі ғалымдардың пәтуалары,үкімдері,еңбектерін, оқытылады. Қазіргі замандағы өзекті мәселелердің ғалымдар тарапынан берілген үкімдері, пәтуаларына талдау жасалады. Пайда болған жағдаяттарды қазіргі заман фиқһына сай шешудің метадологиясымен зерттеу арқылы танысады. Сонымен қатар қазіргі кезде пайда болған жаңа мәселелерге жауап береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Исламдағы мирас

    Исламдағы мирас пәнінде басты қайнаркөз болған Құран аяттары игерілеледі. Исламдағы мирас құқығының тарихы қамтылады. Мұраға құқылы тұлғалар мен олардың категорияларын меңгереді. Сонымен қатар исламдағы мирас ілімінің мәні мен маңыздылығын, оның басқа да мұрагерлік құқықтардан ерекшелігі мен айырмашылығын, оның даму кезеңдерін ұғынып, мұрагерлер арасында мұраны әділ әрі дұрыс бөлудің маңыздылығын түсінеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Хадистердің үкімдік талдау

    «Хадистердің үкімдік талдау» пәні бойынша исламдағы хадис терминдерін талдау, хадистің фиқһи, ахлақи және ақидаға қатысты мәселелерді меңгеру, зерттеу, хадистің айтылу тарихы, орны мен қазіргі таңдағы мәселелермен салыстырып фиқһ ғалымдарының көзқарастарынан заманымызға сай үкім шығару ерекшеліктерін игереді. Фиқһ ғалымдарының көзқарастарынан заманымызға сай үкім шығару ерекшеліктеріне тоқталған еңбектерге шолу жасап, оларды меңгере алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Фиқһ негізіндегі дәлелдер түсінігі

    «Усул фиқһтағы классикалық еңбектер» пәнінде фиқһ ғалымдарының классикалық еңбектеріне анализдік шолу жасалынады. Қазіргі заманғы діни мәселелерді Ислам құқығындағы шариғи үкімдер тақырыптарымен салыстыра біледі. Сонымен қатар, үмметтерге міндеттелген шариғат үкімдерінің кейібірін кемелдендіріп толықтырса, енді бір бөлігінің үкімін жойды. Құранда үкімдердің толықтай қанағаттандыратын иләһи заң екендігін ұғынады. Сонымен қатар аталған пәнді оқу арқылы замануи мәселелерге жауап береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Исламда адам құқығы

    «Исламда адам құқығы» курсы құқықтың барлық салаларын ханафи мазһабы негізінде қарастырып,. қылмыстық құқықтың қажетті қағидаларын меңгереді. Ханафи фиқһына қатысты адам құқықтарды меңгеріп, исламдағы қылмыстық құқыққа қатысты кітаптарды авторлары мен жеке жеке танысып үйренеді. Исламдағы қылмыстың кодексін үйренеді. Ислам шариғатындағы қылмыстық құқықиардың түрлері мен санаттарын, оларға берілетін жазалар мен шараларды оқып, олармен танысады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Фиқһ негізіндегі тілдік қағидалар

    Усул фиқһ қағидаларына қатысы Құран аятындағы сөздер мен сөйлемдердің өзіндік мән-мағынасын түсіндіріп, тілдік интуицияны қайшыласқан тілдік рефлекциямен ұштасатын қырларын үйренеді. Қазіргі заманғы діни мәселелерді Ислам құқығындағы шариғи үкімдер тақырыптарымен салыстыра біледі. Сонымен қатар, үмметтерге міндеттелген шариғат үкімдерінің кейібірін кемелдендіріп толықтырса, енді бір бөлігінің үкімін жойды. Құранда үкімдердің толықтай қанағаттандыратын иләһи заң екендігін ұғынады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қырағатттар арасындағы айырмашылық

    «Қырағатттар арасындағы айырмашылы» пәні бойынша студенттер қырағат ілімінің ақида саласымен байланысын үйренеді. Сондай ақ Құрандағы мүташабиһ аяттарды Матуриди сеніміне сай түсініп, қырағат мектептерінің өзара ерекшеліктерімен танысады. Қырағаттың он түріндегі өзара байланыстары мен Құран аяттарын түсінудегі ерекшеліктері нақты көрінеді. Аяттардың тәпсірін түсінуде «асым» қырағатының ролі мен тәпсір бағыттарын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Исламда қылмыстық құқық

    Ханафи фиқһының қалыптасу тарихын және ханафи фиқһына тән терминдер мен үкім шығару үрдістерін игереді. Ханафи фиқһына қатысты адам құқықтарды меңгеріп, исламдағы қылмыстық құқыққа қатысты кітаптарды авторлары мен жеке жеке танысып үйренеді. Исламдағы қылмыстың кодексін үйренеді. Ислам шариғатындағы қылмыстық құқықиардың түрлері мен санаттарын, оларға берілетін жазалар мен шараларды оқып, олармен танысады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Құран жаттау-VI

    «Құран жаттау-VI» пәні бойынша студенттер Құранның жиырма жетінші парасын, атап айтар болсақ «Кәхф», «Ясин» және бірнеше аят тәжуид ережелеріне сай жаттап меңгереді. Сонымен қатар, аталған пәнді оқу барысында, тәжуид ережелері мен араб әріптерінің дыбысталуының фонетикалық ерекшеліктерін теориялық тұрғыдан үйреніп, оларды Құранның басқа да сүрелерін жаттау барысында практикалық тұрғыдан қолдана алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ислам және рационализм

    Ислам дінінің дүниетану мен даналықты зерттеудегі үлкен саласы мантиқ (логика) ілімінің ұстанымдары мен әдіс-тәсілдерін меңгереді. Заман тудырған түрлі күмәнді сұрақтардың рационалды жауабын беруге қабілетті болуды үйренеді. Ислам дінінің философиямен қатынасын және ортақ тақырыптарын зерттейді. Діни мәтіндерді түсіну жолында пайда болған әртүрлі философиялық топтардың ойлауына талдау жасауға қабілетті болады. Бұл пәнде ислам кең жайылған аймақтар тудырған мектептердің ерекшеліктері мен негізгі өзгешіліктерін оқытылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Шет тілінде сөйлемнің дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін шет тілінің фонематикалық жүйесін үйренеді; шет тіліндегі сөздік, терминдер, стильдер мен сөз тіркестерінің қорын қалыптастырады; шет тілін үйренудегі негізгі дағдыларды меңгереді: тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу.
  • Мамандықтың мәні мен әлеуметтік маңызын түсінуі, негізгі перспективалар мен нақты жұмысын анықтайтын мәселелерді анықтау, мәліметтерді ақпарат базаларын жинауда қолдану. Отбасы мүшелерінің құқығын шариғи тұрғыда меңгеріп, мемлекеттік заң шеңберінде сәйкестендіріп, қоғамдағы отбасы институтына қатысты мәселелерді меңгереді.
  • Осы пәнді толық курсын тыңдағаннан кейін студент Құран мен сүннетке сай моральдық мәселерді меңгереді. Сонымен қатар, қоғамның рухани дамуына өзіндік үлес қосуды игереді. Жалпы этика мен экономиканың өзара байланысын айқындап, ислам экономикасының моральдық-экономикалық нормаларға қаншалықты мән беретіндігін анықтау.
  • Сапалы жеке тиімділікті қамтамасыз ету үшін үздіксіз даму, кроссфункционалды қарым-қатынас жасай алу, психологиялық жай-күйін реттеу қабілеттерін дамытып, тіршілік қауіпсіздігі мен салауатты өмір салтын жүргізудің негіздерін меңгеріп шығады.
  • Коллективті жұмыс ақтаруға, қоғамдағы актуалды мәселелерді шешуге, нақты ойлап, тұшымды әрі жаңашыл пікір ұсынуға, қоғамдағы шиеленістерді бейбіт жолмен шешуге әрі заманауи техника-технологияларды жоғарғы денгейде қолдануға қабілетті болу;
  • Мемлекет және дін қарым-қатынасының тұрақтылығын дамыту бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыра алу, дінаралық және конфессияішілік конфликттерді болдырмауда дін туралы мемлекеттік заңнаманы білікті қолдану, жаңа діни ағымдарды классификациялау, мемлекеттік дін туралы заңнамаға сәйкес дін саласын реттеуді жүзеге асыру қабілеттерін қалыптастыру.
  • Діни-агитациялық жұмыстарды жүргізу барысында заңға сәйкес әрі тиімді қызметті қамтамасыз ету үшін діни пәндердің әдістемесі мен тарихын зерттеп, қасиетті мәтіндерді талдауды, діни насихат жүргізудің нормалары мен әдіс-тәсілдерін меңгеріп шығады.
  • Қазақстан Республикасының дамуына мүдделі маман ретінде елдік құндылықтарды бағалау. Еліміздің тарихын бағалау, Отанды сүю қабілеттерін дамыту. Философиялық, саясаттанулық, мәдениеттанулық, психологиялық білімдерін теория мен қатар практикада өзін-өзі дамытуда, кәсіби шеберлігін жүзеге асыруда, қоғамда мәдениетаралық, ұлтаралық ынтымақтастықты арттыруда, насихаттауда ұтымды қолдану.
  • Әлемдік және қазақстандық исламтануға қатысты кәсіби білімді көрсете білу үшін осы саладағы негізгі авторлар, мектептер мен бағыттар арасындағы концептуалды айырмашылықтарды, заманауи исламтанулық пікірталастардың негізгі мазмұндарын меңгеріп шығады
  • Құран оқу ережелерін жетік меңгереді, бірқатар сүрелерді жатқа біледі. Ауызша және жазбаша аудармаларды дұрыс аударуға дағдыланады, аударма теориясы мен тәжірибесінің негізгі ережелерін біледі. Аударылған ауызша, жазбаша материалдың мәні мен мазмұнын ауызекі тілде жеткізе алады.
  • Қоғам мен қоғамдық институттардың жұмысы жайлы, әлеуметтік өзгерістердің алғышарттары мен нәтижелері жайлы, заманауи зерттеулер жайлы білім қалыптастыру арқылы қоғамдағы үдерістерді талдау. Әлеуметтік зерттеулерді, сауалнамаларды жүргізу, нәтижесін талдау, қорытындылау.
  • Қоғамдағы исламның тәжірибелік көріністерін, дәстүрлі діни ұстанымдарын объективті бағалай отырып жұмыс жасай алу
  • Тәуелсіз Қазақстанда зайырлы, діни толерантты қоғамның дамуына бағыттайтын дінтанулық ғылыми жұмыстар, мақалалар, ғылыми зерттеулерді білікті әзірлеу, қорғау. Діни тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін бағалау, кәсіби қызметін жүзеге асыруда дін психологиясының әдістеріне жүгіну. Оңалту қызметінде тұтынушының психологиялық жағдаятын диагностикалау
  • Шетел тілін сол тілмен жақын байланыс орната алатындай, оның интеллектуалдық қырымен, жаңалықтарымен, ақпараттарымен таныса алатын деңгейде меңгереді; Сол тілде сөйлейтін өкілмен еркін түрде қарым-қатынас орната алады; Әдеби мәтіндерді дұрыс және сәйкес стильде аудару үшін тілдік дағдыларды қолдана алады.
  • Ислам философиясы, діндер философиясы, сопылық философиясы және діни мазхабтар мен деструктивті ағымдардың шығу себептері мен олардың негізгі ерекшеліктерін меңгереді
Top