Жаңа білім беру бағдарламасы

6B02301 Шетел филологиясы в «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті

Пәндер

  • Академиялық жазылым

    Бұл курс академиялық жазудың ерекшеліктерін зерделеуге, сонымен қатар студенттердің академиялық жазу саласындағы құзыреттіліктерін дамыту мен жетілдіруге арналған, атап айтқанда: өз ойын дұрыс жүйелей білу, жазбаша түрде қағазда анық және нанымды жеткізе білу, академиялық мәтіннің құрылымының ерекшеліктерін зерттеу және оны талдау, дипломдық жұмысты жазудың талаптарын меңгеру, библиографиялық еңбектерді жүйелеп, талап бойынша қарастыру.

    Несиелер - 5
  • Базалық шетел тілінің практикалық курсы -3

    Пәнді игеру барысында студенттердің оқытылатын шетел тілінің B1/B2 деңгейіндегі грамматикалық элементтерін біледі және сөздік қоры кеңейтіледі, кәсіби-мәдениетаралық, оқу-танымдық және коммуникативтік құзыреттіліктер, түрлі жанрдағы мәтіндермен жұмыс істеу дағдылары мен біліктері, білім беру, кәсіби және ғылыми қызметті жүргізу дағдылары мен біліктері қалыптасады және шетел тілін одан әрі игеруге оң уәждеме қалыптастыру.

    Несиелер - 5
  • Салыстырмалы фразеология

    Бұл курс шетел тілі жүйесіндегі фразеологиялық бірліктердің ұйымдастырылуын, құрылымы мен қызметіндегі жалпы принциптерді меңгеруге, студенттерге туыс емес тілдердің лексикалық-фразеологиялық жүйесін салыстырмалы зерттеу әдісімен таныстыру арқылы әмбебап және ерекше бірліктің негізінде ұйымдастырылған белгілі бір тілдің лексикалық-семантикалық және фразеологиялық жүйесі туралы тұтас түсінік қалыптастыруға бағытталған.

    Несиелер - 5
  • Шетел тілінде іс-қағаздарды жүргізу

    Бұл пән практикалық және тәрбиелік мәнге ие, білім беру бағдарламаларында көрсетілген тақырыптар бойынша студенттердің тілдік дағдыларын қалыптастырады, студенттерді іскерлік қатынастар мәдениетінің тілдік негіздеріне, іс қағаздарын сауатты толтыруға үйретеді, мәдениетаралық қарым-қатынас және түрлі міндеттерді шешу шеңберінде шетел тілінде қарым-қатынас жасау біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастырады, білім беру жүйесінің қазіргі заманғы талаптарын ескере отырып, шетел филология мамандарын даярлау саласында студенттердің жалпы мәдени ойлауын жетілдіреді.

    Несиелер - 5
  • Қазақ ойшылдары дін туралы

    Қазақ ойшылдарының діни ой-пікірлерінің қалыптасуы мен ой-тұжырымдарының ерекшеліктеріне тоқталып, алғышарттарымен таныстырады. Қазақ топырағынан шыққан ортағасырлық ғұламалар мен хандық кезеңдегі жыраулар поэзиясы, зар заман ақындары мен соңғы ғасырдағы ойшылдардың шығармаларын негізге ала отырып діни дүниетанымдарының қалыптасуын қарастырады, астарына үңіліп талдау жасайды.

    Несиелер - 5
  • Базалық шетел тілінің практикалық курсы-6

    Бұл курс жанама мағыналарды байқауға және автордың мақсатын жүзеге асыруға назар аудара отырып, көлемі, мазмұны және құрылымы жағынан күрделі мәтіндердің кең спектрімен айналысады. Осы пәнді игергеннен кейін студент сөз тіркестерін нақты зерттемей-ақ, еркін және өздігінен сөйлей алады, сонымен қатар тілді әлеуметтік, академиялық және кәсіби ұйымдастырылған және күрделі тақырыптар бойынша егжей-тегжейлі қолдана алады.

    Несиелер - 5
  • Тіл біліміне кіріспе

    Аталған пән студенттерді тіл туралы ғылымның негізгі мәселелерімен, тілдік талдаудың әдіснамасы мен әдістерімен таныстырады, жалпы лингвистикалық құзыреттілікті, кәсіби лингвистикалық дүниетанымды қалыптастырады, тілді жүйелі құбылыс ретінде ұғынуға ықпал етеді, студент лингвистикалық терминологияны меңгереді, лингвистикалық әдебиетті өз бетінше зерделеу үшін қажетті білім беруді қамтамасыз етеді, “Жалпы тіл білімі”, “Тіл тарихы” сияқты болашақта оқытылатын жалпы лингвистикалық пәндерді меңгеруге қажетті білім беруге бағытталады.

    Несиелер - 5
  • Лексикология

    Бұл пән сөздік қорын дамыту, сөздің және сөздер тобының пайда болуын, мағыналық байланыстарын және дыбыстық формасы мен мағыналарының дамуын зерттейді, студенттердің сөздікпен жұмыс жасау біліктіліктерін қалыптастырады, шетел тіліндегі сөздіктердің түрлері мен ерекшеліктеріне тоқталады, сөздік мектептерінің ғалымдары мен еңбектеріне шолу жасалады, қазіргі замандағы ауқымды сөздіктермен, тақырыптық сөздіктермен танысып, оларды меңгереді. Лексикология курсының практикалық маңызы зор, өйткені тіл үйренуші тіл туралы, сонымен қатар шетелдік сөздердің жасалуы мен қолданылу заңдылықтары мен ережелері туралы көптеген құнды ақпараттар алады.

    Несиелер - 5
  • Әдебиеттануға кіріспе

    Пән келесі мәселелерді қамтиды: әдебиеттанудың негізгі салалары мен бағыттары, әдебиеттің мәні мен ерекшеліктері, оның пайда болуы мен дамуы, әдеби шығармалардың тілі, әдеби процесс, ақындар мен жазушылардың стилі мен шеберлігі, әдеби шығарманың жанры туралы түсінік, әдеби сын, сондай-ақ негізгі әдеби терминдер мен ұғымдармен, әдеби тіл және көркем сөйлеудің теориялық мәселелерімен, әдебиеттің қазіргі жағдайымен таныстырады.

    Несиелер - 4
  • Мамандандырылған шетел тілі

    Бұл пән студенттерде шетел тілін оқыту процесінде мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілігін, мамандық бойынша шетел тіліндегі мәтіндерді түсіну және құрастыру қабілетін қалыптастырады, мамандандырылған кәсіби шетел тілін меңгеруге бағыттайды, студенттердің жеке қасиеттерін дамытады, шетел тіліндегі елдің әлеуметтік-мәдени ерекшеліктеріне сәйкес дискурстың және сөйлеу стратегиясының әртүрлі түрлерін қарастырады.

    Несиелер - 5
  • Ислам теологиясы

    “Ислам теологиясы” пәнінде Ислам теологиясына генезисі мен эволюциясына қатысты әдебиеттер мен еңбектер жайлы, сондай‐ақ Ислам ақидасы мәселелері бойынша толыққанды мәлімет беріледі. Ислам теологиясының қалыптасу және даму тарихымен және Ислам теологиясының классикалық қайнаркөздерімен таныстырып, теологиялық мәселелерге талдау жасау әдістерін үйрету және ақидалық мәселелер бойынша теориялық біліммен қатар, практикалық дағды және Ислам теологиясы, оның ішінде Матуриди сенім жүйесінің сенімдік ұстанымдары қарастырылады.

    Несиелер - 3
  • Шетел тілін оқытудың заманауи бағыттары

    Курс барысында студент шетел тілін оқытудағы инновациялық технологиялардың ерекшеліктерімен, заманауи бағыттарымен, мультимедиялық ресурстармен меңгере отырып, қазіргі заманғы шетел тіліндегі оқу процесіндегі басқару, ұйымдастыру, оқыту технологияларын тиімді қолдануға дағдыланады. Жаңа тілдік білім берудің жаңа тұжырымдамасы негізінде қазіргі кезеңдегі маманның әлеуметтік-педагогикалық талаптарына сәйкес келетін болашақ шетел тілі мен әдебиеті мұғалімін кәсіби және пәндік даярлаудың сапасын қамтамасыз ету қарастырылады.

    Несиелер - 5
  • Зерттеу әдістері

    Оқытылған пән нәтижесінде студент ғылыми зерттеуді жүргізуге қажет әдістерді қолдануды меңгереді; зерттеу сұрағына қажет ақпараттарды жинақтап, жүйелеп, салыстырып, талдау жасауға қабілетті болады. Дипломдық жұмысты жазуда қажет болатын сандық және сапалық зерттеулерді меңгертіп, оларды іс-жүзінде қалай қолдануға болатынын үйретеді. Жалпы гуманитарлық пәндермен қоса, таза лингвистикалық талдау түрлерін сауатты жүргізуді қалыптастыру.

    Несиелер - 5
  • Оқытылатын шетел тілінің морфологиясы

    Бұл курс студенттің қажетті морфологиялық мәселелерді және олардың тіл білімі деңгейлерімен: фонетикалық, грамматикалық, лексико-семантикалық байланыстарын зерттеуге қажетті зерттеу дағдыларын дамытуға, сонымен қатар студенттің тілдік материалды морфологиялық тұрғыдан талдау қабілетін дамытуға бағытталған. Студент лексиканың түрін, мағынасы мен қызметі жағынан әр түрін ажырата алу үшін зат есім мен етістіктің септеу және жіктеу сияқты қазіргі лингвистикалық зерттеулердің нәтижелері туралы түсінік қалыптастырады.

    Несиелер - 3
  • Ғылыми жобаны ұйымдастыру

    Ғылыми жұмыстарды жазу үшін базалық және арнайы пәндерді оқу кезінде алынған ақпаратты қолдану тәсілдері мен тактикасын үйрету. Оның негізгі міндеттері білім алушыларда ғылыми-техникалық ақпаратты іздеу, талдау, сондай-ақ өңдеу дағдыларын дамыту болып табылады. Ғылыми жобалау технологиясы бойынша берілген курс ғылымды және оның жіктелуін анықтайды, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің әдісі мен әдіснамасын анықтайды, студенттерді ғылыми ақпараттың негізгі көздерімен, оқу-ғылыми жұмыстың құрылымымен, ғылыми жұмыстарды дайындау, жобалау және қорғау ерекшеліктерімен, ғылымға қызығушылықты дамыту, академиялық мәтіндерді оқу, ғылыми мақалалар мен ғылыми мақалаларды жазу жобалар, курстық және дипломдық жұмыстарды қарастыру.

    Несиелер - 5
  • Құран Кәрім

    Құран Кәрімді түпнұсқадан оқуға және қырағатқа қатысты, әуезді оқуға қабілет қалыптастыру. Құран оқу қағидалары мен ережелерін үйрету; тәжуид қағидаларына сәйкес құран оқуды игерту. Сонымен қоса құран тарихын қоса оқытып, құрандағы аяттардың түсу себептерімен Меккелік және Мәдиналық аяттардың ерекшеліктерін оқыту. Құран Кәрімнің өнегелік қасиеттерін үйреніп, құрандағы моралдық этикалық қасиеттерді оқып үйрету.

    Несиелер - 3
  • Оқытылатын шетел тілінің қазіргі заманғы әдебиеті

    Пәнде шетел әдебиетінің тарихы, оқытылатын тіл әдебиетін әлемдік әдеби үдерісі контекстінде, әдеби жанрлардың классификацисы, поэзия, проза, әртүрлі кезеңдердің әдебиет бағыттары мен ағымдары, отандық әдебиеттанушылардың шетел әдебиеті эволюциясындағы тарихи үдерістерді интерпретациялауы, оқытылатын шетел тілі әдебиетіндегі модернистік және пост-модернистік тенденциялар, мигрант-жазушылардың шығармалары, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстың әдеби жанрларға тигізген әсері, неоромантизм, драматургия, реализм сынды тақырыптар қарастырылады.

    Несиелер - 5
  • Оқытылатын шетел тілінің практикалық грамматикасы (бастапқы деңгей)

    Бұл пән студентке оқытылатын шетел тілінің грамматикалық құрылымы туралы түсінік береді, сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, сөйлемдерді дұрыс құрауға үйретеді. Сондай-ақ студенттерде тілде болып жатқан тілдік құбылыстар мен процестер туралы түсінік қалыптасады. Оқу нәтижесінде студенттер грамматикалық білімді, грамматикалық категорияларды және шетел тілінде ауызша және жазбаша сөйлеуді үйренудегі грамматиканың рөлі мен қызметі туралы ұғым қалыптасады, морфологиялық, синтаксистік талдау жасай алады, ана тілінің грамматикалық құрылымын оқытылатын шетел тілінің грамматикалық құрылымымен салыстырып, ажырата алады.

    Несиелер - 5
  • Ғылыми жұмысты жоспарлау

    Пәнді игерген студент ғылыми зерттеу жұмысын жетекшінің көмегінсіз дербес түрде жоспарлап жазып шыға алады, кәсіби бағытындағы ғылыми мәселелерді өздігінен талдап, жүйелеп, зерттеу мәселесінің себебін анықтап, оған қатысты ғылыми негізделген шешім ұсынып, өзі ұсынған шешімін негіздеп бере алады. Аталған пән студенттің курстық және дипломдық жұмысын сауатты түрде жазуға, мақала жазудың алғышарттарын меңгеріп шығуға септігін тигізеді.

    Несиелер - 5
  • Базалық шетел тілінің практикалық курсы-7

    Пәнді игеру нәтижесінде студент болашақ қызметінің түрлі салаларында лексикалық, грамматикалық минимумдарды С2 деңгейіне сәйкестіктерді ұстанып, лексика, сөзжасам үлгілерін, көпмағыналы сөздердің мәнмәтіндік мағынасын меңгеріп шығады. Шетел тілін қолдануға мүмкіндік беретін коммуникативті құзіреттілікті жасай алу қабілетін қалыптастырады; мәтінге стилистикалық, семиотикалық, лингвистикалық талдау жүргізуді үйреніп, шет тіліндегі сөзжасамдық ерекшеліктерді ажырата алатын болады.

    Несиелер - 5
  • Базалық шетел тілінің практикалық курсы -4

    Пәнді игеру барысында студенттердің оқытылатын шетел тілінің B2/C1 грамматикалық элементтерін біледі және сөздік қоры кеңейтіледі, кәсіби-мәдениетаралық, оқу-танымдық және коммуникативтік құзыреттіліктер, түрлі жанрдағы мәтіндермен жұмыс істеу дағдылары мен біліктері, білім беру, кәсіби және ғылыми қызметті жүргізу дағдылары мен біліктері қалыптасады және шетел тілін одан әрі игеруге оң уәждеме қалыптастырады.

    Несиелер - 5
  • Іскерлік шетел тілі

    Бұл пәннің мақсаты-өмір мен кәсіби қызметтің практикалық талаптарына байланысты жазбаша және ауызша іскери сөйлеу саласында студенттердің сөздік қорын дамыту, мамандарды халықаралық байланыс арқылы жүзеге асырылатын болашақ кәсіби іс-әрекетке дайындау үшін оқу және жазу дағдыларын, сөйлеу және тыңдау дағдыларын қалыптастыру, студенттерді қазіргі іскерлік қарым-қатынас ережелерімен, іскерлік ортадағы өзара түсіністік, еңбек әлеміндегі адамдар арасындағы қарым-қатынасты дамытудың жүйелі процесін қарастыру болып табылады.

    Несиелер - 5
  • Оқытылатын шетел тілінің халық әдебиеті (фольклор)

    Бұл пәнде вербалды және вербалды емес фольклор, фольклордың пайда болу себептері, оқытылатын шетел тілі халық әдебиетінің бастапқы жанрлары, фольклорлық сюжеттер, мотив, ана тіліндегі баламалары, сөздік, музыкалық, театрлық фольклор, оқытылатын тілде сөйлейтін халықтардың ауызша көркем шығармалары, олардың дүниетанымдары, жоғары мұраттары мен аңыздық бейнелері, фольклор эволюциясы, рәсімдік және күнтізбелік халық шығармалары., ертегілер, аңыздар, тарихи әндер, бесік жырлары, мақалдар, жырлар қарастырылады.

    Несиелер - 5
  • Оқытылатын шетел тілі стилистикасы

    Бұл пән оқытылатын шетел тілі стилистикасының түрлерін, мағынасы мен қызметін ашуға бағытталған. Оқытылатын шетел тілінің стилистикасын, оның қызметін, стилистикалық талдау қағидаттарымен және әдістемелерімен таныстырады, студент білім беру жүйесінде әр түрлі стилистикалық жүйелердің ұқсастықтары мен олардың айырмашылықтарын білу және кәсіби қарым-қатынас мәселелерін шешу үшін тілдік білім жүйесі туралы ғылыми ақпарат алады, оқудың кәсіби және стилистикалық бағытын тереңдетуге бағытталады. Шетел тілінің стилистикасы коммуникативті қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырады.

    Несиелер - 3
  • Қазақстандағы ислам

    Қазақ жеріне ислам дінінің келу, таралу және орнығу кезеңдері мен қазақ топырағындағы мұсылманшылықтың ерекшеліктеріне қатысты зерттеулерді оқыту. Ислам дінінің таралуы барысында қалыптастқан жергілікті мәдениетті талдай отырып қарастыру. Қазақ топырағына исламның таралуы кезеңіндегі ерекшелігін түсіндіру, діни үкімдердің дәстүрге айналу кезеңдеріне мән беріп, астарын ашу; исламның дінінің таралу ерекшелігіне, тарихи кезеңдеріне мән бере отырып оқыту.

    Несиелер - 5
  • Көркем мәтінді лингвистикалық талдау

    Бұл пәнде тілдің мәні мен табиғатын көрсетіп анықтай білу, лингвистиканың аспектілерін белгілеу және лингвистикалық талдаудың қалай жасалатынын әдістемесін түсіндіріп жетілдіру. Студенттерді аударма, лингвистика және мәдениетаралық қарым-қатынас саласында қажетті кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтиды. Пән студенттердің шетел тіліндегі көркем әдебиетті білу негізінде әдеби шығарманы лингвистикалық талдау дағдыларын қалыптасыру.

    Несиелер - 5
  • Қолданбалы лингвистика

    Бұл курс студенттердің қолданбалы лингвистика туралы түсінігін қалыптастыруға арналған, өйткені мәтінді өңдеуді автоматтандыру принциптері тілдік дайындықтың жоғары деңгейін талап етуге дағдыландырады. Бүгінгі таңда көптеген лингвистикалық зерттеулер ақпаратты талдаусыз мүмкін емес және заманауи маман өзінің лингвистикалық білімін өмір мен қызметтің кез келген саласында қалай қолдану керектігін түсініп шығады. Лингвистикалық білімін қолданбалы түрде қалай жүзеге асыруды қарастырады.

    Несиелер - 5
  • Мәтінді редакциялаудың теориясы

    Мәтінді редакциялау практикасы пәні студенттердің осыған дейінгі алған лингвистикалық білімін, машықтары мен дағдыларын іс жүзінде қолданып үйренуге, филолог маман ретінде төселіп, машықтарын жетілдіруге үйретеді. Пәннің аясында студент автордың мәтініне дискурсивті талдау жасауға, мәтіннің ықтимал тұтынушысының ерекшеліктерін ескеруге, нарратив құрастыру өнерінің заңдылықтарын игеруге машықтанады. Сондай-ақ, студент мәтінді редакциялаудың лингвистикалық, стилистикалық, әдеби және ғылыми редакциялау түрлерін меңгеріп, олардың өзара айырмашылықтарын анықтай алатын болады.

    Несиелер - 3
  • Әдеби сын

    Бұл курста көркем әдеби шығармалар негізінде теориялық білімдерді, оның дамуының негізгі заңдылықтарын меңгеріп, мәдени ойлай білу, әдеби тұрғыдан бағалау, талдау және оған қол жеткізу жолдары; шет ел әдебиетінің тарихы мен теориясының негізгі ережелерін көрсету қабілеті, жалпы мәдени және кәсіби құзіреттіліктерді қалыптастыру, әдеби дамудың ағымдағы мәселелерінің ерекшеліктеріі мен қазіргі әдебиеттің жай-күйін қарастыру.

    Несиелер - 5
  • Елтану

    Бұл пән оқытылатын тілдің елдері мен мәдениеттерін жан-жақты зерттейтді. Пәнді оқу барысында студенттер елдердің тарихи даму ерекшеліктерімен, әлем елдерінің бірегей табиғатымен, халықтың нәсілдік және этникалық құрамымен, салт-дәстүрлерімен, халықтардың өмірімен, көрнекті орындар мен мәдени нысандарымен, мемлекеттердің мәдениеті мен саяси ұйымының ерекшеліктері туралы түсінігін қарастырады, сондай-ақ студенттердің шетел тіліндегі коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырады.

    Несиелер - 5
  • Түркі ислам мемлекеттерінің тарихы мен мәдениеті

    Пәнде мұсылман түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті, түркілер құрған көптеген мемлекеттердің мәні, ұқсастықтары мен олардың даму ерекшеліктері талданады, сол арқылы білім алушының санасында ортақ түркі тарихы туралы ұғымдар қалыптастыру көзделеді. Сонымен қатар мұсылман түркі халықтарының басқа халықтармен тығыз саяси және мәдени байланыстарының тарихы түсіндіріліп, ислам дінінің түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіндегі рөлі қарастыралады. Тарихта болған Әмір Темір империясы, Мәмлүк мемлекеті, Ұлы Моғол мемлекеті, Осман империясы сияқты мұсылман түркі мемлекеттерінің тарихы мен мәдениетін қарастырады.

    Несиелер - 5
  • Аударма ісіне кіріспе

    Пән студенттерді аударма ісінің негіздерімен таныстырады. Курсты тамамдаған студент аударма ісіндегі негізгі терминология туралы, аударма ісі ғылымының даму тарихы туралы, аударма ісіндегі негізі теориялары туралы, осы саладығы классик ғалымдар мен ең басты еңбектер туралы базалық білімін қалыптастырады. Студент аударма мәтіндердің түрлерін, аударма басында атқарылатын негізгі операциялар жайында, ауызша және жазбаша аударманың аудару технологияларындағы айырмашылықтарын ажыратып, түсіне алады.

    Несиелер - 5
  • Шетел тілін оқытудың қазіргі әдістемесі

    Бұл курс шетел тілін оқытудың жаңа тұжырымдамасына сүйене отырып, қазіргі замандағы шетел тілін оқытушы маманға әлеуметтік-педагогикалық талаптарға сай келетін шетел тілін оқытудың теориялық және әдіснамалық негіздері және пәндік дайындық сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. Шетел тілдерін оқыту жүйесінің мазмұны мен құрылымымен, әдістеменің, оған арналған негізгі ғылымдармен байланысының ерекшеліктерімен, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру мен дамытудың әртүрлі әдістерімен, шетел тілі оқытушысына қойылатын біліктілік талаптарын қарастырылады.

    Несиелер - 5
  • Мәдениетаралық қарым-қатынас теориясы және практикасы

    Бұл пән мәдениетаралық қарым-қатынас теориясының даму тарихы, мәдениетаралық өзара әрекеттестіктің қазіргі тенденциялары, коммуникацияның вербалды және вербалды емес түрлері туралы терең білім беруге бағытталған; тіл мен мәдениеттің жаһандану үдерісіне тұтас көзқарасты қалыптастырады, cтуденттердің мәдениетаралық, атап айтқанда лингвистикалық, коммуникативті және мәдени құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етеді, мәдениетаралық қарым-қатынас ерекшеліктерін, іскерлік қызметтің әртүрлі жағдайларындағы мәдениетаралық өзара әрекеттесу жолдарын зерттеу қабілеттерін қалыптастырады.

    Несиелер - 5
  • Халықаралық IELTS емтиханына дайындау курсы

    Бұл пән шет тілі бойынша халықаралық сертификатталған емтихандарды тапсыру үшін қажетті дағдыларды меңгеруге бағытталған. Бұл курсты меңгеру нәтижесінде студент шетел тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыретіне сәйкес келетін тыңдау, оқылым, жазылым, айтылым дағдыларын меңгереді. Сондай-ақ студент тілдік дағдыларды әртүрлі коммуникативті жағдайларда еркін қолдана алатынын, халықаралық шет тілі емтиханына тіркелуді, апелляцияны беруді, емтихан форматын меңгеруді және нәтижеге жетудің тиімді әдістерін қолдана алатынын атап өтеміз. студент үшін қажетті нәтиже.

    Несиелер - 5
  • Екінші шетел тілінің практикалық курсы-2

    Бұл пәннің мақсаты студенттерді сөйлеу мәдениеті негіздеріне, атап айтқанда оқытылатын шетел тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормасына үйрету, коммуникативтік және мәдениетаралық құзыреттілікті жетілдіру, лингвистикалық, әлеуметтік-мәдени және прагматикалық құзыреттілікті дамыту, ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын игеру, топта жұмыс істеу қабілеті, әлеуметтік, этникалық және мәдени құндылықтарды толерантты қабылдауын қарастыру.

    Несиелер - 5
  • Қазақ тіліне аударма жасау теориясы мен практикасы

    Пәнді игеру барысында студент меңгеріп жатқан тілден қазақ тіліне аудару барысында кездесуі мүмкін аударма қиындықтарымен жұмыс істеуге үйренеді. Қазақ тіліне тән тіл орамдарының, сөйлем құрылымдарының, тұрақты тіркестері мен стилистикалық ерекешліктерін ескере отырып, үйреніп жатқан шет тіліндегі мәтінді оңтайлы жеткізуге дағыдыланады. Аударылған мәтіннің ішіндегі қателіктерді анықтап, қазақша мәтіндерді редакциялаудың қыр-сырын меңгереді.

    Несиелер - 5
  • Екінші шетел тілінің грамматикасы(жалғастырушы деңгей)

    Оқытылатын екінші шетел тіліндегі сөйлемдерге кешенді талдау жасау арқылы тілдік дағдысын дамыту. Сонымен қатар бастапқы деңгейдегі тілдік дағдыларға грамматикалық тұрғыдан практика жасау. Білім алушылар сөздің мағынасын түсініп, лексика және грамматикалық талаптарды, ұғымдарды жан-жақты қарастыра алатын болады, базалық деңгейде алынған білімді шыңдайды, тілдік білімдер жүйесін меңгеріп шығады. Грамматиканы кәсіби деңгейде қолдана алуға дағдыланады.

    Несиелер - 5
  • Әдебиет және кинематография

    Бұл пән студенттің рухани-адамгершілік тұлғасын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға және дамытуға, көркемдік форма мен мазмұн бірлігінің қағидаларына сүйене отырып, отандық көркем әдебиетті де, өнегелі әдебиеттерді де оқып, талдауға ықпал етеді. өмір өнері және кинематография. Әдеби бейне мен экрандағы бейнені қабылдау қабілеті. Көркем фильм шеберлігі. Әдеби шығарманы оның экрандық нұсқасымен салыстырмалы және салыстырмалы талдау. Оқу процесінде оқушы әдебиет пен кинематографияның жанрлары мен стильдерімен, тақырыптық алуандығымен, көркемдік-стильдік тілдік құралдармен және бейнелі-экспрессивті өрнектерін қалыптастыру.

    Несиелер - 5
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі

    Кәсіби бағытталған шетел тілін үйренудің негізгі мақсаты - студенттің кәсіби коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру: әр түрлі стильде және коммуникативті жағдайларда шетел тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөйлеудің этикалық ережелерін сақтай отырып, монологиялық сөйлеудің негізгі формаларын білу және түсіну, кәсіби жазудың негізгі түрлерін білу, қарым-қатынастың ұлттық және шетел тілдік мәдениетін игеру, студенттің күнделікті және кәсіби қарым-қатынасқа түсуде коммуникативтілік қабілеттілік таныту.

    Несиелер - 5
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет

    Бұл пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті зерделеуге бағытталған, онда студенттер жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы түсініктер қалыптастырады. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет" пәнінің мақсаты білім алушылардың сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің себептерін анықтау, осындай көріністерді талдау және жою үшін қажетті білім мен дағдыларды игеруі болып табылады. Осы пәнді оқу барысында студенттер сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік-құқықтық мәнімен, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің негізгі белгілерімен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұрудың негізгі әдістерімен танысады. Білім алушылар алған білімдерінің негізінде сыбайлас жемқорлық көріністерін диагностикалауға, талдауға, анықтауға және оларға қарсы іс-қимылдарды қолдануға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерінің кәсіби қызметін құруға мүмкіндік алады.

    Несиелер - 5
  • Арнайы мақсаттағы шетел тілі

    Бұл пән арнайы мақсатта шетел тілін оқытудың ерекшеліктерін, тарихи дамуының негізгі кезеңдерін және арнайы мақсатта шетел тілін оқытудың әдістемесін, шетел тілін оқытудың отандық және шетелдік жүйесін, заманауи технологияларды оқуға бағытталған, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру, қазіргі сабақ түрлері мен ерекшеліктерін, арнайы мақсатта шетел тілі саласындағы сөйлеу-когнитивтік әрекетті дамыту қарастырылады.

    Несиелер - 5
  • Оқытылатын шетел тілі халықтарының әдебиеті

    Бұл пән студенттер арасында оқытылатын пәннің негізгі ұғымдарын, анықтамаларын және категорияларын, оқытылатын шетел тілі халықтары әдебиетінің қалыптасу тарихын, оның әдебиетіне әсер еткен осы елдің мәдениетін, дәстүрін қалыптастыруға бағытталған. Оқытылатын шетел тілі халқының тарихи дамуы, оның қазіргі жағдайы, соның ішінде негізгі зерттелетін тіл елдеріндегі әдеби процестің кезеңдік жүйесі жайындағы мәліметтерді оқуға бағытталған. Бұл пәнді оқу барысында оқытылатын тіл халқының көркем әдебиет мәтіндерімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

    Несиелер - 5
  • Әлем әдебиеті

    Бұл пән студенттердің еуропалық әдебиет пен АҚШ әдебиетінің дамуы, әдеби ағымдар туралы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған, студенттердің әлемдік көркем әдебиет шығармаларын талдап, жанрын анықтау қабілетін дамытуға, сондай-ақ әдебиеттің әдеби бағытын анықтауға ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ пән аясында әлем әдебиетінің негізгі зерттеулері мен мәселелері, дүниежүзілік әдебиет жанрындағы классиктердің мазмұны мен жанрлық-стильдік ерекшеліктері зерттелетінін, салыстырмалы-контрастивті талдаулардың ерекшеліктері зерттелетінін айта кеткен жөн және әр жылдардағы өнер туындыларын өз бетінше талдауды қарастырады.

    Несиелер - 5
  • Базалық шетел тілінің практикалық курсы -2

    Пән шетел тілінде коммуникативті-мәдениаралық құзыреттілікті дамытуға, диалог жүргізе білуге, әлеуметтік өзара әрекеттесу мен қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән тиісті деңгейге сәйкес келетін коммуникативті іс-әрекеттерді жүзеге асыруды, коммуникативті және мәдениаралық құзіреттілікті жетілдіруді, сөздік қорын арттыруды және шет тілінің грамматикалық жүйелерін білуді, лексикалық, грамматикалық, фонетикалық дағдыларды дамытуды, еркін сұхбат жүргізе білуді, белгілі бір тақырып бойынша өз көзқарасын дәлелдей білуді қамтиды.

    Несиелер - 6
  • Базалық шетел тілінің практикалық курсы-5

    Базалық шетел тілінің практикалық курсы-5 пәні студенттің шетел тілін меңгеру дағыларын жалғастырушы деңгейге сәйкес қалыптастырады. Бұл деңгейде студент әр түрлі тақырыптарды орта деңгейдегі грамматикамен және сөздік қормен өз ойын жеткізе алады. Диалогқа қатыса алады. Алдыңғы деңгейге қарағанда күрделірек мәтіндерді түсіне алады және шетел тілін оқуда, кәсібінде және ғылымда қолдана алады.

    Несиелер - 5
  • Халықаралық сертификаттал ған тестке дайындық

    Бұл пән шет тілі бойынша халықаралық деңгейде сертификатталған тестілеудің ерекшеліктері мен талаптарын зерделеуге, студенттерге шет тілін меңгерудің қажетті деңгейлеріне сәйкес тілдік дағдыларын дұрыс бағалауға көмектесуге бағытталған. Сондай-ақ курста тестілеудің құрылымы, оның қалыптасу тарихы, форматы, тіркелу, апелляциялық шағымдар, сондай-ақ осы мәтінді дайындау және тапсыру сайттары туралы ақпарат берілгенін атап өтеміз.

    Несиелер - 5
  • Академиялық мақсаттағы шетел тілі

    Осы курсты меңгеру арқылы студент ғылыми және академиялық байланыс орнату құралы ретінде шетел тілін меңгереді. Курс барысында студенттер әртүрлі салада кәсіби тақырып бойынша мәтіндердің құрылымымен танысып, қолдануды үйренетін болады. Аталмыш дағдыға сәйкес академиялық салалардағы жағдайларға байланысты қарым-қатынас жасау ережелерін меңгереді. Соның ішінде ауызша, жазбаша қарым-қатынас стилі мен сипатын меңгеруін қалыптастырады.

    Несиелер - 5
  • Екінші шетел тілінің практикалық курсы-5

    Екінші шетел тілі пәнінің мақсаты - грамматикалық құбылыстар мен ережелерді, практикалық жаттығулар және материалды игеруге арналған бастапқы деңгейдегі коммуникативті сипаттағы ситуациялық тапсырмаларды қамти отыра, екінші шетел тілінің грамматикалық базасын қалыптастыру. Бұл курстың соңында студент өз көзқарасын әртүрлі өзекті мәселелердің бірімен және артықшылықтарымен түсіндіре алады. Күрделі грамматикалык кағидалар формаларын мысал келтіре отырып практикадағы қолданысын ұсынуға қабілетті болады.

    Несиелер - 5
  • Академиялық оқу

    Бұл курсты меңгеру арқылы студент мультимедиялық оқыту құралдарын қолдана отырып, әртүрлі салада кәсіби тақырып бойынша мәтіндердің құрылымымен танысып, академиялық байланыс орнату құралы ретінде шетел тілін меңгереді. Аталмыш дағдыға сәйкес академиялық салалардағы жағдайларға байланысты қарым-қатынас жасау ережелерін және ауызша, жазбаша қарым-қатынас стилі мен сипатын үйренеді. Ғылыми және кәсіптік салаларда тілді ауызша және жазбаша қолдана отырып, коммуникативті құзыреттіліктерін қалыптастырады.

    Несиелер - 5
  • Базалық шетел тілінің практикалық курсы -1

    Бұл пән студенттердің айтылу дағдыларын жақсарту және лингвистикалық тілдік ой-өрісін кеңейту үшін оқытылатын шетел тілінің айтылу негіздерін үйрену дағдыларын қалыптастыруға; А1 деңгейіне сәйкес келетін шетел тілін практикалық меңгерудің құзыреттіліктерін қалыптастыруға және жетілдіруге бағытталған. Әртүрлі тақырыптарда шетел тілінде диалог құра білу; грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдануда сенімділікті дамыту; сөйлемді дұрыс құру; А1 деңгейіндегі шетел тілін практикалық меңгерудің құзыреттілігін жақсартуға негізделген.

    Несиелер - 6
  • Екінші шетел тілінің практикалық курсы-1

    Бұл пән оқытылатын шетел тілінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін меңгеруге, оқытылатын шетел тілі елі халықтарының мәдениетімен танысуға, сол тілде сөйлейтін өкілдермен жеке, кәсіби, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени тақырыптарға қарым-қатынас жасай білуге, сөйлеу және тілдік құзыреттілікті меңгеру және жетілдіруге, медиатекстер мен кәсіби әдебиеттерді оқи және түсіне білуге, алдын-ала дайындықпен және дайындықсыз коммуникация жүргізу үшін жеткілікті мөлшердегі сөздік қорды қалыптастыруға бағытталған.

    Несиелер - 5
  • Екінші шетел тілінің практикалық курсы-3

    Екінші шетел тілінің практикалық курсы-3 екінші шетел тілі білім алушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытады. Пән оқытылатын шетел тілі елінің мәдениетін білуге, кәсіби және лингвистикалық білімге негізделеді, студенттер кәсіптік-бағдарланған білім жүйесін, сөйлемнің прагматикалық құрамын жеткілікті білу негізінде тілдік және сөйлеу құралдарын дұрыс таңдауға және пайдалануға үйренеді, кәсіби және коммуникативтік құзыреттілік қалыптасады. Пән студенттерге шетел тілін мамандық арқылы үйретеді, сөйлеуде грамматикалық формалар мен синтаксистік құрылымдарды дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастырады.

    Несиелер - 5
  • Екінші шетел тілінің грамматикасы (бастапқы деңгей)

    Бұл курс студенттерге мәтіндерді талдау дағдыларын қалыптастырумен қатар, шетел мәтіндеріндегі жалпы идеяларды түсіндіруге бағытталады. Бұл курстың соңында студент өз көзқарасын әртүрлі өзекті мәселелердің бірімен және артықшылықтарымен түсіндіре алады. Күрделі грамматикалык кағидалар формаларын мысал келтіре отырып практикадағы қолданысын ұсынады.

    Несиелер - 5
  • Екінші шетел тілінің практикалық курсы-4

    Бұл пән арнайы мақсатта екінші шетел тілін оқытудың ерекшеліктерін, тарихи дамуының негізгі кезеңдерін және арнайы мақсатта екінші шетел тілін оқытудың әдістемесін, екінші шетел тілін оқытудың отандық және шетелдік жүйесін, заманауи технологияларды оқуға бағытталған, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру, қазіргі сабақ түрлері мен ерекшеліктерін, арнайы мақсатта екінші шетел тілі саласындағы сөйлеу-когнитивтік әрекетті дамыту қарастырылады.

    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Оқытылатын шетел тілінің тарихы және мәдениетімен, тілдік талдау жүргізудің методологиясымен танысады, оқытылатын шет елдің даму кезеңдерін,фонетикасын, морфологиясын мен грамматикасының саласына, морфологиялық, синтаксистік талдау жасай біледі. Қазіргі заманға сай шетел тілін оқытудың басты қағидаларыы мен әдістерін және стилистиканың түрлерін меңгереді.
  • Сыбайлас жемқорлық көріністері туралы білімі және оған қарсы мәдениетін қалыптастырады
  • Этностың және шетел тілі әдебиетінің, ойлаудың, сөйлеудің мәдениеті мен тарихын, халықтың ерекшеліктері мен дамуын, зерттейтін негізгі тіл елдеріндегі әдеби процесінің жүйесін, шетел әдебиеті тарихы мен теориясының негізгі ережелерін көрсете біледі.
  • Студенттерге екінші шетел тілінің екі деңгейінде лексикалық эквиваленттік, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтай отырып, коммуникативтік құзыреттілік және эквивалентті аударма дағдыларын, екінші шетел тілінде сөйлеу, оқу және жазу қабілетін қалыптастырады және сөйлеудің грамматикалық және стилистикалық стандарттарын меңгереді; лексикалық қорды кеңейтеді және лингвоелтанымдық ой-өрісін дамытады.
  • Аударма процесінде тілдік құралдармен кәсіби жұмыс істеу дағдылары мен қабілеттерін жетілдіреді , лингвомәдени және әлеуметтік-мәдени сипаттағы әр алуан түрлерімен, тіл жанрлары, стилі мен аудармасы, лексикалық, грамматикалық және стилистикалық түрлерімен, аударманың барлық әдістерімен, мәтін мен аударманың лингвопрагматикалық ершеліктерімен танысады, мағыналық және функционалдық-стилистикалық реңктерді, аударма мәтіндерге салыстырмалы талдау жасайды, бастапқы мәтіннің коммуникативтік құрылысын , аударма трансформациясын қолданады, әртүрлі ұлттар, тілдер мен мәдениеттер өкілдерінің тұлғааралық байланыстары саласында, олардың кәсіби аудармашылық қызмет саласындағы мінез-құлық ерекшеліктерін меңгереді.
  • Студент шетел тілінде дұрыс артикуляция жасау қабілетін қалыптастырады; сөйлемдердің құрылымдық және нормативтік модельдерін қолдана отырып, шетел тіліндегі этикет нормаларын сақтай отырып сөйлеу қызметін жүзеге асырады. Шетел тілінің негізгі грамматикалық нормаларын үйренеді, жазу, оқу және сөйлеу дағдыларын, сондай-ақ коммуникативтік дағдыларды қалыптастырады; шетел тілінде лексикалық қорды байытады.
  • Студентке оқытылатын тілдің лексика-семантикалық және фразеологиялық жүйесіндегі тілдің салыстырмалы зерттеу әдістемесін енгізуге мүмкіндік береді. Әр түрлі функционалды стильдерді тану; көркем мәтінге стилистикалық талдау жүргізу; ауызша және жазбаша сөйлеуде заманауи фразеологиялық қорды қолдану; шетел тілін дамыту тенденциясы туралы білімді және фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, лексикалық және семантикалық мәліметтерге қол жеткізу үшін зерттеуге сәйкес лингвистикалық материалдарды анықтауға үйретеді.
  • Оқу барысында студенттер ислам теологиясының қалыптасу және даму тарихымен және Ислам теологиясының классикалық қайнаркөздерін меңгеру, теологиялық мәселелерге талдау жасау әдістерін үйрену және ақидалық мәселелер бойынша теориялық біліммен қатар, практикалық дағды қалыптастырады.
  • Дінтану, теология, исламтану саласында теориялық маңызы бар мәселелерді қалыптастырады, дін мен діни теория туралы білімді талдайды және жүйелейді. Ислам дініндегі Құранның орны мен маңызын, Құранның жалпы мазмұнын, жазылуы мен сақталу тарихын, Құран ілімдері туралы тәпсір, тәжуид, қирағат және насх-мансух туралы түсініктерін меңгереді. Заманауи тұрғыдан оқытудың діни, ислами әдістері мен тәсілдерін игереді.
  • Студент өзінің оқу-кәсіби қызметінде кездесетін практикалық мәселелерді шешуде теориялық білімді тиімді қолдана біледі, практикалық дағдылар мен құзыреттерге ие болады, сонымен қатар алдыңғы қатарлы тәжірибелерді игереді.
  • Мәдениетаралық өзара қарым-қатынас теориясы, шешендік шеберлік теориясы және бизнес-коммуникация теориясы саласындағы негізгі ережелер мен тұжырымдамаларды білу, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін меңгеру, көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдысын және қоғамда қабылданған моральдық және құқықтық нормалар негізінде әлеуметтік интеракция дағдыларын көрсетуге қабілетті болу. Студенттерде семантика түсінігін, шетел тілі бойынша халықаралық сертификатталған тесттерді тапсыру дағдыларын қалыптастырады.
  • Шетел тілінде әртүрлі коммуникативті мақсаттарды білдіреді және анықтайды; кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде шетел тілінде сөйлей біледі; ауызша және жазбаша коммуникацияны анықтайды, шетел тілінің нормаларын сақтайды; шетел тіліндегі ақпаратты жинақтайды, сыни талдайды, қорытындылайды және синтездейді; күнделікті және кәсіби қарым-қатынас аясында ауызша мәлімдемелер құрады; тілдік қатынас түрлерін: оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым, тілдесім дағдыларын және оқытудың жаңа технологияларын меңгереді.
Top