Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01903 Логопедия в ҚарУ Е.А.Бөкетов

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қазіргі заман тарихы мен ғылым философиясының, жоғары білімнің, басқару психологиясының зерттелетін салаларында үнемі дамудағы білімдер мен түсініктерді көрсетеді.
  • Шет тілдегі қарым-қатынаста өзінің білімін, түсінігі мен қабілеттерін үйренген тілдік құралдар мен қарым-қатынас стратегияларын дұрыс пайдалана отырып, кәсіби деңгейде қолданады.
  • Нормативтік құқықтық актілерге және кәсіби этикаға сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларға арналған білім беру саласындағы қайта жаңғыртуды, реформаларды ескере отырып, пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпарат жинақтайды және түсіндіреді.
  • Жоғары оқу орындарында оқытудың, оқыту әдістемесін кемелдендірудің және логопедті кәсіби және тұлғалық даярлаудағы инновациялық тәсілдерді көрсетеді.
  • Ақпараттық технологиялардың интеграциясы туралы білімдерді көрсетеді, логопед даярлау жүйесінде педагогикалық инноватиканың жаңа идеяларын тудырады.
  • Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдарында дамудың кешенді патологиясы бар тұлғаларда сөйлеу бұзылыстарын диагностикалау, түзету және алдын алу бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен басқарудың ерекшеліктерін ескереді.
  • Әр түрлі жастағы тұлғаларда тілдік және тілдік емес функцияларын қалпына келтіруге бағытталған түзету сабақтарын өткізу әдістерін көрсетеді; әлеуметтік бейімдеу бойынша түрлі іс-шаралар кешенін әзірлейді.
  • Мидың органикалық зақымдануынан кейін қалпына келтіре оқыту әдістемесін және мамандардың кешенді өзара іс-әрекеті кезінде түзету-педагогикалық әдістерді жүзеге асырады.
  • Әртүрлі ұйымдастырушылық жағдайларда ауыр тілдік кемістігі (АТБ) бар тұлғалармен жұмыс істеу үшін түзету-дамыту және логопедиялық бағдарламаларды жобалау мен іске асыру технологияларын енгізеді.
  • Ауыр тілдік кемістігі бар балаларға логопедиялық көмек көрсетеді (дәрігердің қатысуымен және бақылауымен), мектепке бейімделудегі қиындықтарды жеңудің тиімді технологияларын таңдайды.
  • Коммуникативтік лингвистика тұрғысынан ана тілі сабақтарында кәсіби тілдік қарым-қатынас мәдениетіне үрету әдістемесін қолданады.
Top