Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B02229 Теология в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Теология саласында терең исламдық білімді меңгерген, мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы мәселелерді шешуде теологиялық білімін пайдалана алатын, әлеуметтік-коммуникативтік дағдылары мен зерттеушілік қызметін табысты іске асыра алатын білікті теологтарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 260
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B033 Дінтану және теология
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B022 Гуманитарлық ғылымдар
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Сияр
Түрік тілі (А1)
Практикалық араб тілі І
Ислам діні негіздері
Құран оқу және тәжуид І
Академиялық жазбаға кіріспе
Практикалық араб тілі ІІ.
Тафсир тарихы және әдістемесі
Құран оқу және тәжуид ІI
Хадис тарихы және әдістемесі
Түрік тілі (B2)
-
2 Оқу жылы
Ата-түрік принциптері
.Практикалық араб тілі ІІІ
Икемді дағдылар
Ясауитану
Құран оқу және тәжуид ІIІ
Түркі мемлекеттер тарихы
Ислам тарихы I
Практикалық араб тілі ІV
Хадис І
Құран оқу және тәжуид ІV
Кәлам І
Тафсир І
-
3 Оқу жылы
Дін психологиясы
Хадис ІІ
Ислам тарихы ІІ
Құран оқу және тәжуид V
Фиқх әдістемесі
.Діни антропология
Тафсир ІІ
Дін социологиясы
Діни философия
Кәлам ІІ
.Көшбасшылық теориясы
Қаржылық сауаттылық
Христиан дінінің тарихы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Ислам құқығы
Құран оқу және тәжуид VІ
Экология және өмір қауіпсіздігі
Діндер тарихы
Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
-
4 Оқу жылы
Христиан теологиясы
Құран оқу және тәжуид VІІ
Ислам этикасы
Ислам мәдениетінің тарихы
Теологиялық оңалту
Дін философиясы
Каллиграфия және эпиграфика
Дін феноменологиясы.
Хадис мәтіні
Тафсир мәтіні
Тасаууф
Ислам философиясы
Қазақ ойшылдарының діни көзқарастары
Мемлекеттік-конфессияаралық қатынастар
Ислам және ғылым
Мазхабтар тарихы
Құран аудармалары мен түсіндірмелері
Хитаба
Ханафилік және Матуридилік мазхабы
Құрандағы негізгі тақырыптар
Түрік-ислам әдебиеті
Оқыту нәтижелері
- Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады
- Конфессияаралық және басқа да әлеуметтік қатынастардың өзара әрекетін анықтап, діни тәжірибеге теологиялық талдау әдістерін қолданады
- Діндер тарихындағы теологиялық мектептер мен қазіргі діни ағымдардың байланыстарын және ерекшеліктерін анықтап, Қазақстандағы дінаралық қақтығыстар, діни экстремизм және радикализмнің алдын-алу шараларын ұйымдастырады
- Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негізіндерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады
- Ислам тарихы, мәдениеті мен өнері салаларындағы білімді меңгеріп, қоғамдық нормаларға негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды кәсіби қызметінде пайдаланады
- Теологиялық жүйелер мен тұжырымдамаларды зерттеуде теологияның негіздерін, әдістерін, категориялары мен қағидаттарын пайдаланады
- Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады
- Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарды сақтайды
- Діни және теологиялық мәтіндерді оқу, түсіну, түсіндіру және қолдану саласында негізгі кәсіби білімін көрсетеді
- Дін ғылымдарының тарихы мен әдіснамасын терең меңгеріп, мәдениетаралық, этносаралық, конфессияаралық қатынастардағы толеранттылық және зайырлылық ұстанымдарды сақтау тетіктерін қалыптастырады
- Қазақ халқының дәстүрлі діни танымы мен діни психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, қоғамдағы діни және теологиялық мәселелерді шешуде ұсыныстар дайындайды
- Мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы мәселелерді шешуде теологиялық білімін қолданады