Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M06114 Бағдарламалау және бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеу в Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып практикалық іс-әрекеттерді жүзеге асыруға қабілетті, бағдарламалау мен бағдарламалық қамтамасыздандыру саласындағы дағдылары, білімдері мен дағдылары қалыптасқан кәсіби құзыреттіліктері бар магистранттарды дайындау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M094 Ақпараттық технологиялар
-
Білім беру саласы 7M06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
-
Дайындық бағыты 7M061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Жоғары мектеп педагогикасы
Шет тілі (кәсіби)
Ғылым тарихы мен философиясы
Басқару психологиясы
Бағдарламалық жабдықтарды құрудың әдістемесі мен тәжірибесi
Big Data және ақпараттық қауіпсіздік
Деректер қоры мен қосымшаларды қорғау әдістері
Мультимедиалық ортада бағдарламалау
Comsol -да технологиялық процесстерді модельдеу
Эксперименттік деректерді өңдеу алгоритмдері
Инженерлерге арналған кәсіпкерлік
Деректер қоймалары
Кроссплатфорлы қосымшаларды жобалау және әзірлеу
TRACE MODE интегралды жүйеде оъектілерді модельдеу мен басқару
Желілік технологияларда ақпаратты қорғау
Стратегиялық менеджмент
Ақпаратты қорғаудың криптографикалық әдістері
-
2 Оқу жылы
Python құралдарымен бағдарламалық қосымшаларды әзірлеу
Мобильдік қосымшаларды бағдарламалау
Параллельдік және үлестірілген бағдарламалау
Параллельдік бағдарламалау жүйесі
Наноинженерлік зерттеулер негіздері
Ғылыми зерттеу әдістері
Android та мобильді қосымшаларды бағдарламалау
Таратылған есептеулердiң заманауи әдістер
Grid- жүйелері мен булттық есептеулер
Ruby құралдарымен бағдарламалық қосымшаларды әзірлеу
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Кәсіби қызметте тілді меңгеру дағдысы мен іскерлігін дамыту, ғылыми мақалалар дайындау және еркін ауызша қарым-қатынас жасау үшін шет тілінде білім берудің коммуникативтік құзыреттілігін көрсету; ғылыми білімнің генезисі, философиялық мәні және дамуы, ғылымның дамуы мен заңдылықтарының ұйымдастырылуы.
- Процестер әдістері мен өмірлік цикл кезеңдерін және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу әдіснамасын, бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмыс істеу принциптерін қолданады; бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау архитектурасына қойылатын талаптарды анықтайды; әдістерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді талдау және жобалау құралдарын, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеудің біріктірілген орталарын пайдаланады.
- Наноматериалдардың зерттеу негіздерін, құрылымын және сапасын бағалауды білу; компанияның стратегиясы мен жобаларын әзірлеу бойынша ұсыныстарды тұжырымдай білу, стратегиялық, ағымдағы және жедел жоспарлау мен бақылау (менеджмент) құралдарын пайдалану; ғылыми зерттеу әдістерін пайдалану.
- Деректерді өндіру үшін заманауи қосымшаларды, үлкен деректермен жұмыс істеу принциптерін және бұлтты есептеулерді ұйымдастыруды қолданады; бағдарламалау тілін қолдана отырып, үлкен деректерді талдау мәселелерін шешеді және мәліметтер қоймаларын қолданады; код жазу процесінде параллельді бағдарламалау әдістерін қолданады.
- Ақпараттық қауіпсіздікті (АҚ) қамтамасыз етудің негізгі қағидаттарын, әдістері мен құралдарын, ақпараттандыру саласындағы ҚР негізгі НҚА пайдаланады; объектілердің ресурстары мен қорғаудың осалдықтарына қатысты қауіпсіздіктің ықтимал қатерлерін айқындайды және бағалайды; объектіні қорғау жүйесіндегі кедергілерді анықтайды, желілік шабуылдарға төзімділікке аутентификация рәсімдерін тексереді; АҚ бойынша проблемаларды шешу дағдыларын меңгереді.
- Стресс жағдайында эмоционалды және танымдық өзін-өзі реттеу туралы білімдерін көрсету, педагогикалық жүйелерді қолдана білу, психологиялық проблемалардың аспектілерін бөліп көрсету, нақты практикалық мәселені шешуде жеке ерекшеліктерді ескеру, психоанализдегі ұғымдар мен бағыттар арасындағы байланысты орнату.
- Бағдарламаларды әзірлеудің аспаптық құралдарын және бірыңғай модельдеу тілдерін қолданады; бағдарламалық жасақтаманы әзірлеудің автоматтандырылған құралдарын қолданады; интеграцияланған ортада Бағдарламалық жасақтамаға, модельдеуге және объектілерді басқаруға қойылатын талаптарды іске асыру құралдарын таңдау дағдыларын көрсетеді.