Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B05207 Жанғыш қазбалар геологиясы в Satbayev University

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қазіргі заманғы экономикалық, саяси, мәдени, экологиялық және ғылыми-техникалық жағдайларды еркін және тиімді бағалау.
  • Минералогия, петрография, геологиялық түсірілім, жанғыш қазбалар кен орындарын іздеу және барлау саласындағы есептеулер мен эксперименттерді білікті жүргізу.
  • Жанғыш пайдалы қазбаларды іздеудің және барлаудың жалпы геологиялық, тектоникалық, литологиялық, геохимиялық параметрлері негізінде ең оңтайлы әдісін анықтау.
  • Жанғыш пайдалы қазбаларды көмірсутек және су флюидтерәнінің химиялық құрамына, физикалық қасиеттеріне, коллекторлардың сүзу-сыйымдылық параметрлеріне, кен орындарының перспективалық ресурстарына қарай жіктеу.
  • Перспективалы аумақты өңірлік зерттеу және одан әрі іздестіру және контурлау геологиялық жұмыстарының кезеңдерінде геологиялық түсірудің, картографияның, модельдеудің заманауи әдістерін қолдану.
  • Көмірсутек шикізаты саласында ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізу кезінде талдаудың математикалық әдістерін қолдану.
  • Алынатын қорларды бағалау үшін заманауи модельдеу әдістерін қолдануды қоса алғанда, жанғыш пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау үшін геологиялық ашылым және ұңғымаларды бұрғылау кезінде далалық зерттеулердің инновациялық әдістерін қолдану.
  • Іздеу және барлау кезінде, сондай-ақ ұңғымаларды бұрғылау процесінде және одан кейін зерттеулерді орындау барысында геологиялық мәселелерді шешу үшін заманауи геологиялық, геофизикалық, геохимиялық әдістерді қолдану.
  • Өндірістік іздестіру-барлау міндеттерін басқару кезінде перспективалы аумақты геологиялық зерттеудің әртүрлі кезеңдерінде жоғары кәсіби қасиеттер мен этиканы көрсету.
  • Геологиялық, геодинамикалық, геохимиялық есептерді шешу және көмірсутек шикізатының қорларын есептеу үшін теория мен тәжірибелер мәліметтерін біріктіру.
  • Геологиялық және гидродинамикалық бақылаулар, кен орындарының өнімді бөліктерін, сондай-ақ жер асты және контурлау суларын игеруге, жанғыш қазбаларды өндіруге дайындық кезінде зерттеу нәтижелерін талдау.
Top