Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B05146 Биология в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Клетка биологиясы
    Несиелер: 5

    Пән клеткалардың микроскопиялық құрылысы, қызметi, клеткадағы заттардың алмасу үрдістері және сыртқы ортамен қарым-қатынасы туралы білімдерін қалыптастырады. Пәнді игеру барысында білім алушы цитологиялық препараттарды әзірлеу техникасын меңгеріп, заманауи құрал-жабдықтарды пайдаланып, биологиялық зерттеулер жүргізе алады. Білімгер тіршіліктің әртүрлі деңгейдегі жүйелер құрылымы мен қызметін айқындауға бағытталатын жасушалық зерттеулердің нәтижелерін сауатты тұжырымдай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Гербарий әдістері
    Несиелер: 5

    Пән гербарий коллекцияларының түрлері, функциялары, әртүрлілігі және жасау әдістері мен гербарий ісінің қазіргі жағдайы туралы білімді қалыптастырады. Пәнді игеру барысында білім алушы компьютерлік анықтағыштарды пайдаланып, өсімдіктерді сипаттау, салыстыру біліктерін көрсетіп, гербарий үлгілерін жасау әдістерін меңгереді. Сирек кездесетін және жойылып кетуге жақын өсімдік түрлерін ұқыпты жинау жолымен табиғаттың өсімдік жамылғысын қорғап, биоалантүрлілік мәселелерін шешуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік тілі (А1)
    Несиелер: 5

    Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған. Курстың мақсаты - "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастыру. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Академиялық жазбаға кіріспе
    Несиелер: 3

    Пән әртүрлі санаттағы академиялық жұмыстарды (essay, report, etc) оңтайлы жазу үшін қажетті дағдылар мен біліктерді қалыптастырады. Пән білімгерлерге жазбаша сөйлеудің жанрлық, грамматикалық, стилистикалық және пунктуациялық ерекшеліктерін түсіндіріп, академиялық жазба жұмыстарды қатесіз жазу әдістерін үйретеді. Академиялық жазбалар әзірлеуде әлемдік дерек базаларын және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік тілі (B2)
    Несиелер: 5

    Бұл курс академиялық B2 деңгейіндегі түрік тілінің негізгі стандартын үйренуге арналған. Курс техникалық (мамандандырылған) тақырыптарды қоса алғанда, түрік тіліндегі нақты және дерексіз тақырыптар бойынша күрделі мәтіндерді ұсынады. Курстың мақсаты-академиялық тілді жетілдіру. Пәнді оқу нәтижесінде студент әртүрлі тақырыптар бойынша түсінікті, егжей-тегжейлі мәтін құра алады, өз көзқарасын түсіндіре алады, тақырып бойынша әртүрлі көзқарастарды қолдай алады және оларға қарсы дәлелдер келтіре алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ботаника І
    Несиелер: 5

    Пән төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік және репродуктивтік мүшелерінің анатомиялық және морфологиялық құрылымы туралы түсініктерді қалыптастырады. Пәнді игеру барысында білім алушы өсімдік клеткалары мен өсімдік ұлпалары құрылымының ерекшеліктерін, өркен, тамыр және генеративті жүйенің морфологиясы мен анатомиясы туралы білімдерін өсімдіктерді бақылау, сипаттау, салыстыруда қолдана алады. Оқу-далалық және зертханалық жағдайда компьютерлік анықтағыштарды пайдаланып, төменгі сатыдағы өсімдіктерді жіктеуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ясауитану
    Несиелер: 3

    Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ата-түрік принциптері
    Несиелер: 3

    Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ботаника ІІ
    Несиелер: 6

    Пән жоғары сатыдағы өсімдіктердің табиғи жіктелуін, олардың тарихи дамуындағы туыстық байланыстарын, таксономиялық топтардың биологиялық ерекшеліктерін және систематика саласындағы ботаниканың қазіргі жағдайын қарастырады. Пәнді игеру барысында білім алушы теориялық білім және фенологиялық бақылау, салыстыру, систематикалық топтарды сипаттауға негізделіп, компьютерлік анықтағыштарды, биологиялық терминологияны пайдаланып, жоғары сатыдағы өсімдіктерді жіктеуге және биологиялық зерттеулер жүргізуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Түркі мемлекеттер тарихы
    Несиелер: 3

    Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Икемді дағдылар
    Несиелер: 3

    Пән адамның өзгермелі жағдайларға бейімделуге қажет икемді дағдыларды қалыптастырады. Курс барысында студенттер көпшілік алдында сөйлеу, презентация жасау, аудиторияның назарын аудару дағдыларын дамытады. Нәтижесінде студент проблемалардың басымдылықтарын анықтап, оларды шешуде креативті ойлауды және тәуекелдерді болжауды үйренеді. Сондай-ақ, студент өз мүдделері мен сұхбаттасушының мүдделері үшін екіжақты ақпарат алмасуды тиімді қамтамасыз ете алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Зоология І
    Несиелер: 5

    Пән омыртқасыздар зоологиясының теориялық негіздерін, қарапайым бірклеткалы формалардан жоғары ұйымдастырылған таксондарға дейінгі жануарлар әлемінің даму заңдылықтары туралы білімді қалыптастырады. Пәнді меңгеру барысында білім алушы омыртқасыз жануарлардың морфологиясының, физиологиясының, көбеюінің және дамуының ерекшеліктерін түсінеді. Оқу-далалық және зертханалық жағдайларда салыстыру, сипаттау біліктерін көрсетіп, компьютерлік анықтағыштарды қолданып, омыртқасыздар түрлерін жіктеуге және биологиялық зерттеулер жүргізуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пән экологиялық танымды қалыптастырады, қоршаған ортаның жай-күйін және қауіпті факторлардың адамға әсер ету дәрежесін бағалау және табиғатты ұтымды пайдалану аспектілерін қолдануды үйретеді. Курс барысында білімгер экологиялық проблемалар бойынша мәліметтерді цифрлық технологияларды қолдана отырып жинауға, оларды сыни көзқараспен талдауға, өз бетінше шешімдер қабылдауға машықтанып, экологиялық қағидаттарды сақтай отырып, командада жұмыс істеу қабілеттілігін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақстанның флорасы мен өсімдіктер жамылғысы
    Несиелер: 5

    Пән Қазақстанның флорасы мен өсімдік жамылғысының алуан түрлілігімен, пайдалы өсімдіктердің жеке топтарымен таныстырып, олардың таралуы мен қолданылуын зерделейді. Пәнді игеру барысында білім алушы өсімдіктер мен жануарлар әлемін сипаттай отырып, табиғи зоналарда өсімдіктер мен жануарлардың таралу заңдылықтарын түсінеді. Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер мен жануарларды қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын игеріп, биоалуантүрлілік мәселелерін шеше алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
    Несиелер: 5

    Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Зоология ІІ
    Несиелер: 6

    Пән жануарлар әлеміндегі омыртқалылардың ішкі және сыртқы құрылысын, экологиялық ерекшеліктерін және омыртқалы жануарлардың биоалуантүрлілігін сақтау маңызын қарастырады. Пәнді игеру барысында білім алушы алған теориялық білімін және сипаттау, препараттау, компьютерлік бағдарламаларды қолданып, сәйкестендіру дағдыларын көрсетіп, омыртқалы жануарларды жіктеуге және оқу-далалық, зертханалық жағдайларда биологиялық зерттеулер жүргізуге машықтанады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Микробиология және вирусология
    Несиелер: 5

    Пән микроағзалардың және вирустардың биологиялық қасиеттерін, олардың әсерін, табиғи процестер мен жаңа өнім алудағы рөлін қарастырады. Пәнді меңгеру барысында білімгер микроағзалардың және вирустардың морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктері туралы білімдерін қолданып, бақылау, салыстыру, сипаттау дағдыларын көрсетіп, олардың түрлерін жіктей алады. Микроағзаларды өсіру, қоректік орталар мен микробиологиялық препараттарды әзірлеу әдістерін меңгеріп, зертханалық жағдайда биологиялық тәжірибелер жүргізуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Көшбасшылық теориясы
    Несиелер: 5

    Пән көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, әсер ету әдістерін тиімді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқару әдістемесі мен практикасын қарастырады. Пән мамандарды іргелі даярлаудың алғышарты болып табылады және қызметтің белгілі бір принциптерін талап ететін өзінің күшті жақтары мен қоршаған ортаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға қабілетті шығармашылық белсенді тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Топырақтану негіздері
    Несиелер: 5

    Пән топырақ және оның құрылымы, құрамы, қасиеттерін және географиялық таралу заңдылықтары, түзілуі, табиғаттағы орны, тиімді пайдалану және жақсарту жолдары туралы теориялық және практикалық білімін қалыптастырады. Пәнді меңгеру барысында білімгер топырақ түзілу процесін, топырақ түзілуіне экологиялық факторлардың əсерлерін түсініп, алған білімдерін топырақ қорларын тиімді пайдалану іс-шараларын жоспарлауда және жүргізуде қолданып, биологиялық зерттеулер жургізуге машықтанады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Биометрия
    Несиелер: 5

    Пән биологиялық объектілер мен құбылыстарды зерттеуде статистикалық әдістерді қарастырады. Пәнді игеру барысында білім алушы негізгі биометриялық ережелер мен орташа көрсеткіштері, өзгергіштік пен кездейсоқ шамалардың заңдылықтары туралы білімді меңгереді. Статистикалық көрсеткіштерді есептеу, дисперсиялық және корреляциялық анализ жасау дағдыларын игеріп, компьютерлік статистикалық бағдарламаларды қолданып, агробиологиялық тәжірибелер, зерттеулер жүргізе алады және нәтижелерін сауатты тұжырымдай алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Өсімдік шаруашылығы
    Несиелер: 5

    Пән мәдени дақылдарының морфологиялық құрылысын және биологиялық ерекшеліктерін, өсімдік дақылдарының өсіру технологияларын, өсімдік шаруашылығы үшін маңызын қарастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы топырақ-климаттық жағдайларына байланысты негізгі екпе дақылдардың технологиялық картасын жасау білімдерін қолданып, әртүрлі агробиологиялық жағдайда егу және өсіру дағдыларын игереді, екпе дақылдарын жіктеуге дағдыланады және оқу-далалық жағдайда биологиялық тәжірибелер жүргізе алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ауылшаруашылық негіздері
    Несиелер: 5

    Пән топырақ және оның құрылымын, құрамын, қасиеттерін және географиялық таралу заңдылықтарын, ауылшаруашылық дақылдарын тиімді пайдалану және жақсарту жолдарының теориялық және практикалық білімін қалыптастырады. Пәнді меңгеру барысында білімгер агробиология саласында озық теориялық және практикалық білімін қолданып, оқу-далалық және зертханалық жағдайда агробиологиялық тәжірибелер жоспарлауға және жүргізуге дағдыланып, биоресурстарды тиімді пайдалану мәселелерін шеше алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Адам анатомиясы
    Несиелер: 5

    Пән адам ағзалары жүйесінің құрылысы мен қызметінің жалпы заңдылықтары, балалар мен ересектердің ағзасында болатын механизмдер мен процестер туралы білімді қалыптастырады. Пән игеру нәтижесінде білімгер дене мүшелері мен бөліктерінің топографиялық орналасуы, құрылысы, ағзаның жас және жыныстық ерекшеліктері туралы білімдерін қолданып, адам ағзасының біртұтастығын түсінеді, анатомиялық-инструменталдық әдістерді меңгеріп, биологиялық зерттеулер жүргізу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Биохимия
    Несиелер: 5

    Пән биохимияның тірі материяны құрайтын қосылыстардың сапалық құрамы және тіршілік процесіндегі маңызды органикалық қосылыстардың ролі мен маңызы туралы білімді қалыптастырады. Пәнді игеру барысында білімгер ағзалардың құрамындағы күрделі органикалық қосылыстардың қасиеттерін және қызметтерін, олардың өзара өзгеріске ұшырау заңдылықтары туралы теориялық білімін көрсете алады. Зерттеудің биохимиялық әдістерін игеріп, заманауи құрал-жабдықтарды пайдаланып, биохимиялық зертханаларда өзбетінше тәжірибелер жүргізе алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Топырақ биологиясы
    Несиелер: 5

    Пән топырақ биотасын және топырақ организмдерінің биосферадағы және топырақ түзудегі негізгі элементтердің биологиялық айналымына қатысуын қарастырады. Пәнді игеру нәтижесінде білім алушы топырақтың экологиялық функциясындағы топырақ биотасының таксономиялық әртүрлілігі мен рөлін түсінеді, алған білімдерін жануарлар мен топырақтың микробтық құрамын сандық бағалауға, мицелиалды және бірклеткалы организмдердің таза дақылдарын алуға қолдана алады. Зертханалық жағдайда топырақтың микробиологиялық құрамын зерттеу жүргізуге дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ауылшаруашылық селекциясы
    Несиелер: 5

    Пән жануарлар мен өсімдіктердің асыл тұқымды, жоғары өнімді типтерін шығаруға бағытталған селекциялық жұмыстар жүйесі, сондай-ақ селекциялық жұмыстар бойынша іріктеу, ұрпағының сапасын сынау туралы теориялық және практикалық білім қалыптастырады. Пәнді игеру нәтижесінде білімгер селекциялық белгілердің типтерін фенотипі, шыққан тегі және олардың сыртқы ортаға бейімділік қасиеттерін салыстырып, түрлердің әртүрлі белгілерін селекциялық зерттеулер жүргізуге дағдыланады және биологиялық тәжірибелердің нәтижелерін сауатты тұжырымдай алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Зоологиялық зерттеулердің әдістері
    Несиелер: 5

    Пән зоологиялық зерттеулердің әдістері мен бағыттары туралы білімді қалыптастырады. Пәнді игеру барысында білімгер омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың негізгі экологиялық топтарының морфофизиологиялық ерекшеліктерін, этологиялық және экологиялық аспекттерін түсініп, алған білімдерін қолдана алады. Оқу-далалық және зертханалық жағдайда зоологиялық зерттеулер нәтижелерін статистикалық өңдеп, сауатты тұжырымдауға машықтанады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі заман биологиясы
    Несиелер: 5

    Пән адамзаттың жаратылыстану және прогрессіне әсер ететін биологиялық ғылымдардың жетістіктері мен проблемалары туралы озық білімдерді қалыптастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы биологиялық алуантүрлілік және тұрақты даму, тіршіліктің пайда болу, адамның өмір сүру ортасы және тірі ағзалардың клеткалық, репродуктивтік мәселелерін биологияның заманауи даму деңгейіне сәйкес интерпретациялай алады. Заманауи құрал-жабдықтарды пайдаланып, биологиялық зерттеулер жүргізуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ландшафт және фитодизайн
    Несиелер: 5

    Пән ландшафттық дизайнның негіздерін, ландшафттық жобалау принциптерін қолданып, табиғи кеңістігін сәндік ұйымдастыру қабілетін қалыптастырады. Пәнді игеру нәтижесінде білімгер декоративтік дендрология негіздерін түсіну, жіктеу біліктері арқылы ағаш-бұтақ өсімдіктер ассортиментін сауатты таңдай алады. Бақ, саябақ құру өнерін, учаскілерді бөлу, үйлестіру арқылы ландшафттық жобалау дағдыларын дамытады. Оқу-далалық жағдайында ландшафттық композициялар ұйымдастыру тәжірибелерін жүргізе алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Адам физиологиясы
    Несиелер: 5

    Пән адам ағзасының физиологиялық функцияларын, механизмдерін, сыртқы ортамен байланысын және оның бейімделу өзгерістерін қарастырады. Пәнді игеру нәтижесінде білім алушы теориялық және практикалық білімін қолданып, ағзаның құрылымдық және функционалдық ерекшеліктерін айқындауды қамтитын физиологиялық теориялар мен заңдылықтар арасындағы байланысты анықтауға дағдыланады. Физиологиялық әдістерін, заманауи зертханалық жабдықтарды пайдаланып, биологиялық эксперименттер жүргізу дағдыларын көрсете алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Генетика
    Несиелер: 6

    Пән генетика саласы бойынша құбылыстардың, процестердің жүру заңдылықтарын, тірі ағзалардың тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігін, олардың молекулалық механизмдерін, мутациялардың түрлері мен факторларын, материалдық және цитогенетикалық негіздерін қарастырады. Пәнді игеру барысында білімгер теориялық, практикалық білімін көрсетіп, генетикалық әдістерді меңгеріп, генетикалық зерттеулер жүргізу және нәтижелерін статистикалық өңдеу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақстан биоресурстары
    Несиелер: 5

    Пән Қазақстанның биологиялық ресурстары және жануарлар мен өсімдіктер әлемін ұтымды пайдалану, ресурстанудың теориялық негіздерін қарастырады. Пәнді игеру нәтижесінде білім алушы биоресурстардың әр түрлерін кеңістікте бөлу және игеру ерекшеліктерін білу, ресурстық түрлердің жай-күйін бақылау және қорларын бағалау әдістерін қолдану дағдыларын игереді. Оқу-далалық жағдайда жойылып кетудің қатері төніп тұрған түрлерді сақтау, қорғау іс-шараларын жоспарлауға және жүргізуге дағдыланып, биоалуантүрлілік мәселелерін шеше алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дендрология
    Несиелер: 5

    Пән ағаш-бұта түрлерінің флорасын, олардың әртүрлілігін, экологиясын, географиялық таралуын қарастырады. Пәнді игеру барысында білімгер ағаш және бұта өсімдіктерін жіктеу дағдыларын, олардың биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін сипаттай отырып, бау-бақша объектілерін ұйымдастыруда, елді мекендерді көгалдандыруда қолдана алады. Оқу-дала жағдайларында ағаш-сақиналы материалды іріктеу және ағаштағы патологиялық құрылымдарды анықтау әдістерін пайдаланып, дендрологиялық зерттеулер жүргізе алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Эволюциялық ілім
    Несиелер: 5

    Пән тірі ағзалар популяциясында сыртқы факторларға бейімделу мақсатында үздіксіз өтіп жатқан эволюциялық процестер туралы білім қалыптастырады. Пәнді игеру барысында білім алушы органикалық эволюцияның қозғаушы күштері, жалпы заңдылықтары, табиғи сұрыптаудың популяциялық-генетикалық құрылымы туралы білімі негізінде әлемнің тарихи даму заңдылықтарын түсінеді. Эволюция заңдылықтары туралы алған білімдерін қолданып, табиғатты қорғау іс-шараларын жоспарлап, эволюциялық теорияның қазіргі мәселелерін шеше алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Эндокринді жүйе физиологиясы
    Несиелер: 5

    Пән ішкі секрециялық бездердің ағзада орналасуын, қызметтерін, бөлетін арнайы гормондардың ағза қызметін реттеудегі алатын орнын қарастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы адам ағзасындағы ішкі секрециялық бездерден бөлінетін биологиялық реттеушілер жайлы, олардың ағзаға әсері туралы теориялық білімдерін қолдана алады. Заманауи құрал-жабдықтарды пайдаланып, эндокриндік жүйелердің бұзылуларына қатысты биологиялық зеттеулер жүргізу дағдыларын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Өсімдіктер зиянкестері мен аурулары
    Несиелер: 5

    Пән өсімдіктер зиянкестерінің биологиялық ерекшеліктерін, экологиясын, систематикасын, таралуын, олармен күресу жолдарын қарастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білімгер алған білімдерін өсімдіктердің зақымдану типтеріне, ауруларына және зиянкестердің даму сатыларына қарай компьютерлік анықтағыштарды пайдаланып, әртүрлі дақылдар зиянкестерінің түрлерін жіктеуде қолдана алады. Оқу-далалық жағдайда зиянкестерге қарсы тиімді және экологиялық қауіпсіз іс-шараларын жоспарлауға және жүргізуге машықтанып, агробиологиялық мәселелерді шеше алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әлем өсімдіктері
    Несиелер: 5

    Пән әлем өсімдіктерінің алуантүрлілігін, таралу ерекшеліктерін, өсімдік типтерінің заңдылықтарын қарастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білімгер әлемдегі өсімдіктердің ең типтік түрлерін танып, олардың тіршілік жағдайларын және практикалық потенциалын және әлем флорасының қалыптастыру жолдарын сипаттап, алған білімдерін өсімдіктердің анатомиялық, морфологиялық және таксономиялық зерттеу әдістерін меңгеруде қолдана алады. Оқу-далалық жағдайда әлемдік флораны қорғау іс-шараларын жоспарлауға және жүргізуге дағдыланып, биоресурстарды тиімді пайдалану мәселелерін шеше алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Өндірістік микробиология
    Несиелер: 5

    Пән микробтық популяциялардың қызмет етуі және оларды өнеркәсіптік өндіріс жағдайында басқару мүмкіндігі туралы негізгі білімдерін қалыптастырады. Пәнді меңгеру барысында білімгер негізгі биотехнологиялық процестер және биотехнологиялық әдістермен алынатын биологиялық белсенді заттардың құрылымы, қасиеттері мен функциялары туралы білімдерін микробиологиялық өндірістің негізгі технологиялық схемаларын игеруде қолдана алады. Өндірістік микробиологиялық процестерге негізделген зерттеулер жүргізуге дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жануарлар биотехнологиясы
    Несиелер: 5

    Пән ауылшаруашылық жануарларды көбейтудің биотехнологиялық аспектілерін, тірі ағзалар мен биологиялық үрдістерді өндірісте пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздерін қалыптастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білімгер эмбриондық және соматикалық клеткаларының генетикалық трансформациясының негіздері туралы білімдерін жасанды ұрықтану, клеткалық және гендік инженерия, криоконсервация, трансгеноз және клондау әдістерін меңгеруде қолданады. Мал шаруашылығы саласында гендік-инженериялық бағытта биотехнологиялық зерттеулер жүргізуге дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Өсімдіктер биотехнологиясы
    Несиелер: 5

    Пән өсімдіктердің бөліктерін культивирлеу арқылы пайдалы өнім алу, in vitro жағдайында жасушалардың морфогенез тетіктерін, қазіргі заманғы биотехнологиялық жетістіктері туралы білімді қалыптастырады. Пәнді игеру нәтижесінде білімгер in vitro қоректік ортасында өсірілетін өсімдіктерді зерттеудің теориялық, методологиялық принциптерін түсініп, алған білімдерін өсімдік клеткаларын өсіруге арналған ортаны дайындау, өсімдіктерді көбейтіп жаңа түрлер алуда қолданып, биотехнологиялық зерттеулер жүргізуге дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Өсімдіктер физиологиясы
    Несиелер: 5

    Пән өсімдіктердегі негізгі физиологиялық процестерінің табиғаты, олардың реттеу механизмдері және өсімдіктердің қоршаған ортамен қарым-қатынас заңдылықтары туралы қазіргі білімдерді қалыптастырады. Оқу курсын меңгеру барысында білім алушы өсімдіктердің су алмасу, тыныс алу, фотосинтез, бейімделу және тамыр реттеу жүйелерінде жүретін физиологиялық процестері туралы білімдерін қолданады. Зертханалық жағдайда заманауи құрал-жабдықтарды пайдаланып, фитофизиологиялық бақылау және тәжірибелерді жүргізуге машықтанады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Санитариялық микробиология
    Несиелер: 5

    Пән қоршаған ортадағы түрлі аурулар қоздырғыштары болып табылатын патогенді микроорганизмдер мен вирустар туралы теориялық және практикалық білімдерін қалыптастырады. Пәнді меңгеру барысында білімгер алған білімдерін сыртқы орта объектілерінің санитариялық-гигиеналық күйін анықтауда қолдана алады, су, ауа, топырақ, сүт және ет өнімдерін зерттеудің санитариялық әдістерін меңгереді. Қоршаған ортаны қорғау санитариялық-гигиеналық іс-шараларын жоспарлауға және жүргізуге машықтанып, санитариялық-эпидемиологиялық мәселелерді шеше алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дәрілік өсімдік шикізаты
    Несиелер: 5

    Пән дәрілік өсімдіктердің морфологиялық, экологиялық ерекшеліктері, өсімдіктердің адамға фармакологиялық әсері, емдік және профилактикалық мақсаттағы өсімдіктерді пайдалану туралы теориялық білімін қалыптастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы дәрілік өсімдіктерді жинау мерзімдері мен әдістерін, қолдану тәсілдерін игереді. Дәрілік шикізатқа қойылатын талаптарды ескеріп, оқу-далалық жағдайда шикізатты тиімді жинауды, өсімдіктер ресурстарын қорғау іс-шараларын жоспарлауға және жүзеге асыруға машықтанып, дәрілік өсімдіктер қорын сақтау мәселелерін шеше алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Эмбриология
    Несиелер: 5

    Пән тірі ағзалардың ұрықтық даму заңдылықтарын, эмбриогенез процестерін басқаратын механизмдері туралы көзқарасын қалыптастырады. Пәнді игеру нәтижесінде білімгер тірі ағзалардың өсу морфогенезін, эмбрионалды даму сатылары мен фазаларын түсініп, даму ақауларының себептерін анықтай алады, ұрықтық дамудың генетикалық, гормондық реттеу заңдылықтарын негіздей алады. Эмбриологиялық зерттеу әдістерін меңгеріп, заманауи құрал жабдықтарды пайдаланып, биологиялық эксперименттер жүргізуге машықтанады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Су көздерін биологиялық тазалау әдістері
    Несиелер: 5

    Пән су көздерінің биологиялық тазалаудың негізгі әдістері туралы білімді қалыптастырады. Пәнді игеру барысында білім алушы биоремедиация процестері, суды тазалауға пайдаланылатын бактериялар мен микроорганизмдер түрлері туралы алған білімдерін жер үсті суларын тазартудың биологиялық әдістері мен құрал-жабдықтар жүйелерін пайдалануды меңгеруде қолдана алады. Оқу-далалық және зертханалық жағдайларда заманауи құрал-жабдықтарды пайдаланып, су көздерін биологиялық тазарту зерттеулерін жүргізуге дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Ботаникалық және микологиялық зерттеу әдістері
    Несиелер: 5

    Пән ботаника мен микологиядағы зерттеу әдістері туралы білімді қалыптастырады. Пәнді игеру барысында білім алушы өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың биологиялық әртүрлілігінің түрлері мен деңгейлері туралы түсініп, олардың морфологиялық және экологиялық ерекшеліктерін салыстырып, есеп беру материалдары мен зерттеу деректерін сауатты тұжырымдай алады. Оқу-далалық жағдайда ботаникалық және микологиялық зерттеулерді жүргізуге, статистикалық нәтижелерін компьютерлік өңдеуге және сауатты тұжырымдауға дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Молекулалық биология
    Несиелер: 7

    Пән биологиялық процестерді басқаратын молекулалық жүйелердің механизмдері, қасиеттері туралы ғылыми-теориялық білімдерді қалыптастырады. Пәнді меңгеру барысында білім алушы тірі жүйелердегі генетикалық ақпараттың берілуін және іске асырылуын қамтамасыз ететін нуклеин қышқылдары мен ақуыздардың молекулалық құрылымының ерекшеліктерін, қасиеттерін, қызметін түсінеді. Молекулалық биологияның зерттеу әдістері мен заманауи құрал-жабдықтарын пайдаланып, зертханалық жағдайда зерттеулер жүргізуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON2

    Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады.

  • Код ON5

    Кәсіби қызметте биология саласындағы озық теориялық және практикалық білімін қолданады.

  • Код ON8

    Бақылау, салыстыру, суреттеу біліктерін көрсетіп, компьютерлік анықтағыштарды қолданып, биологиялық түрлерді жіктейді.

  • Код ON9

    Биоресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау іс-шараларын жоспарлап және жүзеге асырып, биоалуантүрлілікті сақтау мәселелерін шешеді.

  • Код ON7

    Биологиялық объектілер мен жүйелерді зерттеулердің статистикалық нәтижелерін компьютерлік бағдарламаларды пайдаланып, сауатты тұжырымдайды.

  • Код ON4

    Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды.

  • Код ON3

    Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негіздерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады.

  • Код ON1

    Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады.

  • Код ON6

    Оқу-далалық және зертханалық жағдайда заманауи құрал-жабдықтарды пайдаланып, биологиялық тәжірибелер және зерттеулер жүргізеді.

Top