7M09102 Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы в С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты – магистранттар тарапынан тұрғындарды Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау және қадағалау талаптарына, сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық Одақтың және Дүние жүзілік сауда ұйымы халықаралық талаптары мен халықаралық ветеринариялық ұйымдардың (ЖДДСҰ, ФАО, ДДҰ т.б.) ұсынымдамаларына сәйкес тағам өнімдері сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін игеруді қамтамасыз ету болып табылады
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M138 Ветеринария
-
Білім беру саласы 7M09 Ветеринария
-
Дайындық бағыты 7M091 Ветеринария
Пәндер
-
Жоғары мектеп педагогикасы
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша білім алып жатқан магистранттарға жоғары мектеп педагогикасының жалпы проблемаларын, әдіснамалық және теориялық негіздерін, оқыту мен тәрбиелеуді талдау дағдыларын, жоспарлау мен ұйымдастырудың қазіргі заманғы технологиялардың элементтерін түсінуге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Шет тілі (кәсіби).
Білім алушылар арасында халықаралық ғылыми қызметке интеграциялануға мүмкіндік беретін кәсіби құзыреттілік пен ғылыми жазу мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде шет тілді коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырады, мамандық бойынша ғылыми-тұжырымдамалық аппаратты еркін басқаруға, ғылыми-ақпараттық базаны кеңейтуге, кең ғылыми білімді меңгеруге, кәсіби және ғылыми қызметтің перспективалық бағыттарын анықтай білуге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Эксперименттің теориясы мен әдістері
Ғылыми экспериментті ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын қалыптастырады, зерттеу әдістерін таңдауды негіздеуге мониторинг және әдіснамалық тәсіл мәселелерін зерттейді. Ғылыми тәжірибені қою кезінде теориялық және практикалық білімдерді ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін негіздей отырып біріктіреді және оларды түсіндіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы және философиясы
Зерттеуге әдістемелік және диалектикалық көзқарас дағдыларын қалыптастырады, философиялық білімді жинақтайды, тарихи даму мәселелері мен құрылымын зерттейді, ғылыми танымның заңдылықтары мен тенденцияларын талдайды, ғылыми - зерттеу жұмысының нәтижелілігін жүйелейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
Психологиялық заңдар мен басқару заңдылықтары мен еңбек сапасын зерттеу арқылы адамдардың ұйымдасқан іс-әрекетін басқару дағдыларын қалыптастырады, ғылыми негізделген шешімдер қабылдау, басқа адамдардың іс-әрекеттерін құрылымдау, ұйымды басқару қабілеттерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Биостатистика
Биостатистика білім алушылар бойында сипаттау және талдау cтатистикалық әдістерін қолдана отырып, түзу түрдегі жолмен деректерді ұсыну және өз зерттеулерінің нәтижелерін талдау, сондай-ақ, статистикалық терминологияны пайдалана білу машығын қалыптастырады; ветеринариялық-биологиялық зерттеу нәтижелерін жариялау ісін сыни бағалау; статистикалық тесттерді қолданудағы қателіктерді анықтау; ветеринариялық-биологиялық зерттеулер бойынша өз нәтижелерін жоспарлау, жүргізу және өңдеу міндеттерін шешу үшін компьютерлік статистикалық бағдарламаларды өз бетінше қолдану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Патенттеу және интеллектуалды жеке меншікті қорғау
Зияткерлік меншік пен авторлық құқықты қорғау, патенттік-ақпараттық зерттеулер жүргізу және өнертабыстарға ұлттық және халықаралық өтінімдер жасау салаларындағы білімдерін жинақтайды. Өнертабыс нысандарын, шығармашылық ойлауды түсіндіру дағдыларын қалыптастырады
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Табын денсаулығын басқару негіздері
Табын денсаулығын басқару, өнімді жануарлардың биоқауіпсіздігі мен гигиенасын сақтауды қамтамасыз ету салаларындағы білімді қалыптастырады. Мал шаруашылықтарында ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізуді, азықтандыруды және бағып күтуді ұйымдастыру дағдылары мен икемдерін айқындайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Азық-түлік өнімдерін сараптаудағы Codex Alimentarius
ФАО/ДДҰ Кодекс Алиментариус халықаралық комиссиясы қабылдаған халықаралық стандарттармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады. Кодекс Алиментариус халықаралық стандарттарының жинақтары, тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі, тағамдық қоспалар, пестицидтердің қалдықтары, ветеринариялық препараттар, ластаушы қоспалар, сынама алу ережелері, талдау әдістері, импорт және экспорт кезінде бақылау және сертификаттау туралы білім береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жануарлардың саулылығы және эргономика
Білім алушылар бойында жануарларға адамгершілік тұрғысынан қарау негіздерін қалыптастырады, мұны олардың жайлылығын бағалау әдістеріне сүйеніп жасайды. Эргономикалық машықтанулар мен жануарларды ұстау ережелерін қолдану жөнінде, жануарларлар денсаулығын сақтау және сапалы өнім алу үшін құрал-жабдықтарды тиімді түрде пайдалануға қатысты мәселелерді шешу, әрекет ету принциптері мен оларды реттеп отырудың ғылыми мәселелерін интеграциялайды
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жануарлардың жұқпалы ауруларын эпизоотологиялық бақылау және болжау
Індеттанулық мониторинг жүргізу және жануарлардың инфекциялық ауруларының пайда болуын болжау әдістерін зерделейді. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, жануарлардың инфекциялық ауруларының пайда болуы мен таралу қаупін талдау және бағалау дағдыларын қалыптастырады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі заманғы ветеринария мәселелері
ҚР және шет елдердегі ветеринарияның жағдайын, өнімдер қауіпсіздігінің мемлекетік ветеринариялық бақылану аспектілерін, өнімдер өндірісінің және қазіргі уақытта экспорттық қарым-қатынастар орнауы жағдайында малшаруашылығын жүргізудің ерек-шеліктерін, жануарлардың, құстардың, балықтар мен жабайы жануар-лардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларын диагностикалаудың, профилактикалау мен емдеудің заманауи әдістерін зерттейді
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жануарлардың жұқпалы ауруларына қарсы ветеринариялық-санитариялық шаралар
Әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы зооантропоноздық аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдайды зерттейді, зооантропозооноздар пайда болған кезде дауалау іс-шараларын ұйымдастыру мен тұрғындарды қорғау мәселелерін қарастырады. Әлеуметтік және кәсіби жауапкершілікті ескере отырып, зооантропозооноздар пайда болған кезде тұрғындармен жұмыс істеудің теориялық және практикалық дағдыларының жоғары деңгейін қалыптастырады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ветеринариялық препараттарды өндіру технологиясы және оны бақылау
Ветеринариялық препараттарды өндіру технологиясының негіздерін, ветеринариялық препараттарды бақылауға қатысты заңнамаларды, жануарларды вакцинациялаудың стратегиясы мен принциптерін зерттейді. Ветеринариялық препараттарды тіркеу, апробациялау және айналымын бақылаудың негізгі аспектілерін көрсетеді
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тағам өнімдерін зерттеудің заманауи әдістері
Тағам өнімдерінің құрамына кіретін ақуыздарды, көмірсуларды, майларды, минералдар және витаминдерді, сонымен қатар, биологиялық белсенді қосылыстарды анықтаудың заманауи әдістерін зерттейді. Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін анықтау үшін аспаптық, оптикалық, спектрлік, люминесценттік, рефрактометриялық, поляриметриялық, хроматографиялық, реологиялық әдістерді қолдана отырып, жұмыс дағдыларын қалыптастырады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Trad Pro ветеринариялық-санитариялық сараптамасындағы Target
Дәстүрлі ауыл шаруашылығы өнімдерінің технологиясын, санитариясын және сапасын бақылаудың сенімді әдістерінің ерекшеліктерін зерттейді. Тәуекелдіктерді талдау және өндірістегі маңызды бақылау нүктелерін бақылауды қоса алғанда, TradPro сапа мен қауіпсіздікті басқарудың заманауи инновациялық технологияларының дағдыларын қалыптастырады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
Оқыту нәтижелері
- Деректерді дұрыс ұсынып, беру мен өзіндік зерттеу нәтижелерін сипаттап, баяндау және талдамалық статистика әдістерін қолданып, сонымен қатар, статистикалық терминологияны пайдалана отырып машығын меңгеру
- Эксперимент теориясы мен әдістерін ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерімен біріктіру және оларды зерттеу саласын ескере отырып түсіндіру
- Заманауи ғылымның дамуының негізгі философиялық мәселелерін түсіну және оның ғылымның даму тарихымен байланысын бағалау, жоғары мектеп педагогикасы, басқару психологиясы туралы білімді шет тілдерін қолдана отырып ғылыми-зерттеу қызметіне біріктіру (кәсіби).
- Жануарлар денсаулығын сақтауға және сапалы өнімдер алынуына бағытталған эргономика және жануарларды ұстау ережелеріне қатысты білімді пайдалану жөніндегі ғылыми концепцияларды интеграциялау, мал шаруашылығы нысандарында және елді мекендердегі профилактикалық жұмыстардың басты аспекттерін меңгеру
- Кодекс Алиментариус Халықаралық комиссиясы, ФАО/ДДҰ қабылданған халықаралық стандарттарды, тағам өнімдерін зерттеудің заманауи әдістерін, тағам өнімдерінің, ұлттық және дәстүрлі агроөнімдердің (TradPro) сапасы мен қауіпсіздігін басқарудың инновациялық технологияларын білу және олармен жұмыс жасау машығын иелену
- Азық-түлік өнімдерінің тағамдық құндылығын, сапасы мен қауіпсіздігін анықтаудың заманауи әдістерін меңгеру, өлшеу құралдарында жұмыс істеуді білу
- Ветеринариялық-санитариялық шараларды ұйымдастрыудың негігі принциптерін тұжырымдау, инфекциялық және инвазиялық этиологиядағы ауруларды дауалаудың әдістерін білу, сондай-ақ осы патологиялар кезінде емдік-дауалау шаралардың әдістемесін ұсыну.
- Зияткерлік меншік пен авторлық құқықты қорғау саласында білімге ие болу, патенттік-ақпараттық зерттеулер жүргізу және өнертабыстарға ұлттық және халықаралық өтінімдер жасау
- Табын денсаулығы менеджменті, өнімді жануарлар биоқауіпсіздігі мен гигиенасын қамтамасыз ету саласына қатысты білімдерді меңгеру, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, жануарлардың инфекциялық аурулары пайда болу қауіпі мен таралуын талдау және тәуекелділіктерін бағалау машықтарын меңгеру
- Ветеринариядағы заманауи проблемаларды түсіну және алынған білім мен пайымдауларды пайдалануға байланысты жауапкершіліктің әлеуметтік және этикалық нормаларын ескере отырып, оларды шешудің негізгі жолдарын тұжырымдау
- Ветеринариялық препараттарды өндіру технологиясының негіздерін, заңнамалық актілерді, ветеринариялық препараттар-ды тіркеудің, сынаудың және айналымын бақылаудың негізгі аспектілерін білу.
Ұқсас БББ
7M09102 Ветеринариялық санитария
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
7M09102 Ветеринариялық санитария
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
7M09102 Ветеринарлық санитария
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
7M09102 Ветеринарлық медицина (1,5 жыл)
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)