Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M07211 Инновациялық текстиль в Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Текстиль және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын жобалау және өндіру саласында жоғары бейінді ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлау, білім алушылардың жеке қасиеттерін дамыту және жалпы мәдени, жалпы кәсіптік және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M114 Тоқыма: киім, аяқ-киім және былғары бұйымдар
-
Білім беру саласы 7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 7M072 Өндірістік және өңдеу салалары
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Тоқыма материалдардың сапасын кешенді бағалаудың инструментальды әдістері
Жіптерді тоқуға дайындау теориясы
Басқару психологиясы
Перспективті текстиль материалдары
Текстиль материалдарының инновациялық технологиялары
Жоғары мектеп педагогикасы
Тоқыма материалдардың сапасын басқару
Шет тілі (кәсіби)
Ғылым тарихы мен философиясы
Киберпедагогика негіздері (педагогикалық білім беру бағдарламаларына)
Стратегиялық менеджмент
Тоқыма өндірістің дамуының кластерлік жол
Текстиль кластері дамуының инновациялық модельі
Иірімжіпті ораудың теория негіздері
Текстиль материалдарды дайындаудың жаңа әдістері
Маталардағы сандық өрнек салу
Текстильге тапшылар арқылы өрнек басу
Инженерлерге арналған кәсіпкерлік
-
2 Оқу жылы
Нанотекстильді алудың принциптері, қасиеттері және қолданылуы
Нанотекстиль алу үшін теориялық негіздері
Мата және тоқыма бұйымдарын жобалаудағы ақпараттық технологиялар
Мата өндірісіндегі инновациялық технологиялар
Бояу процестерін интенсификациялау
Ғылыми зерттеу әдістері
Дайындау өндірісінің инновациялық дамуы
Наноинженерлік зерттеулер негіздері
Орау механизімдердің теориясы және есептеу
Сән индустриясының және текстильдік инновациялық технологиялары
Оқыту нәтижелері
- Наноматериалдар мен нано объектілердің құрылымын талдау; алынған нәтижелерді практикалық қызметте пайдалану, цифрлық және баспа технологиясын басқару дағдыларын меңгеру; текстиль материалдарының, шикізаттың, технологиялардың жаңа түрлерін, нанотехнологияда қолданылатын аспаптар мен жабдықтардың жұмыс істеу принциптерін білу.
- Орау машиналарының негізгі параметрлерін есептеуді жүргізу, текстиль және киім өндірісіндегі сән үрдістерін болжау бойынша міндеттерді шешу; орау процесін, орау машиналарының функционалдық элементтерін, олардың жұмыс істеу принципі мен конструкциясын, мата өндірісіндегі ақпараттық және инновациялық технологияларды білуін көрсету.
- Материалдардың сапасын кешенді бағалау үшін құрамы мен қасиеттерін анықтау; Қазақстанның текстиль кластерінің қызметін SWOT талдау; шикізат мен дайын өнімді өткізу нарықтары бойынша Қазақстанның мақта-текстиль кластерінің мүмкіндіктері мен тәуекелдері туралы ақпаратты пайдалану.
- Текстиль материалдарын өңдеу тәсілдерін қарқындату, текстиль өндірісін жаңғырту жөніндегі инженерлік міндеттерді шешу, текстиль материалдары мен бұйымдарының шығарылатын ассортиментіне техникалық тапсырмалар әзірлеу; текстиль бұйымдары мен киімдерінің жоғары сапасын қамтамасыз ететін инновациялық технологияларды білу.
- Наноматериалдардың зерттеу негіздерін, құрылымын және сапасын бағалауды білу; компанияның стратегиясы мен жобаларын әзірлеу бойынша ұсыныстарды тұжырымдай білу, стратегиялық, ағымдағы және жедел жоспарлау мен бақылау (менеджмент) құралдарын пайдалану; ғылыми зерттеу әдістерін пайдалану.
- Кәсіби қызметте тілді меңгеру дағдысы мен іскерлігін дамыту, ғылыми мақалалар дайындау және еркін ауызша қарым-қатынас жасау үшін шет тілінде білім берудің коммуникативтік құзыреттілігін көрсету; ғылыми білімнің генезисі, философиялық мәні және дамуы, ғылымның дамуы мен заңдылықтарының ұйымдастырылуы.
- Стресс жағдайында эмоционалды және танымдық өзін-өзі реттеу туралы білімдерін көрсету, педагогикалық жүйелерді қолдана білу, психологиялық проблемалардың аспектілерін бөліп көрсету, нақты практикалық мәселені шешуде жеке ерекшеліктерді ескеру, психоанализдегі ұғымдар мен бағыттар арасындағы байланысты орнату.